О мерах по локализации эпидемической вспышки в Макатском районе Қолданыста
Басқа 0
«Мақат ауданы бойынша эпидемиялық тұтынуға шара қолдану туралы»
Мақат ауданында вирусты гепатитке қарсы күрестiң алдын алу, індетке қарсы жедел шараларды толық көлемде ұйымдастыру мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Облыстық денсаулық сақтау департаментi (Нұрғазиев Қ.):
Тармақша 1
1) Мақат ауданында iндетке қарсы шұғыл шараларды ұйымдастырып өткiзуге, 3 жастан 7 жасқа дейiнгi балалар арасында "А" вирустық гепатитiне қарсы жаппай егу шараларын жүргiзу үшiн эпидемиологиялық қордан 24 275000 (жиырма төрт миллион екi жүз жетпiс бес мың) теңге қаржы бөлiнсiн.
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi комитетiне "А" вирустық гепатитiне қарсы вакциналарды сатып алуға өтiнiш хатпен жолықсын.
Тармақша 3
3) Облыстық денсаулық сақтау департаментi iндетке қарсы шараларды өткiзуде денсаулық сақтау мекемелерiнiң емдеу-алдын-алу қызметiн үйлестiрудi және оған бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 2
2. Облыстық қаржы басқармасы (Әжiғалиева А.) iндетке қарсы шараларды өткiзуге қаржыландыруды уақтылы жүзеге асырсын.
Тармақ 3
3. Мақат ауданының әкiмi (Нақпаев С.) алыс, шалғайдағы елдi мекендерге бару үшiн автокөлiкпен, жанар-жағар маймен үздiксiз қамтамасыз етiп, балаларды жаппай егiлуiн өткiзу үшiн денсаулық сақтау мекемелерiне көмек көрсетсiн.
Тармақ 4
4. Мақат ауданының әкiмi, облыстық бiлiм беру департаментi (Испосынова С.) мектептер мен мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiндегi балаларға жаппай егу шараларын жүргiзу үшiн жағдай жасасын.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т.Мүрсәлиеваға жүктелсiн.