Об утверждении Правил ведения реестра платежных систем Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 40) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін Қазақстан Республикасының аумағында құрылған және (немесе) жұмыс істеп тұрған төлем жүйелері бойынша төлем жүйелерінің операторлары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесінің жұмыс істей бастағаны туралы ақпаратты Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай ішінде ұсынсын. Осы қаулы қолданысқа енгізілгенге дейін төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысушы болып табылған банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратты Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және Қағидалардың 8-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде ұсынсын.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі айқындалады. Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) тізілімге енгізуі және тізілімді жүргізуі үшін Ұлттық Банкке ақпаратты, құжаттарды және мәліметтерді ұсынуды қамтиды.
Тармақ 2
2. Төлем жүйелерінің тізілімінде (бұдан әрі – тізілім) жүйелік маңызы бар, маңызды және өзге төлем жүйелері туралы мәліметтер болады. Ұлттық Банк төлем жүйелерін қадағалау (оверсайт) мақсатында тізілімді жүргізеді.
Тармақ 3
3. Қағидаларда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Занында (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы Заң) және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14347 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларында көзделген ұғымдар пайдаланылады.
Тармақ 3-1
3-1. Қағидалардың банктерге қатысты қолданылатын талаптары Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің Қазақстан Республикасының аумағында құрылған филиалдарына қолданылады.
Тарау 2. 2-тарау. Тізілімге енгізу үшін Ұлттық Банкке ұсынылатын ақпарат, құжаттар мен мәліметтер
2-тарау. Тізілімге енгізу үшін Ұлттық Банкке ұсынылатын ақпарат, құжаттар мен мәліметтер
Тармақ 4
4. Ұлттық Банкті қоспағанда, төлем жүйесінің операторы (бұдан әрі – төлем жүйесінің операторы) төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істей бастаған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы ақпаратты Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында көзделген құжаттарды ұсына отырып, Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (бұдан әрі – төлем жүйесі туралы ақпарат) ұсынады.
Тармақ 4-1
4-1. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 7) және 9) тармақшаларының талаптарына сәйкес төлем жүйесі операторының төлем жүйесінде ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі мыналарды:
Тармақша 1
1) төлем жүйесінің инфрақұрылымы (бағдарламалық қамтамасыз ету және оның сипаттамалары, қуаттылығы, қолданылатын жабдық, резервтеуді қалпына келтіру және қорғау әдістері) жөніндегі мәліметтерді;
Тармақша 2
2) төлем жүйесінің инфрақұрылымында қолданылатын технологияларды жетілдіру әдістері жөніндегі мәліметтерді;
Тармақша 3
3) төлем жүйесі инфрақұрылымының халықаралық стандарттарға сәйкес келуі жөніндегі мәліметтерді;
Тармақша 4
4) төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі шараларды қамтиды, олар мыналарды: төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастыруды, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті үйлестіруді және бақылауды және қатерлерді анықтау және талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды; төлем жүйесі инфрақұрылымының ақпараттық қауіпсіздігін басқару әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдауды, енгізуді және қолдануды, қамтамасыз етуді және бақылауды; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинауды, шоғырландыруды, сақтауды және өңдеуді; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдауды; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарды енгізуді, тиісті жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға қолжетімділікті ұсынуды; төлем жүйесінің инфрақұрылымында артықшылық берілген есептік жазбаларды пайдалану бойынша шектеулерді айқындауды; төлем жүйесі операторы қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде хабардар болуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді; төлем жүйесі операторының ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйін мониторингтеуді; төлем жүйесі операторының басшылығына ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің жай-күйі туралы мерзімде түрде (бірақ жылына бір реттен сиретпей) хабарлауды; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты кемінде бес жыл сақтауды; Ұлттық Банкті Қазақстан Республикасындағы операциялар бойынша іске асырылған төлем жүйесінің инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздіктің анықталған мынадай: төлем жүйесінің инфрақұрылымында қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдалануға; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіруге; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуылына; төлем жүйесінің инфрақұрылымында серверді зиянды бағдарламамен немесе кодпен (оқыс оқиғамен) зақымдауға; төлем жүйесінің инфрақұрылымында ақпараттық жүйелердің және бағдарламалық қамтамасыз етудің қауіпсіздігін бақылаудың бұзылуы салдарынан ақшаны рұқсатсыз аударуға алып келген оқыс оқиғалары туралы хабардар етуді қамтиды. Осы тармақта көрсетілген төлем жүйесінің инфрақұрылымындағы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты төлем жүйесінің операторы мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ төлем жүйесінің операторы осындай оқыс оқиғаны анықтаған кезден бастап қырық сегіз сағаттан кешіктірмей ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын анықтау фактісі бойынша Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және оны ұсыну кезінде оқыс оқиға туралы қолжетімді ақпараттың көлеміне сәйкес ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының картасы түрінде береді. Ақпараттық қауіпсіздіктің әрбір оқыс оқиғасына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының жеке картасы толтырылады.
Тармақ 4-2
4-2. Төлем жүйесінің инфрақұрылымында төлем жүйесі операторының төлем жүйесінде қолданылатын технологиялары бойынша ақпаратты қамтитын ақпараттық жүйелер жөніндегі мәліметтерде бағдарламалық модульдердің сипаттамасы қамтылады, олар мыналарды:
Тармақша 1
1) жабдықтың кез келген учаскесінде кез келген уақытта электр қуаты толық немесе ішінара ажыратылған кезде ақпаратты сенімді сақтауды, рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғауды, дерекқордың тұтастығын және электрондық архивтер мен дерекқорлардағы ақпараттың толық сақталуын;
Тармақша 2
2) әкімші және пайдаланушы сияқты кірудің кемінде екі деңгейін көздейтін бағдарламалық қамтамасыз етуде іске асырылған кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қолжеткізуді;
Тармақша 3
3) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;
Тармақша 4
4) мынадай атрибуттарды: оқиғаның басталған күні мен уақытын, оқиғаның атауын, іс-әрекетті жүргізген пайдаланушыны, жазбаның сәйкестендіргішін, оқиғаның аяқталған күні мен уақытын, оқиғаның орындалу нәтижесін сақтай отырып, ақпараттық жүйеде орын алған оқиғаларды тіркеуді және сәйкестендіруді қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Төлем жүйесінің операторы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында, Қағидалардың 4, 8-тармақтарында және 15-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттарды Ұлттық Банкке қағаз тасымалдағышта не электрондық түрде ұсынады.
Тармақ 6
6. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді Ұлттық Банкке төлем жүйесі операторының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесін (көшірмелерін) қоса бере отырып, Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Тармақ 7
7. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі операторының капиталында он пайыздан астам үлесі (акциялары) бар төлем жүйесі операторының құрылтайшылары (акционерлері) туралы мәліметтерді (бұдан әрі – құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер) Ұлттық Банкке Қағидаларға 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Тармақ 8
8. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысқан жағдайда, осы банк (осы ұйым) мына құжаттарды:
Тармақша 1
1) Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратты (бұдан әрі – төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпарат);
Тармақша 2
2) төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу негізінде жүзеге асырылатын шарттың (шарттардың) көшірмесін (көшірмелерін) ұсына отырып, төлем жүйесінің операторымен төлем жүйесіне қатысуға шартты жасасқан күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Ұлттық Банкке осындай қатысу туралы хабарлайды.
Тармақ 9
9. Ұлттық Банк төлем жүйесінің операторынан төлем жүйесі туралы ақпаратты не банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан қатысу туралы ақпаратты алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлем жүйесі туралы деректерді Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйелері журналына енгізеді. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің журналын электрондық түрде жүргізеді.
Тармақ 10
10. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 5-бабының 5-тармағында және Қағидалардың 8-тармағының 2) тармақшасында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, төлем жүйесінің операторы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады. Төлем жүйесі туралы ақпаратта және төлем жүйесіне қатысу жөніндегі ақпаратта көрсетілген деректер өзгертілген кезде төлем жүйесінің операторы, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым жаңартылған деректерді Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады. Ұлттық Банкке бұдан бұрын олар туралы ақпарат берілген төлем жүйесі операторының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер, құрылтайшылар (акционерлер) туралы мәліметтер өзгертілген кезде төлем жүйесінің операторы Қағидаларға 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жаңартылған мәліметтерді Ұлттық Банкке осындай өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды енгізу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде ұсынады. Банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқан жағдайда, банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ерікті жазбаша нысанда банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқан күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуын тоқтатқаны туралы Ұлттық Банкке хабарлайды.
Тарау 3. 3-тарау. Тізілімді жүргізу
3-тарау. Тізілімді жүргізу
Тармақ 11
11. Ұлттық Банк тізілімді Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсына жариялайды.
Тармақ 12
12. Ұлттық Банк төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне:
Тармақша 1
1) күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін жүргізілген төлем жүйелерінің жұмыс істеуін талдау қорытындылары бойынша дербес;
Тармақша 2
2) Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем жүйесі операторының жазбаша өтініші (бұдан әрі – жазбаша өтініш) негізінде жатқызады.
Тармақ 13
13. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне өздігінен жүргізген талдаудың қорытындылары бойынша төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде тізілімге енгізу не тізілімдегі төлем жүйесінің түрін өзгерту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 14
14. Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеуіне өздігінен жүргізген талдаудың қорытындылары бойынша төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу мақсатында төлем жүйесінің операторына Қағидалардың 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну үшін сұрату жібереді. Төлем жүйесінің операторы Ұлттық Банктен осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күннің ішінде Қағидалардың 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.
Тармақ 15
15. Төлем жүйесін жазбаша өтініш негізінде жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу үшін төлем жүйесінің операторы Ұлттық Банкке жазбаша өтініш ұсынады. Жазбаша өтінішке мына құжаттар:
Тармақша 1
1) төлем жүйесі операторының басқару органының төлем жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шешімі және (немесе) төлем жүйесі операторының құрылтай құжаттары;
Тармақша 2
2) төлем жүйесі операторының төлем жүйесіне қатысушылармен жасалған төлем жүйесіне қатысуға арналған шарт;
Тармақша 3
3) төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарына сәйкес жүйелік маңызы бар немесе маңызды төлем жүйелері үшін белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келуін растайтын, не төлем жүйесін өзге төлем жүйелеріне жатқызуды растайтын, төлем жүйесі арқылы соңғы он екі айда жүзеге асырылған төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының көлемі жөніндегі мәліметтер қоса беріледі.
Тармақ 16
16. Ұлттық Банк жазбаша өтінішті қарайды және ол Ұлттық Банкке келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ол бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 17
17. Бірнеше төлем жүйелерінің операторы болып табылатын заңды тұлға Ұлттық Банкке әрбір төлем жүйесі бойынша жеке-жеке жазбаша өтініш береді.
Тармақ 18
18. Ұлттық Банк төлем жүйесі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 6-бабының 2 және 3-тармақтарында белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келген кезде оны жүйелік маңызы бар не маңызды төлем жүйесіне жатқызу туралы не төлем жүйесін өзге төлем жүйелеріне жатқызу жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 19
19. Ұлттық Банк төлем жүйесі жазбаша өтініште көрсетілген төлем жүйесінің түріне сәйкес келмейтіні туралы шешім қабылдаған кезде Ұлттық Банк шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде себептерін көрсете отырып, бұл туралы төлем жүйесінің операторына жазбаша нысанда хабарлайды.
Тармақ 20
20. Ұлттық Банк төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесі ретінде тізілімге енгізеді не тізілімге өзгерістер енгізеді;
Тармақша 2
2) төлем жүйесінің операторына төлем жүйесін жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге де төлем жүйесіне жатқызу жөнінде жазбаша нысанда хабарлайды;
Тармақша 3
3) осы ақпаратты өзінің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 21
21. Ұлттық Банк төлем жүйесі туралы деректерді тізілімге енгізген күннен бастап төлем жүйесі жүйелік маңызы бар, маңызды немесе өзге төлем жүйесіне жатқызылады.
Тармақ 22
22. Ұлттық Банк төлем жүйесін тізілімнен:
Тармақша 1
1) төлем жүйесі операторының қызметін тоқтату туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілген кезде;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесінің жұмыс істеуі тоқтатылған кезде;
Тармақша 3
3) Ұлттық Банк жүргізетін талдау қорытындылары бойынша қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде Қазақстан Республикасының резидент- қатысушылары осы төлем жүйесі арқылы жүргізетін төлемдердің және (немесе) аударымдардың болмауы фактісі анықталған кезде алып тастайды.
Тармақ 23
23. Төлем жүйесінің операторы төлем жүйесі Қазақстан Республикасының аумағында жұмысын тоқтатқан күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда бұл жөнінде хабарлама жібереді.
Тармақ 24
24. Ұлттық Банк төлем жүйесі тізілімнен алып тастаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде төлем жүйесінің операторына тізілімнен алып тастау себебін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабарлайды.
Басқа 1. Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмысын бастағаны туралы ақпарат ____________________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құру немесе Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмысын бастағаны туралы ақпарат ____________________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) осы арқылы Қазақстан Республикасының аумағында меншікті төлем жүйесін құрғаны/Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік төлем жүйесі жұмыс істей бастағаны туралы хабарлайды (қажет емесі сызылып тасталсын) ________________________________________________________________________________________ (төлем жүйесінің атауы) ________________________________________________________________________________________ бастап (Қазақстан Республикасының аумағында төлем жүйесі жұмыс істей бастаған күн – банктермен, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдармен төлем жүйесіне қатысуға арналған шартты жасасқан күн) 1. Төлем жүйесі операторының орналасқан жері: __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі) ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштаның (бар болса) мекенжайы) 2. Төлем жүйесі операторының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 4-тармағында көзделген құжаттар орналасқан интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер. _________________________________________________________________________________________ (интернет-ресурс) 3. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттардың тізбесі: 1) ______________________________________________________________________________________; 2) ________________________________________________________________________________________. 4. Қазақстан Республикасының резиденттері – төлем жүйесінің қатысушылары туралы мәліметтер (төлем жүйесіне қатысуға арналған шарттардың көшірмелерін қоса бере отырып) Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам _________________________________________ ___________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы
Басқа 1-1. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 1-1-қосымша Нысан Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы № Жал­пы мә­лі­мет­тер Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы­ның си­патта­ма­сы Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы ту­ра­лы ақ­па­рат 1 Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы­ның ата­уы 2 Анық­тал­ған кү­ні мен уа­қы­ты (жж­жж кк.аа.және сс:мм са­ғат бел­де­уін көр­се­те оты­рып UTC+X) 3 Анық­тал­ған ор­ны (ұй­ым, фи­ли­ал, ақ­па­рат­тық ин­фра­құ­ры­лым сег­мен­ті) 4 Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы ту­ра­лы ақ­па­рат­тың де­реккө­зі (пай­да­ла­ну­шы, әкім­ші, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік әкім­ші­сі, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік бө­лім­ше­сі­нің қыз­мет­ке­рі неме­се тех­ни­ка­лық құ­рал) 5 Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы іс­ке асы­ры­л­ған кез­де қол­да­ны­л­ған әді­стер (әле­умет­тік ин­же­не­рия, зи­ян­ды код­ты ен­ді­ру) Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы­ның маз­мұ­ны 6 Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы­ның симп­том­да­ры, бел­гі­ле­рі 7 Негіз­гі оқи­ға­лар (қол­дан­ба­лы және жүй­е­лік бағ­дар­ла­ма­лық қам­та­ма­сыз ету­де­гі осал­дық­тар­ды пай­да­ла­ну; ақ­па­рат­тық жүй­е­ге рұқ­сат­сыз кі­ру; ақ­па­рат­тық жүй­е­ге неме­се де­ректер­ді бе­ру же­лі­сіне «қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту» ша­буы­лы; сервер­дің зи­ян­ды бағ­дар­ла­ма­мен неме­се код­пен за­қым­да­нуы; ақ­ша қа­ра­жа­тын рұқ­сат­сыз ауда­ру; элек­трон­дық ақ­ша жүй­е­сі­нің опе­ра­то­ры қыз­ме­ті­нің тұ­рақ­ты­лы­ғы­на қа­уіп төн­ді­ре­тін ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің өзге де оқыс оқи­ға­ла­ры) 8 За­қым­дан­ған ак­тив­тер (элек­трон­дық ақ­ша жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның ақ­па­рат­тық ин­фра­құ­ры­лы­мы­ның нақ­ты дең­гейі, же­лі­лік жабды­ғы­ның дең­гейі, же­лі­лік қо­сым­ша­ла­ры мен сер­ви­сте­рі­нің дең­гейі, опе­ра­ци­я­лық жүй­е­ле­рі­нің дең­гейі, тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сте­рі мен қо­сым­ша­ла­ры­ның дең­гейі және биз­нес-про­це­сте­рі­нің дең­гейі) 9 Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы­ның мәр­те­бе­сі (орын ал­ған ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сын жү­зе­ге асы­ру мүм­кін­ді­гі, ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы­на кү­дік) 10 Зи­ян 11 Қа­уіп көз­де­рі (анық­тал­ған иден­ти­фи­ка­тор­лар) 12 Қа­са­қа­на (қа­са­қа­на, қа­те) Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік­тің оқыс оқи­ға­сы бой­ын­ша қа­был­дан­ған ша­ра­лар 13 Қа­был­дан­ған іс-әре­кет­тер (осал­дық­тар­ды сәй­кестен­ді­ру, бұ­ғат­тау, қал­пы­на кел­ті­ру және өзге­ле­рі) 14 Ақ­па­рат­тық қа­уіп­сіз­дік тәу­е­кел­де­рі­нің туын­да­уын ба­рын­ша азай­ту­ға ба­ғыт­тал­ған жос­пар­лан­ған іс-әре­кет­тер 15 Ха­бар­дар болған тұ­лға­лар (ла­у­а­зым­ды тұ­лға­лар­дың (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са), мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың, ұй­ым­дар­дың ата­уы) 16 Тар­ты­л­ған ма­ман­дар (те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол бар бол­са), жұ­мыс ор­ны, қыз­ме­ті) Ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі жауапты қызметкер ____________________________________________ __________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы) Күні 20 ___ жылғы «____» ______
Басқа 2
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 2-қосымша Нысан
Тармақ 1
1. Жалпы мәліметтер: Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) _________________________________________________________________________ _________________________________________________________________________ (жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) өзгерген жағдайда - олар қашан және қандай себептер бойынша өзгертілгені көрсетілсін) Жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді) Тұрғылықты жері __________________________________________________________________________ __________________________________________________________________________ (тұрғылықты жері, оның ішінде үй және қызметтік телефондарының нөмірлері, сондай-ақ электрондық поштаның мекенжайы) Азаматтығы
Тармақ 2
2. Төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырудағы салаларды сипаттау (лауазымдық міндеттерінің тізбесі): ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын _______________________________ (қолы, күні). Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға __________________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Басқа 3
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 3-қосымша Нысан _______________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)
Тармақ 1
1. Төлем жүйесі операторының құрылтайшысы (акционері) туралы мәліметтер: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (атауы) ______________________________________________________________ бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) Орналасқан жері: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі) ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы, интернет-ресурс (бар болса) Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді) Қазақстан Республикасының резиденті/бейрезиденті: ______________________________________________________________ Негізгі қызмет түрі: ______________________________________________________________
Тармақ 2
2. Төлем жүйесі операторының капиталындағы үлес (акция) мөлшері: _____________________ Күні жағдай бойынша
Тармақ 3
3. Төлем жүйесінің операторы құрылтайшысының (акционерінің) басшысы туралы мәліметтер: ______________________________________________________________ ______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) 20__ жылғы «___» __________________ Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын ________________________________ (қолы, күні). Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға __________________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Басқа 4
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 4-қосымша Нысан _______________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса))
Тармақ 1
1. Төлем жүйесі операторының құрылтайшысы (акционері) туралы мәліметтер: _______________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) _______________________________________________________________ жеке сәйкестендіру нөмірі (бар болса) Туылған күні _______________________________________________________________ Азаматтығы _______________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері _______________________________________________________________ (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді) Тұрғылықты жері _______________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі) _______________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы _______________________________________________________________
Тармақ 2
2. Төлем жүйесі операторының капиталындағы үлес (акция) мөлшері: ______________________ күні жағдай бойынша 20__ жылғы «___» ______________________ Мен осы мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын __________________________________ (қолы, күні). Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға __________________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Басқа 5. Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу туралы ақпараттар
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 5-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысу туралы ақпараттар ____________________________________________________________________ (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі) 1) Төлем жүйесінің атауы: _____________________________________________ ____________________________________________________________________ 2) __________________________________________________________________ (төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға арналған шартты жасау күні) 3) Төлем жүйесінің операторы: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса) Төлем жүйесі операторының орналасқан орны: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса) 4) «Төлемдер және төлемдер жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ (интернет-ресурс) 5) Төлем жүйесіне, оның ішінде шетелдік төлем жүйесіне қатысуға негіз болатын шарттың (шарттардың) көшірмесі (көшірмелері): 1) __________________________________________________________________; 2) __________________________________________________________________. Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам _____________________________________ _____________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Басқа 6. Төлем жүйелерінің журналы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 6-қосымша Нысан Төлем жүйелерінің журналы р/с № Тө­лем жүй­е­сін жур­нал­ға қо­су кү­ні Тө­лем жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның ата­уы Тө­лем жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның биз­нес иден­ти­фи­ка­ци­я­лау нө­мі­рі (бар бол­са) Тө­лем жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі Тө­лем жүй­е­сі­нің ата­уы Тө­лем жүй­е­сі Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да құ­ры­л­ған/ Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да жұ­мыс іс­тей­тін ше­тел­дік тө­лем жүй­е­сі Банк­тер­дің, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент банк­те­рі фи­ли­ал­да­ры­ның және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­дың тө­лем жүй­е­сіне, оның ішін­де ше­тел­дік тө­лем жүй­е­сіне қа­ты­суы ту­ра­лы мә­лі­мет­тер Тө­лем жүй­е­сі­нің Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ау­ма­ғын­да қыз­ме­тін жү­зе­ге асы­ру­ды ба­стау кү­ні (тө­лем жүй­е­ле­рі­нің опе­ра­тор­ла­ры үшін)/ тө­лем жүй­е­ле­ріне, оның ішін­де ше­тел­дік тө­лем жүй­е­сіне қа­ты­су­ға шар­ттар жа­сау кү­ні (банк­тер, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент банк­те­рі фи­ли­ал­да­ры және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар үшін) 1 2 3 4 5 6 7 8 9
Басқа 0-7. Төлем жүйелерінің тізілімі
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 7-қосымша Нысан Төлем жүйелерінің тізілімі Р/с № Тө­лем жүй­е­сін ті­зі­лім­ге қо­су кү­ні Тө­лем жүй­е­сі­нің ата­уы Тө­лем жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның ата­уы Тө­лем жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі (бар бол­са) Тө­лем жүй­е­сі опе­ра­то­ры­ның ор­на­лас­қан же­рі, те­ле­фо­ны, элек­трон­дық по­шта­сы­ның ме­кен­жайы, ин­тер­нет-ре­сур­сы, бі­рін­ші бас­шы­сы­ның де­ректе­рі Ес­керт­пе 1 2 3 4 5 6 7 Жүй­е­лік ма­ңы­зы бар тө­лем жүй­е­ле­рі Ма­ңы­зды тө­лем жүй­е­ле­рі Өзге тө­лем жүй­е­ле­рі
Басқа 8. Төлем жүйесі операторының жазбаша жолданымы
Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларына 8-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төлем жүйесі операторының жазбаша жолданымы ____________________________________________________________________ (төлем жүйесі операторының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бар болса)) төлем жүйесін _______________________________________________________ (төлем жүйесінің атауы) төлем жүйелерінің тізіліміне (жүйелік маңызы бар, маңызды, өзге де төлем жүйелері) ретінде (керек емес түрлері сызылып тасталсын) қосуды сұрайды. Негіздеме: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 1) Төлем жүйесі операторының орналасқан жері: ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үй (офис) нөмірі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы) 2) «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 4-тармағында және 9-бабының 1-тармағында көзделген құжаттар жарияланған төлем жүйесінің операторы интернет-ресурсының домендік аты туралы мәліметтер (аталған ақпарат жарияланған бөлімді/шағын бөлімді көрсете отырып) ____________________________________________________________________ (интернет-ресурс, бұл ақпарат жарияланған бөлім (шағын бөлім)). 3) Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы туралы мәліметтер ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)) Туылған күні ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Азаматтығы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (құжат, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді) Тұрғылықты жері ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (индекс, қала (облыс), аудан, көше, үйдің (офистің) нөмірі) ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ (телефон, факс, электрондық поштаның мекенжайы (бар болса)) Жұмыс орны (орналасқан жерін көрсете отырып), лауазымы ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ 4) Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген, қоса беріліп отырған құжаттар: 1) _____________________________________________________________; 2) _____________________________________________________________. Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар жарияланған интернет-ресурстың домендік аты (мекенжайы) (Төлем жүйелерінің тізілімін жүргізу қағидаларының 15-тармағы екінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса берілмейді): ____________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ Мен қоса беріліп отырған мәліметтерді тексергенімді және олар дәйекті және толық болып табылатынын растаймын. Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін. Төлем жүйесі операторының бірінші басшысы немесе қол қоюға уәкілетті адам _____________________________________ _____________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы