Об утверждении Соглашения о сотрудничестве между Министерством юстиции Республики Казахстан и Министерством юстиции Республики Армения Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.12.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен Армения Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 23 мамырда Ереван қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Армения Республикасының Әділет министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен Армения Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен Армения Республикасының Әдiлет министрлiгi арасындағы ынтымақтастық туралы КЕЛIСIМ Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Армения Республикасының Әділет министрлiгi, екi мемлекеттің әдiлет министрлiктерi арасындағы ынтымақтастық қажет деп тани отырып, төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап Тараптар ынтымақтастықты мынадай бағыттар бойынша жүзеге асыратын болады:
Тармақша 1
1) заң ғылымы мен тәжірибесінің әр түрлi проблемалары бойынша екi жақты симпозиумдар, конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) заңнама және құқықтық құрылымдар туралы ақпарат алмасу;
Тармақша 3
3) бiр-бiрiнiң әдiлет органдары мен мекемелерiн ұйымдастырылуымен және қызметiмен танысу үшін Тараптар делегациялар алмасуы;
Тармақша 4
4) заңгер кадрлар даярлауды жақсарту, өзара мамандар алмасу iсiне көмектесу;
Тармақша 5
5) Тараптардың әдiлет органдары мен мекемелерi арасында әріптестік байланыстар орнату;
Тармақша 6
6) заң жобаларын құқықтық сараптау үшiн тепе-теңдiк негізiнде мамандар тобын құру;
Тармақша 7
7) ұлттық әдiлет жүйелерiн ақпараттандыру саласында мамандар алмасуды жүзеге асыру.
Бап 2. 2-бап
2-бап Осы Келiсiм шеңберiнде Тараптар бiрлескен бағдарламалар әзiрлеу және өзара мүдделерi ұсынылатын қатынастар саласындағы заңнаманы жетiлдiру жөнiндегі комиссия құра алады.
Бап 3. 3-бап
3-бап Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар оның ажырамас бөлiгі болып табылатын жеке Хаттамамен ресiмделедi. Осы Хаттама осы Келiсiмнің 5-бабында көзделген тәртiпте күшiне енедi.
Бап 4. 4-бап
4-бап Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру барысында Тараптар арасында туындайтын даулар мен келiспеушiлiктер келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiлетiн болады.
Бап 5. 5-бап
5-бап Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетішілiк рәсiмдерді Тараптардың орындағандығы туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi және белгiленбеген мерзiм iшiнде қолданылады. Осы Келiсiм Тараптардың бiрi басқа Тараптан оның күшiн тоқтату ниетi туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн өз күшiн жояды. Ереван қаласында 2001 жылғы 23 мамырда әрқайсысы қазақ, армян және орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды және де барлық мәтiндердің күшi бiрдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінетін болады. Қазақстан Республикасының Армения Республикасының Әділет министрлігі үшін Әділет министрлігі үшін