Об утверждении Правил организации деятельности платежных организаций Қолданыста
Басқа 0
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына:
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға;
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізуге жіберуді;
Тармақша 3
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғ.О. Пірматовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникация министрлігі
Министр __________________ Д. Абаев
2016 жылғы 14 қыркүйек
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
__________________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 23 қыркүйек
Басқа 0. Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру
қағидалары
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2016 жылғы 31 тамыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру
қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және онда төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібі айқындалады.
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру тәртібінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) төлем ұйымдарының есептік тіркелуі, Ұлттық Банктің төлем ұйымдарының тізілімін (бұдан әрі – тізілім) жүргізуі, төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі, төлем ұйымдарының филиалдарды ашу туралы хабарлауы, төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдары мен ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар қамтылады.
Тармақ 2
2. Қағидаларда «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) көзделген ұғымдар және мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтарды, іркілістерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы (бұдан әрі – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы) – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйелердегі бұзушылықтар, іркілістер туралы мәліметтерді қоса алғанда, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның немесе оның жекелеген объектілерінің жұмысында олардың тиісінше жұмыс істеуіне қауіп төндіретін және (немесе) төлем ұйымының электрондық ақпараттық ресурстарын заңсыз алу, көшіріп алу, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау үшін жағдай жасайтын, жеке түрде немесе сериялы түрде туындайтын іркілістер туралы ақпарат;
Тармақша 3
3) ақпараттық қауіпсіздік – электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелердің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалу жай-күйі;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздік қатері – ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаcының туындауына алғышарттар жасайтын жағдайлар мен факторлардың жиынтығы;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – төлем ұйымының ақпараттық активтерінің конфиденциалдылық, тұтастық және қолжетімділік күйін ұстап тұруға бағытталған процесс;
Тармақша 6
6) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау аясы – төлем ұйымның ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын сыртқы ақпараттық желілерден оқшаулайтын және ақпараттық қауіпсіздік қатерлерінен қорғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық-ақпараттық құралдардың жиынтығы;
Тармақша 7
7) төлем ұйымының ақпараттық активі – ақпараттың және оны сақтау және (немесе) өңдеу үшін пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісінің жиынтығы;
Тармақша 8
8) төлем ұйымының ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы (бұдан әрі – ақпараттық инфрақұрылым) – электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру және оларға қолжетімділікті ұсыну мақсатында технологиялық ортаның жұмыс істеуін қамтамасыз етуге арналған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің жиынтығы.
Тармақ 3
3. Төлем ұйымы төлем ұйымын есептік тіркеудің Ұлттық Банк берген тіркеу нөмірі (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) болған кезде көрсетілетін төлем қызметтерінің мынадай түрлерін көрсетеді:
Тармақша 1
1) ақша жөнелтушінің банктік шотын ашпай төлемдерді жүзеге асыру үшін қолма-қол ақша қабылдау бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 2
2) электрондық ақшаны және төлем карточкаларын өткізу (тарату) бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 3
3) электрондық ақшаны пайдалана отырып жасалатын төлемдерді қабылдау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер;
Тармақша 4
4) клиент электрондық нысанда бастама жасаған төлемдерді өңдеу және төлемдерді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға қажетті аппарат беру бойынша көрсетілетін қызметтер.
Тарау 2. 2-тарау. Төлем ұйымдарын Ұлттық Банкте есептік тіркеу
2-тарау. Төлем ұйымдарын Ұлттық Банкте есептік тіркеу
Тармақ 4
4. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өту үшін төлем ұйымы Ұлттық Банкке Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер қамтылатын өтінішті (төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмелері қоса беріледі) «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ұсынады.
Өтінішке Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
«Электрондық үкімет» веб-порталының көрсетілген мәліметтерді алу қамтамасыз етілетін тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциясы болған жағдайда, шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дипломдарын қоспағанда, дипломның (дипломдардың) көшірмесі берілмейді.
Тармақ 5
Тармақ 7
7. Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларында мынадай міндетті талаптар қамтылады:
Тармақша 1
1) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің сипаттамасы;
Тармақша 2
2) төлем ұйымының клиенттеріне төлем қызметтерін көрсету тәртібі мен мерзімдері;
Тармақша 3
3) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерінің құны (тарифтері);
Тармақша 4
4) төлем ұйымы көрсететін төлем қызметтерін технологиялық қамтамасыз етуді қамтамасыз ететін үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл тәртібі;
Тармақша 5
5) төлем ұйымы пайдаланатын тәуекелдерді басқару жүйесі туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) клиенттермен даулы ахуалдарды реттеу және дауларды шешу тәртібі;
Тармақша 7
7) ақпараттық қауіпсіздік шараларын сақтау тәртібі;
Тармақша 8
8) көрсетілетін төлем қызметтерін жүзеге асыру үшін қажетті бағдарламалық-техникалық құралдардың және жабдықтардың сипаттамасы.
Тармақ 8
Тармақ 9
Тармақ 10
10. Ұлттық Банк төлем ұйымының өтінішін қарайды және Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде ол бойынша шешім қабылдайды.
Тармақ 10-1
10-1. Төлем ұйымының өтініші алғаш рет түскен кезде Ұлттық Банк төлем ұйымы басшыларының, құрылтайшылары мен бенефициарлық меншік иелерінің олардың әрекеттері қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға ықпал еткен үшінші тұлғалармен қарым-қатынасының бар-жоғы (үшінші тұлғалардың бақылауы мен ықпалы) туралы сұратуды қаржылық мониторингті жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Алынған ақпараттың нәтижесі бойынша Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуге қоюға арналған құжаттарды қарауды жалғастыру не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тармақ 11
11. Ұлттық Банк өтінішті қараудың қорытындылары бойынша төлем ұйымын есептік тіркеу не төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту жөнінде шешім қабылдайды.
Тармақ 12
12. Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының
2-тармағында көзделген құжаттарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізген жағдайда, төлем ұйымы осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде өзгертілген және (немесе) толықтырылған құжаттарды Ұлттық Банкке ұсынады.
Тармақ 12-1
12-1. Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымы көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметтерін енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда, осындай өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде жоспарланып отырған төлем қызметтерін көрсету ескеріле отырып, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабы 2-тармағының 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізілген өзгерістермен және (немесе) толықтырулармен бірге Ұлттық Банкке ұсынады.
Тармақ 13
Тармақ 14
14. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның
20-бабына сәйкес төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын есептік тіркеуді осы тарауда көзделген тәртіпте жүргізеді.
Тармақ 15
15. Ұлттық Банк ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімге енгізу күні қайта ұйымдастырылған төлем ұйымын (төлем ұйымдарын) тізілімнен алып тастайды.
Тарау 2-1. 2-1-тарау. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі
2-1-тарау. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібі
Тармақ 15-1
15-1. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаты, нысаны, мазмұны және нәтижелері қамтылған есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ есептік тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет ерекшеліктері есепке алынған өзге де мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген.
Тармақ 15-2
15-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері өтініш түскен күні оны қабылдайды, тіркейді және есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді.
Өтініш жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштер келесі жұмыс күні қабылданады.Төлем ұйымы өтінішті «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұратудың қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.
Ұлттық Банк «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден төлем ұйымы басшысының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы және заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, сондай-ақ Қағидалардың 4-тармағы үшінші бөлігінің ережесін ескере отырып, төлем ұйымы басшысының дипломының (дипломдарының) көшірмелерін алады.
Тармақ 15-3
15-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері өтініш тіркелген күннен бастап
бес жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Тармақ 15-4
15-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес төлем ұйымының төлем қызметтерін көрсетуге рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өтуі туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) жобасын не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.
Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні төлем ұйымын төлем ұйымдарының тізіліміне енгізеді (хабарламаға қол қойылған кезде), төлем ұйымына есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.
«Электрондық үкімет» веб-порталында есептік тіркеу бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.
Төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуден және төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуден және төлем ұйымдарының тізіліміне енгізуден бас тарту туралы алдын ала шешімді жібереді.
Алдын ала шешім өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе білдіруге құқылы.
Тармақ 15-5
15-5. Есептік тіркеу бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.
Тарау 3. 3-тарау. Тізілімді жүргізу
3-тарау. Тізілімді жүргізу
Тармақ 16
16. Тізілімде Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен төлем ұйымдары туралы мәліметтер қамтылады.
Тізілімді Ұлттық Банк оны төлем қызметі нарығын бақылау мақсатында жүргізеді және Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
Тармақ 17
17. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеу туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде:
Тармақша 1
1) төлем ұйымына тіркеу нөмірін береді және тізілімде Қағидаларға
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жазба жасайды;
Тармақша 2
2) төлем ұйымына тіркеу нөмірін көрсете отырып, төлем ұйымы есептік тіркеуден өткені туралы төлем ұйымына жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Тармақ 18
18. Ұлттық Банк төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін көрсете отырып, төлем ұйымына есептік тіркеуден дәлелді бас тартуды жібереді.
Тармақ 19
19. Ұлттық Банк Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен әр төлем ұйымы бойынша қағаз тасымалдағышта немесе электрондық түрде досье жүргізеді.
Тармақ 20
20. Ұлттық Банк Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның
18-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша төлем ұйымын тізілімнен алып тастайды.
Тармақ 21
21. Төлем ұйымы соттың төлем ұйымының қызметін тоқтату туралы шешімі заңды күшіне енген не төлем ұйымының қызметін қайта ұйымдастыру (қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) немесе тарату арқылы ерікті тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке растайтын құжаттарды қоса бере отырып, ерікті жазбаша нысанда хабарлама жібереді.
Тармақ 22
22. Ұлттық Банк төлем ұйымын тізілімнен алып тастаған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банк төлем ұйымын электрондық пошта мекенжайы бойынша электрондық нысанда жазбаша хабардар етеді және бұл туралы ақпаратты Ұлттық Банктің ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Тармақ 23
23. Төлем ұйымы тізілімнен алып тасталған жағдайда, Ұлттық Банк тізілімнен алып тастау жөнінде хабарлаған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде атауында «төлем ұйымы» деген сөздер болған кезде атауын өзгерту не төлем ұйымын қайта ұйымдастыру не тарату жөнінде шешім қабылдайды.
Тарау 3-1. 3-1-тарау. «Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет) тәртібі
3-1-тарау. «Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру» мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі – ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет) тәртібі
Тармақ 23-1
23-1. Төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру төлем ұйымы Ұлттық Банкке «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешімді берген кезде жүзеге асырылады.
Процестің сипаттамалары, қызмет көрсету нысаны, мазмұны мен нәтижесі қамтылатын ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де мәліметтер Қағидаларға 5-қосымшада белгіленген.
Шешімге Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 20-бабы 2-тармағының 2), 4), 5) және 7) тармақшаларында көзделген құжаттар қоса беріледі.
Тармақ 23-2
23-2. Ұлттық Банктің хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкері құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдайды, тіркейді және ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты бөлімшеге (бұдан әрі – жауапты бөлімше) орындауға жібереді. Құжаттар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес құжаттарды қабылдау келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Төлем ұйымы өтінішті портал арқылы жіберген кезде жеке кабинетте нәтиже алған күні мен уақыты көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуге сұрау қабылданғаны туралы мәртебесі автоматты түрде көрсетіледі.
Тармақ 23-3
23-3. Жауапты бөлімшенің қызметкері құжаттар тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, жауапты бөлімше өтініш тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.
Тармақ 23-4
23-4. Ұсынылған құжаттардың толық болу фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімше құжаттар тіркелген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, ерікті түрде қайта ұйымдастыруды жүргізуге келісім беру туралы хабарламаның (бұдан әрі – хабарлама) не дәлелді бас тартудың жобасын дайындайды.
Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы екі жұмыс күні ішінде хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіседі және қол қояды.
Жауапты бөлімшенің басшысы хабарламаны не дәлелді бас тартуды келіскеннен кейін және қол қойған соң жауапты бөлімшенің қызметкері шешім қабылданған күні төлем ұйымына ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін жібереді.
«Электрондық үкімет» веб-порталында ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесі уәкілетті тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында төлем ұйымының жеке кабинетіне жіберіледі.
Ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде Ұлттық Банк жауапты бөлімшенің басшысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетін уақыт пен орын туралы хабардар ете отырып, көрсетілетін қызметті алушыға ерікті түрде қайта ұйымдастыруға келісім беруден бас тарту туралы алдын ала шешімді жібереді.
Алдын ала шешім өтінішті қарау мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі.
Әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімді алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қарсылық ұсынуға немесе білдіруге құқылы.
Тармақ 23-5
23-5. Ерікті түрде қайта ұйымдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезеңі туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесінде автоматты түрде жаңартылады.
Тарау 3-2. 3-2-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
3-2-тарау. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 23-6
23-6. Ұлттық Банктің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Ұлттық Банк басшысының атына жазбаша түрде жүргізіледі.
Төлем ұйымының шағымында оның атауы, пошталық мекенжайы, шағымның шығыс нөмірі мен берілген күні көрсетіледі.
Шағымға төлем ұйымы қол қояды.
Ұлттық Банктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселесі бойынша Ұлттық Банктің атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
Төлем ұйымының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Тармақ 23-7
23-7. Төлем ұйымы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Тарау 4. 4-тарау. Төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі
4-тарау. Төлем ұйымдарының төлем қызметтерін көрсетуі
Тармақ 24
24. Төлем ұйымы төлем қызметін көрсеткеннен кейін клиентке төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты қағаз тасымалдағышта не телекоммуникациялар желісі арқылы береді.
Тармақ 24-1
24-1. Электрондық ақша жүйесінің операторлары болып табылатын төлем ұйымдары Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген жағдайларда электрондық ақша иелерінің биометриялық аутентификациясы Ұлттық Банктің сәйкестендіру деректерімен алмасу орталығы (бұдан әрі – СДАО) арқылы жүзеге асырылады, оның жұмыс істеуі Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген.
Электрондық ақша иелерін СДАО арқылы биометриялық аутентификациялау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген) бекітілген Банктердің, Қазақстан Республикасы бейрезидент банктері филиалдарының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Тармақ 25
25. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 4) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатта мынадай деректемелер қамтылады:
Тармақша 1
1) құжаттың нөмірі, оның жазылған күні, айы, жылы;
Тармақша 2
2) төлем ұйымының атауы;
Тармақша 3
3) операция сомасы;
Тармақша 4
4) операция валютасы;
Тармақша 5
5) комиссиялық сыйақы сомасы;
Тармақша 6
6) төлемнің мақсаты;
Тармақша 7
7) көрсетілетін қызметті жеткізушінің атауы;
Тармақша 8
8) көрсетілетін төлем қызметін берушінің (төлем делдалы), оның ішінде операцияға қатысатын шетелдіктің атауы;
Тармақша 9
9) сауда нүктесі санатының коды (Merchant Category Code) (Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлем қызметін көрсеткен жағдайда);
Тармақша 10
10) Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 12-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес (Қағидалардың 3-тармағының 4) тармақшасында көзделген төлем қызметі көрсетілген жағдайда) төлем ұйымы төлемді және (немесе) аударымды жүзеге асыру үшін не осы төлемдер бойынша ақша қабылдау үшін ақпарат ұсынатын банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы не банктік идентификациялау коды.
Атауларды көрсету кезінде әртүрлі түсіндіруді тудыратын қысқартуларды, сауда белгілерін, аббревиатуралар мен кодтарды пайдалануға рұқсат етілмейді.
Төлем ұйымына төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатқа көрсетілген төлем қызметі бойынша қосымша деректемелерді қоюына рұқсат етіледі.
Тармақ 26
26. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 2) және
Тармақша 3
3) тармақшаларында көзделген төлем қызметін көрсеткен кезде, төлем қызметін көрсету фактісін растайтын құжатты Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14298 тіркелген «Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларын, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 202 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақша шығару, пайдалану және өтеу қағидаларына, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптарға, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 тіркелген «Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкес төлем ұйымы береді.
Тармақ 27
27. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген төлем қызметтерін көрсету кезінде төлем агенті және (немесе) қосалқы төлем агенті арқылы:
Тармақша 1
1) төлем агенттерінің және (немесе) қосалқы төлем агенттерінің тізілімін төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүргізуді;
Тармақша 2
2) төлем агентінің Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның талаптарының, сондай-ақ төлем агенті мен төлем ұйымы арасындағы шартта көзделген төлем қызметтерін көрсету талаптарының сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген бақылау төлем ұйымы мен төлем агенті арасындағы шартқа және (немесе) төлем ұйымының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 28
28. Төлем ұйымы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көзделген төлем қызметтерін төлем ұйымы мен төлем қызметін беруші арасындағы шартқа сәйкес көрсетеді.
Төлем ұйымы бюджетке төлемдерді қабылдау бойынша төлем қызметтерін клиенттің банктік шотын ашпай төлем ұйымы мен банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында төлем қызметін көрсету жөніндегі агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.
Тармақ 29
29. Төлем ұйымы төлем қызметтерін банктің, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкі филиалының және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның төлем агенті не қосалқы төлем агенті ретінде төлем ұйымы мен банк, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым немесе төлем агенті арасында төлем қызметін көрсету бойынша агенттік шартқа сәйкес көрсетеді.
Тармақ 30
30. Қызметті жеткізушімен жасалған шартта және төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарта Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 13-бабының 3-тармағының төртінші бөлігінде көзделген талап бар.
Тармақ 31
31. Төлем ұйымы төлем агенті ретінде қызметін жүзеге асырған кезде төлем қызметтерін көрсету бойынша агенттік шарт жасалған банкке, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалына не банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға тартылған қосалқы төлем агенттермен жасалған шартқа сәйкес олар туралы ақпарат береді.
Тарау 5. 5-тарау. Төлем ұйымдарының филиалдар ашу туралы хабарлауы
5-тарау. Төлем ұйымдарының филиалдар ашу туралы хабарлауы
Тармақ 32
32. Төлем ұйымы Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерде төлем ұйымының филиалы ашылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкке филиалдың ашылғаны туралы хабарламаны Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағышта не қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі арқылы электрондық түрде хабарлайды.
Филиалдың ашылғаны туралы хабарламаға:
Тармақша 1
1) төлем ұйымының басқару органының төлем ұйымының филиалын ашу және оның бірінші басшысын сайлау (тағайындау) туралы шешімінің көшірмесі;
Тармақша 2
2) филиал туралы ереженің нотариат куәландырған көшірмесі;
Тармақша 3
3) филиалдың бизнес-жоспары;
Тармақша 4
4) филиалдың бірінші басшысына берілген сенімхаттың көшірмесі.
Тармақ 33
33. Қағидалардың 32-тармағында көзделген құжаттар төлем ұйымының досьесінде қағаз тасымалдағышта және электрондық түрде сақталады.
Тарау 6. 6-тарау. Төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдарына және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар
6-тарау. Төлем ұйымдарының бағдарламалық-техникалық құралдарына және ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесіне қойылатын талаптар
Тармақ 34
34. Бағдарламалық қамтылым мыналарды:
Тармақша 1
1) жабдықтың кез келген учаскесінде кез келген уақытта электр қуаты толығымен немесе ішінара ажыратылған кезде ақпаратты сенімді сақтауды, рұқсат етілмеген қолжеткізуден қорғауды, дерекқордың тұтастығын және электрондық архивтер мен дерекқорлардағы ақпараттың толық сақталуын;
Тармақша 2
2) қолжеткізудің кемінде екі: басқарушы және пайдаланушы деңгейі көзделетін бағдарламалық қамтылымда іске асырылған кіріс деректеріне, функцияларға, операцияларға, есептерге көп деңгейлі қолжетімділікті;
Тармақша 3
3) операцияларды жүргізу және тіркеу үшін қажетті, толтырылуы міндетті жолдардың енгізілетін деректерінің толықтығын бақылауды (функцияларды немесе операцияларды барлық жолдарды толық толтырмай орындаған кезде бағдарлама тиісті хабарлама беруді қамтамасыз етеді);
Тармақша 4
4) сұратуды сақтай отырып, осы ақпараттық жүйе үшін айқындалған өлшемшарттар мен параметрлер бойынша ақпаратты іздеуді, сондай-ақ ақпаратты кез келген параметр (осы ақпараттық жүйе үшін айқындалған) бойынша сұрыптауды және егер мұндай ақпарат ақпараттық жүйеде сақталуға тиіс болса, алдыңғы күндердегі ақпаратты қарап шығу мүмкіндігін;
Тармақша 5
5) ақпаратты өңдеуді және оны күні мен уақыты бойынша сақтауды;
Тармақша 6
6) төлем ұйымдары Ұлттық Банкке ұсынатын есептердің, сондай-ақ жүргізілген операциялар туралы есептердің нысандарын автоматты түрде қалыптастыруды;
Тармақша 7
7) ішкі есепке алу жүйесінің журналдарын жүргізуді және автоматтандырылған қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарламалық қамтылым журналды толығымен, сондай-ақ ішінара (көрсетілген күндер ауқымына, белгілі бір күнге) қалыптастырады;
Тармақша 8
8) есепке алу жүйелерінде сақталатын деректерді резервтеу және қалпына келтіру мүмкіндігін;
Тармақша 9
9) шығыс құжаттарды экранға, принтерге немесе файлға шығару мүмкіндігін;
Тармақша 10
10) электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін;
Тармақша 11
11) мынадай атрибуттарды: оқиғаның басталған күні мен уақытын, оқиғаның атауын, іс-әрекетті жүргізген пайдаланушыны, жазбаның сәйкестендіргішін, оқиғаның аяқталған күні мен уақытын, оқиғаның орындалу нәтижесін сақтай отырып, ақпараттық жүйеде болып жатқан оқиғаларды тіркеуді және сәйкестендіруді;
Тармақша 12
12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарының алдын ала орнатылған есептік жазбаларының парольдерін өзгертуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 35
35. Төлем ұйымдары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін басқаруға арналған төлем ұйымының жалпы басқару жүйесінің бөлігі болып табылатын ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін құруды және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздікті басқару процесін, оның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саясатын регламенттейтін ішкі құжаттарды бекітеді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген ішкі құжаттарды қайта қарау тәртібі мен кезеңділігі төлем ұйымының ішкі құжаттарында айқындалады.
Тармақ 36
36. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесі төлем ұйымының бизнес-процестері үшін ықтимал залалдың ең төменгі деңгейіне жол беретін төлем ұйымының ақпараттық активтерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 36-1
36-1. Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін жылына бір реттен сиретпей тексереді. Тексеру нәтижелері бойынша ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам тексеру материалдарын қоса бере отырып, есеп жасайды, ол төлем ұйымының басшысына жіберіледі.
Тармақ 37
37. Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің тиісті деңгейін, оның дамуы мен жақсаруын қамтамасыз етеді.
Тармақ 37-1
37-1. Төлем ұйымында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жауапкершілік пен функциялардың аражігін ажырату мақсатында ақпараттандыру объектілерін құру, қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын басқа құрылымдық бөлімшелерден оқшауланған құрылымдық бөлімше болып табылатын ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі құрылады немесе ақпараттандыру объектілерін құру, қызмет көрсету және дамыту мәселелерімен айналысатын құрылымдық бөлімшелер штатында тұрмайтын, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам айқындалады.
Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адам ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді және төлем ұйымының ішкі құжаттарында айқындалған ақпараттық қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылайды.
Төлем ұйымы мыналарды өткізу арқылы ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесі қызметкерлерінің немесе ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты адамның біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді:
Тармақша 1
1) ішкі іс-шаралар (лекциялар, семинарлар);
Тармақша 2
2) сыртқы оқыту (курстарға, семинарларға қатысу – әрбір қызметкер үшін екі жылда бір реттен сиретпей).
Тармақ 37-2
37-2. Жаңа қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылданған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей жаңа қызметкер ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі негізгі талаптармен (кіріспе нұсқау алу) қол қойып танысады. Танысу нәтижесі тиісті нұсқау алу журналында немесе нұсқау алынғанын растайтын өзге де құжатта тіркеледі.
Тармақ 37-3
37-3. Төлем ұйымының қызметкерімен жасалатын еңбек шартында қызметкердің ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жасырын ақпаратты жария етпеу жөніндегі талаптарды сақтау міндеті қамтылады.
Тармақ 38
38. Төлем ұйымы ақпаратының жасырындылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында төлем ұйымы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін ұйымдастырады, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті және қатерлерді анықтау мен талдау, шабуылдарға қарсы іс-қимыл жасау және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын тергеп-тексеру жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді және бақылайды;
Тармақша 2
2) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін әдіснамалық қолдауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3) өз өкілеттіктері шеңберінде ақпараттық қауіпсіздікті басқару, қамтамасыз ету және бақылау әдістерін, құралдары мен тетіктерін таңдайды, енгізеді және қолданады;
Тармақша 4
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты жинайды, шоғырландырады, сақтайды және өңдейді;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты талдайды;
Тармақша 6
6) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету процесін автоматтандыратын бағдарламалық-техникалық құралдарды ендіруді, тиісінше жұмыс істеуін, сондай-ақ оларға қолжеткізуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7) артықшылықты есептік жазбаларды пайдалану бойынша шектеулерді айқындайды;
Тармақша 8
8) төлем ұйымы қызметкерлерінің ақпараттық қауіпсіздік мәселелері бойынша хабардар болуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;
Тармақша 9
9) төлем ұйымының ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйіне мониторингті жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) мерзімді түрде (бірақ жылына бір реттен сиретпей) төлем ұйымының басшылығына төлем ұйымының ақпараттық қауіпсіздігін басқару жүйесінің жай-күйі туралы хабарлайды;
Тармақша 11
11) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметрінің схемасын және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын басқарушылар тізбесін жаңартылған күйде ұстайды;
Тармақша 12
12) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау периметріне желіаралық экрандарды орнатады;
Тармақша 13
13) пайдаланушылардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды қорғау ауқымынан Интернет желісінің ресурстарына кіру қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Тармақша 14
14) ноутбуктер немесе өзге де құрылғылар төлем ұйымының ақпараттық активтеріне төлем ұйымының қорғау периметрінен тыс қосылған жағдайда осы құрылғыларда қорғалған қолжетімділікті ұйымдастыру үшін лицензиялық бағдарламалық қамтылым (байланыс арнасын шифрлау, екі факторлы аутентификацияны қамтамасыз ету) орнатылады.
Тармақ 39
39. Төлем ұйымы ақпараттық активтерге қатысты қолайлы деңгейдің өлшемшарттарын көрсете отырып, ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін басқарады.
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерін іске асыру кезінде осындай тәуекелдердің туындауын барынша азайтуға бағытталған іс-шаралар жоспары әзірленеді.
Тармақ 40
40. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметке мониторинг жүргізу барысында алынған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат шоғырландырылуға, жүйелендірілуге және сақталуға тиіс.
Тармақ 41
41. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 5 (бес) жылды құрайды.
Тармақ 42
42. Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын, оның себептері мен салдарын жоюға шұғыл шаралар қабылдау тәртібін айқындайды.
Тармақ 43
43. Төлем ұйымында ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, қабылданған шаралар және ұсынылатын түзету шаралары туралы барлық ақпаратты көрсете отырып, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын есепке алу журналы жүргізіледі.
Тармақ 44
44. Төлем ұйымы Ұлттық Банкке ақпараттық қауіпсіздіктің мынадай анықталған оқыс оқиғалары:
Тармақша 1
1) қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етудегі осалдықтарды пайдалану;
Тармақша 2
2) ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіру;
Тармақша 3
3) ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне «қызмет көрсетуден бас тарту» шабуылы;
Тармақша 4
4) серверді зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдау;
Тармақша 5
5) ақпараттық қауіпсіздікті бақылауды бұзу салдарынан ақша қаражатын санкциясыз аудару;
Тармақша 6
6) төлем ұйымы қызметінің тұрақтылығына қатер төндіретін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпарат ұсынады.
Осы тармақта көрсетілген ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары туралы ақпаратты төлем ұйымы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы түрінде мүмкіндігінше қысқа мерзімде, бірақ анықталған кезден бастап 48 сағаттан кешіктірмей ұсынады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өңделген оқыс оқиғалары бойынша ақпарат ақпараттық қауіпсіздіктің оқиғалары мен оқыс оқиғаларын алмасу үшін Ұлттық Банктің платформасын пайдалана отырып, электрондық форматта ұсынылады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің әрбір оқыс оқиғасына ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының жеке картасы толтырылады.
Тармақ 45
45. Төлем ұйымы ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларымен және оқыс оқиғаларымен алмасу үшін Ұлттық Банктің платформасына қосылу үшін статикалық IP-мекенжайды пайдаланады және ол туралы ақпаратты Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өткен күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұсынады.
Статикалық IP-мекенжай өзгерген жағдайда төлем ұйымы статикалық IP-мекенжай өзгерген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Ұлттық Банкті бұл туралы хабардар етеді.
Тармақ 46
46. Төлем ұйымдары Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылатын және пайдаланылатын бағдарламалық-техникалық құралдарды пайдалана отырып, төлем қызметтерін көрсетеді, сондай-ақ төлем қызметтерін көрсету кезінде жасалатын төлемдерді өңдеуді қамтамасыз етеді.
Тармақ 47
47. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайы (деректерді өңдеу орталығы) мынадай жүйелермен жабдықталады:
Тармақша 1
1) қолжетімділікті бақылау және басқару жүйесі;
Тармақша 2
2) күзет сигнализациясы;
Тармақша 3
3) өрт сигнализациясы;
Тармақша 4
4) автоматты өрт сөндіру жүйесі;
Тармақша 5
5) бейнебақылау жүйесі.
Серверлік және коммуникациялық жабдық электр қуаты жүйесіне үздіксіз қуаттандыру көздері арқылы қосылады.
Төлем ұйымында серверлік үй-жай (деректерді өңдеу орталығы) болмаған жағдайда, осы тармақтың талаптары жалданатын үй-жайларға немесе төлем ұйымының ақпараттандыру объектілері орналасқан үй-жайларға қолданылады.
Тармақ 48
48. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайына (деректерді өңдеу орталығына) кіру рұқсаты тізбесін төлем ұйымының басшысы немесе оның орнындағы адам бекітетін адамдарға беріледі.
Төлем ұйымы серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) кіруді бақылау мен басқару жүйесінің журналын кемінде бір жыл жүргізуді және сақтауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 49
49. Төлем ұйымының меншікті немесе жалға алынған серверлік үй-жайының (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесі серверлік үй-жайға (деректерді өңдеу орталығына) барлық өту жолдарын, кіреберістерді бақылауды қамтамасыз етеді. Серверлік үй-жайда (деректерді өңдеу орталығында) бейнекамераларды орналастырғанда серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) ішінде және оған кіреберісте бейнебақылаумен қамтылмаған аймақтар болмайды.
Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесінде оқиғалар үздіксіз немесе қозғалыс детекторы пайдаланыла отырып жазылады.
Серверлік үй-жайдың (деректерді өңдеу орталығының) бейнебақылау жүйесіндегі жазбалар архиві кемінде үш ай сақталады.
Тарау 7. 7-тарау. «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту тәртібі
7-тарау. «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту тәртібі
Тармақ 50
50. «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту мынадай жағдайларда:
Тармақша 1
1) төлем ұйымының атауы өзгерген кезде;
Тармақша 2
2) көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесіне қосымша төлем қызметі енгізілген кезде;
Тармақша 3
3) көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесінен жекелеген төлем қызметі алып тасталған кезде жүзеге асырылады.
Тармақ 51
51. Есептік тіркеу бойынша мәліметтерді жаңарту қажеттілігі туындаған кезде төлем ұйымы Ұлттық Банктің кеңсесі арқылы электрондық нысанда өтініш жасайды.
Тармақ 52
52. Ұлттық Банк «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде төлем ұйымын есептік тіркеу бойынша мәліметтерге тиісті өзгерістер енгізеді.
Тармақ 53
53. Төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен алып тасталған жағдайда, Ұлттық Банк «E-лицензиялау» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінде есептік тіркеудің қолданысын тоқтату туралы тиісті жазба енгізеді.
Басқа 1
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
___________________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
төлем ұйымын есептік тіркеуден өткізуді және төлем ұйымын төлем ұйымдары тізіліміне қосуды сұрайды.
1. Төлем ұйымының орналасқан жері:
____________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(индексі, қаласы (облысы), ауданы, көшесі, үйдің (офистің) нөмірі)
_____________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(телефоны, факсі, электрондық поштасының мекенжайы,
интернет-ресурсы (бар болса)
2. Төлем ұйымын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер:
______________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні, кім берді)
3.Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының
3-тармағына сәйкес көрсету жоспарланып отырған көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі:
1) _______________________________________________________________________;
2) _______________________________________________________________________;
3) _______________________________________________________________________
4. «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 2-тармағына сәйкес ұсынылатын құжаттар тізбесі:
1) ___________________________;
2) ___________________________;
3) ___________________________
5. Төлем ұйымының атқарушы органының басшысы (мүшелері) туралы мәліметтер:
Жалпы мәліметтер:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса)
__________________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжатқа сәйкес, тегін, атын, әкесінің атын өзгерткен жағдайда – олар қашан және қандай себеппен өзгертілгені көрсетілсін)
Жеке сәйкестендіру нөмірі
____________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері
____________________________________________________________
(құжаттың атауы, нөмірі, сериясы (бар болса) және берілген күні, кім берді)
Тұрғылықты жері
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
(үй, қызметтік телефондарының нөмірлерін қоса алғанда, тұрғылықты жері, сондай-ақ электрондық поштасының мекенжайы)
Азаматтығы
Жұмыс орындары мен лауазымдарының толық тізбесі
№
Жұмыс кезеңі (ай/жыл)
Ұйымның атауы, атқаратын лауазымы
Лауазымдық міндеттері
1.
Өзге ақпарат:
Алынбаған немесе жойылмаған соттылығының болуы
Иә/жоқ
(егер иә болса, онда сот үкімінің деректемелері, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы көрсетілсін)
Егер қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешім қабылданғанға дейін не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы соттың шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының басқару органының басшысы, мүшесі, атқарушы органының басшысы, мүшесі, бас бухгалтері болып табылған жағдайда
Иә/жоқ
(егер иә болса, онда ұйымның атауы, лауазымы, қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығында қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген қаржы ұйымын консервациялау не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу, қаржы ұйымын лицензиядан айыру туралы шешімнің не қаржы ұйымын мәжбүрлеп тарату немесе «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған тәртіппен оны банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімінің деректемелері көрсетіледі)
Өзге ақпарат (бар болса)
Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Төлем ұйымының бірінші басшысы
немесе қол қоюға өкілетті тұлға
______________________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болса) қолы
Басқа 2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден
өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің
негізгі талаптарының тізбесі
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеуден
өткен төлем ұйымдарының тізіліміне енгізу» мемлекеттік қызмет көрсетудің
негізгі талаптарының тізбесі
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
2.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері
«Электрондық үкіметтің»
www.egov.kz, www.elicense веб-порталы (бұдан әрі – портал).
3.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
Өтініш және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
4.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
Электрондық (автоматтандырылған).
5.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі
Төлем ұйымының «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген төлем қызметтерін ұсынуға рұқсат (құқық) беру үшін есептік тіркеуден өткені туралы хабарлама не дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық
6.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
Қызмет тегін көрсетіледі.
7.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі – дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін;
2) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 215 қаулысымен бекітілген Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш.
2) төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) дипломының (дипломдарының) көшірмелері;
3) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес төлем ұйымының атқарушы органы басшысының (мүшесінің) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) жарғылық капиталды қалыптастыруды растайтын құжаттардың көшірмелері;
5) төлем ұйымы қызметті үлгі жарғы бойынша жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, жарғы;
6) төлем ұйымының көрсетілген төлем қызметтері бойынша ақша аударымдарын жүзеге асыратын тиісті банкпен, Қазақстан Республикасының бейрезидент банкінің филиалымен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен өзара іс-әрекет жасау тәртібін айқындайтын құжат;
7) төлем ұйымының басқару органы бекіткен төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидалары.
Төлем ұйымының қызметін жүзеге асыру қағидаларына қойылатын міндетті талаптардың тізбесі Қағидаларда белгіленеді.
9.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) Заңның 16-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарда көрсетілуге тиіс толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсыну;
2) құжаттардың толық емес тізбесін ұсыну немесе құжаттардың Заң және Қағидалар талаптарына сәйкес келмеуі;
3) егер төлем ұйымының атқарушы органының басшысы Заңның 19-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
4) егер төлем ұйымы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күннен бастап бір жыл ішінде есептік тіркеуден өту туралы өтінішпен жүгінбесе.
Есептік тіркеуден бас тартылған жағдайда заңды тұлға төлем ұйымын тіркеуден бас тартуға себеп болған себептерді жойған кезде тіркеуге өтінішті қайта береді немесе атауын өзгерту немесе қайта ұйымдастыру немесе тарату туралы шешім қабылдайды.
Төлем ұйымын есептік тіркеуден бас тартуға себеп болған себептердің жойылмауы қайта қарастырудан бас тартуға негіз болып табылады.
10.
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық формада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктерді ескере отырып өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған: www.nationalbank.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қолжетімділік ашылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған:
www.nationalbank.kz, «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Басқа 3
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
3-қосымша
«ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ
МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ
УЧРЕЖДЕНИЕ
«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК
РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»
[Уәкілетті органның
деректемелері мемлекеттік
тілде]
[Уәкілетті органның
деректемелері орыс тілінде]
[шешім нөмірі]
[шешім шығару күні]
[Көрсетілетін қызметті
алушының атауы]
[ Көрсетілетін қызметті
алушының деректемелері]
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына сәйкес өтінішті ______________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
және қоса берілген құжаттарды қарау қорытындысы бойынша төлем ұйымы
______________________________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
ретінде есептік тіркеуден өткені, № _____________ есептік нөмір және төлем ұйымдарының тізіліміне жазба
берілгені туралы хабарлайды.
«Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 4-тармағына
сәйкес төлем ұйымы ____________________________________________________________________________
көрсетілетін қызметті алушының атауы
мынадай төлем қызметтерін көрсетеді:
____________________________________________________________;
____________________________________________________________;
___________________________________________________________
[Қол қоюшының лауазымы] [Қол қоюшының аты-жөні]
Басқа 4
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
р/р№
Төлем ұйымын тіркеген күн
Төлем ұйымының тіркеу нөмірі
Төлем ұйымының атауы
Басшының аты-жөні
Төлем ұйымының бизнес- сәйкестендіру нөмірі
Төлем ұйымының орналасқан жері,
телефоны, факсы, электрондық поштасының мекенжайы, интернет- ресурсы (бар болса)
Көрсетілетін төлем қызметтерінің тізбесі
Ескертпе
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Басқа 5. «Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді,
қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
5-қосымша
«Төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыруды (біріктіруді,
қосуды, бөлуді, бөліп шығаруды, қайта құруды) жүргізуге келісім беру»
мемлекеттік қызмет көрсетудің негізгі талаптарының тізбесі
1.
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
2.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері
«Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал).
3.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
Шешім және құжаттардың толық тізбесі тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде.
4.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық (автоматтандырылған).
5.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
Келісу нәтижелері бойынша қабылданған шешім туралы хабарлама не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық
6.
Көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіру тәсілдері
Қызмет тегін көрсетіледі.
7.
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі
1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру кестесі дүйсенбі - жұма аралығында сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, түскі үзіліс 13.00-ден 14.30-ға дейін;
2) порталдың - жөндеу жұмыстарына байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
8.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі
1) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру туралы шешім;
2) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастырудың болжанатын талаптарын, нысандарын, тәртібін және мерзімдерін сипаттайтын құжаттар;
3) қайта ұйымдастырылатын төлем ұйымдарының атқарушы органдарының басшылары қол қойған қосу (біріктіру) туралы шарт;
4) Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес аудиторлық есеп;
5) төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған қызметті жүзеге асыру қағидалары.
9.
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) егер төлем ұйымын ерікті түрде қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған атқарушы органының басшысы «Төлемдер және төлем жүйелері туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 19-тармағының талаптарына сәйкес келмесе;
4) егер төлем ұйымдарын ерікті түрде қайта ұйымдастыру төлем қызметтері нарығын бақылауға кедергі келтіретін, сондай-ақ төлем қызметтерін алушылардың мүдделеріне зиян келтіретін болса.
10.
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық формада және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін ерекшеліктерді ескере отырып өзге де талаптар
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда және көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Көрсетілетін қызметті алушыға Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу үшін қолжетімділік ашылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.nationalbank.kz ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселелері бойынша бірыңғай байланыс-орталығы: 8-800-080-7777, 1414.
Басқа 6
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі
_______________________________________________________________
(төлем ұйымының атауы, орналасқан жері және бизнес-
сәйкестендіру нөмірі)
осы арқылы филиалының ашылғандығы туралы хабарлайды:
□ Қазақстан Республикасының аумағында (ашылған жағдайда):
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері және
бизнес-сәйкестендіру нөмірі)
Басшысы туралы деректер:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының
3-тармағына сәйкес төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) _____________________________________________________________;
Тармақша 2
2) ___________________________________________________________;
Тармақша 3
3)____________________________________________________________.
Қазақстан Республикасынан тысқары (ашылған жағдайда):
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(төлем ұйымы филиалының атауы, орналасқан жері)
Басшысы туралы деректер:
________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
Төлем ұйымдарының қызметін ұйымдастыру қағидаларының
3-тармағына сәйкес төлем ұйымының филиалы көрсететін төлем қызметтерінің тізбесі:
Тармақша 1
1) _______________________________________________________________;
Тармақша 2
2) _______________________________________________________________;
Тармақша 3
3) _______________________________________________________________.
Осы мәліметтерді тексергенімді және олардың дәйекті және толық болып табылатынын растаймын.
Ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Төлем ұйымының бірінші басшысы немесе қол қоюға өкілетті тұлға
_____________________________________ _________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) қолы
Басқа 7. Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы
Төлем ұйымдарының қызметін
ұйымдастыру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы картасы
№
Жалпы мәліметтер
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының сипаттамасы
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпарат
1
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының атауы
2
Анықталған күні мен уақыты (кк.аа.жжжж және сс:мм сағат белдеуін көрсете отырып UTC+X)
3
Анықталған орны (ұйым, филиал, ақпараттық инфрақұрылым сегменті)
4
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы туралы ақпараттың дереккөзі (пайдаланушы, әкімші, ақпараттық қауіпсіздік әкімшісі, ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің қызметкері немесе техникалық құрал)
5
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы іске асырылған кезде қолданылған әдістер (әлеуметтік инженерия, зиянды кодты ендіру)
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мазмұны
6
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының нышандары, белгілері
7
Негізгі оқиғалар (қолданбалы және жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуде осалдылықтарды пайдалану; ақпараттық жүйеге рұқсатсыз кіру; ақпараттық жүйеге немесе деректерді беру желісіне «қызмет көрсетуден бас тартуға» шабуылы; сервердің зиянды бағдарламамен немесе кодпен зақымдануы; ақша қаражатын рұқсат етілмеген аудару; электрондық ақша жүйесі операторы қызметінің тұрақтылығына қауіп төндіретін ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғалары)
8
Зақымданған активтер (электрондық ақша жүйесі операторының ақпараттық инфрақұрылымының нақты деңгейі, желілік жабдығының деңгейі, желілік қосымшалар мен сервистердің деңгейі, операциялық жүйе деңгейі, технологиялық процестер мен қосымшаларының деңгейі және бизнес-процестердің деңгейі)
9
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасының мәртебесі (аяқталған ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасын жүзеге асыру әрекеті, ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасына күмән)
10
Залал
11
Қауіп көздері (анықталған идентификаторлар)
12
Ниеттілік (қасақана, қате)
Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғасы бойынша қабылданған шаралар
13
Қабылданған іс-әрекеттер (осалдылықты сәйкестендіру, оқшаулау, қалпына келтіру)
14
Ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдерінің туындауын барынша азайтуға бағытталған жоспарланған іс-әрекеттер
15
Хабардар болған тұлғалар (лауазымды тұлғалардың (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), мемлекеттік органдардың, ұйымдардың атауы)
16
Тартылған мамандар (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса), жұмыс орны, қызметі)
Ақпараттық қауіпсіздік бөлімшесінің жауапты қызметкері
____________________________________________ __________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болса) (қолы)
Күні 20 ___ жылғы «____» ______