Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования Күшін жойған
Басқа 0
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа
толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының
түлектері болып табылатын жастар
қатарындағы азаматтарды жұмысқа
орналастыру үшін жұмыс орындарына
квоталар белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 9) тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жамбыл ауданы бойынша жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы «Жамбыл ауданының жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры Долдабаев Бакытжан Кабыловичқа осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына (әлеуметтік саласының мәселелеріне жетекшілік ететін) жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.