Об утверждении Правил оказания банками, филиалами банков-нерезидентов Республики Казахстан и организациями, осуществляющими отдельные виды банковских операций, электронных банковских услуг Қолданыста
Басқа 0
Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 37) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ. О. Пірматовқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы Қағидалардың 2017 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағының екінші бөлігін және 21-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 212 қаулысымен
бекітілген
Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 37) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібі айқындалады.
Банктердің электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібінде электрондық банктік қызметтерді көрсету, қауіпсіздік рәсімдері, рұқсат етілмеген кіруден қорғау шаралары, электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру және тоқтату, электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау қамтылады.
Қағидалар Интернет желісінде тауарлар мен қызметтерді сатушы тұлғалардың пайдасына төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға байланысты қызметтерге (интернет-эквайринг) қолданылмайды.
Тармақ 2
2. Қағидаларда «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы», «Ақпараттандыру туралы», «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аутентификация – қауіпсіздік рәсімінің талаптарына сәйкес электрондық құжаттың түпнұсқалығын және дұрыс жасалуын растау;
Тармақша 2
2) 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен;
Тармақша 3
3) 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен;
Тармақша 4
4) бір реттік (біржолғы) код – клиенттің сұратуы бойынша бағдарламалық-аппараттық құралдар арқылы жасалатын және клиентке электрондық банктік қызметтерде қолжетімділікті ұсыну кезінде біржолғы пайдалануға арналған электрондық цифрлық символдардың бірегей тізбегі;
Тармақша 5
5) динамикалық сәйкестендіру – бір реттік (бір жолғы) кодты пайдалану арқылы клиенттің электрондық банктік қызметті алу құқығын бірыңғай растау мақсатында клиенттің жеке басын растауды белгілейтін рәсім;
Тармақша 6
6) қауіпсіздік рәсімі – клиенттің электрондық банктік қызметті алу құқығын белгілеу мен берілетін және алынатын электрондық құжаттардың мазмұнындағы қателерді және (немесе) өзгерістерді анықтау мақсатында электрондық құжаттарды жасау, беру және алу кезінде клиентті сәйкестендіруге арналған ұйымдастыру шараларының және ақпаратты қорғаудың бағдарламалық-техникалық құралдарының кешені;
Тармақша 7
7) қол жеткізу коды – төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыруды қоса алғанда, мобильді қосымшаға кіру және (немесе) клиент орындайтын операцияларды растау үшін пайдаланылатын, клиент белгілейтін немесе төлем қызметтерін берушінің жүйелері автоматты түрде қалыптастыратын электрондық цифрлық символдардың бірегей тізбегі (төрттен алтыға дейін);
Тармақша 8
8) пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіші – банк жүйесіне кіру үшін клиентке банк тағайындайтын цифрлық, әріптік немесе өзге де символдардан тұратын код, ол бойынша электрондық банктік қызметтерге рұқсат беріледі;
Тармақша 9
9) пароль – электрондық банктік қызметтерді алу үшін банктің жүйесіне кіру құқықтарын растау үшін жасалатын цифрлық, әріптік немесе өзге де символдар жиынтығы;
Тармақша 10
10) сəйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (СДАО) – клиенттерді сəйкестендіру, оның ішінде биометриялық аутентификациялау рəсімдерін жүргізу үшін клиенттердің қолжетімді көздерден алынған деректерімен алмасу бойынша қаржы жəне төлем ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ететін цифрлық жүйе;
Тармақша 11
11) СДАО қағидалары – клиенттерді сәйкестендіру (аутентификациялау) рәсімдерін жүргізу кезінде банктерге СДАО қызметтерін ұсыну тәртібін регламенттейтін ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың ішкі қағидалары;
Тармақша 12
12) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және сәйкестендіру құралдарымен куәландырылған Қағидаларда көзделген тәртіппен жөнелтуші жасаған және бұрмалаушылықтар және (немесе) жасалғаннан кейін оған енгізілген өзгерістер жоқ электрондық құжат;
Тармақша 13
13) электрондық төлем қызметтері – банк шотын пайдалана отырып төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуге және ақпараттық банктік ақпараттық қызметтерге жатпайтын банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыруға байланысты көрсетілетін қызметтер.
Тарау 2. 2-тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
2-тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсету талаптары
Тармақ 3
3. Электрондық банктік қызметтер қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы, оның ішінде интернет-ресурс және (немесе) мобильді қосымша арқылы ұсынылады.
Тармақ 4
4. Банк электрондық банктік қызметтерді көрсету үшін интернет-ресурс немесе мобильді қосымша ашқан кезде интернет-ресурсты немесе мобильді қосымша ашқаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (бұдан әрі – Ұлттық Банк) еркін жазбаша нысанда хабарлайды.
Хабарламада:
Тармақша 1
1) интернет-ресурстың домендік аты және электрондық мекенжайы және мобильді қосымшаның сәйкестендіргіші, оның ішінде тиісті қосымшалар дүкендеріндегі мобильді қосымшаларға сілтемелер;
Тармақша 2
2) Интернет және мобильді қосымша арқылы көрсетілетін электрондық банктік қызметтердің тізбесі;
Тармақша 3
3) электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде ақпарат қауіпсіздігінің және ақпаратты рұқсатсыз қол жеткізуден қорғаудың бекітілген рәсімдерінің болуы туралы растама қамтылады.
Тармақ 5
5. Интернет-ресурстың домендік аты, электрондық мекенжайы немесе мобильді қосымшаның сәйкестендіргіші өзгерген кезде банк осындай өзгерістер болғаннан кейін он жұмыс күні ішінде бұл жөнінде Ұлттық Банкке еркін жазбаша нысанда хабарлайды.
Тармақ 6
6. Банк электрондық банктік қызметтерді уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияда көзделген банк операциялары бойынша ғана көрсетеді.
Банк электрондық банктік қызметтерді көрсеткенге дейін клиентке көрсетілетін электрондық банктік қызметтер бойынша ақшалай көрсетілген комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
Электрондық терминал арқылы төлем қызметін көрсеткен кезде алынатын комиссия мөлшерінің ақшалай мәні туралы ақпаратты клиент терминалға қолма-қол ақшаны енгізгеннен кейін көрсетуге рұқсат беріледі.
Тармақ 7
7. Банк қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру (жылыстату), терроризмді қаржыландыру және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру схемаларында электрондық банк қызметтерін ұсынудың қолданыстағы немесе ендірілетін тәсілдері мен технологияларын пайдалану рәсімдерін әзірлеп, бекітеді және оны болдырмау шараларын қабылдайды.
Банк электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – КЖ/ТҚ/ЖҚТҚҚ туралы заң) көзделген қажет шараларды қолданады, сондай-ақ валюталық бақылау агентінің функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Тармақ 8
8. Электрондық банктік қызметтер осы Қағидаларда белгіленген тәртіпті сақтай отырып, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген сәйкестендіру құралдарын қолдану арқылы көрсетіледі. Банктің электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып клиентке электрондық банктік қызметтерді көрсетуі клиентте Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталық немесе Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарабында тіркелген шетелдік куәландырушы орталық берген электрондық цифрлық қолтаңба сертификаты болған кезде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Клиентке электрондық банктік қызметтер электрондық банктік қызметтерді көрсету туралы шарттың не электрондық банктік қызметтерді көрсету талабы қамтылған электрондық банктік қызметтерді көрсету шартының (бұдан әрі – шарт) негізінде көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Шартта мынадай талаптар қамтылады:
Тармақша 1
1) электрондық банктік қызметтердің тізбесі;
Тармақша 2
2) электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібі және ең көп мерзімі;
Тармақша 3
3) электрондық банктік қызметтерді көрсетудің және оларға қол жеткізудің (Интернет, телекоммуникациялар, цифрлық технология құралдары, бағдарламалық қамтамасыз ету, жабдықтар немесе басқа құрылғылар арқылы) тәсілдері (тәсілі);
Тармақша 4
4) алынатын комиссиялардың мөлшері немесе олар туралы ақпарат қамтылатын интернет-ресурсты көрсету және оларды өндіріп алу тәртібі;
Тармақша 5
5) банктің клиентке электрондық банк қызметтерін көрсетуге негіз болған электрондық құжаттардың жөнелтілгені және (немесе) алынғаны туралы растама беру тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 6
6) тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тармақша 7
7) қауіпсіздік рәсімдері, сондай-ақ клиенттің электрондық банктік қызметтерді алуға құқығын аутентификациялау және растау тәртібі;
Тармақша 8
8) тараптардың шарт бойынша міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі;
Тармақша 9
9) клиентке хабарлау тәртібі мен нысандарын көрсете отырып, электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру, тоқтату негіздері;
Тармақша 10
10) банк электрондық банктік қызметтерді көрсеткен кезде шағым-талапты ұсыну тәртібі және туындайтын даулы жағдайларды шешу тәсілдері;
Тармақша 11
11) байланыс телефондары мен мекенжайлары, оның ішінде электрондық банктік қызметтерді көрсетуге байланысты мәселелер бойынша банкке хабарласуға арналған;
Тармақша 12
12) электрондық банктік қызметтерді көрсеткен кезде клиенттен алынған ақпаратты банктің жария етпеуі туралы талап;
Тармақша 13
13) клиенттің шартты бұзу құқығы;
Тармақша 14
14) электрондық банктік қызметтерді шетел валютасымен көрсеткен кезде қолданылатын валюта айырбастау бағамын айқындау тәртібі.
Шартқа осы тармақта қамтылмаған өзге талаптарды енгізуге рұқсат етіледі.
Тармақ 11
11. Шарт жасаған кезде банк клиентке электрондық банктік қызметтер туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 12
12. Шартта банктің интернет-ресурсында орналастырылған және шартқа қосымша талаптар қамтылған электрондық құжатқа сілтеме көрсетілген жағдайда банк клиентке шарттың қолданылу мерзімі ішінде аталған электрондық құжатқа кедергісіз қол жеткізуі мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Тармақ 13
13. Банк электрондық банктік қызметтерді Интернет арқылы көрсеткен жағдайда, электрондық банктік қызметтерді көрсету тәртібі мен талаптары банктің ішкі құжаттарында айқындалады, бұл құжаттар банктің интернет-ресурсында орналастырылады..
Тармақ 14
14. Электрондық төлем қызметтері заңды тұлғаларға: олардың уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбасы, динамикалық сәйкестендіру, биометриялық аутентификация секілді сәйкестендіру тәсілдерін пайдалана отырып көрсетіледі.
Тармақ 15
15. Электрондық төлем қызметтері жеке тұлғаларға сәйкестендірудің мынадай тәсілдерінің бірін: пайдаланушының электрондық цифрлық қолтаңбасын, динамикалық сәйкестендіруін, биометрикалық аутентификацияны немесе бірегей сәйкестендіргіші мен паролін пайдалана отырып көрсетіледі.
Тармақ 16
16. Банктер электрондық көрсетілетін банк қызметтерін көрсету кезінде клиенттің жеке басын сәйкестендіруді биометриялық аутентификация құралдарын пайдалана отырып:
Тармақша 1
1) бір күнтізбелік күн ішінде клиент – жеке тұлғаның басқа клиент – жеке тұлғаның пайдасына ақша аударымдарының жалпы сомасы екі миллион теңгеден асып кеткен кезде жүзеге асырады. Биометриялық аутентификация динамикалық сәйкестендіруді қолданумен бірге жүргізіледі;
Тармақша 2
2) мобильді қосымшаға кіру коды және (немесе) паролі өзгерген;
Тармақша 3
3) клиент банктің мобильді қосымшасына және (немесе) интернет-ресурсына алғаш тіркелген кезде жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Жеке тұлғалар және заңды тұлғалар электрондық төлем қызметтерін алу үшін динамикалық сәйкестендіруді пайдаланған кезде банк бір реттік (біржолғы) код жасайды және оны жеке тұлға клиентке олар арасында жасалған шарттың талаптарына сәйкес жібереді.
Электрондық төлем қызметтерін алу үшін клиентке бір реттік (біржолғы) код жасайтын құрылғыны пайдалануына рұқсат беріледі. Бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құрылғы өз өкілеттіктері шеңберінде өзі айқындаған операцияларды жасау үшін заңды тұлғаның нақты уәкілетті тұлғасына бекітіледі.
Бір банктің қызметін қолданатын бірнеше үлестес заңды тұлғалардың бір уәкілетті тұлғасына бір реттік (бір жолғы) кодты генерациялайтын бір құрылғыны қолдануға рұқсат етіледі. Бұл өкілеттіктер «Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген) бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларының 47-тармағына сәйкес беріледі.
Бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құрылғыны пайдалану оған жеке идентификациялау нөмірін енгізу және басқа да идентификациялау құралдарын (пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіші, пароль) теру қызметтеріне қол жеткізу кезінде көрсету арқылы жүзеге асырылады.
Заңды тұлғаның уәкілетті тұлғасының басқа уәкілетті тұлғаға тиесілі бір реттік (біржолғы) кодты жасайтын құрылғыны пайдалануына рұқсат етілмейді.
Тармақ 18
18. Электрондық төлем қызметтеріне әрбір қолжетімділік үшін динамикалық сәйкестендіруді пайдаланған кезде жаңа бір реттік (біржолғы) кодты жасау талап етіледі.
Клиент үшін электрондық төлем қызметтеріне қайтадан қолжетімді болған кезде жаңа бір реттік (біржолғы) кодты жасау және пайдалану талап етіледі.
Тармақ 19
19. Ақпараттық банктік қызметтер сәйкестендірудің: электрондық цифрлық қолтаңба, динамикалық сәйкестендіру, биометрикалық аутентификация немесе бірегей сәйкестендіргіш пен пароль секілді тәсілдерінің бірін пайдалана отырып көрсетіледі. Пароль бірнеше мәрте негізде пайдаланылады не клиенттің қалауы бойынша өзгертіледі.
Тармақ 20
20. Электрондық төлем қызметтеріне қолжеткізу үшін банктің жүйесінде көрсетілетін пайдаланушының бірегей сәйкестендіргіші мен паролін пайдалану динамикалық сәйкестендіру болып танылмайды.
Тармақ 21
21. Банктің өтеулі қызмет көрсету шартының (бұдан әрі – аутсорсинг туралы шарт) негізінде үшінші тұлғаларға электрондық банктік қызметтерді көрсету үшін қажетті ақпараттық-технологиялық функцияларды орындауды беруіне рұқсат етіледі. Электрондық банктік қызметтерді көрсету жөніндегі аутсорсинг тәртібі банктің ішкі құжаттарында және аутсорсинг туралы шартта айқындалады және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 16, 17-баптарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 3. 3- тарау. СДАО арқылы биометриялық аутентификация жүргізу
3- тарау. СДАО арқылы биометриялық аутентификация жүргізу
Тармақ 22
22. Электрондық банк кызметтерін көрсеткен кезде клиенттермен іскерлік қатынастарды қашықтан тәсілімен орнату «Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 140 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17250 болып тіркелген) бекітілген Іскерлік қатынастар қашықтықтан орнатылған жағдайда қаржы мониторингі субъектілерінің клиенттерді тиісінше тексеруіне қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. Банктер электрондық банктік қызметтер көрсету кезінде клиенттің жеке басын сәйкестендіру мақсатында биометриялық аутентификацияны ұсыну жөніндегі СДАО қызметтерін:
Тармақша 1
1) клиентпен іскерлік қарым-қатынасты банктік шот ашу арқылы қашықтан тәсілімен орнатқанда;
Тармақша 2
2) осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының аккредиттелген куәландырушы орталығы болып табылатын банк электрондық цифрлық қолтаңба құрған және клиентке электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын берген жағдайларда;
Тармақша 3
3) банк қарызының сомасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген мөлшерден асып кеткенде;
Тармақша 4
4) КЖ/ТҚ/ЖҚТҚҚ туралы Заңға сәйкес банктің клиенттің деректерін мерзімді жаңартуды жүргізуі үшін пайдаланады.
Егер клиент бұрын банкте жеке өзі болған кезде немесе СДАО арқылы биометриялық аутентификацияны қолдана отырып сәйкестендірілмеген болса, онда банк клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасын жасауды және электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын беруді клиент СДАО арқылы биометриялық аутентификациядан өткен кезде жүзеге асырады.
23-тармағының үшінші бөлігі 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен.
СДАО арқылы алынған клиенттердің келісімдері, сондай-ақ СДАО-ның биометриялық аутентификациясының нәтижелері оларды алған және өңдеген сәттен бастап СДАО-да кемінде бес жыл сақталуға тиіс.
Банктер клиенттермен іскерлік қатынастар тоқтатылған күннен бастап кемінде бес жыл бойы клиенттердің келісімдері, қозғалысты анықтау технологиясын және клиентпен бейнеконференция сеансын жазуды пайдалана отырып, клиенттің фототүсірілімі туралы ақпаратты, сондай-ақ электрондық банк қызметтерін көрсету кезінде пайдаланылатын биометриялық аутентификация нәтижелері туралы ақпаратты сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 24
24. Қағидалардың 23-тармағында көзделген жағдайларда банк клиенттен сәйкестендіру құралы арқылы расталған биометриялық аутентификация жүргізуге келісімін, сондай-ақ өзінің дербес деректерін жинауға, өңдеуге және ұсынуға, оның ішінде қажет болған жағдайда үшінші тұлғаларға беруге келісімін алады.
Банк клиентпен клиенттің қолында бар құрылғыларды және (немесе) банктің өзге де құрылғыларын пайдалана отырып бейнеконференция сеансын өткізеді не СДАО қолдану арқылы немесе дербес таңдалған үшінші тарап шешімдерін пайдалана отырып клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын (Liveness Detection) қолданады.
Бейнеконференция сеансының мазмұнды бөлігі (бақылау мәселелерінің тізбесі болған жағдайда), сондай-ақ банктер көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемі банктермен дербес айқындалады.
Банк СДАО-ға клиенттің жеке не бизнес-сәйкестендіру нөмірі және бейнеконференция сеансынан немесе қашықтан сәйкестендіру (оның ішінде биометриялық аутентификация) процесінде қызмет алушының қозғалысын анықтау технологиясының (Liveness Detection) көмегімен алынған клиенттің фотосуретін береді.
СДАО бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы бейнеконференция сеансынан немесе клиенттің қозғалысын анықтау технологиясын пайдалану кезінде алынған фотобейненің және клиенттің қолжетімді дереккөздерінен алынған фотобейнесінің биометрикалық көрсеткіштері бойынша сәйкес болу дәрежесін айқындайды. Клиенттер өтініштерінің бейнежазбасы банкте сақталады.
Банктер СДАО-ға:
клиенттің дербес деректерін, оның ішінде биометриялық деректерді жинауға, өңдеуге;
СДАО-ны пайдалана отырып, клиенттің биометриялық аутентификациясын жүргізуге;
24-тармақтың алтыншы бөлігінің төртінші абзацын 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен.
24-тармақтың жетінші бөлігі
19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен.
СДАО арқылы биометриялық аутентификация қолжетімді дереккөздер пайдаланыла отырып жүзеге асырылады.
24-тармақтың сегізінші бөлігінің осы редакциясы 12.07.2026 дейін қолданылады - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен.
24-тармағының тоғызыншы бөлігі 19.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.04.2026 № 44 қаулысымен.
Банктер биометриялық аутентификация нәтижелері туралы мәліметтерді СДАО Қағидаларына сәйкес СДАО арқылы алады.
Тармақ 25
25. СДАО қағидаларында көзделген клиентті идентификациялау үшін банктерге СДАО-ның қосымша қызметтерін көрсетуге рұқсат етіледі. СДАО қағидалары ұлттық цифрлық қаржы инфрақұрылымын басқару жөніндегі ұлттық орталықтың ресми интернет-ресурсында орналастырылады.
Тармақ 26
26. Банк электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді ұсынған кезде рұқсат етілмеген төлемдерге және (немесе) ақша аударымдарына қарсы іс-қимыл процесін автоматтандыратын жүйені және (немесе) бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдаланады.
Тарау 4. 4-тарау. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің төлем қызметтерін және ақпараттық банк қызметтерін көрсетуі
4-тарау. Көрсетілетін төлем қызметтерін бөгде берушінің төлем қызметтерін және ақпараттық банк қызметтерін көрсетуі
Тарау 5. 5-тарау. Қауіпсіздік рәсімдері
5-тарау. Қауіпсіздік рәсімдері
Тармақ 43
43. Банктің электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді көрсетуі банктің ішкі құжаттарында және шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Қауіпсіздік рәсімдері:
Тармақша 1
1) клиентті және оның тиісті электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді алу құқығын дәйекті түрде сәйкестендіруді (аутентификацияны);
Тармақша 2
2) негізінде клиентке электрондық көрсетілетін банктік қызметтер көрсетілетін электрондық құжаттардың мазмұнында бұрмалаулардың және (немесе) өзгерістердің болуын анықтауды;
Тармақша 3
3) дербес деректерге және банктік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды және осы ақпараттың тұтастығын қамтамасыз етеді.
Тармақ 45
45. Клиент банктің ішкі құжаттарында және шартта белгіленген қауіпсіздік рәсімдерін орындаған жағдайда электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді көрсетуге рұқсат берілген болып саналады.
Тармақ 46
46. Банк клиентке электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді көрсетуге негіз болған хабарлардың жіберілгені және (немесе) алынғаны туралы растаулардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Тармақ 47
47. Интернет-ресурста немесе мобильді қосымшада банк клиентке шартта көзделген тәртіппен және мерзімдерде электрондық көрсетілетін банктік қызметтерін көрсетуді растауды ұсынады.
Тармақ 48
48. Жеке және заңды тұлғаларға электрондық көрсетілетін банк қызметтерін немесе көрсетілетін төлем қызметтерін ұсыну кезінде банктер электрондық көрсетілетін банк қызметтеріне және (немесе) төлемдер мен ақша аударымдарына рұқсатсыз қол жеткізуден қорғау жөніндегі қауіпсіздік рәсімдерін қамтамасыз етеді
Тарау 6. 6-тарау. Рұқсат етілмеген қол жеткізу шаралары
6-тарау. Рұқсат етілмеген қол жеткізу шаралары
Тармақ 49
49. Дербес деректерге және банктік құпияны құрайтын ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу, оларды рұқсатсыз өзгерту, алаяқтық белгілері бар төлемді немесе рұқсатсыз төлемдерді немесе ақша аударымдарын және өзге де рұқсат берілмеген іс-әрекеттерді жүзеге асыру анықталған кезде банк олар анықталғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей бұл жөнінде осындай іс-әрекеттерге жол беруге қатысы бар клиентке хабарлайды.
Тармақ 50
50. Осы Қағидалардың 49-тармағында көрсетілген рұқсатсыз іс-әрекеттер туындаған жағдайда банк тез арада олардың салдарларын жою және олардың болашақта пайда болуының алдын алу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
Тарау 7. 7-тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру және тоқтату
7-тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұру және тоқтату
Тармақ 51
51. Банк:
Тармақша 1
1) клиент шартта көзделген электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді алу тәртібі мен талаптарын бұзған;
Тармақша 2
2) электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін техникалық құрал-жабдықтар жарамсыз болған жағдайларда;
Тармақша 3
3) Банктер және банк қызметі туралы, Төлемдер және төлем жүйелері туралы, КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңдарда, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Ерекше бөлім) және шартта көзделген өзге де негіздер бойынша клиентке электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді көрсетуді тоқтата тұрады немесе тоқтатады.
Тармақ 52
52. Қағидалардың 51-тармағының 3) тармақшасында көзделген электрондық банктік қызметтерді көрсету тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, Қағидалардың 51-тармағында көзделген негіздер бойынша электрондық банктік қызметтерді көрсету тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайда банк клиентке шартта белгіленген тәртіппен және мерзімдерде хабарлайды.
Тармақ 53
53. Қағидалардың 51-тармағының 3) тармақшасында көзделген электрондық банктік қызметтерді көрсету тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған жағдайларды қоспағанда, клиенттің электрондық банктік қызметтерді алу құқығын тоқтата тұруға алып келген себептер жойылған кезде банк клиентке кейіннен жазбаша не электрондық нысанда хабарлай отырып, оған электрондық көрсетілетін банктік қызметтерді көрсетуді қайтадан бастайды.
Тарау 8. 8-тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау
8-тарау. Электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде электрондық құжаттарды сақтау
Тармақ 54
54. Электрондық құжаттардың тұтастығы мен өзгермеуі сақтала отырып, олар қалыптастырылған, жіберілген немесе алынған форматта сақталады және басып шығаруды немесе сақтау мақсатында қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың мазмұнына өзге де белгілеулерді талап етпейді.
Тармақ 55
55. Электрондық құжаттарды сақтау тәртібі мен мерзімдері банктің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңға және КЖ/ТҚ/ЖҚҚТҚ туралы заңға сәйкес әзірленген ішкі құжаттарында айқындалады.
Басқа 1. Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің
тізбесі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 212 қаулысына
қосымша
Күші жойылды деп танылған Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
кейбір қаулыларының құрылымдық элементтерінің
тізбесі
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі
№ 146 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1148 тіркелген).
Тармақ 2
2. «Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 1148 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында ақша төлемі мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесін бекіту туралы» 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 146 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 4 шілдедегі
№ 228 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2434 тіркелген).
Тармақ 3
3. «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банк қызметін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2008 жылғы 28 наурыздағы № 18 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5189 тіркелген,
2008 жылғы 23 мамырда «Заң газеті» газетінде № 77 (1303) жарияланған).
Тармақ 4
4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2009 жылғы 24 тамыздағы
№ 85 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5806 тіркелген, 2009 жылғы 30 қазанда «Заң газеті» газетінде
№ 165 (1589) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін қаулылары тізбесінің 3-тармағы.
Тармақ 5
5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 30 тамыздағы № 52 қаулысына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7080 тіркелген, 2011 жылғы 3 тамызда «Заң газеті» газетінде № 110 (1926) жарияланған) қосымша болып табылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тізбесінің 3-тармағы.
Тармақ 6
6. «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы
26 сәуірдегі № 117 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8513 тіркелген, 2013 жылғы 23 шілдеде «Заң газеті» газетінде № 107 (2308) жарияланған) қосымша болып табылатын Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер тізбесінің 1 және
7-тармақтары.
Тармақ 7
7. «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 9796 тіркелген, «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет»
ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 12 қарашада жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 1 және 7-тармақтары.