Об утверждении положений территориальных органов, находящихся в ведении Министерства энергетики Республики Казахстан Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдарының ережелерінбекіту туралы Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар: осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі; осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті жоғарыда аталған республикалық мемлекеттік мекемелердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін, сонымен қатар осы бұйрықтың жүзеге асырылуы бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың көшірмелерін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды қамтамамыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына 1-қосымша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкісі бар.
Тармақ 4
4. Заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 7
7. Басқарманың толық атауы: мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Западное межрегиональное управление государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан»;
Тармақ 8
8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 27, тұрғын емес үй-жай 3.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
Тармақ 13
13. Міндеті: мемлекеттік бақылау функциясын іске асыру, сондай-ақ көмірсутектерге, мұнай-газға, мұнай-химия өнеркәсібіне, көмірсутек тасымалдауға, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге, газ және газбен жабдықтауға, магистральдық құбырларға қатысты бөліктегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Функциялары: Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіпте мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдалану, көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларындағы есептік деректерді, қызмет туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жасайды және Министрліктің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне ұсынады;
Тармақша 3
3) рұқсаттық бақылау жүргізеді;
Тармақша 4
4) мынадай салаларда: көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы талаптарының сақталуына; көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына; мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыры туралы заңнамасының сақталуына; газ және газбен жабдықтау саласында; жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерді өндіру бойынша жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауына бақылауды жүргізеді;
Тармақша 6
6) белгіленген тәртіпте жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларға тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) реттелетін салалардағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бекітілген профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзеді және істерді қарастырады;
Тармақша 12
12) Басқарманың нормативтік құқықтық актілерін және нормативтік техникалық құжаттарын әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
Тармақша 13
13) нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді, және жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi ұсыныстарды Министрлікке уақтылы ұсынады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;
Тармақша 15
15) Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне өз құзыреті шегінде қызметті қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық өзіндік ерекшеліктерін ұсынады;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына қол қояды;
Тармақша 17
17) жеткізушілерден өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдайды және оларға сәйкес қаржылық құжаттарға қол қояды;
Тармақша 18
18) сотқа жүгінеді және құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша істерді сотпен қарастыру кезінде қатысады;
Тармақша 19
19) нормативтік-құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындап, құзыреті шегінде мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
Тармақша 20
20) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына ұсыныстарды әзірлеуге, жүзеге асыруға, дайындауға қатысады;
Тармақша 21
Тармақша 22
22) жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжат айналымы мен ақпараттық ағымдарды қысқартуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) қалыптастырылған істерді мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) жетекшілік ететін мәселелер бойынша Министрліктің тапсырмаларына актілер және жауап жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың орындалуына талдауды, бағалау және бақылауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) Басқарма жұмысының сапасын және өнімділігін жоғарылату мақсатында қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылау жүргізеді;
Тармақша 26-1
26-1) жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс іс-шараларына Басқарма құзыреті шегінде қатысу;
Тармақша 26-2
26-2) профилактикалық бақылау мен тексерулер жүргізу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары мен тексеру парақтарын қолданады;
Тармақша 26-3
26-3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 26-4
26-4) жіберілген бұзушылықтардың себептері мен шарттарын талдау және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 26-5
26-5) Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылаудағы салалардағы жай-күйіне талдауды жүзеге асырады және профилактикалық бақылау мен тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың себептері мен шарттарына талдау жүргізеді;
Тармақша 26-6
26-6) бақылаудағы салалардағы тәуекелдерді талдамалық бағалауды, оның ішінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінің нәтижелері негізінде жүзеге асырады;
Тармақша 26-7
26-7) тәуекелдерді азайту, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша талдамалық материалдар, шолулар мен ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 26-8
26-8) жетекшілік ететін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен Энергетика министрлігіне ұсыныстар енгізеді.
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Басқарманың өз өкілеттіктері шегінде мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте реттелетін салалардағы тексерілетін объектілерге бақылауға қатысу кезінде кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) басқармаға жүктелген функцияларды бақылау жүргізу кезінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынышты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын жұмысқа тартуға;
Тармақша 3
3) атқарушы органдардан, жер қойнауын пайдаланушылардан және өзге ұйымдардан, сонымен қатар азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, мәліметтерді, оның ішінде реттелетін салалардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті материалдар  мен ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан мұнай мен газды және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу көлемдері туралы ақпаратты сұратуға;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы оқытулар және т.б. бойынша мониторинг нәтижелерін сұратуға;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің тізбесін сұратуға;
Тармақша 7
«7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жетекшілік ететін салалардағы қажетті ақпаратты (есептер, түскен шағымдар мен жолданымдар, қолайсыз жағдайлар (авариялар) және т.б. бойынша) сұратуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде заңнамамен белгіленген тәртіппен сәйкес шараларды қолдануға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізуге және қарауға, сондай-ақ тиісті органдарға тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жолдауға;
Тармақша 10
10) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізуге және актілердің бастамашы жобаларын Министрліктің салалық департаменттеріне қарастыруға беруге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 16
16. Басқарманың міндеттері:
Тармақша 1
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) реттелетін салаларда заңнама бұзушылықтарын жою бойынша шараларды қолдану;
Тармақша 3
3) реттелетін салаларда заңнаманың сақтамауы жағдайларындағы талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша сот талкылауларына талаптар қою және талапкер болуға қатысу;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 7
7) Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы Министрлік басшылығына немесе құқық органдарына дереу хабарлайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;
Тармақша 8-1
8-1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды;
Тармақша 9
9) Басқарма қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруда гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;
Тармақша 10
10) Басқармаға жүктелген функцияларды заңнамаға және осы Ережеге сәйкес уақтылы және сапалы орындау.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру
3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Тармақ 18
18. Басқарманы жетекшілік ететін вице-министрдің ұсынымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісуі бойынша Министрліктің аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша атқару орынбасарына не Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен Басқарманың өзге қызметкеріне жүктеледі.
Тармақ 20
20. Басқарманың басшысына және басшының орынбасарына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелері Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 21
21. Басқарма басшысының келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босататын басшының орынбасары болады.
Тармақ 22
22. Басшы Басқарманың қызметін ұйымдастырады, басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
Тармақ 23
23. Басшының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;
Тармақша 4
4) өзге мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 5
5) басқарманың бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құжаттарға қол қояды;
Тармақша 5-1
5-1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді;
Тармақша 5-2
5-2) Басқарманың қызметіне Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітетін міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі жетекшілік етеді;
Тармақша 5-3
5-3) Басқарма басшысы Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді және олардың бақылауында болады;
Тармақша 6
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 24
24. Басшының орынбасары:
Тармақша 1
1) өз өкілеттіктері шегінде Басқарманың қызметін  үйлестіреді;
Тармақша 2
2) Басшы болмаған кезде Басқармаға жалпы басшылықты жүзеге асырады және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
Тармақша 3
3) Басшы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 25
25. Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Басқарма атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға Басшы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Тарау 4. 4-тарау. Басқарманың мүлкі
4-тарау. Басқарманың мүлкі
Тармақ 26
26. Басқарма жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие. Басқарманың мүлкі оған мемлекет, Министрліктің атынан берілген мүліктің, сондай-ақ олардың құны басқарманың теңгерімінде көрсетілетін негізгі қор және айналым қаражаттарынан, сондай-ақ өзге мүліктің есебінен қалыптасады.
Тармақ 27
27. Басқармаға бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 28
28. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарма өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 29
29. Басқарманы қайта ұйымдастыру және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 2. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің міндетін атқарушысының 2016 жылғы 28 шілдедегі № 347 бұйрығына 2-қосымша «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) аумақтық органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерге, Министрдің бұйрықтарына, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілдегі атауымен мөрі және мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкісі бар.
Тармақ 4
4. Заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, Басқарма мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 5
5. Басқарма өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Басқарма басшысының бұйрықтары мен Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 6
6. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 7
7. Басқарманың толық атауы: мемлекеттік тілде – «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының оңтүстік өңіраралық басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі; орыс тілінде – республиканское государственное учреждение «Южное межрегиональное управление государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан»;
Тармақ 8
8. Басқарманың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы,120008, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 60А.
Тармақ 9
9. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 10
10. Басқарманың қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
Тармақ 11
11. Басқармаға Басқарманың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Тармақ 12
12. Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
2-тарау. Басқарманың негізгі мақсаттары, функциялары, құқықтары және міндеттері
Тармақ 13
13. Міндеті: мемлекеттік бақылау функциясын іске асыру, сондай-ақ көмірсутектерге, мұнай-газға, мұнай-химия өнеркәсібіне, көмірсутек тасымалдауға, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруге, газ және газбен жабдықтауға, магистральдық құбырларға қатысты бөліктегі мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ету.
Тармақ 14
14. Функциялары: Басқарма заңнамамен белгіленген тәртіпте мына функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) өз құзыреті шегінде ұлттық қауіпсіздік, мемлекеттік құпияларды қорғау, азаматтық қорғаныс, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін сақтауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 2
2) жер қойнауын пайдалану, көмірсутектер, газ және газбен жабдықтау салаларындағы есептік деректерді, қызмет туралы ақпаратты белгіленген тәртіппен жасайды және Министрліктің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне ұсынады;
Тармақша 3
3) рұқсаттық бақылау жүргізеді;
Тармақша 4
4) мынадай салаларда: көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу кезінде жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының сақталуына; көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібінің сақталуына; мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiруге; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының магистральдық құбыры туралы заңнамасының сақталуына; газ және газбен жабдықтау саласында; жер қойнауын пайдалану саласында көмірсутектерге қатысты бөліктегі жобалау құжаттары ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттардың, оның ішінде өнімді бөлу туралы келісімдердің шарттарын сақтауына бақылауды жүргізеді;
Тармақша 6
6) белгіленген тәртіпте жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану жөніндегі талаптарды бұзу салдарынан келтірілген залал мөлшерін айқындайды;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жасайды;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салаларға тексеру және профилактикалық бақылау нысанында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) реттелетін салалардағы бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы бекітілген профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық тізімдерін орындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 10
10) бақылаудағы аумақ шеңберінде жер қойнауын пайдалану объектілерін жою және консервациялау бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін оларды қабылдауды жүзеге асырады;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде белгiленген құзыретi шегiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi жүргiзеді және істерді қарастырады;
Тармақша 12
12) Басқарманың нормативтік құқықтық актілерін және нормативтік техникалық құжаттарын әзірлеуге, сондай-ақ өз құзыреті шегінде мемлекеттік және салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қатысады;
Тармақша 13
13) нормативтік құқықтық актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізеді, және жүргізілген құқықтық мониторинг нәтижесінде оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу немесе олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi ұсыныстарды Министрлікке уақтылы ұсынады;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай және газ салаларындағы мемлекеттік бақылау департаментіне келісу үшін өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге деген қажеттілікті жолдайды;
Тармақша 15
15) Бюджет және қаржылық рәсімдер департаментіне өз құзыреті шегінде қызметті қамтамасыз етуге қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға техникалық өзіндік ерекшеліктерін ұсынады;
Тармақша 16
16) өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына қол қояды;
Тармақша 17
17) жеткізушілерден өз құзыреті шегінде қызметті жүзеге асыру және ұстауға қажетті тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді қабылдайды және оларға сәйкес қаржылық құжаттарға қол қояды;
Тармақша 18
18) сотқа жүгінеді және құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзу бойынша істерді сотпен қарастыру кезінде қатысады;
Тармақша 19
19) нормативтік-құқықтық актілерді, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды орындап, құзыреті шегінде мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізеді;
Тармақша 20
20) құзыреті шегінде Министрліктің Стратегиялық және Операциялық жоспарларына ұсыныстарды әзірлеуге, жүзеге асыруға, дайындауға қатысады;
Тармақша 21
Тармақша 22
22) жетекшілік ететін мәселелер бойынша құжат айналымы мен ақпараттық ағымдарды қысқартуды қамтамасыз етеді;
Тармақша 23
23) қалыптастырылған істерді мұрағатқа өткізуді жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) жетекшілік ететін мәселелер бойынша Министрліктің тапсырмаларына актілер және жауап жобаларын сапалы және уақтылы дайындауды қамтамасыз етеді;
Тармақша 25
25) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жүзеге асырады, сондай-ақ олардың орындалуына талдауды, бағалау және бақылауды және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырады;
Тармақша 26
26) Басқарма жұмысының сапасын және өнімділігін жоғарылату мақсатында қызметтерінің бағыттары бойынша ішкі бақылау жүргізеді;
Тармақша 26-1
26-1) жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс іс-шараларына Басқарма құзыреті шегінде қатысу;
Тармақша 26-2
26-2) профилактикалық бақылау мен тексерулер жүргізу кезінде тәуекел дәрежесін бағалаудың бекітілген өлшемшарттары мен тексеру парақтарын қолданады;
Тармақша 26-3
26-3) Қазақстан Республикасының жер қойнауын пайдалану саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған профилактикалық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 26-4
26-4) жіберілген бұзушылықтардың себептері мен шарттарын талдау және олардың алдын алу жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 26-5
26-5) Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын бақылаудағы салалардағы жай-күйіне талдауды жүзеге асырады және профилактикалық бақылау мен тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтардың себептері мен шарттарына талдау жүргізеді;
Тармақша 26-6
26-6) бақылаудағы салалардағы тәуекелдерді талдамалық бағалауды, оның ішінде тәуекелдерді бағалау және басқару жүйесінің нәтижелері негізінде жүзеге асырады;
Тармақша 26-7
26-7) тәуекелдерді азайту, бұзушылықтардың алдын алу және мемлекеттік бақылауды жетілдіру бойынша талдамалық материалдар, шолулар мен ұсыныстар дайындайды;
Тармақша 26-8
26-8) жетекшілік ететін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді және құқық қолдану практикасын жетілдіру жөнінде белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 27
27) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
Тармақ 15
15. Басқарманың өз өкілеттіктері шегінде мыналарға құқығы бар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте реттелетін салалардағы тексерілетін объектілерге бақылауға қатысу кезінде кедергісіз кіруге;
Тармақша 2
2) басқармаға жүктелген функцияларды бақылау жүргізу кезінде заңнамамен белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынышты ұйымдардың мамандарын, консультанттарын және сарапшыларын жұмысқа тартуға;
Тармақша 3
3) атқарушы органдардан, жер қойнауын пайдаланушылардан және өзге ұйымдардан, сонымен қатар азаматтардан жер қойнауын пайдалануға қатысты құжаттарды, мәліметтерді, оның ішінде реттелетін салалардағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қажетті материалдар  мен ақпаратты сұратуға және алуға;
Тармақша 4
4) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан мұнай мен газды және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау, өңдеу көлемдері туралы ақпаратты сұратуға;»;
Тармақша 5
5) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылар бойынша ақпаратты, оның ішінде тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алу, тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердегі және кадрлардағы оқытулар және т.б. бойынша мониторинг нәтижелерін сұратуға;
Тармақша 6
6) «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жер қойнауын пайдаланушылармен жер қойнауын пайдалану бойынша операциялар жүргізу кезінде сатып алынған тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің тізбесін сұратуға;
Тармақша 7
«7) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ-дан жетекшілік ететін салалардағы қажетті ақпаратты (есептер, түскен шағымдар мен жолданымдар, қолайсыз жағдайлар (авариялар) және т.б. бойынша) сұратуға;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзушылықтарды анықтаған кезде заңнамамен белгіленген тәртіппен сәйкес шараларды қолдануға;
Тармақша 9
9) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген құзырет шегінде әкімшілік құқықбұзушылық туралы істерді жүргізуге және қарауға, сондай-ақ тиісті органдарға тұлғаларды әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы материалдарды жолдауға;
Тармақша 10
10) нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу бойынша ұсыныстарды енгізуге және актілердің бастамашы жобаларын Министрліктің салалық департаменттеріне қарастыруға беруге;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық актілерімен белгіленген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
Тармақ 16
16. Басқарманың міндеттері:
Тармақша 1
1) әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша жүргізуді қамтамасыз ету шаралары және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шараларын жүргізу;
Тармақша 2
2) реттелетін салаларда заңнама бұзушылықтарын жою бойынша шараларды қолдану;
Тармақша 3
3) реттелетін салаларда заңнаманың сақтамауы жағдайларындағы талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша сот талкылауларына талаптар қою және талапкер болуға қатысу;
Тармақша 4
Тармақша 5
5) Басқарма құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде, бұл жөнінде Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдар ресми сұрау жағдайда қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;
Тармақша 7
7) Басқарма қызметкерлерінің әкімшілік мемлекеттік қызметшілер этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз ету;
Тармақша 8
8) белгілі болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы Министрлік басшылығына немесе құқық органдарына дереу хабарлайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар қабылдайды;
Тармақша 8-1
8-1) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар қабылдайды;
Тармақша 9
9) Басқарма қызметкерлері қызметтік міндеттерін атқаруда гендерлік кемсітушілікке жол бермеу;
Тармақша 10
10) Басқармаға жүктелген функцияларды заңнамаға және осы Ережеге сәйкес уақтылы және сапалы орындау.
Тарау 3. 3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру
3-тарау. Басқарма жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президент актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.
Тармақ 18
18. Басқарманы жетекшілік ететін вице-министрдің ұсынымын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің келісуі бойынша Министрліктің аппарат басшысы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын басшы басқарады.
Тармақ 19
19. Басқарма басшысы болмаған уақытта оның міндеттерін уақытша атқару орынбасарына не Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен Басқарманың өзге қызметкеріне жүктеледі.
Тармақ 20
20. Басқарманың басшысына және басшының орынбасарына демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстеме ақылар төлеу және сыйлық ақы беру, тәртіптік жаза қолдану мәселелері Министрліктің Аппарат басшысының бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 21
21. Басқарма басшысының келісімі бойынша Министрліктің Аппарат басшысы лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босататын басшының орынбасары болады.
Тармақ 22
22. Басшы Басқарманың қызметін ұйымдастырады, басшылық етеді және Басқармаға жүктелген міндеттерді орындауға және өзінің функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершілікте болады.
Тармақ 23
23. Басшының өкілеттіктері:
Тармақша 1
1) өзінің орынбасарының және Басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен жауапкершіліктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін тәртіптік жазаға тартады және мадақтау шараларын қолданады;
Тармақша 4
4) өзге мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
Тармақша 5
5) басқарманың бұйрықтарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге құжаттарға қол қояды;
Тармақша 5-1
5-1) Басқарма жұмысын ұйымдастырады және басқарады, басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуы және оның функцияларын жүзеге асыру үшін дербес жауапкершілікте болады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министріне және жетекшілік ететін вице-министрге есеп береді;
Тармақша 5-2
5-2) Басқарманың қызметіне Қазақстан Республикасының Энергетика министрі бекітетін міндеттерді бөлуге сәйкес Қазақстан Республикасы энергетика вице-министрі жетекшік етеді;