Об утверждении правил проведения регионального форума молодежи Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Өңірлік жастар форумын өткізу ережелерін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 «Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11153 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған өңірлік жастар форумын өткізу ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Ақтөбе облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары А. Т. Шерияздановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы «20» қыркүйектегі № 402 қаулысымен бекітілген Өңірлік жастар форумын өткізу ЕРЕЖЕЛЕРІ
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Өңірлік жастар форумын өткізу ережелері (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 244 бұйрығымен бекітілген өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларға сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Өңірлік жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.
Тармақ 3
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңын, басқа да нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Қағидаларды басшылыққа алады.
Бөлім 2. 2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
Тармақ 4
4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Форумның өңір деңгейіндегі міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардың жастармен, жастар ұйымдарымен диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Форумның негізгі функцияларына:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар ұйымдары өкілдерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдау;
Тармақша 2
2) республикалық жастар форумына қатысу үшін жастар, жастар ұйымдары қатарынан өңірден делегаттарды сайлау;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ республикалық жастар форумының қарауына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.
Бөлім 3. 3. Форумның өту тәртібі
3. Форумның өту тәртібі
Тармақ 7
7. Форумды дайындау және өткізуді жергілікті атқарушы органмен құрамы бекітілетін ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Форумды Ақтөбе облысының әкімдігі екі жылда кемінде бір рет шақырады.
Тармақ 9
9. Форум екі кезеңде өтеді:
Тармақша 1
1) дайындық кезеңі, бұл кезеңде Ақтөбе қаласы және барлық аудандарда Форум делегаттарының сайлауы өтеді;
Тармақша 2
2) негізгі кезең – өңірлік форумды өткізу.
Тармақ 10
10. Жастар форумы аудандық (қалалық) және облыстық деңгейлерде өтеді.
Тармақ 11
11. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
Бөлім 4. 4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
Тармақ 13
13. Форум делегеттарының құрамын қалыптастыру қалада және аудандарда Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді.
Тармақ 14
14. Форумдарға қала мен аудандардың жастар және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Тармақ 15
15. Делегациялардың сандық құрамы облыс жастарының жалпы санынан әр аудан және қала жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылуы мүмкін.
Бөлім 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 17
17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен рәсімделеді және жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ өңірлік жастар форумына қарастыруға жолданады.