Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Первомайское Аулиекольского района Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Первомайское Аулиекольского района Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1
- Қабылданған күні
- 26.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.02.2017 106792_162019.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.02.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16NG6638AA
- ЭКБ идентификаторы
- 106792
- Редакция идентификаторы
- 106792_162019
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:42
0 Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 7) тармақшасына сәйкес және Әулиекөл ауданының «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2016 жылғы 10 тамыздағы № 280 ұсынысы негізінде Первомай ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Первомай ауылының аумағында
ірі қарамалдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2
2. «Әулиекөл ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Әулиекөл аудандық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Әулиекөл аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотиялық ошақта ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізуге қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.
3 3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің
ветеринария бөлімі»
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
______________________
Туралин С. Ж.
2016 жылғы «26» қыркүйек
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылығы министрлігі
Ветеринариялық бақылау және
қадағалау комитетiнiң Әулиекөл
аудандық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________________
Тайшибаев А. Т.
2016 жылғы «26» қыркүйек
«Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрлігі
Тұтынушылардың құқықтарын
қорғау комитетінің Қостанай облысы
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
департаментінің Әулиекөл аудандық
тұтынушылардың құқықтарын қорғау
басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________________
Дуйсенов Е. Г.
2016 жылғы «26» қыркүйек