Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление сельского хозяйства Павлодарской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес, Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 21/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4324 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 мамырда «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте: осы қаулының көшірмесін бір апта мерзімде аумақтық әділет органына жіберілуін; осы қаулының мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануын; осы қаулының Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; өзге де қажетті шараларды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновқа жүктелсiн.