Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации и освобожденных из мест лишения свободы Күшін жойған
Басқа 0
Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды, сондай-ақ
бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7, 8) тармақшаларына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы бойынша жұмыс орындары санының бес пайыз мөлшерінде пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Жамбыл ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 03 маусымдағы «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақбас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылдың 12 маусымыда № 2377 тіркелген, «Атамекен» газетінде 2013 жылдың 22 маусымында № 26 жарияланған) № 400 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Алматы облысы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Долдабаев Бакытжан Кабыловичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.