О некоторых вопросах государственного учреждения "Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации" Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі оған "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы" мемлекеттік мекемесін қосу арқылы қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
Тармақ 3
3. Мынадай:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайын құру туралы" 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 420-құжат);
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1431 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 502 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 50, 604-құжат) жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
Тармақ 5
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы Жарлық, Музейді Ұлттық бизнес-сәйкестендіру тізілімінен алып тастаған күннен бастап қолданысқа енгізілетін осы Жарлықтың 2 және 3-тармақтарын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 9. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2016 жы­л­ғы 4 қа­ра­ша­да­ғы № 369 Жар­лы­ғы­мен БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
Тармақ 1
1. Күші жойылды - ҚР Президентінің 31.07.2023 № 290 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.
Тармақ 2
Тармақ 3
3. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 124-құжат): 3-тармақтағы "85" деген цифрлар "140" деген цифрларға ауыстырылсын; жоғарғы аталған Жарлықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің жарғысы осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Тармақ 4
4. "Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 70-71, 520-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде: Мемлекеттік саяси лауазымдар деген 1-тарауда: "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры, оның орынбасарлары" деген жол алып тасталсын.
Тармақ 5
5. Күші жойылды – ҚР Президентінің 16.08.2017 № 532 Жарлығымен.
Тармақ 6
6. "Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 4 шілдедегі № 295 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 39, 230-құжат): жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілердің жұмысын бағалауды жүргізетін уәкілетті адамдардың тізбесінде: " Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Ар­хи­ві­нің ди­рек­то­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті Му­зей­і­нің ди­рек­то­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Тұң­ғыш Пре­зи­ден­ті - Ел­ба­сы кі­та­п­ха­на­сы­ның ди­рек­то­ры "Қо­ғам­дық ке­лі­сім" рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­сі­нің ди­рек­то­ры Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Пре­зи­ден­ті не оның тап­сыр­ма­сы бой­ын­ша Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті Әкім­ші­лі­гі­нің Бас­шы­сы " деген жолдағы "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры" деген сөздер алып тасталсын.
Басқа 16. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің кей­бір жар­лық­та­ры­на ен­гі­зі­ле­тін өзге­рі­стер­ге ҚО­СЫМ­ША Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Пре­зи­ден­ті­нің 2014 жы­л­ғы 13 на­уры­зда­ғы № 767 Жар­лы­ғы­мен БЕ­КІ­ТІ­Л­ГЕН "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мемлекеттік мекеме) мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік мекеменің түрі: республикалық.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік мекеме "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 767 Жарлығымен құрылды.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасайтын уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады (бұдан әрі - уәкілетті орган). Мемлекеттік мекеменің мүлкіне қатысты республикалық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік меншік және жекешелендіру комитеті (бұдан әрі - мемлекеттік меншік жөніндегі уәкілетті орган) жүзеге асырады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілде: "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы" мемлекеттік мекемесі;
Тармақша 2
2) орыс тілінде: государственное учреждение "Библиотека Первого Президента Республики Казахстан - Лидера Нации".
Тармақ 7
7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, 36 көшесі, 10 үй.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
2. Мемлекеттік мекеменің заңдық мәртебесі
Тармақ 8
8. Мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап құрылды деп есептеледі және заңды тұлға құқығына ие болады.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің балансы, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген, мемлекеттік және орыс тілдерінде атауы жазылған белгіленген үлгідегі мөрлері, бланкілері мен мөртабандары болады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлға құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өзінің иелігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болған кезде оның міндеттемелері бойынша Қазақстан Республикасы субсидиарлық жауапты болады.
Тармақ 12
12. Мемлекеттік мекеме жасайтын азаматтық-құқықтық мәмілелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық қазынашылық бөлімшесінде міндетті тіркелгенінен кейін күшіне енеді.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Жарғыны басшылыққа алады.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні, мақсаттары және түрлері
3. Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні, мақсаттары және түрлері
Тармақ 14
14. Мемлекеттік мекеме қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке кітапханасының, жеке архивінің және музейінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының өміріне, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты материалдарды жинақтау және зерделеу процесін ғылыми, әдістемелік және мәдениеттану тұрғысынан қамтамасыз ету, сондай-ақ оның жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ел ішінде және шет елдерде ғылыми-талдамалық және ақпараттық-имидждік ілгерілету болып табылады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаттары:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы жеке кітапханасының, жеке архивінің және музейінің жұмыс істеуін ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының тарихын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының осы процестегі жетекшілік рөлін, оның жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларының мазмұнын зерделеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ақпараттық-имидждік өрістету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының өміріне, мемлекеттік және қоғамдық қызметіне қатысты материалдарды кешенді түрде жинау, жүйелеу, сақтау, зерттеу және жұртшылыққа танымал ету негізінде тарихи-мәдени және әлеуметтік-саяси ақпаратты жинақтау мен зерделеу процесін мәдениеттану және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету.
Тармақ 16
16. Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін мемлекеттік мекеме мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке кітапханасын, жеке архивін және музейін жасақтау, есепке алу, жүйелеу, толықтыру, сақтау және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының өмірі мен қызметі, оның өмірбаянының негізгі фактілері, қоғамдық және мемлекеттік қызметінің кезеңдері туралы, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы президенттік институттың қалыптасуы мен жетістіктері туралы жаңа білім алу мақсатында архив және музей жинақтарын зерделеу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қызметін кітапхана-библиографиялық, архивтік, ғылыми-талдамалық және ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жеке кітапханасының, жеке архивінің және музейінің материалдарына халықтың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) кітапхана, архив және музей қорларының негізінде шетелдерде көрмелер өткізу, сондай-ақ шет елдердің көрмелерін қабылдау әрі ұйымдастыру;
Тармақша 6
6) музей экспозициялары мен көрмелерін ғылыми жобалау мен ұйымдастыру, қорларды ғылыми өңдеу, кітапхана, архив және музей қызметтері басты бағыттарының ғылыми тұжырымдамаларын әзірлеу;
Тармақша 7
7) келушілердің түрлі санаттарымен экскурсиялар, дәрістер, семинарлар, үйірмелер оқулары мен басқа да іс-шаралар өткізу;
Тармақша 8
8) мынадай нысандарды: жинау жұмыстарын жүргізуді, музейлік мәні бар заттар сатып алуды, заттарды тұрақты сақтауға қайтарымсыз беруді қамтитын музей жинақтарын жасақтауды жүзеге асыру;
Тармақша 9
9) музей қорының мемлекеттік есебін қамтамасыз ету және оны Қазақстан Республикасы музей қорына қосу үшін ғылыми жұмыс жүргізу, музей құндылықтарын заңдық және күзет тұрғысынан сақтауды қамтамасыз ету;
Тармақша 10
10) елдің ұлттық мәдени игілігін жинау, сақтау, зерделеу және пайдалану процесін материалдық-техникалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, қаржылық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуге қатысу;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мекеменің зерттеу және насихаттау қызметінің құжаттық базасын әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету;
Тармақша 12
12) мемлекеттік мекеменің ғылыми-зерттеу, әдістемелік және қалпына келтіру қызметінің нәтижелерін насихаттау мен тарату;
Тармақша 13
13) кітапхана, архив және музей материалдарын бүлінуден, бұзылудан, ұрланудан сақтауға кепілдік беретін, олардың толық сақталуын қамтамасыз ететін жағдай және сақтаудың ұтымды жүйесін жасау;
Тармақша 14
14) кітапхана, архив және музей материалдарын қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру;
Тармақша 15
15) кітапхана, архив және музей қорлары бойынша ғылыми-анықтамалық аппарат әзірлеу және дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалану үшін жағдай туғызу;
Тармақша 16
16) Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуының тарихын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының егемен Қазақстанның дамуына үлесін, оның жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамалары тұрғысындағы ішкі және сыртқы саясаттың өзекті мәселелерін ғылыми-зерттеу және сараптамалық-талдау жұмысын ұйымдастыру, оның ішінде мемлекеттік мекеменің қызмет бейіні бойынша әлеуметтанушылық сауалнамалар жүргізу, талдамалық шолулар жасау;
Тармақша 17
17) тиісті ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, сараптамалық-талдамалық және публицистикалық әдебиетті, оның ішінде каталогтар, жол көрсеткіштер, анықтамалықтар, альбомдар, ғылыми еңбектер жинағын әзірлеу, шығару, тарату, сараптауды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының өмірі мен қызметін, оның жасампаздық-шығармашылық идеялары мен бастамаларын жария көрсету жөніндегі ақпараттық-имидждік жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жасампаздық-шығармашылық идеялары мен стратегиялық бастамаларын ілгерілетуге арналған үндесу-сараптамалық алаңын қалыптастыру, Қазақстан Республикасында және шет елдерде тақырыптық ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық конференциялар, симпозиумдар, конгрестер, семинарлар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, сараптамалық клубтардың отырыстарын, әлеуметтік маңызды іс-шаралар, көрмелер ұйымдастыру және оларды өткізуге қатысу;
Тармақша 19
19) мемлекеттік мекеме қызметінің бейіні бойынша шетелдік және халықаралық ұйымдармен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының жаһандық идеялары мен стратегиялық бастамаларын түсіндіру мен ілгерілетуге бағытталған ынтымақтастық, оның ішінде отандық және шетелдік ұйымдардың ғылыми және мәдени бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға қатысу;
Тармақша 20
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік ғылыми бағдарламаларды, жобаларды іске асыруға, сондай-ақ гранттар беру жөніндегі қызметке қатысу;
Тармақша 21
21) мемлекеттік мекеме қызметінің бейіні бойынша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қатысуымен өтетін іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
Тармақша 22
22) мемлекеттік мекеме қызметінің бейініне сәйкес, мәдениет аясында, сондай-ақ білім беру, тәрбиелеушілік және гуманитарлық саладағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға, оның ішінде білім берудің барлық деңгейлеріне арналған білім беру мен тәрбиелеу бағдарламаларын, жекелеген дәрістер мен семинарлар әзірлеу арқылы қатысу;
Тармақша 23
23) мемлекеттік мекеменің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларын, шетелдік және халықаралық ұйымдарды, шетел азаматтарын, оның ішінде гранттар мен стипендиялар бөлу арқылы да қолдау;
Тармақша 24
24) мемлекеттік мекеме қызметінің бейіні бойынша түрлі салалар мамандарының кәсіби біліктілігін арттыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. Мемлекеттік мекеме қызметін жүзеге асыру кезінде:
Тармақша 1
1) бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастықта болады;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының тапсырмасы бойынша халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді;
Тармақша 3
3) өзінің жарғылық қызметінің шегінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады;
Тармақша 4
4) өзінің жарғылық қызметінің шегінде валюталық операцияларды жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) шарт негізінде мемлекеттік мекеме қызметкерлерін отандық және шетелдік ғылыми-зерттеу, білім беру ұйымдарына тағылымдамадан өтуге, кәсіби біліктілігін арттыруға және оқуға жібереді;
Тармақша 6
6) кез келген ұйым мен жеке адамдардан шарт негізінде кітапханалық, архивтік және музейлік заттар мен құжаттарды сатып алады;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай келетін және мемлекеттік мекеменің Жарғысына қайшы келмейтін өзге де қызмет түрлерін жүзеге асырады және мәмілелер жасайды.
Тармақ 17
17. Мемлекеттік мекеме Жарғыда бекітілген өз қызметінің мәні мен мақсаттарына сай келмейтін қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.
Тармақ 18
18. Мемлекеттік мекеменің қызмет мақсаттарына қайшы, белгілі түрде Қазақстан Республикасының заңдарымен немесе құрылтай құжаттарымен шектелген не басшының жарғылық құзыретін бұза отырып жасаған мәмілесі уәкілетті органның немесе мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Тармақ 19
19. Басшының және ол болмаған кезде оның міндетін атқарушы адамның мемлекеттік мекеменің жарғылық емес қызметті жүзеге асыруына бағытталған іс-әрекеті еңбек міндеттемелерін бұзу болып табылады және тәртіптік, материалдық және өзге де жауаптылыққа әкеледі.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік мекемені басқару
4. Мемлекеттік мекемені басқару
Тармақ 20
20. Мемлекеттік мекемені жалпы басқаруды уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 21
21. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекемеге мүлікті бекітіп береді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламасын және жеке қаржыландыру жоспарын бекітеді;
Тармақша 3
3) мемлекеттік мекеме мүлкінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады және мемлекеттік мекемені қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекітіп береді;
Тармақша 4
4) мемлекеттік мекеменің басқару органдарының құрылымын, құрылу тәртібі мен өкілеттік мерзімін, мемлекеттік мекеменің шешімдер қабылдау тәртібін айқындайды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік мекеме директорының (бұдан әрі — директор) құқықтарын, міндеттерін, жауапкершілігін айқындайды;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеменің құрылымын, азаматтық қызметшілердің лауазымдарының тізілімін және штат кестесін бекітеді;
Тармақша 7
7) жылдық қаржылық есептілікті бекітеді;
Тармақша 8
8) мемлекеттік мекемеде ішкі аудитті жүзеге асырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттік мекемеге берілген немесе өзінің шаруашылық қызмет нәтижесінде сатып алған мүлікті алып қоюға немесе қайта бөлуге мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға келісім береді;
Тармақша 10
10) мемлекеттік мекеменің филиалдар мен өкілдіктер құруына келісім береді;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша республикалық мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыруды және таратуды жүзеге асырады;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тармақ 22
22. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің Кеңсесі бастығының ұсынуы бойынша директорды лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
Тармақ 23
23. Директор мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне тікелей бағынады және өз функцияларын жүзеге асыруына және мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттерді орындауға дербес жауапты болады.
Тармақ 24
24. Директор дара басшылық қағидатымен әрекет етеді және мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Жарғыда айқындалатын құзыретіне сәйкес жеке өзі шешеді.
Тармақ 25
25. Мемлекеттік мекеменің қызметін жүзеге асыру кезінде директор заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) мемлекеттік мекеме атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүддесін білдіреді;
Тармақша 3
3) шарттар жасасады;
Тармақша 4
4) сенімхаттар береді;
Тармақша 5
5) іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша мемлекеттік мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
Тармақша 6
6) банк шоттарын ашады;
Тармақша 7
7) мемлекеттік мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
Тармақша 8
8) уәкілетті органның келісімімен атқарушы директорды, өз орынбасарлары мен бас бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 9
9) штат кестесіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдауды және атқаратын қызметінен босатуды жүзеге асырады;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне көтермелеу шараларын қабылдайды және оларға тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 11
11) атқарушы директордың, өз орынбасарларының және мемлекеттік мекеменің өзге де басшы қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктері аясын айқындайды;
Тармақша 12
12) өзіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құрау және оның қызметін қаржыландыру тәртібі
5. Мемлекеттік мекеменің мүлкін құрау және оның қызметін қаржыландыру тәртібі
Тармақ 26
26. Мемлекеттік мекеме мүлкін құны оның балансында көрсетілетін активтер құрайды. Мемлекеттік мекеменің мүлкі:
Тармақша 1
1) өзіне меншік иесі берген мүлік;
Тармақша 2
2) өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда);
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 27
27. Мемлекеттік мекеме өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жобасы бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе өзгеше тәсілмен иелік етуге құқылы емес.
Тармақ 28
28. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік мекемеге табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мынадай салаларда өндірілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаға билік ету құқығы берілген:
Тармақша 1
1) тасығыштардың, нысандардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер әзірлеу және оларды өңдеу;
Тармақша 2
2) мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған материалдар әзірлеу;
Тармақша 3
3) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер, симпозиумдар, тренинггер, дөңгелек үстелдер, конгрестер ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы кітаптарға, оқу-әдістемелік әдебиетке және өзге де материалдарға сараптама жасау;
Тармақша 5
5) кітаптарды, ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-әдістемелік, талдамалық және публицистикалық әдебиетті басып шығару және тарату;
Тармақша 6
6) мемлекеттік мекеме әзірлемелері мен зерттеулерінің нәтижелерін тарату;
Тармақша 7
7) зерттеу жұмыстарын жүргізу, консультациялық қызметтерді жүзеге асыру.
Тармақ 29
29. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында қосымша қаржыландыру көзі белгіленбесе, мемлекеттік мекеменің қызметін уәкілетті орган республикалық бюджеттен қаржыландырады.
Тармақ 30
30. Мемлекеттік мекеме бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есептілік ұсынады.
Тармақ 31
31. Мемлекеттік мекеменің қаржылық-шаруашылық қызметін тексеруді және ревизияны заңнамада белгіленген тәртіппен уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 32
32. Мемлекеттік мекеменің заңнамалық актілерге сәйкес заңды және жеке тұлғалардан гранттар, демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде қаражат алуға құқығы бар.
Тарау 6. 6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі
6. Мемлекеттік мекемедегі жұмыс режимі
Тармақ 33
33. Мемлекеттік мекеменің жұмыс режимі ішкі еңбек тәртібінің қағидаларымен белгіленеді және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
Тарау 7. 7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
7. Құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
Тармақ 34
34. Мемлекеттік мекеменің Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасы Президентінің шешімімен жүргізіледі.
Тармақ 35
35. Мемлекеттік мекеменің Жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеледі.
Тарау 8. 8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
8. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату шарттары
Тармақ 36
36. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасы Президентінің шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.
Тарау 9. 9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
9. Мемлекеттік мекеменің филиалдары мен өкілдіктері туралы мәліметтер
Тармақ 37
37. Мемлекеттік мекеменің Қазақстан Республикасының аумағында және шет мемлекеттерде филиалдары мен өкілдіктері болуына құқығы бар.