О внесении дополнения в Конституционный закон Республики Казахстан "О Первом Президенте Республики Казахстан - Лидере Нации" Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы
Бап 1
1-бап. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 10, 232-құжат; 2010 ж., № 11, 55-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 1-бап мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы өзінің мәртебесі бойынша айрықша ерекшелік белгісі - Алтын жұлдыз және «Отан» ордені тапсырыла отырып, «Халық қаһарманы» (Народный герой) атағының иегері болады.».
Бап 2
2-бап. Осы Конституциялық заң қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына толықтыру енгізу туралы Конституциялық заңға Қазақстан Республикасының Президенті қол қоймаған, бірақ «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 19-бабына сәйкес оған қол қойылған деп есептеледі, соған байланысты ол күшіне енді және қолданысқа енгізілді. Конституциялық заң Парламент Сенатының Төрағасы және Премьер-Министрдің қолдарымен бекітілген, бұл Конституцияның 45-бабының 3-тармағына сәйкес аталған Конституциялық заңның заңдық дұрыстығы және осы лауазымды тұлғалардың оның заңдылығы үшін заңдық жауапкершілігі туралы куәландырады.