О переименовании улиц городов Кандыагаш и Жем Мугалжарского района Мәртебесі расталмаған
Басқа 0
Мұғалжар ауданының Қандыағаш және Жем қалаларының көшелерін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6, 31 баптарына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12 бабының 5-1) тармақшасына сәйкес, Қандыағаш және Жем қалалары халқының пікірін ескере отырып, облыстық ономастикалық комиссиясының қорытындылары негізінде Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мұғалжар ауданының Қандыағаш қаласындағы «Западная» көшесі «Нұрахмет Қаржаубаев» есімімен қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Мұғалжар ауданының Жем қаласындағы келесі көшелер:
«Вокзальная» көшесі «Бәйтерек» көшесі деп;
«Набережная» көшесі «Жерұйық» көшесі деп қайта аталсын.
Тармақ 3
3. Осы бірлескен Мұғалжар ауданы әкімдігінің қаулысы және Мұғалжар аудандық мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.