Об утверждении Правил ведения Государственного фонда экологической информации Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.07.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидаларын бекіту туралы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 13 қазандағы № 589 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының  7) тармақшасына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорын жүргізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қоры (бұдан әрі – МЭАҚ) мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды қоршаған ортаның және оның объектілерінің жай-күйі, қоршаған ортаға әсер ету факторлары туралы, оны қорғау, қоршаған ортаның ластануының алдын алу және оны азайту бойынша қолданылатын шаралар, табиғи ресурстарды пайдалану туралы дәйекті ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тармақ 3
3. МЭАҚ-ты жүргізуді қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйым (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) жүзеге асырады және ол экологиялық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, талдау, ғылыми зерттеу, ұсыну, тарату, халықты және табиғат пайдаланушыларды қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері жөнінде ағарту бойынша іс-шараларды қамтиды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік экологиялық ақпарат қорының құрамына:
Тармақша 1
1) табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры;
Тармақша 2
2) қоршаған ортаның ластану учаскелерін мемлекеттік есепке алу;
Тармақша 3
3) өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастры;
Тармақша 4
4) табиғат пайдаланушылардың және қоршаған ортаны ластау көздерінің мемлекеттік тізілімі;
Тармақша 5
5) озонды бұзатын заттарды тұтынудың мемлекеттік кадастры;
Тармақша 6
6) ластауыштардың шығарындылары мен тасымалдарының мемлекеттік тiркелiмi;
Тармақша 7
7) қоршаған ортаға әсердi бағалау және мемлекеттiк экологиялық сараптама материалдары;
Тармақша 8
8) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер және нормативтiк-техникалық құжаттар;
Тармақша 9
9) қоршаған ортаны қорғауға және табиғи ресурстарды пайдалануға байланысты ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды орындау туралы есептер;
Тармақша 10
10) Қоршаған ортаның жай-күйі және табиғи ресурстарды пайдалану туралы ұлттық баяндама;
Тармақша 11
11) Ұлттық экологиялық атлас;
Тармақша 12
12) қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылау-инспекциялық және құқық қолдану қызметінің нәтижелері бойынша есептер;
Тармақша 13
13) өндiрiстiк экологиялық бақылау бағдарламасы және экологиялық мониторинг есептері;
Тармақша 14
14) мемлекеттiк экологиялық мониторингтің деректері;
Тармақша 15
15) экология саласындағы ғылыми-техникалық әдебиет;
Тармақша 16
16) қоршаған ортаның жай-күйі туралы және табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаға әсер етудің факторлары және оны қорғау бойынша қолданылатын шаралар туралы ақпарат;
Тармақша 17
17) экологиялық ақпаратты қамтитын өзге де материалдар мен құжаттар кіреді.
Тармақ 5
5. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қолданылады.
Тарау 2. 2. Экологиялық ақпаратты жинау
2. Экологиялық ақпаратты жинау
Тармақ 6
6. Мыналар:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдар;
Тармақша 2
2) заңды тұлғалар МЭАҚ-қа ақпаратты жазбаша, электрондық, дыбыс-бейнелі немесе өзгеде нысанда ұсынады.
Тармақ 7
7. МЭАҚ-қа ақпаратты мынадай мемлекеттік органдар:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 2
2) орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 3
3) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 4
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 5
5) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 6
6) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 7
7) жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган;
Тармақша 7-1
7-1) көмірсутектер саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 7-2
7-2) уран өндіру саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 8
8) атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 8-1
8-1) электр энергетикасы саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 8-2
8-2) жаңартылатын энергия көздерін дамыту саласындағы уәкілетті орган;
Тармақша 9
9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 10
10) өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 11
11) ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 12
12) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 13
13) ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 14
14) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 15
15) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган;
Тармақша 16
16) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынады. Ведомстволық бағынысты ұйым МЭАҚ-ты жүргізу үшін ақпарат беру туралы мемлекеттік органдарға және заңды тұлғаларға жыл сайын сұрау жібереді.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шеңберінде және заңды тұлғалар ведомстволық бағынысты ұйымның сұрауы бойынша өткен жылға анық және толық ақпаратты ұсынады.
Тармақ 9
9. Ведомстволық бағынысты ұйым мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар берген ақпаратты жинауды, сақтауды, өңдеу мен талдауды ұйымдастырады.
Тарау 3. 3. Экологиялық ақпаратты сақтау және өңдеу
3. Экологиялық ақпаратты сақтау және өңдеу
Тармақ 10
10. Экологиялық ақпарат қағаз, электрондық, дыбыс-бейнелі немесе өзге де нысанда жабық үй-жайда металл стеллаждарда үнемі сақталады.
Тармақ 11
11. МЭАҚ-та материалдар мен құжаттар осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес бағыттар бойынша топтастырылады.
Тармақ 12
12. Экологиялық ақпаратқа талдау жүргізу мақсатында өңдеу оны есепке алу мен жүйелеуден тұрады.
Тармақ 13
13. МЭАҚ материалдары мен құжаттары тіркеу есебіне алынуға тиіс. Есепке алу деректерді тіркеу және тізілім кітаптарына енгізу арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар ұсынған ақпарат тіркеу кітабында жазылады. Тіркеу кітабында тіркеу күні, реттік нөмірі, инвентарлық нөмірі, материалдың атауы, материалдарды ұсынған мемлекеттік орган (заңды тұлға), даналар және қосымшалардың саны көрсетіледі. Тізілім кітабында осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес бағыттар бойынша ақпарат жазылады. Тізілім кітабында материалдың атауы, материалды ұсынған мемлекеттік орган (заңды тұлға), тіркеу нөмірі, инвентарлық нөмірі, сақтау форматы (қағаз/электронды), даналар мен қосымшалардың саны, материалдың архивте тұрған орны (стеллаж, сөре) көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Экологиялық ақпаратты жүйелеу мынадай бағыттар:
Тармақша 1
1) жаһандық экологиялық проблемалар (климаттың өзгеруі, озон қабатының бұзылуы, биологиялық әртүрліліктің сақталуы, жердің бүлінуі және тозуы);
Тармақша 2
2) ұлттық экологиялық проблемалар (экологиялық апатты аймақтар, Каспий теңізі қайраңының ресурстарын қарқынды игерумен байланысты проблемалар, су ресурстарының сарқылуы мен ластануы, тарихи ластанулар, әскери-ғарыштық және сынақтық кешен полигондарының әсері, трансшекаралық сипаттағы мәселелер);
Тармақша 3
3) жергілікті экологиялық проблемалар (радиоактивті ластану, әуе бассейнін ластануы, бактериологиялық және химиялық ластанулар, өнер кәсіптік және тұрмыстық қалдықтар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар);
Тармақша 4
4) басқа бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4. Экологиялық ақпаратты талдау және ғылыми зерттеулер
4. Экологиялық ақпаратты талдау және ғылыми зерттеулер
Тармақ 15
15. Мемлекеттік органдар және заңды тұлғалар ұсынған экологиялық ақпарат қоршаған ортаның ағымдағы жай-күйін, өзгеру серпінін және олардың өзгеруінің мүмкін себептерін зерделеу арқылы талданады. Талдау жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:
Тармақша 1
1) ақпаратты бағалау;
Тармақша 2
2) талдау нәтижелерін анықтау. Ақпаратты бағалау кезеңінде олардың сенімділігі мен нақтылығына байланысты ақпарат көздерін орналастыру жүргізіледі. Талдау нәтижелерін анықтау кезеңінде экологиялық проблемалардың пайда болу жағдайларының себептерін анықтау жүргізіледі. Талдаудың алынған нәтижелері есеп түрінде ресімделеді.
Тармақ 16
16. Есеп ведомстволық бағынысты ұйымның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікпен орналастырылады, сондай-ақ Қоршаған ортаның жай-күйі туралы және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарын пайдалану туралы ұлттық баяндаманы жасау үшін пайдаланылады.
Тармақ 17
17. Ғылыми зерттеулер Кодекске және «Ғылым туралы» 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізіледі. Ғылыми зерттеулер мынадай кезеңдер бойынша жүргізіледі:
Тармақша 1
1) зерттеу тақырыбын анықтау;
Тармақша 2
2) мақсаты мен міндеттерін анықтау;
Тармақша 3
3) зерттеу жоспарын жасау;
Тармақша 4
4) материалдарды жинау;
Тармақша 5
5) зерттеу жүргізу;
Тармақша 6
6) зерттеу нәтижелерін өңдеу;
Тармақша 7
7) ғылыми есепті ресімдеу.
Тармақ 18
18. Экологиялық ғылыми зерттеулер қоршаған ортаны қорғауды ғылыми қамтамасыз ету, табиғи экологиялық жүйелерді жақсарту, қалпына келтіру, орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі ғылыми негізделген іс-шараларды әзірлеу, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және молайту, Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мен әлеуметтік, экономикалық және экологиялық теңгерімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Тарау 5. 5. Экологиялық ақпаратты ұсыну және тарату
5. Экологиялық ақпаратты ұсыну және тарату
Тармақ 19
19. Экологиялық ақпаратты беру Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы және ақпаратқа қол жеткізу туралы заңнамасында белгіленеді.
Тармақ 20
20. Ведомстволық бағынысты ұйым экологиялық ақпаратты таратуды:
Тармақша 1
1) ведомстволық бағынысты ұйымның интернет-ресурсында ашық қолжетімділікте орналастыру;
Тармақша 2
2) бұқаралық ақпараттық құралдарында, мерзімді баспасөз басылымдарында тарату, сондай-ақ өзге де жалпыға қолжетімді ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдану арқылы жүзеге асырады.
Тарау 6. 6. Халықты және табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша сауаттандыру
6. Халықты және табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша сауаттандыру
Тармақ 21
21. Халықты және табиғатты пайдаланушыларды қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану мәселелері бойынша сауаттандырудың мақсаты орнықты даму қағидаттарына негізделген азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымдарын және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.
Тармақ 22
22. Сауаттандыруды ведомстволық бағынысты ұйым мынадай іс-шараларды:
Тармақша 1
1) қоршаған ортаны қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарын, тренингтер мен оқыту семинарларын өткізу;
Тармақша 2
2) халыққа консультациялық көмек көрсету;
Тармақша 3
3) конференциялар, көрмелер, семинарлар, ғылыми-тәжірибелік форумдар;
Тармақша 4
4) баспасөз хабарламаларын, мақалаларды дайындау, сұхбат ұйымдастыру және жүргізу арқылы жүзеге асырады. Қоршаған ортаны қорғау саласында біліктілікті арттыру курстарын, тренингтер мен оқыту семинарларын дайындау және өткізу кезінде мынадай іс-шаралар:
Тармақша 1
1) курстар, тренингтер және оқыту семинарларының өткізу күні мен орнын анықтау, бағдарламаларын құрастыру, дәріскерлерді іріктеу;
Тармақша 2
2) табиғат пайдаланушыларға, үкіметтік емес ұйымдарға, бұқаралық ақпарат құралдарына, жоғарғы оқу орындарына, колледждерге электрондық пошта және факс арқылы шақыру хаттарын тарату;
Тармақша 3
3) тыңдаушыларды тіркеу;
Тармақша 4
4) курстар, тренингтер және оқыту семинарларын өткізу;
Тармақша 5
5) оқыту нәтижелілігін бағалау;
Тармақша 6
6) дәріскерлердің жұмысын бағалау;
Тармақша 7
7) оқытуды ұйымдастыру сапасын бағалау;
Тармақша 8
8) тыңдаушылардың пікірлері;
Тармақша 9
9) сертификаттарды беру жүзеге асырылады.