Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Алматы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» және 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 «Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» қаулыларына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Aлматы қаласы Қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте:
Тармақша 1
1) Aлматы қаласының әділет органдарына осы қаулының қабылданғаны туралы хабарласын;
Тармақша 2
2) осы қаулыны ресми баспа басылымдарында жариялау бойынша шаралар қабылдасын.
Тармақ 3
3. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының коммуналдық мүлкін иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді белгілеу туралы» 2014 жылғы 18 тамыздағы № 3/683 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 1084 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қыркүйекте «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ә. Жүнісоваға жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 8
Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы « 27 » қыркүйектегі № 3/479 қаулысына қосымша Коммуналдық мүлікті иеліктен шығару түрлерін таңдау жөніндегі критерийлер № р/с Критерий атауы Иеліктен шығару түрі 1 объектіге әрі қарай бақылау жүргізуге мемлекет мүддесінің болмауы; объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту. Аукцион түрінде сауда-саттық өткізу 2 сату шарттарын белгілеу жолымен белгілі бір уақыт кезеңінде объектіге мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі (қызмет бейінін сақтау); объектіні барынша мүмкін болатын жоғары бағамен сату және сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту. тендер түрінде сауда-саттық өткізу 3 сенімгерлік басқарушының, жалға алушының (жалдаушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарының талаптарын орындауына белгілі бір уақыт кезеңінде мемлекеттің бақылауын сақтау қажеттілігі. тікелей атаулы сату 4 объектінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі; шетелдік инвесторларды қоса, сауда-саттыққа қатысушыларды кеңінен тарту қажеттілігі қор биржасында сауда-саттық өткізу 5 акционерлік қоғамдардың мемлекетке тиесілі ақцияларына құқығын растайтын туынды бағалы қағаздарды сату қажеттілігі. туынды бағалы қағаздарды сату 6 жекешелендіру объектілерін сату алдындағы дайындық пен оларды сату жөнінде консультациялық қызметтерді тарту қажеттілігі; жекешелендіру бағасының басымдығын және (немесе) өзге де шарттарын айқындайтын қаржы кеңесшісінің қатысуымен өткізу сауда-саттықты қажеттігі. екі кезеңдік рәсімдер арқылы конкурс