Об установлении водоохранной зоны и полосы реки Тобол на земельном участке, предназначенном под горный отвод Южно-Тохтаровского месторождения окисленных руд, расположенного в Камыстинском сельском округе Камыстинского района, режима и особых условий их хозяйственного использования Күшін жойған
Басқа 0
Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
Тармақ 2
2. Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5. Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесіндегі Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Әкімдіктің
2016 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 421 қаулысына
1-қосымша
Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесіндегі Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі
Су объектісі,
оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Орташа көп жылдық судың сабалық кемері (метр)
ұзындығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
ұзындығы
(метр)
ені
(метр)
ауданы
(гектар)
Тобыл өзені
Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде
2810
350-1000
169,5
2810
100
56,38
241,0
Ескерту: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары «Қостанай облысы Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін белгілеу жобасы» жобасының картографиялық материалында көрсетілген.
Басқа 6. Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Әкімдіктің
2016 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 421 қаулысына 2-қосымша
Қамысты ауданының Қамысты ауылдық округінде орналасқан, Оңтүстік-Тоқтар тотыққан кен орнының тау-кендік бөлуіне арналған жер учаскесінде Тобыл өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары
Тармақ 1
1. Су қорғау белдеулерінің шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерінің сапалық және гидрологиялық жай-күйін нашарлататын (ластану, қоқыстану, сарқылу) шаруашылық қызметіне немесе өзге де қызметке;
Тармақша 2
2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру, балық шаруашылығы технологиялық су айдындары объектілерін, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға. Осы тармақшаның ережесі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 125-бабының 7-тармағымен және 145-1-бабымен белгіленген талаптарды ескере отырып қолданылады;
Тармақша 3
3) бау-бақша егуге және саяжай салуға жер учаскелерін беруге;
Тармақша 4
4) су объектілерінің және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген қазіргі бар объектілерді пайдалануға;
Тармақша 5
5) жекелеген учаскелерді шалғындандыруға, егін егуге және ағаш отырғызуға арналған жерлерді өңдеуді қоспағанда, топырақ және өсімдік қабатын бұзатын жұмыстарды жүргізуге (оның ішінде жер жыртуға, мал жаюға, пайдалы қазбаларды өндіруге);
Тармақша 6
6) шатыр қалашықтарын, көлік құралдары үшін тұрақты тұрақтарды, малдың жазғы жайылым қостарын орналастыруға;
Тармақша 7
7) пестицидтер мен тыңайтқыштардың барлық түрлерін қолдануға.
Тармақ 2
2. Су қорғау аймақтарының шегінде мыналарға жол берілмейді:
Тармақша 1
1) су объектілерін және олардың су қорғау аймақтары мен белдеулерінің ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын құрылыстармен және құрылғылармен қамтамасыз етілмеген жаңа және реконструкцияланған объектілерді пайдалануға беруге;
Тармақша 2
2) ғимараттарға, құрылыстарға, коммуникацияларға және басқа да объектілерге реконструкция жүргізуге, сондай-ақ құрылыс, су түбін тереңдету және жарылыс жұмыстарын жүргізуге, пайдалы қазбалар өндіруге, кәбіл, құбыр және басқа да коммуникацияларды төсеуге, белгіленген тәртіппен жергілікті атқарушы органдармен, бассейндік инспекциялармен, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органмен және басқа да мүдделі органдармен келісілген жобасы жоқ бұрғылау, жер қазу және өзге де жұмыстар жүргізуге;
Тармақша 3
3) тыңайтқыштар, пестицидтер, мұнай өнімдерін сақтайтын қоймаларды, көлік құралдары мен ауыл шаруашылығы техникасына техникалық қызмет көрсету, оларды жуу пункттерін, механикалық шеберханаларды, тұрмыстық және өнеркәсіп қалдықтарын төгетін құрылғыны, аппаратураларды пестицидтермен толтыратын алаңдарды, авиациялық-химиялық жұмыстар жүргізуге арналған ұшу-қону жолақтарын орналастыруға және салуға, сондай-ақ судың сапасына кері әсер ететін басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 4
4) мал шаруашылығы фермалары мен кешендерін, сарқынды су жинағыштарды, сарқынды сумен суарылатын егістіктерді, зираттарды, мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), сондай-ақ жерүсті және жерасты суларының микробпен ластану қаупіне себепші болатын басқа да объектілерді орналастыруға;
Тармақша 5
5) жүктелім нормасынан асырып мал жаюға, су тоғандарының режимін нашарлататын мал тоғыту мен санитариялық өңдеуге және шаруашылық қызметінің басқа да түрлеріне;
Тармақша 6
6) су көздеріндегі су кемерінен екі мың метрге жетпейтін қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы дақылдары мен орман екпелерін пестицидтермен авиациялық өңдеу және авиация арқылы минералдық тыңайтқыштармен қоректендіру тәсілін қолдануға;
Тармақша 7
7) концентрациясының жол берілетін шегі белгіленбеген пестицидтерді қолдануға, қардың үстіне тыңайтқыш себуге, сондай-ақ залалсыздандырылмаған көң қосылған сарқынды суды және тұрақты хлорорганикалық пестицидтерді тыңайтқыш ретінде пайдалануға.
Су қорғау аймағында мәжбүрлі санитариялық өңдеу жүргізу қажет болған жағдайда уыттылығы әлсіз және орташа тұрақсыз пестицидтерді қолдануға жол беріледі.