Об утверждении перечня сведений, за исключением сведений, составляющих государственные секреты в соответствии с законодательством Республики Казахстан, подлежащих опубликованию Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, жариялануға жататын мәліметтердің тізбесін бекіту туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11 бабы 9-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда жариялануға жататын мәліметтердің тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он жұмыс күн ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекетттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда жариялануға жататын мәліметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 6 қазандағы № 3 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда жариялануға жататын мәліметтердің тізбесі 1. Мемлекеттік немесе басқа тіркеуге жататын жеке меншіктегі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жылжымайтын мүліктердің болуы туралы мәлімет _______________________________________________________; (мүлік түрі, аумағы) 2. Мемлекеттік тіркеуге жататын жеке меншіктегі, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс механикалық көлік құралдардың және/немесе тіркемелердің болуы туралы мәлімет____________________________________; (көлік құралының түрі, маркасы, моделі, шығарылған жылы) 3. Төлем көзіне салық салынбайтын табыстардың жалпы сомасы туралы мәлімет_______________________________________________________________; (мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің табысы, басқа да табыстар) 4. Төлем көзіне салық салынатын табыстардың жалпы сомасы туралы мәлімет ______________________________________________________________. 📌 Ескерту. Жылжымайтын мүліктер, жылжитын мүліктің тіркеу мәліметтері және т.б. тұрғылықты жерін, пошталық мекен-жайын анықтауға мүмкіндік беретін мәліметтерді жариялауға жол берілмейді.