Об утверждении Правил представления сведений о платежных услугах Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.12.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 38) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына: Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және:
Тармақша 1
1) 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 19-тармағын және Қағидаларға 13-қосымшаны;
Тармақша 2
2) 2016 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілетін және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Қағидалардың 20-тармағын және Қағидаларға 14-қосымшаны;
Тармақша 3
3) осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін Қағидалардың 21-тармағын және Қағидаларға 15-қосымшаны қоспағанда, 2017 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы _________________ Н. Айдапкелов 2016 жылғы «______»_______________
Басқа 0. Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысымен бекітілген Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Нысандарын, тiзбесiн, кезеңділігін және ұсыну мерзімдерін қоса алғанда, ұсыну тәртібі айқындалатын осы Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 38) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Қағидалар көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) беру тәртібін айқындайды.
Тармақ 3
3. Қағидаларда «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) алаяқтық операциялар – электрондық терминалдар, қашықтан қол жеткізу жүйелері, ақша аударымдары жүйелері арқылы, банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының үй-жайларында, оның ішінде төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылған заңсыз қолма-қол ақшасыз төлемдер, ақша аударымдары және (немесе) қолма-қол ақша беру бойынша операциялар;
Тармақша 2
2) банктік киоск – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесіне қосылу арқылы немесе интернет-ресурсына кіру арқылы өзіне өзі қызмет көрсету режимінде электрондық банктік қызметті (оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып, қолма-қол ақша беру (қабылдау) операцияларын, төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, валюталарды конвертациялауды және банк операцияларының өзге түрлерін жүргізуді қоса алғанда) алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электрондық-механикалық құрылғы;
Тармақша 3
3) басқа банктің қызмет көрсету желісі – кез келген басқа банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, кез келген басқа банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның иелігіндегі және электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;
Тармақша 4
4) виртуалдық төлем карточкасы – электрондық түрде шығарылатын және төлем карточкасының деректемелерінен тұратын, оны ұстаушыға төлемдерді интернет желісі арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы;
Тармақша 5
5) интернет-банкинг – КьюР-нұсқаулар (QR-нұсқаулар) арқылы жүргізілген төлемдерді қоспағанда, банктің веб-интерфейсі арқылы жүргізілген төлемдер мен ақша аударымдары;
Тармақша 6
6) интернет-эквайеринг – интернет желісі арқылы төлем карточкасын пайдалана отырып, төлемді қабылдауды және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыруға байланысты эквайердің қызметі;
Тармақша 7
7) кредиттік лимиті бар дебеттік төлем карточкасы – төлем карточкасын беру және қызмет көрсету шартына сәйкес не төлем карточкасын ұстаушының өтініші бойынша эмитент берген қарыз сомасы шегінде төлемдерді жүзеге асыру мүмкіндігі берілетін дебеттік төлем карточкасы;
Тармақша 8
8) корпоративтік төлем карточкасы – заңды тұлғаның шотына байланыстырылған және компанияның негізгі қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде жүкқұжаттарды, өкілдік, көлік және іссапар шығыстарын төлеуге арналған банк картасы;
Тармақша 9
9) КьюР-нұсқау (QR-нұсқау) – төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру үшін төлем қызметтерін беруші немесе төлем жүйесінің операторы беретін штрих код (технология);
Тармақша 10
10) қосымша төлем карточкасы – клиенттің сенім білдірілген адамының атына эмиссияланған төлем карточкасы;
Тармақша 11
11) меншікті қызмет көрсету желісі – банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның иелігіндегі және электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде пайдаланылатын электрондық-механикалық құрылғылардың жиынтығы;
Тармақша 12
12) мобильді ПОС-терминал (POS-терминал) – төлем карточкасын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған, мобильді құрылғыда орнатылған бағдарламалық қамтамасыз ету және (немесе) мобильді құрылғыға қосылатын қосымша құрылғы;
Тармақша 13
13) негізгі төлем карточкасы – ұстаушысы клиент болып табылатын төлем карточкасы;
Тармақша 14
14) ПОС-терминал (POS-терминал) – төлем карточкаларын пайдалану және банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесімен қосылу арқылы тауарлар немесе қызмет көрсету үшін ақы төлеу, оның ішінде ПОС-терминал (POS-терминал) орнатылған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға төлеу, сондай-ақ қолма-қол ақша беру жүзеге асырылатын электрондық-механикалық құрылғы немесе бағдарламалық қамтылым;
Тармақша 15
15) процессинг орталығы – төлем карточкаларымен операциялар бойынша процессингті және төлем карточкалары жүйесінің қатысушыларымен жасалған шарттарда көзделген өзге функцияларды жүзеге асыратын оператор;
Тармақша 16
16) сауда нүктесі – тауарлар және (немесе) қызмет көрсету үшін қолма-қол ақшасыз ақы төлеуді жүзеге асыру үшін орнатылған ПОС-терминалдың (POS-терминалдың) және (немесе) өзге құрылғының орналасқан жері;
Тармақша 17
17) стационарлық ПОС-терминал (POS – терминал) – төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған және тауарлар мен қызмет көрсету үшін ақы төлеуді қабылдау үшін сауда және сервис кәсіпорындарында (дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар), сондай-ақ төлемдерді қабылдау және қолма-қол ақша беру үшін банкте, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалында және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымда орнатылған физикалық жабдық (құрылғы);
Тармақша 18
18) төлем терминалы – төлемдер жүргізуге және қолма-қол ақша енгізу арқылы банктік шотқа ақшаны есепке алуға, өзіне өзі қызмет көрсету режимінде ақпараттық банктік қызметтерді алуға, сондай-ақ тиісті операцияларды жүргізу фактісін растайтын құжаттарды жасауға арналған электрондық-механикалық құрылғы. 4. Мәліметтер Ұлттық Банкке электрондық тәсілмен Ұлттық Банк белгілеген ақпарат беру форматтарымен ұсынылады.
Тармақ 5
5. Операция шетел валютасымен жүргізілген кезде ол бойынша Мәліметтер операция жүргізу күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгеге қайта есептеліп ұсынылады. Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8378 тіркелген «Валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау және қолдану тәртібін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 15 қаулысына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы 99 бұйрығына сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Егер Қағидаларда көзделген әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандар бойынша Мәліметтер ұсыну мерзімі жұмыс істемейтін күнге дәл келсе, Мәліметтерді ұсыну мерзімінің аяқталу күні келесі жұмыс күні болып саналады.
Тарау 2. 2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
2-тарау. Мәліметтерді ұсыну тәртібі
Тармақ 7
7. Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктерінің филиалдары және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) 61-4-бабына сәйкес берілген банктік шоттар бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға, бас банк және Банктер және банк қызметі туралы заңның 61-2 және 61-4-баптарына сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес оған қосылу жүзеге асырылатын банк (бұдан әрі – банктер);
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 3
3) төлем ұйымдары.
Тармақ 8
8. Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Төлем карточкалары бойынша мәліметтер» нысаны, ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысанын есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей, ай сайын мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 11
11. Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Өңірлер бөлігінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысанын есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей, ай сайын мына тұлғалар:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар ұсынады.
Тармақ 12
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер» нысаны, осы нысан талаптарының бірі өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 15
15. Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 16
16. Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 17
17. Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 18
18. Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.
Тармақ 19
19. Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер» нысаны, ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) банктер;
Тармақша 2
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар;
Тармақша 3
3) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторлары.
Тармақ 20
20. Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер» нысанын:
Тармақша 1
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны»;
Тармақша 2
2) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Ұлттық пошта операторы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес берілген банктік шоттар бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға;
Тармақша 3
3) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бірінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей бас банк және Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банк ұсынады.
Тармақ 21
21. Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысаны, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары ұсынады.
Тармақ 22
22. Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәлімет» нысанын жартыжылдық негізде есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары ұсынады.
Тармақ 23
23. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде ұсынады.
Тармақ 24
24. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде ұсынады.
Тармақ 25
25. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес «Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей тоқсан сайынғы негізде мына тұлғалар ұсынады:
Тармақша 1
1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары;
Тармақша 2
2) ұлттық пошта операторы.
Тармақ 26
26. Қағидаларға 20-қосымшаға сәйкес әкімшілік деректерді жинауға арналған «Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер» нысанын жартыжылдық негізде есепті жарты жылдықтан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары ұсынады.
Басқа 1. Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-PK Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы "__" ________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 3) төлем ұйымдары. Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан _______________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Об­лы­стың, аста­на­ның, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның ата­уы ПОС-тер­ми­нал­дар (POS-тер­ми­нал­дар) са­ны (бір­лік­тер) банк­тер­де­гі, Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы бей­ре­зи­дент-банк­те­рі­нің фи­ли­ал­да­рын­да­ғы және банк опе­ра­ци­я­ла­ры­ның же­ке­ле­ген түр­ле­рін жү­зе­ге асы­ра­тын ұй­ым­дар­да­ғы кә­сіп­кер­лер­де­гі Ста­ци­о­нар­лық Мо­биль­ді Бар­лы­ғы Жұ­мыс іс­теп тұр­ған оның ішін­де, бай­ла­ныс­сыз ақы тө­леу функ­ци­я­сы бар оның ішін­де КьюР-нұс­қа­у­лар­ды (QR-нұс­қа­у­лар) пай­да­ла­нып ақы тө­леу функ­ци­я­сы бар Бар­лы­ғы Жұ­мыс іс­теп тұр­ған оның ішін­де, бай­ла­ныс­сыз ақы тө­леу функ­ци­я­сы бар оның ішін­де КьюР-нұс­қа­у­лар­ды (QR-нұс­қа­у­лар) пай­да­ла­нып ақы тө­леу функ­ци­я­сы бар 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ақ­мо­ла об­лы­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы Ал­ма­ты об­лы­сы Аты­рау об­лы­сы Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Жам­был об­лы­сы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Қо­ста­най об­лы­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы Маң­ғы­стау об­лы­сы Пав­ло­дар об­лы­сы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Түр­кі­стан об­лы­сы Абай об­лы­сы Ұлы­тау об­лы­сы Же­ті­су об­лы­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы Аста­на қа­ла­сы Шым­кент қа­ла­сы кестенің жалғасы Бан­ко­мат­тар са­ны (бір­лік) Тө­лем тер­ми­нал­да­ры­ның са­ны (бір­лік) қол­ма-қол ақ­ша бе­ру функ­ци­я­сы бар қол­ма-қол ақ­ша бе­ру және қа­был­дау функ­ци­я­сы бар оның ішін­де, био­мет­ри­я­лық сәй­кестен­ді­ру функ­ци­я­сы бар мен­шік­ті Көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­мет­те­рін көр­се­ту ке­зін­де пай­да­ла­ны­ла­тын өзге тө­лем тер­ми­нал­да­ры­ның са­ны 11 12 13 14 15 кестенің жалғасы ПОС-тер­ми­нал­дар (POS-тер­ми­нал­дар) және (неме­се) ақы тө­ле­у­ге тө­лем кар­точ­ка­ла­рын қа­был­да­у­ға ар­нал­ған өзге жаб­дық ор­на­ты­л­ған са­уда нүк­те­ле­рі­нің са­ны (бір­лік) Эк­вай­ер­мен тө­лем кар­точ­ка­ла­рын ұста­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту шар­тын жа­са­ған кә­сіп­кер­лер­дің са­ны (бір­лік) Оның ішін­де, ин­тер­нет-эк­вай­ринг қыз­мет­те­рін алу­ға шар­ттар жа­сас­қан кә­сіп­кер­лер са­ны Ин­тер­нет­ті және мо­биль­ді бан­кинг­ті пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­ны (бір­лік) бар­лық тір­кел­ге­ні Ин­тер­нет-бан­кинг­ті пай­да­ла­ну­шы­лар Мо­биль­ді қо­сым­ша­лар­ды пай­да­ла­ну­шы­лар Ин­тер­нет­ті және мо­биль­ді бан­кинг­ті бі­ре­гей пай­да­ла­ну­шы­лар­дың са­ны Бар­лы­ғы Жұ­мыс іс­теп тұр­ған Бар­лы­ғы Жұ­мыс іс­теп тұр­ған 16 17 18 19 20 21 22 23 Атауы ________________ Мекенжайы __________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта _______________________________________ Орындаушы ____________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам _______________________________________________ _______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» _____________
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер (индексі:1-PK, кезеңділігі – тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Электрондық терминалдардың саны туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды әр тоқсан сайын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе ол қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндіру
Тармақ 5
5. Нысанның 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26 және 27-бағандарында көзделген мәліметтер облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша есепті тоқсанның соңғы күні бойынша көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-бағандарда банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктері филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның немесе эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасасқан кәсіпкердің ПОС-терминалдарының (POS-терминалдарының) саны ПОС-терминалдарының (POS-терминалдарының) орналасқан жері және түрі бойынша бөліп көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3, 4, 5 және 6-бағандарда стационарлық ПОС-терминалдар (POS-терминалдар) саны көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 7, 8, 9 және 10-бағандарда мобильді ПОС-терминалдар (POS-терминалдар) саны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4 және 8-бағандарда есепті кезеңде операцияларды жүргізу үшін пайдаланылған істеп тұрған ПОС--терминалдардың (POS-терминалдардың) саны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 5 және 9-бағандарда байланыссыз НФС (NFC) технологиясын қолдайтын ПОС-терминалдардың (POS-терминалдардың) саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 6 және 10-бағандарда төлемді жүргізуге КьюР-нұсқауларды (QR-нұсқауларды) қабылдау функциясын қолдайтын ПОС-терминалдардың (POS-терминалдардың) саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 11 және 12-бағандарда функционалдық мүмкіндіктері бойынша бөлінген банкоматтар саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 13-бағанда клиентті биометриялық сәйкестендіру арқылы қызмет көрсететін банкоматтар саны көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 14-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін берушіге меншік құқығында тиесілі төлем терминалдарының саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 15-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін беруші жалдайтын және көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету кезінде пайдаланылатын төлем терминалдарының саны көрсетіледі.
Тармақ 16
16. 16-бағанда төлем карточкаларын қабылдауға арналған ПОС-терминалдар (POS-терминалдар) және (немесе) өзге жабдық орнатылған сауда нүктелерінің саны көрсетіледі
Тармақ 17
17. 17-бағанда эквайермен төлем карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсету шартын жасасқан кәсіпкерлердің саны көрсетіледі.
Тармақ 18
18. 18-бағанда интернет-эквайринг қызметтерін алуға шарт жасасқан кәсіпкерлердің саны көрсетіледі.
Тармақ 19
19. 19 және 21-бағандарда тіркелген интернет және мобильді банкинг пайдаланушыларының саны көрсетіледі.
Тармақ 20
20. 20 және 22-бағандарда есепті кезеңде жеке кабинетті пайдалана отырып, бір төлемнен артық ақша төлемін және (немесе) аударымын жүзеге асырған интернет және мобильді банкингті пайдаланушылардың саны көрсетіледі.
Тармақ 21
21. 23-бағанда клиенттердің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша салыстырып тексеру арқылы алынған бірегей пайдаланушылардың нақты саны көрсетіледі.
Тармақ 22
22. Өз қызметінде электронды терминалдарды пайдаланбайтын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер Нысанды бағандарын толтырмай жібереді.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 2-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Төлем карточкалары бойынша мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексі: 2-РК Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20___ жылғы ____ ___________ жағдай бойынша Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан __________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы 1-кесте Об­лы­стың, аста­на­ның, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның ата­уы Тө­лем кар­точ­ка­сы жүй­е­сі­нің ата­уы Же­ке тө­лем кар­точ­ка­ла­ры­ның са­ны (бір­лік) Ай­на­лы­с­та­ғы вир­ту­ал­ды кар­точ­ка­лар­дың са­ны (бір­лік) де­бет­тік кре­дит­тік ли­ми­ті бар де­бет­тік кре­дит­тік ал­дын ала тө­лен­ген де­бет­тік кре­дит­тік ли­ми­ті бар де­бет­тік кре­дит­тік ал­дын ала тө­лен­ген 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ақ­мо­ла об­лы­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы Ал­ма­ты об­лы­сы Аты­рау об­лы­сы Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Жам­был об­лы­сы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Қо­ста­най об­лы­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы Маң­ғы­стау об­лы­сы Пав­ло­дар об­лы­сы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Түр­кі­стан об­лы­сы Абай об­лы­сы Ұлы­тау об­лы­сы Же­ті­су об­лы­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы Аста­на қа­ла­сы Шым­кент қа­ла­сы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­нан тыс жер­де кестенің жалғасы Пай­да­ла­ны­ла­тын же­ке тө­лем кар­точ­ка­ла­ры­ның са­ны (бір­лік) Ай­на­лы­с­та­ғы пай­да­ла­ны­ла­тын вир­ту­ал­ды кар­точ­ка­лар­дың са­ны (бір­лік) Тө­лем кар­точ­ка­ла­рын ұста­у­шы­лар­дың са­ны (адам) де­бет­тік кре­дит­тік ли­ми­ті бар де­бет­тік кре­дит­тік ал­дын ала тө­лен­ген де­бет­тік кре­дит­тік ли­ми­ті бар де­бет­тік кре­дит­тік ал­дын ала тө­лен­ген же­ке тө­лем кар­точ­ка­ла­ры вир­ту­ал­ды кар­точ­ка­лар 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 2-кесте Об­лы­стың, аста­на­ның, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның ата­уы Тө­лем жүй­е­ле­рі­нің са­ны Тө­лем кар­точ­ка­ла­рын ұста­у­шы­лар­дың са­ны Бар­лық жүй­е­лер бой­ын­ша жиын­тық мән Тө­лем кар­точ­ка­ла­ры­ның бі­ре­гей ұста­у­шы­ла­ры­ның са­ны 1 2 3 4 Ақ­мо­ла об­лы­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы Ал­ма­ты об­лы­сы Аты­рау об­лы­сы Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Жам­был об­лы­сы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Қо­ста­най об­лы­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы Маң­ғы­стау об­лы­сы Пав­ло­дар об­лы­сы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Түр­кі­стан об­лы­сы Абай об­лы­сы Ұлы­тау об­лы­сы Же­ті­су об­лы­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы Аста­на қа­ла­сы Шым­кент қа­ла­сы Атауы ________________ Мекенжайы ___________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы_______________________________________ Орындаушы ____________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ______________________________________________ _______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 2.1. Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем карточкалары бойынша мәліметтер (индексі:2-PK, кезеңділігі – ай сайын)
Төлем карточкалары бойынша мәліметтер нысанына қосымша Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме Төлем карточкалары бойынша мәліметтер (индексі:2-PK, кезеңділігі – ай сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Төлем карточкалары бойынша мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды әр ай сайын төлем карточкаларының эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру 1-кестеде:
Тармақ 5
5. 1-бағанда өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі. «Қазақстан Республикасынан тыс жерде» деген жолда банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2-бағанда мәліметтер ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес мәліметтер ұсынылатын төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3, 4, 5 және 6-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айдың соңғы күнінде айналысқа шығарылған нақты тасымалдағыштағы төлем карточкаларының саны көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 7, 8, 9 және 10-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айдың соңғы күніндегі виртуалды төлем карточкаларының саны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 11, 12, 13 және 14-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айда операциялар жүргізу және ақпараттық банк қызметтерін алу үшін пайдаланылған жеке төлем карточкаларының саны көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылатын төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 15, 16, 17 және 18-бағандарда негізгі және қосымша төлем карточкаларын ескере отырып, есепті айда операциялар жүргізу және ақпараттық банк қызметтерін алу үшін пайдаланылған виртуалды төлем карточкаларының саны көрсетіледі. Есепті айда бірнеше рет пайдаланылатын төлем карточкасы бір рет көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 19 және 20-бағандарда есепті айдың соңғы күніндегі төлем карточкаларын ұстаушылардың саны жеке және виртуалды төлем карточкаларына бөлініп көрсетіледі. Бір ұстаушыда бірнеше төлем карточкалары болған жағдайда, мұндай ұстаушы бір рет көрсетіледі. 2-кестеде:
Тармақ 12
12. 1-бағанда өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар бөлінісінде төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі. «Қазақстан Республикасынан тыс жерде» деген жолда банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым шетелде таратқан төлем карточкалары бойынша мәліметтер көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 2-бағанда респонденттің төлем карточкаларына қызмет көрсетілетін төлем жүйелерінің саны көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 3-бағанда 2-бағанда көрсетілген барлық төлем жүйелері бойынша төлем карточкаларын ұстаушылардың жиынтық саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 4-бағанда клиенттердің жеке сәйкестендіру нөмірі бойынша салыстыру жолымен алынған төлем карточкаларын ұстаушылардың нақты саны көрсетіледі.
Басқа 3
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 3-қосымша
Басқа 1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 4-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz Әкімшілік нысанның атауы: Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 4-PK Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде Нысан Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер Операция түрі Операцияны жүргізу ортасы Төлем карточкасын ұстаушы белгісі Төлем карточкасы жүйесінің атауы Операция белгісі Байланыс жүйесі/арнасы Операциялар саны (бірлік) Сомасы (мың теңге) 1 2 3 4 5 6 7 8 Атауы __________________ Мекенжайы ___________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы ________________________________________ _________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Нысан
Басқа 1.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» (индексі: 4-PK; кезеңділігі: ай сайын)
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 4-қосымшаға берілген қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» (индексі: 4-PK; кезеңділігі: ай сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер Нысанды ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанда төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақшасыз операциялар және қолма-қол ақшаны алу операциялары бойынша мәліметтер қамтылады;
Тармақ 7
7. 1-бағанда мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес операцияның түрі (тауарлар, көрсетілетін қызметтер ақысын төлеу және операциялардың өзге де түрлері) көрсетіледі;
Тармақ 8
8. 2-бағанда операцияны жүргізу ортасы – мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 3-бағанда төлем карточкасын ұстаушының азаматтық құқық субъектісінің типіне байланысты мәліметтер берілетін төлем карточкасын ұстаушы белгісі (жеке тұлғаның төлем карточкасы, корпоративтік төлем карточкасы немесе басқа банктің карточкасы) көрсетіледі;
Тармақ 10
10. 4-бағанда мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес мәліметтер берілетін төлем карточкасы жүйесінің атауы көрсетіледі;
Тармақ 11
11. 5-бағанда ол бойынша төмендегідей мәліметтер берілетін операцияға (банктік шоттан ақшаны есептен шығару сәтінде) сәйкес келетін белгісі көрсетіледі: І - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар; II - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының басқа банкінің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар; III - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі басқа банктің қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар; IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар; V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар;
Тармақ 12
12. 6-баған осы түсіндірменің 11-тармағында белгіленген II, III, IV және V операцияның белгілері бар халықаралық төлем жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша толтырылады. 6-бағанда мынадай деректер көрсетіледі:
Тармақша 1
1) Банкаралық төлем карточкалары жүйесін қоспағанда, бір процессинг орталығының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, «1PC» байланыс арнасы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) халықаралық төлем жүйесі және Банкаралық төлем карточкалары жүйесі қатыспай әр түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, «H2H» байланыс арнасы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) халықаралық төлем жүйесі арқылы әр түрлі процессинг орталықтарының пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, осы жүйенің атауы көрсетіледі;
Тармақша 4
4) Банкаралық төлем карточкалары жүйесінің пайдаланушылары арасында операция жүргізілген жағдайда, «БТКЖ» байланыс арнасы көрсетіледі;
Тармақ 13
13. 7 және 8-бағандарда осы Түсіндірменің 4, 5, 6, 7, 8, 9 және 10-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес төлем карточкасын және (немесе) оның деректемелерін пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен сомасы көрсетіледі.
Басқа 5. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 5-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Өңірлер бөлігінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексі: 5-PK Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезең: 20___ жылғы ____ ___________ жағдай бойынша Ақпарат ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан __________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Об­лы­стың, аста­на­ның, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­ның ата­уы Опе­ра­ция жүр­гі­зу ор­та­сы Тө­лем кар­точ­ка­сын ұста­у­шы­ның бел­гі­сі Қол­ма-қол ақ­ша­сыз опе­ра­ци­я­лар Қол­ма-қол ақ­ша бе­ру жө­нін­де­гі опе­ра­ци­я­лар опе­ра­ци­я­лар (бір­лік­тер) са­ны со­ма­сы (мың тең­ге) опе­ра­ци­я­лар (бір­лік­тер) са­ны со­ма­сы (мың тең­ге) 1 2 3 4 5 6 7 Ақ­мо­ла об­лы­сы Ақ­тө­бе об­лы­сы Ал­ма­ты об­лы­сы Аты­рау об­лы­сы Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Жам­был об­лы­сы Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы Қа­ра­ған­ды об­лы­сы Қо­ста­най об­лы­сы Қы­зы­лор­да об­лы­сы Маң­ғы­стау об­лы­сы Пав­ло­дар об­лы­сы Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы Түр­кі­стан об­лы­сы Абай об­лы­сы Ұлы­тау об­лы­сы Же­ті­су об­лы­сы Ал­ма­ты қа­ла­сы Аста­на қа­ла­сы Шым­кент қа­ла­сы Атауы ________________ Мекенжайы___________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________ Орындаушы____________________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам ______________________________________________ _______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Күні 20__ жылғы «____» ______________
Басқа 5.1. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Өңірлер бөлігінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер нысанына қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Өңірлер бөлігінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер (индексі: 5-PK, кезеңділігі: ай сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме «Өңірлер бөлігінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 6
6. Нысанда қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары, сондай-ақ төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған қолма-қол ақша беру жөніндегі операциялар бойынша мәліметтер қамтылады.
Тармақ 7
7. Мәліметтер пайдалана отырып, операция жүзеге асырылған жабдықтың орналасқан жері бойынша көрсетіледі. Интернет, ұялы телефон немесе қашықтан қол жеткізудің өзге жүйесі арқылы операция жүргізілген жағдайда мәліметтер банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның ақпараттық жүйесінде клиенттің банктік шотын ағымдағы жүргізу орны бойынша көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2-бағанда операция жүргізу ортасы – мәліметтерді ұсынудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі тиісті анықтамалыққа сәйкес электрондық терминалдың немесе қашықтан қол жеткізу жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 3-бағанда төлем карточкасын ұстаушының азаматтық құқық субъектісінің типіне байланысты мәліметтер берілетін төлем карточкасын ұстаушының белгісі (жеке тұлғаның төлем карточкасы, корпоративтік төлем карточкасы немесе басқа банктің карточкасы) көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 4, 5, 6 және 7-бағандарда қолма-қол ақшасыз операциялар мен төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша беру бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі. Көрсетілген бағандарда көзделген операциялардың саны және сомасы операцияның мынадай белгілері бойынша операциялардың саны мен сомасын қосу арқылы есептеледі (банктік шоттан ақшаны есептен шығару кезінде): І - банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар; IV - Қазақстан Республикасының басқа банктерінің, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкі филиалының, Қазақстан Республикасының банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарының төлем карточкаларын пайдалана отырып, меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар; V - Қазақстан Республикасының бейрезидент эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып меншікті қызмет көрсету желісінде жүргізілген операциялар.
Басқа 6
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 6-қосымша
Басқа 7
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 7-қосымша
Басқа 8. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 8-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексы: 8-PK Кезеңділік: осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін Ұсынатын тұлғалар тобы: төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: осы нысан талаптарының бірі өзгерген күннен бастап он жұмыс күні ішінде. Нысан ______________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Процессинг орталығының атауы Операциялар процессинг орталығында өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы H2H байланыс арнасын пайдалану шарты жасалған контрагенттің атауы Операциялар H2H байланыс арнасын пайдалану шеңберінде өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы 1 2 3 4 Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________ Телефон ________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________ Орындаушы __________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________________ ___________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 8.1. «Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс:8-PK, кезеңділік осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда)
Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер нысанына қосымша «Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс:8-PK, кезеңділік осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Процессинг орталығы және басқа банктермен өзара іс-әрекеті туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан осы нысан талаптарының бірі өзгерген жағдайда төлем карточкаларының эмитенттері және (немесе) эквайерлер болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
Тармақ 5
5. 1-бағанда банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым қызметін пайдаланатын процессинг орталығының атауы көрсетіледі. Меншікті процессингті пайдаланған жағдайда, есеп беретін банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2-бағанда операциялары процессинг орталығында өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3-бағанда есеп беретін банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым H2H байланыс арнасын пайдалануға шарт жасаған контрагенттің атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4-бағанда операциялары H2H байланыс арнасын пайдалану шеңберінде өңделетін төлем карточкалары жүйелерінің атауы көрсетіледі.
Басқа 9. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 9-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексы: 9-PK Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан ____________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Элек­трон­дық ақ­ша жүй­е­сі­нің ата­уы Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті агент­те­рі­нің са­ны Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті қо­сал­қы агент­те­рі­нің са­ны Бар­лы­ғы Бел­сен­ді Бар­лы­ғы Бел­сен­ді 1 2 3 4 5 кестенің жалғасы Элек­трон­дық ақ­ша ие­ле­рі-же­ке тұ­лға­лар­дың са­ны Элек­трон­дық ақ­ша­ны ақы тө­ле­у­ге қа­был­дай­тын да­ра кә­сіп­кер­лер­дің және заң­ды тұ­лға­лар­дың са­ны Бар­лы­ғы Бел­сен­ді Сәй­кестен­ді­рі­л­ген Бар­лы­ғы Бел­сен­ді 6 7 8 9 10 Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________ Телефон ________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________ Орындаушы __________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________________ ___________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 9.1. «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралымәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 9-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер нысанына қосымша «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралымәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 9-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің және электрондық ақша иелерінің саны туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
Тармақ 5
5. 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 6
6. 2-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшаны сатып алуды немесе өткізуді жүзеге асырған электрондық ақша эмитенті агенттерінің саны көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің саны көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 5-бағанда есепті тоқсан ішінде электрондық ақшаны сатып алуды немесе өткізуді жүзеге асырған электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің саны көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша иелері - жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 7-бағанда есепті тоқсанда электрондық ақшамен операциялар жүргізген электрондық ақша иелері - жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 8-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақша эмитенті сәйкестендірген электрондық ақша иелері - жеке тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 13
13. 9-бағанда есепті тоқсанның соңғы күніндегі электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 14
14. 10-бағанда есепті тоқсанда электрондық ақшамен операциялар жүргізілген электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың саны көрсетіледі.
Тармақ 15
15. 9 және 10-бағандарда электрондық ақшаны төлем жасауға қабылдайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар деп мәліметтерді беретін эмитентпен немесе тиісті электрондық ақша жүйесінің өзге қатысушысымен шарт жасаған дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар түсініледі.
Басқа 10. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 10-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексы: 10-PK Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан ___________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Электрондық ақша жүйесінің атауы Операция жүргізу ортасы Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялар Жеке тұлғалардың пайдасына Дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың пайдасына Операциялар саны Сомасы (теңге) Операциялар саны Сомасы (теңге) 1 2 3 4 5 6 Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________ Телефон ________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________ Орындаушы __________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 10.1. «Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс:10-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер нысанына қосымша «Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс:10-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
Тармақ 6
6. 1-бағанда мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2-бағанда операция жүргізу ортасы - электрондық терминалдың немесе қашықтан кіру жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 3 және 4-бағандарда жеке тұлғалардың есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып жеке тұлғалардың пайдасына жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 5 және 6-бағандарда жеке тұлғалардың есепті тоқсанда электрондық ақшаны пайдалана отырып дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың пайдасына жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі.
Басқа 11. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 11-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралымәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексы: 11-PK Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан ___________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Элек­трон­дық ақ­ша ие­ле­рі Элек­трон­дық ақ­ша жүй­е­сі­нің ата­уы Ай­на­лы­с­та­ғы элек­трон­дық ақ­ша­ның бар­лы­ғы (тең­ге) Элек­трон­дық ақ­ша­ны шы­ға­ру Элек­трон­дық ақ­ша­ны өтеу Опе­ра­ци­я­лар са­ны Со­ма­сы (тең­ге) Опе­ра­ци­я­лар са­ны Со­ма­сы (тең­ге) 1 2 3 4 5 6 7 Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті­нің агент­те­рі Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті­нің қо­сал­қы агент­те­рі Же­ке тұ­лға­лар Да­ра кә­сіп­кер­лер және заң­ды тұ­лға­лар Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________ Телефон ________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________ Орындаушы __________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________________ ___________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 11.1. «Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 11-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер нысанына қосымша «Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 11-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Айналыстағы электрондық ақшаның саны туралы және электрондық ақшаны шығару мен өтеу бойынша операциялардың саны және көлемі туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
Тармақ 6
6. 2-бағанда мәліметтер ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 3-бағанда есепті тоқсанның соңғы күнінде айналыстағы электрондық ақшаның сомасы көрсетіледі. 3-баған есепті тоқсанның соңғы күні электрондық ақшаның иесі кім болғанына байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.
Тармақ 8
8. 4 және 5-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны шығару бойынша жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі. 4 және 5-бағандар электрондық ақшаның кімге берілгеніне байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері және жеке тұлғалар бойынша толтырылады. 4 және 5-бағандар дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылмайды.
Тармақ 9
9. 6 және 7-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақшаны өтеу бойынша жүргізілген операцияларының саны және сомасы көрсетіледі. 6 және 7-бағандар электрондық ақшаны өтеу сәтіне олардың иесі кім болғанына байланысты электрондық ақша эмитентінің агенттері, электрондық ақша эмитентінің қосалқы агенттері, жеке тұлғалар, дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар бойынша толтырылады.
Басқа 12. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 12-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексы: 12-PK Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін Ұсынатын тұлғалар тобы: электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар. Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан ______________________________________________________________________нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Элек­трон­дық ақ­ша жүй­е­сі­нің ата­уы Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті агент­те­рі­нің элек­трон­дық ақ­ша­ны өт­кі­зуі Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті қо­сал­қы агент­те­рі­нің элек­трон­дық ақ­ша­ны өт­кі­зуі Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті агент­те­рі­нің элек­трон­дық ақ­ша­ны ием­де­нуі Элек­трон­дық ақ­ша эми­тен­ті қо­сал­қы агент­те­рі­нің элек­трон­дық ақ­ша­ны ием­де­нуі Опе­ра­ци­я­лар са­ны Со­ма­сы (тең­ге) Опе­ра­ци­я­лар са­ны Со­ма­сы (тең­ге) Опе­ра­ци­я­лар са­ны Со­ма­сы (тең­ге) Опе­ра­ци­я­лар са­ны Со­ма­сы (тең­ге) 1 2 3 4 5 6 7 8 9 Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________ Телефон ________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________ Орындаушы __________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________________ ___________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 12.1. «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 12-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер нысанына қосымша «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 12-PK, кезеңділік тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Электрондық ақша эмитенті агенттерінің және қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны иемдену және өткізу бойынша операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысан әр тоқсан сайын электрондық ақша эмитенттері болып табылатын көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
Тармақ 6
6. 1-бағанда ақпарат ұсынылатын электрондық ақша жүйесінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 7
7. 2 және 3-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға өткізуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 4 және 5-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғаларға өткізуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 6 және 7-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғалардан иемденуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 8 және 9-бағандарда есепті тоқсанда электрондық ақша эмитенті қосалқы агенттерінің электрондық ақшаны жеке тұлғалардан иемденуі бойынша операциялардың саны және сомасы көрсетіледі.
Басқа 13. Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 13-қосымша Қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында орналастырылған Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексі: 1-PU Кезеңділігі: ай сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «___»____________ жағдай бойынша Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер: 1) банктер; 2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар; 3) пошталық ақша аударымдарын жүзеге асыратын пошта операторлары. Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың он бесінші күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысанда көрсетілуге жататын тиіс төлемдер және (немесе) ақша аударымдары есепті айда болмаған жағдайда, нысанды ұсынатын тұлғалар бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды. Нысан Нұсқауды қабылдау ортасы Нұсқауды өңдеу ортасы Белгі Ақша жөнелтуші ұйымның (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің) сәйкестендіру коды (БСК/ЖСК/өзге сәйкестендіргіш) Корреспонденттік қатынастар бар делдал ұйымның (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің) сәйкестендіру коды Бенефициар (банктің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің) ұйымының сәйкестендіру коды (БСК/ЖСК/өзге сәйкестендіргіш) 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Төлем агенті немесе қосалқы агент Ақша жөнелтуші Бенефициар Резиденттік белгісі Экономика секторы Елі Резиденттік белгісі Резиденттік белгісі Елі 7 8 9 10 11 12 13 кестенің жалғасы Нақтылау Төлем белгілеу коды Саны Сомасы, теңге Төлем валютасының коды Төлем құралы 14 15 16 17 18 Атауы ____________________ Мекенжайы____________________________ Телефоны ________________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________ Орындаушы ____________________________________ _________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам ____________________________________________ ____________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 13.1. «Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер» (индексі - 1-PU, кезеңділігі: ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер нысанына қосымша «Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер» (индексі - 1-PU, кезеңділігі: ай сайын) әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Банктік шотты пайдалана отырып және пайдаланбай төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын қабылдау мен жүзеге асыру жөніндегі мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ай сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысанда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 9) тармақшаларында көзделген ұсынылған төлем қызметтері бойынша мәліметтер қамтылады.
Тармақ 6
6. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) ақша аударымы шетел валютасымен жүргізілсе, ол бойынша мәліметтер төлем жасалған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 7
7. Мәліметтерді төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттерін қоспағанда, көрсетілетін төлем қызметтерін берушілер ұсынады және Нысанды ұсынатын тұлғалардың филиалдары мен бөлімшелері, төлем агенттері мен қосалқы төлем агенттері арқылы көрсетілген төлем қызметтерін (төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын) ескере отырып толтырады.
Тармақ 8
8. Нысан төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мынадай ақпарат қамтылған 18 бағаннан тұрады:
Тармақша 1
1) 1-бағанда нұсқауды қабылдау ортасы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 2-бағанда нұсқауды өңдеу ортасы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда операция белгісі көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 4-бағанда Нысанды ұсынатын тұлғалар ақша жөнелтуші ұйымның (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің) сәйкестендіру кодын көрсетеді. Ақша жөнелтуші банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Нысанды қалыптастыру кезінде ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Нысанды қалыптастыру кезінде ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру кодын және банк ішіндегі аударым жүргізілген жағдайда ақша жөнелтуші банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі. Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде 4-баған толтырылмайды;
Тармақша 5
5) 5-бағанда Нысанды ұсынатын тұлғаның корреспонденттік қатынастар бар және ол арқылы төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілетін делдал ұйымның (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің, ол төлем және (немесе) ақша аударымын жүргізу схемасында болған кезде) сәйкестендіру коды көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 6-бағанда Нысанды ұсынатын тұлғалар делдал ұйым арқылы жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар ұйымының (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің) сәйкестендіру кодын не корреспонденттік қатынастар бар бенефициар ұйымының (банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің) сәйкестендіру кодын көрсетеді. Бенефициар банкі клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды. Банк, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Нысанды қалыптастыру кезінде бенефициар банкінің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Нысанды қалыптастыру кезінде бенефициар банкінің банктік сәйкестендіру кодын және банк ішіндегі аударым жүргізілген жағдайда бенефициар банкі клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар банкінің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі. Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар банкінің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде 6-баған толтырылмайды;
Тармақша 7
7) 7-баған төлем қызметтерін көрсету бойынша жасалған агенттік шарттардың негізінде төлем агенттері және қосалқы агенттер арқылы (оның ішінде қашықтан қол жеткізу жүйелері және электрондық терминалдар, электрондық ақша арқылы) көрсетілген төлем қызметтері туралы мәліметтер берілген жағдайда толтырылады: төлем агенттері арқылы қызметтер көрсетілген кезде 1 көрсетіледі; қосалқы төлем агенттері арқылы көрсетілген кезде 2 көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 8-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі. Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі болмаған кезде 8-баған толтырылмайды;
Тармақша 9
9) 9-бағанда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды көрсетіледі. Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтушінің экономика секторының коды болмаған кезде 9-баған толтырылмайды;
Тармақша 10
10) 10-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген елдің (төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген бастапқы ақша жөнелтушінің банктік шоты ашылған ел не банктік шотты ашпай ақша аударымы жүргізілген жағдайда ақша жөнелтуші ақшаны аударған ел) екі таңбалы коды көрсетіледі. 13-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген елдің (ақша аударылған соңғы бенефициардың банктік шоты ашылған ел не банктік шотты ашпай ақша аударымы жүргізілген жағдайда бенефициар ақша алған ел) екі таңбалы коды көрсетіледі. Ел коды «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі. Қазақстан Республикасының аумағында жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша KZ коды көрсетіледі;
Тармақша 11
11) 11-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі. Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың резиденттік белгісі болмаған кезде 11-баған толтырылмайды;
Тармақша 12
12) 12-бағанда бенефициардың экономика секторының коды көрсетіледі. Негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың экономика секторының коды болмаған кезде 12-баған толтырылмайды;
Тармақша 13
13) 14-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі. Шет елден келіп түскен төлем және (немесе) ақша аударымы көрсетілген кезде 8, 9 және 14-бағандарды Нысанды ұсынатын тұлға корреспондент банктің немесе халықаралық жүйенің төлем құжаттары және төлем және (немесе) ақша аударымы үшін негіз болатын өзге құжаттар негізінде толтырады. Лездік төлемдер жүйесі бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша:
Тармақша 1
1) ақша жөнелтушінің банкі 8, 9-бағандарда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісін және экономика секторын белгілейді, 11, 12-бағандар толтырылмайды, 14-бағанда – лездік төлемдер жүйесі бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы үшін көзделген төлем белгілеу кодын;
Тармақша 2
2) бенефициар банкі 8, 9-бағандарды толтырмайды, 11, 12-бағандарда резиденттік белгісін және бенефициар экономикасының секторын, 14-бағанда бенефициар қызметінің түріне қарай төлем белгілеу кодын белгілейді. 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-бағандар бойынша деректерді операциялардың, төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының өзге өлшемдерінің сәйкес келуін ескере отырып, резиденттіктің бір белгісі, экономика секторы, елі, төлем белгілеу коды бойынша топтастыру жүзеге асырылады;
Тармақша 14
14) 15-бағанда есепті кезеңдегі операциялардың, төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының саны көрсетіледі. Бір операцияны, бір төлемді және (немесе) ақша аударымын көрсету кезінде баған 1 мәнін қабылдайды. Жаңа операцияның, жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының өлшемдері 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 17 және 18-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 16-бағандағы мән жаңа операцияның, жаңа төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасына ұлғайтылады;
Тармақша 15
15) 16-бағанда операцияның, төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
Тармақша 16
16) 17-бағанда төлем валютасының үш мәнді коды ҚР ҰЖ 07 ИСО 4217-2012 «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақша 17
17) 18-бағанда жіберілген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша осы түсіндірменің 9-тармағында көзделген төлем құралдары белгілерінің бірі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Төлем құралының мынадай белгілері қолданылады: 01 – төлем тапсырмасын ұсыну; 02 – төлем талабын ұсыну; 03 – бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банктік шотына қойылған салық органының инкассолық өкімін ұсыну; 04 – дебитордың банктік шотына қойылған салық органының инкассолық өкімін ұсыну; 05 – бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банктік шотына қойылған кеден органының инкассолық өкімін ұсыну; 06 – төлем ордерін ұсыну; 07 – салық органының міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына қойылған инкассолық өкімін ұсыну; 08 – төлем хабарламасын ұсыну; 09 – Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына қойылған салық органының инкассолық өкімін ұсыну; 10 – атқару парақтары негізінде инкассолық өкімді ұсыну; 11 – тауарлар мен қызметтер үшін чектер, жол чектерін беру; 12 – өзге де төлем құралдары; 20 – алынған төлемдер; 21 – банкаралық төлем тапсырмасын ұсыну. Клиентке қолма-қол ақшамен төлеуге жататын алынған төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша «20» белгісі көрсетіледі.
Басқа 14
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 14-қосымша Индекс: 1-KNP Кезеңділігі: ай сайын Ұсынатындар:
Тармақша 1
1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
Тармақша 2
2) екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Ұлттық пошта операторы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген банктік шоттар бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға;
Тармақша 3
3) бас банк және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосылу жүзеге асырылатын банк. Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ұсыну мерзімі:
Тармақша 1
1) нысанды ұсынатын тұлғалар тізбесінің 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлға үшін – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жетісінен (қоса алғанда) кешіктірмей;
Тармақша 2
2) нысанды ұсынатын тұлғалар тізбесінің 2) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар үшін – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінен (қоса алғанда) кешіктірмей;
Тармақша 3
3) нысанды ұсынатын тұлғалар тізбесінің 3) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалар үшін – ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың жиырма бірінен (қоса алғанда) кешіктірмей. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Нысанды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және оның клиенттері жүргізген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей қалыптастырады. Егер нысанды ұсынудың соңғы күні жұмыс істемейтін күнге сәйкес келсе, нысанды ұсыну мерзімін аяқтау күні одан кейінгі жұмыс күні болып саналады. Нысанда көрсетілуге жататын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары есепті айда болмаған жағдайда, нысанды ұсынатын тұлғалар есепті айдан кейінгі айдың он бесінші (қоса алғанда) күннен кешіктірмей бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне жазбаша түрде хабарлайды. Нысан Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер ________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Тө­лем жүр­гі­зу ор­та­сы Ақ­ша ауда­ру жүй­е­сі­нің ата­уы Тө­лем бел­гі­сі Ақ­ша жө­нел­ту­ші банк­тің БСК, ақ­ша жө­нел­ту­ші банк кли­ен­ті­нің ЖСК Бе­не­фи­ци­ар банк­тің БСК, бе­не­фи­ци­ар банк кли­ен­ті­нің ЖСК Ақ­ша жө­нел­ту­ші Бе­не­фи­ци­ар Ре­зи­дент­тік бел­гі­сі Эко­но­ми­ка сек­то­ры Елі Ре­зи­дент­тік бел­гі­сі Эко­но­ми­ка сек­то­ры Елі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 кестенің жалгасы Тө­лем­дер бой­ын­ша мә­лі­мет­тер­ді нақ­ты­лау Тө­лем бел­гі­леу ко­ды Есеп­ті ке­зең­де­гі тө­лем­дер­дің және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры­ның са­ны Тең­ге­мен тө­лем­дер­дің және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­ры­ның со­ма­сы Тө­лем ва­лю­та­сы­ның ко­ды Тө­лем­дер­ді және (неме­се) ақ­ша ауда­рым­да­рын жү­зе­ге асы­ру тә­сі­лі 12 13 14 15 16 Бірінші басшы (ол болмаған кезеңде – оның орнындағы адам) ___________________________________________________________________ _________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы Орындаушы _________ ___________________________ _________ ______________ лауазымы тегі, аты, әкесінің аты қолы телефон нөмірі (ол болған кезде) Есепке қол қойылған күні 20 ​__ жылғы «____» _____________
Басқа 14.1
Әкімшілік деректерді жинауға арналған «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер» нысанына қосымша
Тарау 1
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарына сәйкес төлемдер бойынша мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Орталық) ұсынатын нысан банкаралық ақша аудару жүйесі (бұдан әрі – банкаралық жүйе) және банкаралық клиринг жүйесі арқылы жүргізілген төлемдер бойынша мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 4
4. Екінші деңгейдегі банктер, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, Ұлттық пошта операторы, бас банктің төлемдер мен ақша аударымдарын, оның ішінде еншілес банктің корреспонденттік шотын пайдалана отырып, депозиторлардың бас банкке «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң) сәйкес берілген банктік шоттар бойынша жүзеге асыруымен байланысты аударым операцияларын Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асыратын, бұрын еншілес банк болған заңды тұлға, бас банк және Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес оған қатысты қайта құрылымдау жүргізілген еншілес банк, қосылатын банк, сондай-ақ Банктер және банк қызметі туралы заңға сәйкес оған қатысты қосылу жүзеге асырылған банк (бұдан әрі – банктер) ұсынатын және Ұлттық Банк қалыптастыратын нысан филиалдарды ескере отырып толтырылады және төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жөніндегі ақпараттан тұрады, оның ішінде банктік шотты ашпастан:
Тармақша 1
1) Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттар арқылы жүргізілген;
Тармақша 2
2) банкаралық жүйені және банкаралық клиринг жүйесін қоспағанда, төлем жүйелері (бұдан әрі – ақша аударымдары жүйелері) арқылы және резидент банктердің және бейрезидент банктердің ностро және лоро корреспонденттік шоттары бойынша, оның ішінде Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын пошталық ақша аударымдары бойынша жүргізілген;
Тармақша 3
3) банк немесе Ұлттық Банк (бұдан әрі – ұйым) және оның клиенті арасында немесе ұйымның екі клиенті арасында жүзеге асырылған, оның ішінде Ұлттық пошта операторы жүзеге асыратын пошталық ақша аударымы (бұдан әрі – банкішілік аударымдар) бойынша.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер төлем және (немесе) ақша аударымы шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2
Тармақ 1
1. Орталық беретін нысан төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мынадай ақпаратты қамтитын 16 бағаннан тұрады:
Тармақша 1
1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасына сәйкес келетін белгі (бұдан әрі – төлем жүргізу ортасының белгісі) көрсетіледі: 01 – банкаралық жүйе; 02 – банкаралық клиринг жүйесі;
Тармақша 2
2) 2 және 3-бағандар толтырылмайды;
Тармақша 3
3) 4-бағанда ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, ақша жөнелтуші банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
Тармақша 4
4) 5-бағанда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі, бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды;
Тармақша 5
5) 6-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі;
Тармақша 6
6) 7-бағанда ақша жөнелтуші экономикасы секторының коды көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 8 және 11-бағандарда «KZ» коды көрсетіледі;
Тармақша 8
8) 9-бағанда бенефициар резиденттігінің белгісі көрсетіледі;
Тармақша 9
9) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі;
Тармақша 10
10) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі;
Тармақша 11
11) 13-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының саны көрсетіледі. Бір төлемді немесе ақша аударымын көрсеткен кезде баған 1 мәнді қабылдайды. Жаңа төлемнің немесе ақша аударымын өлшемдері 1, 4 – 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің немесе ақша аударымының сомасына ұлғайтылады;
Тармақша 12
12) 14-бағанда төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
Тармақша 13
13) 15-бағанда KZT төлем валютасының үш мәнді коды көрсетіледі;
Тармақша 14
14) 16-бағанда осы түсіндірменің 8-тармағында көзделген төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері белгілерінің бірі көрсетіледі: 01, 02, 03, 04, 06, 07, 08, 09, 10, 17, 18, 19.
Тармақ 7
7. Ұйымдар ұсынатын нысан төлем және (немесе) ақша аударымы туралы мынадай ақпаратты қамтитын 16 бағаннан тұрады:
Тармақша 1
1) 1-бағанда төлем жүргізу ортасының белгісі көрсетіледі: 03 – Ұлттық Банктегі корреспонденттік шот; 04 – Қазақстан Республикасы аумағындағы ақша аударымдары жүйесі; 05 – шет елге (шет елден) ақша аударымдары жүйесі; 06 – Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты қоспағанда, Қазақстан Республикасы шегіндегі ностро және лоро корреспонденттік шоттары; 07 – Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотты есептемегенде шет елге (шет елден) ностро және лоро корреспонденттік шоттары; 08 – банкішілік аударымдар;
Тармақша 2
2) 2-бағанда төлем немесе ақша аударымы жүргізілетін ақша аударымдар жүйесінің атауы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 3-бағанда төлем немесе ақша аударымы түрлеріне сәйкес келетін белгі (бұдан әрі – төлем белгісі) көрсетіледі: 01 – Нысанды беретін ұйым ақша аударымдары жүйелері арқылы жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы; 02 – Нысанды беретін ұйым ақша аударымдары жүйелері арқылы алған төлем және (немесе) ақша аударымы; 03 – Нысанды беретін ұйым ностро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы; 04 – Нысанды беретін ұйым ностро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем және (немесе) ақша аударымы; 05 – Нысанды беретін ұйым лоро корреспонденттік шоты арқылы жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы; 06 – Нысанды беретін ұйым лоро корреспонденттік шоты арқылы алған төлем және (немесе) ақша аударымы; 07 – Нысанды беретін ұйымының ностро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы; 08 – Нысанды беретін ұйымының ностро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі; 09 – Нысанды беретін ұйымының лоро корреспонденттік шотынан ақшаны басқа да есептен шығаруы; 10 – Нысанды беретін ұйымының лоро корреспонденттік шотына ақшаны басқа да есептеуі; 11 – банкішілік аударым. Нысанды беретін ұйым әрі ақша жөнелтуші банк, әрі бенефициар банкі болып табылады. Төлемнің «01» және «02» белгілері төлем жүргізу ортасының «04», «05» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «03» – «10» белгілері төлем жүргізу ортасының «03», «06», «07» белгілері бойынша толтырылады. Төлемнің «11» белгісі төлем жүргізу ортасының «08» белгісі бойынша толтырылады;
Тармақша 4
4) 4-бағанда банктер ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Ақша жөнелтуші банк клиенттің жеке сәйкестендіру кодын толтырмайды. Ұлттық Банк Нысанды қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру кодын және ақша жөнелтуші банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі. Нысанды беретін ұйымы шет елден алған төлем немесе ақша аударымы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын алушы банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі. Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын ақша жөнелтуші банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған кезде 4-бағаны толтырылмайды;
Тармақша 5
5) 5-бағанда банктер бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын көрсетеді. Бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру коды толтырылмайды. Ұлттық Банк Нысанды қалыптастыру кезінде банкішілік аударым жүргізген жағдайда бенефициар банктің банктік сәйкестендіру кодын және бенефициар банк клиентінің жеке сәйкестендіру кодын көрсетеді, өзге төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды ғана көрсетіледі. Нысанды беретін ұйым шет елге жіберген төлем немесе ақша аударымы бойынша Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі. Төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда Қазақстан Республикасының бейрезиденті болып табылатын бенефициар банктің банктік сәйкестендіру коды болмаған жағдайда 5-бағаны толтырылмайды;
Тармақша 6
6) 6-бағанда ақша жөнелтушінің резиденттік белгісі көрсетіледі. Ұйым алған төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтушінің резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда 6-бағаны толтырылмайды;
Тармақша 7
7) 7-бағанда ақша жөнелтуші экономика секторының коды көрсетіледі. Ұйым алған төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда ақша жөнелтушінің экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда 7-бағаны толтырылмайды;
Тармақша 8
8) 8-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы жүргізілген елдің (төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген, бастапқы ақша жөнелтушінің банктік шоты ашылған ел не ақша аударымын банктік шот ашпай жүргізген жағдайда ақша жөнелтуші ақша аударған ел) екі мәнді коды көрсетіледі. 11-бағанда төлем және (немесе) ақша аударымы жіберілген елдің (ақша аударылған, соңғы бенефициардың банктік шоты ашылған ел не ақша аударымын банктік шотты ашпай жүргізген жағдайда бенефициар ақша алған ел) екі мәнді коды көрсетіледі. Елдің коды «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерін белгілеуге арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» 06 ИСО 3166.1-2013 ҚР ҰЖ Қазақстан Республикасының ұлттық жіктеуіне сәйкес көрсетіледі. 04, 06 және 08 төлем жүргізу ортасының белгілері бойынша 8 және 11 бағандарда KZ коды (төлемдер немесе ақша аударымдары Қазақстан Республикасының аумағында жүргізіледі) көрсетіледі. 05 төлем жүргізу ортасының белгісі бойынша: ұйым жіберген төлемдер немесе ақша аударымдары және басқа да ұйымның ақшасын есептен шығарулар (01 төлем белгісі) бойынша 8-бағанда KZ коды көрсетіледі; ұйым қабылдаған төлемдер немесе ақша аударымдары және басқа да ұйым ақшасының есептеулері (02 төлем белгісі) бойынша 11-бағанда KZ коды көрсетіледі;
Тармақша 9
9) 9-бағанда бенефициардың резиденттік белгісі көрсетіледі. Ұйым жіберген төлемдер бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициардың резиденттігі туралы ақпарат болмаған жағдайда 9-баған толтырылмайды;
Тармақша 10
10) 10-бағанда бенефициар экономикасы секторының коды көрсетіледі. Ұйым жіберген төлем және (немесе) ақша аударымы бойынша төлем жүргізу ортасының «04» және «05» белгілері бойынша соның негізінде төлем және (немесе) ақша аударымы жүзеге асырылатын құжаттарда бенефициар экономикасының секторы туралы ақпарат болмаған жағдайда 10-баған толтырылмайды;
Тармақша 11
11) 12-бағанда төлем белгілеу коды көрсетіледі. Ностро немесе лоро корреспонденттік шоты бойынша шет елден келіп түскен төлемді немесе ақша аударымын көрсеткен кезде 6, 7 және 12-бағандарды Нысанды беретін ұйым корреспондент банктің төлем құжаттарының және төлем немесе ақша аударымы үшін негіздеме болып табылатын өзге құжаттардың негізінде толтырады;
Тармақша 12
12) 13-бағанда есепті кезеңдегі төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының саны көрсетіледі. Бір төлемді немесе ақша аударымын көрсеткен кезде баған 1 мәнін қабылдайды. Жаңа төлемнің немесе ақша аударымының өлшемдері 1 – 12, 15 және 16-бағандардағы бұрыннан бар өлшемдермен сәйкес келген жағдайда, осы бағандағы мән 1-ге ұлғайтылады, ал 14-бағандағы мән жаңа төлемнің немесе ақша аударымының сомасына ұлғайтылады;
Тармақша 13
13) 14-бағанда төлемдердің және (немесе) ақша аударымдарының сомасы теңгемен, үтірден кейін екі белгіге дейін көрсетіледі;
Тармақша 14
14) 15-бағанда төлем валютасының үш мәнді коды көрсетіледі;
Тармақша 15
15) 16-бағанда жіберілген төлем немесе ақша аударымы бойынша осы түсіндірменің 8-тармағында көзделген төлемдер мен ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілдерінің мынадай белгілерінің бірі көрсетіледі: 01, 02, 03, 04, 05, 06, 07, 08, 09, 10, 12, 17, 18, 19. Алынған төлем немесе ақша аударымы бойынша «20» белгісі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Төлемдері және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәсілінің белгісі төлемдерін және ақша аударымдарын жүзеге асырудың мынадай қолданылған тәсілдеріне байланысты айқындалады: 01 – төлем тапсырмасын ұсыну (клиенттердің және қаржы ұйымының төлем тапсырмалары, сондай-ақ бағалы қағаздар үшін есеп айырысуды жүзеге асыру кезінде орталық депозитарий бастама жасаған төлем тапсырмалары орындалған жағдайда көрсетіледі); 02 – төлемдік талаптарды ұсыну; 03 – мемлекеттік кірістер органының бюджетке берешегі бар салық төлеушінің банктік шотына ұсынылған инкассолық өкімі; 04 – мемлекеттік кірістер органының дебитордың банктік шотына ұсынылған инкассолық өкімі; 06 – тауарлар немесе қызмет көрсету үшін чектерді, жол чектерін беру; 07 – мемлекеттік кірістер органының міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналы, міндетті кәсіптік жарналары бойынша берешегі бар агенттің банктік шотына ұсынылған инкассолық өкімі; 08 – төлем хабарламасын ұсыну; 09 – мемлекеттік кірістер органының Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешегі бар төлеушінің банктік шотына ұсынылған инкассолық өкімі; 10 – атқару парақтарының негізінде инкассалық өкімді ұсыну; 12 – төлем ордерін ұсыну; 17 – пошталық ақша аударымы; 18 – банкоматтар арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу; 19 – төлемдері немесе ақша аударымдарын жүзеге асырудың өзге де тәсілдері.
Басқа 15. Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 15-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Әкімшілік деректер нысаны www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер Әкімшілік деректер нысанының индексы: 1-PО Кезеңділік: тоқсан сайын Есепті кезең: 20___ жылғы _______________ үшін Ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы (қоса алғанда) күнінен кешіктірмей. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Нысан _____________________________________________________________________ нысанды ұсынатын тұлғаның атауы Көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің тү­рі Тө­лем тү­рі Нұс­қа­уды қа­был­дау ор­та­сы Элек­трон­дық ақ­ша жүй­е­сі­нің неме­се тө­лем кар­точ­ка­ла­ры жүй­е­сі­нің ата­уы Элек­трон­дық ақ­ша неме­се тө­лем кар­точ­ка­сы эми­тен­ті­нің ата­уы 1 2 3 4 5 кестенің жалғасы Опе­ра­ци­я­лар са­ны (бір­лі­гі) Опе­ра­ци­я­лар со­ма­сы (мың тең­ге) Көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті бой­ын­ша агент­тер/ қо­сал­қы агент­тер са­ны Тө­лем агент­те­рі­нің/ қо­сал­қы агент­те­рі­нің жал­пы са­ны 6 7 8 9 Атауы ________________ Мекенжайы_______________________________ Телефон ________________________________________________________ Электрондық пошта ______________________________________________ Орындаушы __________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген тұлға ____________________________________________ __________________ тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) қолы, телефоны 20 __ жылғы «_____» ____________
Басқа 15.1. «Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 1-PО, кезеңділік тоқсан сайын)
Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер нысанына қосымша «Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индекс: 1-PО, кезеңділік тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған «Төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялардың саны мен көлемі туралы мәліметтер» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды әр тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары дайындайды және есепті кезеңнің соңында толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе немесе қол қоюға уәкілетті тұлға және орындаушы қол қояды.
Тармақ 5
5. Нысан теңгемен толтырылады. Егер операция шетел валютасымен жүргізілсе, ондағы мәліметтер операция жүргізілген күнгі валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептеліп ұсынылады.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
2-тарау. Нысанды толтыруды түсіндіру
Тармақ 6
6. Нысан төлем ұйымдары жүзеге асыратын операциялар бойынша мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 7
7. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. 2 және 3-бағандар төлемдер қабылданған және өңделген жағдайда, оның ішінде ақша жөнелтушінің банктік шотты ашпай төлемді жүзеге асыру үшін клиенттерден қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде, электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді клиенттерден қабылдау және өңдеу кезінде, электрондық нысандағы клиент бастамашы болған төлемдерді өңдеу (бұдан әрі - төлемдерді қабылдау) кезінде толтырылады. 2-бағанда төлемнің түрі көрсетіледі. 3-бағанда нұсқауды қабылдау ортасы көрсетіледі.
Тармақ 9
9. 4 және 5-бағандар электрондық ақша және төлем карточкалары өткізілген (таратылған) жағдайда толтырылады. 4-бағанда электрондық ақша жүйесінің немесе төлем карточкалары жүйесінің атауы көрсетіледі. 5-бағанда электрондық ақша немесе төлем карточкасы эмитентінің атауы көрсетіледі.
Тармақ 10
10. 6 және 7-бағандарда операциялар саны және сомасы көрсетіледі:
Тармақша 1
1) төлемдер қабылданған жағдайда қабылданған және өңделген төлемдердің саны және сомасы көрсетіледі;
Тармақша 2
2) төлем карточкалары өткізілген (таратылған) жағдайда 6-бағанда өткізілген (таратылған) төлем карточкаларының саны көрсетіледі, 7-бағанда өткізілген төлем карточкаларының сомасы көрсетіледі;
Тармақша 3
3) электрондық ақша өткізілген (таратылған) жағдайда 6-баған толтырылмайды, 7-бағанда өткізілген (таратылған) электрондық ақша сомасы көрсетіледі.
Тармақ 11
11. 8-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының төлем агенттерінің саны, «/» белгісі арқылы төлем агенттерімен көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының қосалқы төлем агенттерінің саны көрсетіледі. Төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерін өз бетінше көрсеткен жағдайда, «0» белгісі көрсетіледі. 8-бағанды толтыру кезінде 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі. 8-бағанда әрбір көрсетілетін төлем қызметі бойынша осындай қызмет көрсететін төлем агенттерінің және қосалқы агенттердің саны көрсетіледі. 1-бағанда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасында көзделген төлем қызметінің түрі көрсетілген жағдайда 8-бағанда «0» белгісі көрсетіледі.
Тармақ 12
12. 9-бағанда көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының төлем агенттерінің саны, «/» белгісі арқылы төлем агенттерімен көрсетілетін төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарттар жасаған төлем ұйымының қосалқы төлем агенттерінің саны көрсетіледі. Төлем ұйымының төлем агенттері мен қосалқы агенттерінің жалпы саны 1-жолдың 9-бағанында көрсетіледі, 9-бағандағы қалған жолдар толтырылмайды.
Басқа 16. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 16-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған әкімшілік нысанның атауы: Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәліметтер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-РО Кезеңділігі: жарты жыл сайын Есепті кезеңі: 20___ жылғы _______________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жарты жылдан кейінгі айдың оныншы күнінен (қоса алғанда) кешіктірмей, жарты жыл сайын. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Жинау әдісі: электронды түрде Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәліметтер Қыл­мыстық жол­мен алын­ған кі­рі­стер­ді заң­да­сты­ру­ға (жы­лы­ста­ту­ға), тер­ро­ризмді қар­жы­лан­ды­ру­ға және жап­пай қы­рып-жою қа­руын та­ра­ту­ды қар­жы­лан­ды­ру­ға қар­сы іс-қи­мыл ба­ғы­тын­да қа­был­дан­ған ша­ра­лар Са­ны Кү­ні (кк.аа.жж­жж.) Кү­дік­ті опе­ра­ци­я­лар бел­гі­ле­рі­нің ко­ды 1 2 3 4 кестенің жалғасы Опе­ра­ци­я­ны жүр­гі­зу­ден бас тар­ту негі­зі Қар­жы­лық мо­ни­то­ринг бой­ын­ша уәкі­лет­ті ор­ган­ның ше­ші­мі Тө­лем қыз­ме­ті­нің тү­рі Тө­лем тү­рі 5 6 7 8 Атауы ________________ Мекенжайы____________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта _______________________________________ Орындаушы _______________________________ ______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам ____________________________________________ _______________ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басқа 16.1. «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәлімет» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 2-РО; кезеңділігі: жартыжылдық)
«Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәлімет» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәлімет» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 2-РО; кезеңділігі: жартыжылдық)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде (бұдан әрі – Түсіндірме) «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл бағытында қабылданған шаралар бойынша мәлімет» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды жартыжылдық негізде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары дайындайды және есепті жартыжылдық үшін қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл (бұдан әрі – КЖТҚҚ) бағытында қабылданған шаралар бойынша толтырады. Есепті жартыжылдық үшін КЖТҚҚ бағытында қабылданған шаралар болмаған жағдайда нысан толтырылмаған бағандармен ұсынылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қоюға уәкілетті адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысан КЖТҚҚ бағытында төлем ұйымы қабылдаған шаралар бойынша мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 6
6. 1-бағанда КЖТҚҚ бағытындағы мынадай шаралар:
Тармақша 1
1) күдікті операцияларды анықтау және қаржылық мониторинг бойынша уәкілетті органға олар бойынша хабар жолдау;
Тармақша 2
2) клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
Тармақша 3
3) ұйымның көрсетілетін қызметтерінің (өнімдерінің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне бағалау жүргізу;
Тармақша 4
4) қызметкерлерді КЖТҚҚ мәселелері бойынша дайындау және оқыту көрсетіледі.
Тармақ 7
7. Түсіндірменің 6-тармағының 1) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:
Тармақша 1
1) 2-бағанда күдікті операциялардың саны көрсетіледі; 2-бағанда басқа толтырылған бағандардағы параметрлердің сәйкестігін ескере отырып, деректерді сан белгісі бойынша топтастыру жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) 3-бағанда күдікті операция жүргізілген күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 4-бағанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1484 қаулысымен бекітілген күдікті операцияны айқындау белгілеріне сәйкес күдікті операция белгісінің коды көрсетіледі;
Тармақша 4
4) 5-баған толтырылмайды;
Тармақша 5
5) 6-бағанда жіберілген хабарды қарау қорытындылары бойынша қаржылық мониторинг бойынша уәкілетті органның шешімі көрсетіледі; Қаржылық мониторинг бойынша уәкілетті орган шешімді ұсынбаған жағдайда баған толтырылмайды.
Тармақша 6
6) 7-бағанда төлем қызметін көрсету шеңберінде төлем қызметінің күдікті операция анықталған түрі көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 8-бағанда төлем жүргізу шеңберінде күдікті операция анықталған төлем түрі көрсетіледі.
Тармақ 8
8. Түсіндірменің 6-тармағының 2) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:
Тармақша 1
1) 2-бағанда клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы қабылданған шешім саны көрсетіледі; 2-бағанда басқа толтырылған бағандардағы параметрлердің сәйкестігін ескере отырып, деректерді сан белгісі бойынша топтастыру жүзеге асырылады.
Тармақша 2
2) 3-бағанда клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 4-баған толтырылмайды;
Тармақша 4
4) 5-бағанда клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы қабылданған шешімнің негізі көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 6-баған толтырылмайды;
Тармақша 6
6) 7-бағанда төлем қызметін көрсету шеңберінде клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған төлем қызметінің түрі көрсетіледі;
Тармақша 7
7) 8-бағанда төлем жүргізу шеңберінде клиенттердің операцияларын жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылданған төлем түрі көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Түсіндірменің 6-тармағының 3) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:
Тармақша 1
1) 2-баған толтырылмайды;
Тармақша 2
2) 3-бағанда ұйымның көрсетілетін қызметтерінің (өнімдерінің) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелдеріне ұшырау дәрежесіне жыл сайынғы бағалау жүргізу қорытындылары бойынша төлем ұйымы ресімдеген құжаттың нөмірі (бар болса) және күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 4, 5 және 6-бағандар толтырылмайды;
Тармақша 4
4) 7-бағанда жүргізілген бағалау шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелінің неғұрлым жоғары деңгейі берілген төлем қызметінің түрі көрсетіледі;
Тармақша 5
5) 8-бағанда жүргізілген бағалау шеңберінде қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру тәуекелінің неғұрлым жоғары деңгейі берілген төлем түрі көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Түсіндірменің 6-тармағының 4) тармақшасында көзделген шара туралы мәліметтерді толтырған кезде:
Тармақша 1
1) 2-бағанда есепті кезеңде төлем ұйымының оқытудан өткен қызметкерлер саны көрсетіледі;
Тармақша 2
2) 3-бағанда есепті кезеңде соңғы оқыту аяқталған күні көрсетіледі;
Тармақша 3
3) 4, 5, 6, 7 және 8-бағандар толтырылмайды.
Басқа 2. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 17-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz Әкімшілік нысанның атауы: Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 3-PO Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде Нысан Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс) Көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің тү­рі Опе­ра­ция тү­рі Ақ­ша жі­бе­ру­ші (ҚР бей­ре­зи­ден­ті) Ақ­ша жі­бе­ру­ші елі Ақ­ша алушы Ақ­ша алушы елі Тө­лем ұй­ы­мы мен ақ­ша жі­бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің дел­да­лы (бар бол­са) Тө­лем ұй­ы­мы мен ақ­ша жі­бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті дел­да­лы­ның елі Тө­лем ұй­ы­мы мен та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің дел­да­лы (бар бол­са) Тө­лем ұй­ы­мы мен та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті дел­да­лы­ның елі Опе­ра­ци­я­лар са­ны (бір­лік) Опе­ра­ци­я­лар со­ма­сы (мың тең­ге) Есеп ай­ы­ры­су ва­лю­та­сын­да­ғы со­ма­сы Опе­ра­ци­я­лар ва­лю­та­сы­ның ко­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 Атауы __________________ Мекенжайы _______________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы _____________________________________ Орындаушы ________________________________________ ______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Нысан
Басқа 2.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)» (индексі: 3-PО; кезеңділігі: тоқсан сайын)
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 17-қосымшасына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)» (индексі: 3-PО; кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (кіріс)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдар Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанда төлем ұйымдары жүзеге асыратын кіріс трансшекаралық операциялар (транзиттік операцияларды қоса алғанда) бойынша мәліметтер қамтылады;
Тармақ 6
6. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. 2-бағанда анықтамалыққа сәйкес операция түрі көрсетіледі;
Тармақ 8
8. 3-бағанда ақша жіберуші көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 4-бағанда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша жіберуші елі көрсетіледі;
Тармақ 10
10. 5-бағанда ақша алушы көрсетіледі;
Тармақ 11
11. 6-бағанда ұйым транзиттік операцияға қатысушы болған жағдайда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша алушы елі көрсетіледі;
Тармақ 12
12. 7 және 8-бағандар төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады. Ел коды «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақ 13
13. 9 және 10-бағандар төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады; Ел коды «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақ 14
14. 11 және 12-бағандарда қабылданған төлемдердің саны және мың теңгемен сомасы көрсетіледі;
Тармақ 15
15. 13 және 14-бағандарда есеп айырысу валютасындағы операция сомасы және шетел валютасының коды көрсетіледі. Төлем валютасының коды «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақ 16
16. Операция ақша аударымдарына және жеке тұлғалардың төлем карточкаларын толықтыруға байланысты болған жағдайда мәліметтер 3 және 5-бағандарда «Жеке тұлға» деп көрсете отырып біріктірілген түрде беріледі.
Басқа 3. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 18-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz Әкімшілік нысанның атауы: Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс) Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 4-PO Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезеңі: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде Нысан Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс) Көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің тү­рі Опе­ра­ция тү­рі Ақ­ша жі­бе­ру­ші Ақ­ша жі­бе­ру­ші елі Ақ­ша алушы (ҚР бей­ре­зи­ден­ті) Ақ­ша алушы елі Тө­лем ұй­ы­мы мен ақ­ша жі­бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің дел­да­лы (бар бол­са) Тө­лем ұй­ы­мы мен ақ­ша жі­бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті дел­да­лы­ның елі Тө­лем ұй­ы­мы мен та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті­нің дел­да­лы (бар бол­са) Тө­лем ұй­ы­мы мен та­у­ар­лар­ды және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді бе­ру­ші ара­сын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін тө­лем қыз­ме­ті дел­да­лы­ның елі Опе­ра­ци­я­лар са­ны (бір­лік) Опе­ра­ци­я­лар со­ма­сы (мың тең­ге) Есеп ай­ы­ры­су ва­лю­та­сын­да­ғы со­ма­сы Опе­ра­ци­я­лар ва­лю­та­сы­ның ко­ды 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 Атауы __________________ Мекенжайы ___________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы ________________________________________ _________                       тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________                тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Нысан
Басқа 3.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)» (индексі: 4-PО; кезеңділігі: тоқсан сайын)
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 18-қосымшасына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)» (индексі: 4-PО; кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Трансшекаралық операциялар бойынша мәліметтер (шығыс)» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 52-5) тармақшасына және «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдар Нысанды тоқсан сайын жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысанда төлем ұйымдары жүзеге асыратын шығыс трансшекаралық операциялар (транзиттік операцияларды қоса алғанда) бойынша мәліметтер қамтылады;
Тармақ 6
6. 1-бағанда көрсетілетін төлем қызметінің түрі көрсетіледі;
Тармақ 7
7. 2-бағанда анықтамалыққа сәйкес операция түрі көрсетіледі;
Тармақ 8
8. 3-бағанда ақша жіберуші көрсетіледі;
Тармақ 9
9. 4-бағанда ұйым транзиттік операцияға қатысушы болған жағдайда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша жіберуші елі көрсетіледі;
Тармақ 10
10. 5-бағанда ақша алушы көрсетіледі;
Тармақ 11
11. 6-бағанда «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес ақша алушы елі көрсетіледі;
Тармақ 12
12. 7 және 8-бағандар төлем ұйымы мен ақша жіберуші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады. Ел коды «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақ 13
13. 9 және 10-бағандар төлем ұйымы мен тауарларды және көрсетілетін қызметтерді беруші арасында көрсетілетін төлем қызметін беруші - делдал (оның ішінде шетелдік) болған жағдайда толтырылады. Ел коды «Елдердің атауларын және олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелерінің бірліктерін ұсынуға арналған кодтар. 1-бөлім. Елдердің кодтары» ҚР ҰС ISO 3166-1-2016 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақ 14
14. 11 және 12-бағандарда қабылданған төлемдердің саны және мың теңгемен сомасы көрсетіледі;
Тармақ 15
15. 13 және 14-бағандарда есеп айырысу валютасындағы операция сомасы және шетел валютасының коды көрсетіледі. Төлем валютасының коды «Валюталар мен қорларды белгілеуге арналған кодтар» ҚР ҰС 07 ISO 4217-2012 Қазақстан Республикасының ұлттық сыныптауышына сәйкес көрсетіледі;
Тармақ 16
16. Операция ақша аударымдарына және жеке тұлғалардың төлем карточкаларын толықтыруға байланысты болған жағдайда мәліметтер 3 және 5-бағандарда «Жеке тұлға» деп көрсете отырып біріктірілген түрде беріледі.
Басқа 4. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 19-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет - ресурста орналастырылған: www.nationalbank.kz Әкімшілік нысанның атауы: Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-FPS Кезеңділігі: тоқсан сайын Есепті кезең: 20___жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: 1) екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары; 2) ұлттық пошта операторы. Ұсыну мерзімі: есепті тоқсаннан кейінгі айдың онынан (қоса алғанда) кешіктірмей. Егер айдың оны демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. ЖСН/БСН Жинау әдісі: электронды түрде Нысан Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер № Бос тұ­рып қа­лу ба­стал­ған кү­ні мен уа­қы­ты (кк/аа/жж­жж сс:мм) Бос тұ­рып қа­лу аяқ­тал­ған кү­ні мен уа­қы­ты (кк/аа/жж­жж сс:мм) Бос тұ­рып қа­лу (жос­пар­лы/ жос­пар­дан тыс) Қол­же­тім­ді­лі­гі үзі­л­ген қыз­мет тү­рі Ір­кі­ліс се­бе­бі 1 2 3 4 5 6 кестенің жалғасы Ақ­па­рат­тық жүй­е­нің ата­уы Ми­нут­тар­мен бос тұ­рып қа­лу­дың (ір­кі­лі­стің) жал­пы уа­қы­ты Жа­сал­ған іс-әре­кет Жою нәти­же­сі Ес­керт­пе 7 8 9 10 11 Атауы __________________ Мекенжайы ___________________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы ___________________________________ Орындаушы ________________________________________ _________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Нысан
Басқа 4.1. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер» (индексі: 1-FPS; кезеңділігі: тоқсан сайын)
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 19-қосымшасына қосымша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер» (индексі: 1-FPS; кезеңділігі: тоқсан сайын)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында орын алған жоспарлы және жоспардан бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 85) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Банктер және ұлттық пошта операторы Нысанды тоқсан сайын жасайды және онда есепті тоқсанда банктің электрондық банк қызметтерін көрсетуге арналған ақпараттық жүйесінің жұмысында орын алған бос тұрып қалу (іркіліс) туралы мәліметтер қамтылады. Есепті кезеңде ақпараттық жүйенің жұмысында бос тұрып қалу (іркіліс) болмаған жағдайда нысанның бағандары толтырылмай ұсынылады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. 1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
Тармақ 6
6. 2-бағанда бос тұрып қалу басталған күні мен уақыты көрсетіледі;
Тармақ 7
7. 3-бағанда бос тұрып қалу аяқталған күні мен уақыты көрсетіледі;
Тармақ 8
8. 4-бағанда бос тұрып қалу түрі көрсетіледі: жоспарлы немесе жоспардан тыс;
Тармақ 9
9. 5-бағанда туындаған іркіліске немесе бос тұрып қалуға байланысты қолжетімділігі үзілген қызмет түрі көрсетіледі;
Тармақ 10
10. 6-бағанда туындаған іркілістің немесе бос тұрып қалудың себебі көрсетіледі;
Тармақ 11
11. 7-бағанда іркіліс немесе бос тұрып қалу туындаған ақпараттық жүйенің атауы көрсетіледі;
Тармақ 12
12. 8-бағанда минуттармен бос тұрып қалудың (іркілістің) жалпы уақыты көрсетіледі;
Тармақ 13
13. 9-бағанда іркілісті немесе бос тұрып қалуды жою үшін жасалған іс-әрекет көрсетіледі;
Тармақ 14
14. 10-бағанда іркілісті немесе бос тұрып қалуды жою үшін жасалған іс-әрекет нәтижесі көрсетіледі;
Тармақ 15
15. 11-бағанда қажет болғанда ескертпе көрсетіледі.
Басқа 20. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер
Көрсетілетін төлем қызметтері туралы мәліметтер беру қағидаларына 20-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан www.nationalbank.kz интернет-ресурсында орналастырылған Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның атауы: Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 5-РО Кезеңділігі: жартыжылдық Есепті кезеңі: 20___ жылғы «___» ____________ жағдай бойынша Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары. Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: есепті жартыжылдықтан кейінгі айдың (қоса алғанда) оныншы күнінен кешіктірмей, жартыжылдық негізде. Егер айдың оныншы күні демалыс немесе мереке күніне сәйкес келсе, есептілікті ұсыну мерзімі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. ЖСН/БСН Жинау әдісі: электрондық түрде Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның негізгі бөлігі Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер Кли­ент­тер­дің тү­рі Ре­зи­дент­ті­гі Кли­ент­тер­дің жал­пы са­ны Тәу­е­кел дең­гейі тө­мен кли­ент­тер са­ны Тәу­е­кел дең­гейі жо­ға­ры кли­ент­тер са­ны Кли­ент­тің тәу­е­кел дең­гей­ін жо­ға­ры­ла­ту жағ­дай­ла­ры­ның са­ны Кли­ент­тер­дің тәу­е­кел дең­гейі тө­мен­де­ген жағ­дай­лар­дың са­ны Іс­кер­лік қа­ты­на­стар­ды ор­на­ту­дан бас тар­ту жағ­дай­ла­ры­ның са­ны Іс­кер­лік қа­ты­на­стар­ды тоқ­та­та тұ­ру жағ­дай­ла­ры­ның са­ны Іс­кер­лік қа­ты­на­стар­ды тоқ­та­ту жағ­дай­ла­ры­ның са­ны Заң­ды тұ­лға­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті Же­ке тұ­лға­лар Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның бей­ре­зи­ден­ті Да­ра кә­сіп­кер­лер Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ре­зи­ден­ті Атауы ________________ Мекенжайы ____________________ Телефоны ______________________ Электрондық пошта мекенжайы_____________________________________ Орындаушы _______________________________ ______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам ____________________________________________ _______________ тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы, телефоны
Басқа 20.1. «Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 5-PО; кезеңділігі: жартыжылдық)
«Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанға қосымша «Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру бойынша түсіндірме (индексі: 5-PО; кезеңділігі: жартыжылдық)
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы түсіндірмеде «Клиенттерге берілген тәуекел деңгейі бойынша мәліметтер» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптар айқындалады.
Тармақ 2
2. Нысан «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы екінші бөлігінің 14) тармақшасына сәйкес әзірленді.
Тармақ 3
3. Нысанды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары жартыжылдық негізде жасайды және есепті кезеңнің соңындағы жағдай бойынша толтырады.
Тармақ 4
4. Нысанға бірінші басшы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам және орындаушы қол қояды.
Тарау 2. 2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Тармақ 5
5. Нысан клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің) жалпы саны, клиенттің резиденттік түрі, клиенттерге берілген тәуекел деңгейлері, іскерлік қатынастарды тоқтата тұру, тоқтату саны, клиенттердің тәуекел деңгейін жоғарылату/төмендету саны бойынша мәліметтерді қамтиды.
Тармақ 6
6. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 және 8-бағандарда бағанның өлшемшарттарына сәйкес келетін клиенттердің саны көрсетіледі.
Басқа 20. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 213 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылатын кейбір қаулыларының тізбесі
Тармақ 1
1. «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6217 тіркелген, 2010 жылғы 19 қазанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 429-432 (26275) жарияланған).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту жөнінде» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 268 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7959 тіркелген, 2012 жылғы 8 желтоқсанда «Егемен Қазақстан» газетінде № 809-814 (27885) жарияланған).
Тармақ 3
3. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Электрондық терминалдар мен қашықтан кіру жүйелері, сондай-ақ электрондық ақшаны пайдалану арқылы жүзеге асырылған ақша төлемдері мен аударымдары бойынша мәліметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы № 16 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 11 шілдедегі № 105 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9702 тіркелген, 2014 жылғы 22 қазанда «Заң газеті» газетінде № 159 (2553) жарияланған).