Об утверждении Инструкции по формированию Эталонного контрольного банка нормативных правовых актов Республики Казахстан, а также внесению в него сведений Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының 19-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
Тармақ 2
2. Күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерінiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 11194 болып тіркелген);
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрінің «Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2015 жылғы 25 мамырдағы № 286 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы10 ақпандағы № 70 бұйрығы (Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерінiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 13060 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 ақпанда жарияланған).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтыңҚазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінен алынған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiнде орналастыру үшін жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 22 қыркүйектегі № 786 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулық
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі осы нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 19-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыруды, сондай-ақ оған мәліметтер енгізілуді нақтылайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін (бұдан әрі – Эталондық бақылау банкі) жүргізуді Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ЗҚАИ) жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Осы Нұсқаулықты қолдану үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) автоматтандырылған басқару жүйесі - әкімші мен оператордың автоматты жұмыс орнын ұйымдастыруға арналған Эталондық бақылау банкінің электрондық түрдегі ақпараттық жүйесінің кіші жүйесі;
Тармақша 2
2) автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы, әкімшісі – Эталондық бақылау банкін электрондық түрде жүргізу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын ЗҚАИ қызметкері;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйе – белгілі бір технологиялық әрекеттерді ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
Тармақша 4
4) куәландырушы орталық – электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыратын, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дәйектілігін растайтын заңды тұлға;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – нормативтiк құқықтық актiлердiң қағаз жеткізгіштегі жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі, олар туралы мәлiметтер Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзiлген;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімі (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) – нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және осы актілер туралы басқа да ақпараттық-анықтамалық сипаттағы мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік есепке алудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 8
8) мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасы – «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және ақпараттық қауіпсіздіктің талап етілетін деңгейін сақтай отырып, мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған өзге де ақпараттандыру субъектілерінің жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз етуге арналған телекоммуникациялар желісі;
Тармақша 8-1
8-1) мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МОИП) – мемлекеттік органдардың ведомстволық және ведомствоаралық бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;
Тармақша 9
Тармақша 10
10) нормативтік құқықтық актiнің электрондық көшірмесі – жазбаша ресми құжатпен бірдей және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған электрондық-цифрлық нысандағы құжат;
Тармақша 11
11) цифрлық код - ақпаратты беретін шартты белгілер, сигналдар жүйесі;
Тармақша 12
12) эталондық бақыланатын нормативтік құқықтық акт – қағаз жеткізгіштегі және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйымның лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы (өзгерістермен және толықтырулармен) нормативтік құқықтық акт;
Тармақша 13
13) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дәйектілігін, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
Тармақша 14
14) электрондық құжат айналымы жүйесі - қатысушылары арасындағы қатынастар «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі.
Тармақ 4
4. «Құқықтық актiлер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 22-бабының 2), 3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларына сәйкес «Қызметтік пайдалану үшін», «Баспасөзде жариялаусыз», «Баспасөзге арналмаған» деген белгілемелері бар нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде Эталондық бақылау банкінде деректемелер түрінде орналасады. «Ерекше маңызды», «аса құпия», «құпия» деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкіне енгізілуге жатпайды.
Тармақ 5
5. Қағидалардың 8, 9-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Эталондық бақылау банкіне енгізілуге жатады.
Тармақ 6
6. Қағидалардың 8-тармағының бірінші бөлігінде, 9-тармағының екінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік органның мөрімен расталған және Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз және электрондық түрдегі, қазақ және орыс тілдеріндегі бір данада нормативтік құқықтық актілердің көшірмелері түрінде ЗҚАИ-ға келіп түседі. Қағидалардың 8-тармағының екінші бөлігінде, 10-тармағында көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында ғана ЗҚАИ-ға келіп түседі. Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер оларды Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне енгізілген сәттен бастап автоматты түрде бір күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде МОИП арқылы ЗҚАИ-ға келіп түседі. Қағидалардың 9-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актілер Заңның 35-бабында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде деректемелер түрінде ЗҚАИ-ға келіп түседі.
Тармақ 7
7. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне енгізу олар ЗҚАИ-ға келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармағының екінші, үшінші бөліктерінде, 10-тармағында көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға жіберу электрондық құжат айналымының жүйесі арқылы жүргізіледі. Қағидалардың 9-тармағының бірінші бөлігінде көзделген электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға жіберу МОИП арқылы жүргізіледі. Қағидалардың 8-тармағында, 9-тармағының екінші, үшінші бөліктерінде, 10-тармағында көзделген бірлескен нормативтік құқықтық актілерді ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган жолдайды. Бірлескен нормативтік құқықтық актілерге электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қоюды нормативтік құқықтық актіні әзірлеуге жауапты болып белгіленген уәкілетті орган қамтамасыз етеді. Нормативтік құқықтық актілерге қол қою Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1187 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12864 болып тіркелген) Электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба (тіркеу куәлігінің «Кілтті пайдалану» (KeyUsage) орнының мәнін тексеру кезінде «Цифрлық қолтаңба» және «Бастартпаушылық» мәндері қамтылады) үшін пайдаланылатын куәландырушы орталықтың тіркеу куәлігімен жүзеге асырылуға тиіс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органдар жіберетін нормативтік құқықтық актілерге электрондық құжат айналымының жүйесінде, сондай-ақ МОИП-та нормативтік құқықтық актілердің деректемелерін және нормативтік құқықтық акт туралы анықтамалық-ақпараттық деректерді қамтитын карточка (бұдан әрі – карточка) толтырылады. Нормативтік құқықтық актілердің DOCX форматындағы мәтіндеріне тақырыпты қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің деректемелері және нормативтік құқықтық актілер туралы анықтамалық-ақпараттық деректер енгізілмейді. Нормативтік құқықтық акт карточкаларының мәліметтерін құрастыру жөніндегі талаптар осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасында келтірілген.
Тарау 2. 2-тарау. Қағаз және электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкін қалыптастыру
2-тарау. Қағаз және электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкін қалыптастыру
Тармақ 10
10. Қағидалардың 8, 9, 10-тармақтарында көрсетілген нормативтік құқықтық актіні жинақтауды, тіркеуді және нормативтік құқықтық актілердің нысаны бойынша хронологиялық тәртіппен орналастыруды қамтитын есепке алынуға және жүйеленуге жатады. Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналында ЗҚАИ тіркейді. Нормативтік құқықтық акт туралы жазбаға нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесінің болуы туралы белгі соғылады. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу және жүйелеу толық көлемде және уақтылы жүргізіледі.
Тармақ 11
11. Эталондық бақылау банкін электрондық түрде қалыптастыру барысында Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы қажеттілігіне қарай НҚА-ны қағаз түрінде пайдаланады. Нормативтік құқықтық актілерді қағаз түрінде беруді және қайтаруды ЗҚАИ осы Нұсқаулықтың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналында тіркейді.
Тармақ 12
12. Эталондық бақылау банкін электрондық түрде қалыптастыру ақпараттық жүйе (бұдан әрі - жүйе) арқылы жүзеге асырылады, бұл жүйе үш кіші жүйеден тұрады: автоматтандырылған басқару жүйесі - нормативтік құқықтық актілерді дайындауға арналған; қойма - Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрде сақтауға арналған бірыңғай орталықтандырылған депозитарийдің міндетін атқарады және оларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпаратты сақтауға арналған құралдарды ұсынады (бұдан әрі – қойма); веб-портал – Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін электрондық түрде аптасына 7 күн тәулігіне 24 сағат режімінде қарауға, сондай-ақ қосымша функционалдық мүмкіндіктерге қол жеткізуге арналған (бұдан әрі -веб-портал).
Тармақ 13
13. Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің «веб-портал» кіші жүйесі Интернет ортадағы барлық мүдделі адамдар үшін, соның ішінде заманауи мобильді құрылғылар (смартфондар, планшеттер және т.с.с.) арқылы жүйеге кірудің бірыңғай нүктесі болып табылады.
Тармақ 14
14. Енгізілетін нормативтік құқықтық актіде жүйе: куәландырушы орталыққа электрондық цифрлық қолтаңбаның жарамдылығы мәніне сұрау салуды жіберу арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігін (қайтарып алынған, жарамды, мерзімі өткен) тексеруді; цифрлық кодтың тұтастығы, оқылатындығы мәніне форматтық-логикалық бақылауды жүргізеді. Тексеру нәтижесі оң болған жағдайда, нормативтік құқықтық акт электрондық түрде түскен деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге нормативтік құқықтық актінің Эталондық бақылау банкіне жеткізілгені туралы белгілеме жіберіледі. Сондай-ақ Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесінің операторы нормативтік құқықтық акт келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оның деректемелерін және мәтіннің бір нормативтік құқықтық актіге тиесілілігін де тексереді. Тексеру нәтижесі теріс болған жағдайда, нормативтік құқықтық актілер электрондық түрде алынбаған деп есептеледі, бұл туралы жөнелтушіге құжаттың алынбау себептері көрсетіле отырып, Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінен электрондық құжат айналымы жүйесіне хабарлама жіберіледі. Электрондық цифрлық қолтаңбаның легитимділігіне тексеруден немесе форматтық-логикалық бақылаудан өтпеген нормативтік құқықтық акт жүйе қоймасының «Қабылданбаған файлдар» бөлімінде сақталуға тиіс. Мемлекеттік органдар құжаттың алынбағандығы туралы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ЗҚАИ-ға нормативтік құқықтық актілерді электрондық түрде қайта жібереді.
Тармақ 15
15. Эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесінің автоматтандырылған басқару жүйесіне қабылданған нормативтік құқықтық актіге нормативтік құқықтық акт туралы деректемелерді және ақпараттық-анықтамалық деректерді қамтитын тіркеу карточкасы толтырылады. Нормативтік құқықтық акт деректемелері туралы мәліметтер Заңның 22-бабына сәйкес көрсетіледі. Анықтамалық-ақпараттық деректер Мемлекеттік тізілім нөмірін, күшіне ену, құжаттың өзгертілген күнін, қолданылу өңірін, ресми жариялануын, құқықтық қатынастар саласы туралы мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 16
16. Жүйе келіп түскен нормативтік құқықтық актілерге автоматты режимде Мемлекеттік тізілімнің нөмірін береді және тіркеу карточкасында сақтайды.
Басқа 1. Электрондық құжат айналымы жүйесінде мемлекеттік органдар толтыратын нормативтік құқықтық актілер карточкасының мәліметтерін құрастыру бойынша қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа 1-қосымша Электрондық құжат айналымы жүйесінде мемлекеттік органдар толтыратын нормативтік құқықтық актілер карточкасының мәліметтерін құрастыру бойынша қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Нормативтік құқықтық актінің карточкасында нормативтік құқықтық акт туралы мынадай есепке алу мәліметтері көрсетілуі тиіс: 1-деректемеде – нормативтік құқықтық актінің қазақ тіліндегі атауы (толтырылуы міндетті); 2-деректемеде – нормативтік құқықтық актінің орыс тіліндегі атауы (толтырылуы міндетті); 3-деректемеде – мәселенің сипаты; «Мәселенің сипаты» анықтамалығынан «Эталондық бақылау банкіне нормативтік құқықтық акт» мәні таңдалады (толтырылуы міндетті); 4-деректемеде – акт нысаны; Заңның 22 - бабы 2) тармақшасына сәйкес «Құжаттың түрі» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті); 5-деректемеде – құжат тілі; тілдер тізімінен таңдалады (толтырылуы міндетті); 6-деректемеде – әзірлеуші мемлекеттік орган; «Корреспонденттер» анықтамалығынан таңдалады; 7-деректемеде – актіні қабылдаған орган; «Корреспонденттер» анықтамалығынан таңдалады (егер бұл мемлекеттік органдардың бірлескен нормативтік құқықтық актісі болған жағдайда, бірнеше мағына енгізілуі мүмкін) (толтырылуы міндетті); 8-деректемеде – нормативтік құқықтық актінің тіркеу нөмірі; мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау нөмірі көрсетіледі (егер бірлескен нормативтік құқықтық акт болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні Эталондық бақылау банкіне жіберген мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау нөмірі көрсетіледі) (толтырылуы міндетті); 9-деректемеде – қабылдау күні; мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау күні көрсетіледі (егер бірлескен нормативтік құқықтық акт болған жағдайда, нормативтік құқықтық актіні Эталондық бақылау банкіне жіберген мемлекеттік органда нормативтік құқықтық актіні қабылдау күні көрсетіледі) (толтырылуы міндетті); 10-деректемеде – қабылдау орыны; «Аймақтар» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті); 11-деректемеде – мемлекеттік тіркеу нөмірі; Қазақстан Республикасы әділет органдарында берілген мемлекеттік тіркеу нөмірі көрсетіледі (Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті); 12-деректемеде – мемлекеттік тіркеу күні; Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеу күні көрсетіледі (Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті); 13-деректемеде – мемлекеттік тіркеу органы; «Корреспонденттер» анықтамалығынан таңдалады (Қазақстан Республикасы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері үшін толтырылуы міндетті); 14-деректемеде – қолдану аймағы; «Аймақтар» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті); 15-деректемеде – жарияланым дереккөзі; болған кезде «Жарияланым дереккөздері» анықтамалығынан таңдалады (толтырылуы міндетті емес); 15.1-деректемеде – жарияланым басылымының нөмірі; болған кезде басылым нөмірі көрсетіледі (толтырылуы міндетті емес); 15.2-деректемеде – жариялану күні; болған кезде басылымда жариялану күні көрсетіледі (толтырылуы міндетті емес); 16-деректемеде – нормативтік құқықтық актіге қол қойған мемлекеттік орган(дар) басшысының(ларының) Т.А.Ә.; нормативтік құқықтық актіге қол қойған уәкілетті адамның(дардың) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі (толтырылуы міндетті); 17-деректемеде – файлдарды бекіту; DOCX форматындағы файлдарды салу (толтырылуы міндетті); 18-деректемеде – парақтар/қосымшалар; нормативтік құқықтық акті (негізгі, туынды) парақтарының және қосымша (егер қосымша болмаса «0» цифрі көрсетіледі) парақтарының саны көрсетіледі (толтырылуы міндетті); 19-деректемеде – басшының электрондық цифрлық қолтаңбасы; нормативтік құқықтық актіге қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен нормативтік құқықтық актіге қол қою (толтырылуы міндетті); 20-деректемеде – кеңсенің электрондық цифрлық қолтаңбасы; жіберілетін деректерге кеңсе қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қою (толтырылуы міндетті); 21-деректемеде – жеткізгіш түрі; мынадай мағыналарды: = 1 (электрондық құжаттың төлнұсқасы), = 3 (қағаз құжаттың электрондық көшірмесі) қабылдайтын жеткізгіштің түрі көрсетіледі (толтырылуы міндетті).
Тармақ 2
2. Электрондық түрдегі нормативтік құқықтық актіге мынадай талаптар қойылады:
Тармақша 1
1) электрондық құжат қағаз түріндегі нормативтік құқықтық актінің түрін және ақпаратын толығымен көрсетуге тиіс;
Тармақша 2
2) нормативтік құқықтық акт әрбір салынымды қоса алғанда, (нормативтік құқықтық актінің негізгі түрі, нормативтік құқықтық актінің туынды түрі, қосымшалар) тек Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының немесе Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;
Тармақша 3
3) нормативтік құқықтық актілер қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады, олардың жалпы көлемі 60 Мб аспауы тиіс. Көлемі 60 Мб асқан жағдайда, нормативтік құқықтық актілер RAR, ZIP мұрағатталған пішімде ұсынылуы мүмкін.
Тармақша 4
4) нормативтік құқықтық актінің мәтінінде бір фотосуреттің көлемі 200 Кб-дан аспауы тиіс;
Тармақша 5
5) нормативтік құқықтық актілер (негізгі, туынды (лар) және оған қосымша (лар) Microsoft Word форматында (кеңейтілімі DOCX) ұсынылады;
Тармақша 6
6) екі тілде ұсынылатын файлдардың жалпы саны – алтыдан аспайды. Файл саны асқан жағдайда, бір тілдегі нормативтік құқықтық актінің электрондық көшірмесін бір электрондық файлда қалыптастыруды сақтай отырып, олардың ішіндегісін бір файлға біріктіру рұқсат етіледі;
Тармақша 7
7) қағаз төлнұсқадағы нормативтік құқықтық актінің мәтініне сай файлдар салынымдары тәртібінің сәйкестігі: нормативтік құқықтық актінің негізгі түрі; нормативтік құқықтық актінің туынды түр (лер)і; қосымшалар нөмірлеудің өсу тәртібімен (1, 2, 3, және т.б.) ;
Тармақша 8
8) нормативтік құқықтық актінің электрондық құжаттарында нөмірленген тізімдерді, Microsoft Word ішіне салынған функциясы - автонөмірлеуді пайдаланбастан, қолмен ресімдеу;
Тармақша 9
9) ішіне салынымдары бар файлдарды бекіту қағаз түріндегі нормативтік құқықтық акті мәтінінің жазылу тәртібін сақтай отырып, әрбір тілде кезекпен жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Кестелерді ресімдеуді қағаз төлнұсқамен нақты сәйкестікте және міндетті түрде Microsoft Word (Кесте) функционалын пайдалану арқылы жүзеге асыру қажет.
Басқа 2. Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа 2-қосымша Нысан Нормативтік құқықтық актілерді есепке алу журналы № р/б Келіп түскен күні Нормативтік құқықтық актінің нысаны, нөмірі және қабылданған күні Электрондық көшірме туралы белгі 1 2 3 4
Басқа 3. Нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналы
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыру, сондай-ақ оған мәліметтер енгізу жөніндегі нұсқаулыққа 3-қосымша Нысан Нормативтік құқықтық актілерді беру және қайтару журналы № р/б Берілген күні Нормативтік құқықтық актінің нысаны, нөмірі және қабылданған күні Нормативтік құқықтық актіні алған тұлғаның Т.А.Ә. (болған кезде) Алғандығы туралы қолы Қайтару күні және қолы 1 2 3 4 5 6