Об утверждении размера комиссионного сбора, удерживаемого из суммы денег, подлежащих перечислению на банковский счет, открытый специально для администратора системы гарантирования прав граждан Республики Казахстан в сфере выездного туризма Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым мөлшерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-2-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы азаматтарының шығу туризмі саласындағы құқықтарына кепілдік беру жүйесінің әкімшісі үшін арнайы ашылған банктік шотқа аударылуға жататын ақша сомасынан ұсталатын комиссиялық алым
10 пайыз мөлшерінде бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік
он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.