Об утверждении Правил, программ и организации тестирования граждан, поступающих на правоохранительную службу и службу в органы гражданской защиты Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.03.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бекіту туралы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құқық қорғау қызметіне кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаментімен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оның мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдануы;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануы;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсына жүктелуі қамтамасыз етілсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2016 жылғы 20 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «Келісілді» Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Ж. Асанов «Келісілді» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов «Келісілді» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қ. Қасымов
Басқа 0. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 20 қыркүйектегі № 1 бұйрығымен БЕКІТІЛДІ Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және 16-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7-тармағына сәйкес әзірленді. Қағидалар құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды (бұдан әрі – кандидат) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тесттен (бұдан әрі – тестілеу) және жеке қасиеттерін бағалаудан өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын, сондай-ақ тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Тестілеу Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлғаның қызметкері болып табылатын тестілеу операторының (бұдан әрі – оператор) қатысуымен өткізіледі.
Тармақ 3
3. Тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз етуді, тест тапсырмаларының дерекқорын қалыптастыруды және оларды жаңартуды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
Тарау 2. 2-тарау. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу
2-тарау. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу
Тармақ 4
4. Көрсетілетін қызметті беруші тестілеуді азаматтардың өтініш білдіруі бойынша өткізеді.
Тармақ 5
5. Тестілеуге Қазақстан Республикасының жасы он сегiзге толған азаматтары қатыса алады.
Тармақ 5-1
5-1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидалардың 1-1-қосымшасында келтірілген. Мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушіні, «электрондық үкімет» ақппараттық-коммунткациялық инфрақұрылым операторын, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығын Қағидаларға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізілген күннен бастап ол туралы үш күн ішінде хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысандағы «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш (бұдан әрі – өтініш) тапсырады. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электронды үкімет» шлюзі арқылы алады. Портал арқылы жүгінген кезде кандидаттың «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін өтініш қабылданғаны туралы жәй-күйі көрсетіледі. Құжаттардың қабылданғанын растау осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызмет берушінің электронды цифрлы қолтаңбасы қойылған тестілеудің күні, уақыты және өтетін орны көрсетілген қолхат болып табылады. Кандидат Тізбенің 8-тармағымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады. Кандидаттар тестілеуге қатысу үшін құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тапсыруға қатысты ақпарат пен қеңесті Бірыңғай байланыс орталығында ала алады.
Тармақ 7
7. Кандидат тестілеудің күнін және уақытын тестілеу өткізуге бар бос орындар негізінде тестілеу күніне дейін бір күнтізбелік күннен кешіктірмей таңдайды. Тестілеуге жазылу осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысанда қолхатпен расталады.
Тармақ 7-1
7.1 Тестілеуден өтуден бас тарту негіздері Тізбенің 9-тармағында көрсетілген.
Тармақ 8
8. Кандидат осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары (бұдан әрі – тестілеу бағдарламалары) бойынша тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тармақ 9
9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тестілеуден өту үшін мән белгіленбейді.
Тармақ 10
10. Тестілеуге жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаты, не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін) бар адамдар жіберіледі.
Тармақ 11
11. Тестілеу басталғанға дейін оператор тестіленуші адамдар үшін тестілеу бойынша нұсқаулық өткізеді және оларда туындаған сұрақтарға жауап береді.
Тармақ 12
12. Тестiлеу өткізу басталғанға дейін өзiн нашар сезiнген кандидаттар ол туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда ол осындай кандидаттарды тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
Тармақ 13
13. Тестілеу уақытын көрсетілетін қызметті беруші айқындайды.
Тармақ 14
14. Тестілеу залы ұялы байланысты тұншықтыратын құралмен, кандидатты сәйкестендіру мақсатында карт-ридермен, сонымен қатар тестілеу процессінің бейне- және аудиожазбасын жүргізу үшін техникалық жазба құралдарымен жабдықталады.
Тармақ 15
15. Әрбір жұмыс станциясы кандидатты суретке түсіру және тестілеу процесіне бейне жазба жүргізу үшін веб-камерамен жабдықталады.
Тармақ 16
16. Тестілеуден өтетін адамдар басқа адамдармен сөйлеспейді, материалдармен алмаспайды, қағаз, электрондық және өзге де ақпараттарды қолданбайды, орын-жайды тастап кетпейді. Тестілеуден өтетін адамдарға тестілеу залына қабылдайтын-беретін электрондық құрылғылар (оның ішінде ұялы телефондар мен өзге де электрондық жабдықтар) кіргізуге рұқсат берілмейді. Мұндай құрылғылар тестілеуді өткізу уақытында ұяшықтары бар арнайы шкафтарға сақтауға салынады.
Тармақ 17
17. Тестіленуші кандидат осы Қағидалардың 16-тармағының талаптарын бұзған жағдайда, оператор осындай кандидаттың тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте оператор бір жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы актіні (бұдан әрі – бұзу туралы акт) толтырады.
Тармақ 17-1
17-1. Тестілеуге кіргізу кезінде немесе тестілеуді өткізу барысында жалған адам анықталған жағдайда аталған адам тестілеуге жіберілмейді немесе оператор осындай адамның тестілену процесін тоқтатады және оны тестілеу үшін арналған үй-жайдан шығарып жібереді. Бұл ретте оператор осы Қағидалардың 4-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актіні толтырады.
Тармақ 18
18. Тестілеуді еңсерілмейтін күш жағдайлары (дүлей апаттар, әскери қимылдар және тағы басқалары), салдарынан, сонымен қатар техникалық ақаулықтарға байланысты себептермен жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда тестілеу тоқтатыла тұрады. Мұндай жағдайда осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысандағы тестілеуді тоқтата тұру туралы акт жасалады, ал тестілеу осы күнгі басқа уақытта немесе тестілеу кестесіне сәйкес басқа күні өткізіледі.
Тармақ 19
19. Тестілеуге берiлген уақыт бiткенде, тестілеу автоматты түрде жабылады.
Тармақ 20
20. Тестiлеудің дұрыс жауаптарын есептеу компьютерлiк тестілеу бағдарламасының көмегiмен автоматты түрде жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Тестілеу аяқталғаннан кейін жиырма минуттан кеш емес уақытта адамдарға тестілеу нәтижелері беріледі.
Тармақ 22
22. Кандидат тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеудің нәтижесін алған жағдайда осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат қалыптастырылады. Тестілеудің бірінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері бірінші, екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды. Тестілеудің екінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері екінші және үшінші тестілеу бағдарламаларына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды. Тестілеудің үшінші бағдарламасы бойынша тестілеу нәтижелері үшінші тестілеу бағдарламасына жататын құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарының санаттарына жарамды.
Тармақ 23
23. Тестілеу нәтижелері оның өткізілген күнінен бастап бір жылдың ішінде жарамды. Қазақстан Республикасының барлық аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде Сертификаттың жарамдылық мерзімі енгізілген төтенше жағдай кезеңіне тоқтатыла тұрады. Берілген Сертификаттың жарамдылық мерзімі ішінде азамат сол Сертификат жарамды болып табылатын тестілеу бағдарламасы бойынша қайта тестілеуден өтпейді.
Тармақ 24
24. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттарға осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес нысанда мәндерден төмен нәтижелермен тестілеу өткендігі туралы анықтама беріледі. Тестілеуде белгіленген мәндерден төмен нәтиже алған кандидаттарға қайта тестілеуге алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тармақ 25
25. Кандидаттар осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеудің нәимжелерін электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорацияға жүгіну арқылы ала алады.
Тарау 3. 3-тарау. Кандидаттардің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
3-тарау. Кандидаттардің жеке қасиеттерін бағалауды жүргізу тәртібі
Тармақ 26
26. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалау тестілеу нысанында жүргізіледі.
Тармақ 27
27. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеу олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуді аяқтағаннан кейін жиырма минуттан кешіктірілмей жүргізіледі. Бұл ретте, жеке қасиеттерін бағалау тестілеуіне тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар жіберіледі.
Тармақ 28
28. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген мәндерден төмен емес тестілеу нәтижелерін алған және жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 27-тармағында белгіленген мерзімде келмеген кандидаттар жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуге осы Қағидалардың 7-тармағында белгіленген тәртіпте қатысуға жіберіледі.
Тармақ 29
29. Кандидат осы Қағидалардың 9-қосымшасына сәйкес құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеуден оның өтінішінде көрсеткен құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымының санаты бойынша өтеді.
Тармақ 30
30. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесінде осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады. Кандидаттың жеке қасиеттерін бағалауға тестілеудің нәтижелері бойынша қалыптастырылған қорытындылары тестілеу өткізілген күннен бастап бір жыл ішінде жарамды.
Тарау 4. 4-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
4-тарау. Тестілеу нәтижелеріне шағым жасау тәртібі
Тармақ 31
31. Тестілеуден өту мәндерден төмен тестілеу нәтижелерін алған кандидаттар уәкілетті органның апелляциялық комиссиясына апелляцияға шағымдарын бере алады.
Тармақ 32
32. Тестілеу бағдарламаларында көрсетілген тестілеу мәндерінен төмен нәтиже алған кандидаттардан осы Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысандағы апелляцияға өтініш апелляциялық комиссия төрағасының атына жеке беріледі. Апелляцияға өтініш тестілеуден өткен күннен кейін он күнтізбелік күн ішінде қабылданады және апелляциялық комиссияның отырысында апелляциялық комиссиямен айқындалған кестеге сәйкес қарастыралады. Апелляциялық комиссияның отырысы қажеттілігіне қарай, түскен шағымдардың санына байланысты өткізіледі.
Тармақ 32-1
32-1. Апелляцияға кандидаттан келесі шағымдар қабылданады:
Тармақша 1
1) нақты сұрақтардың қисындығына шағымдану;
Тармақша 2
2) техникалық ақаулықтарға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану;
Тармақша 3
3) тестілеу қағидаларын бұзу туралы актіге шағымдану;
Тармақша 4
4) тестілеудің қалыпты барысына кедергі болған жағдайларға сілтеме жасап, тестілеу нәтижелеріне шағымдану.
Тармақ 32-2
32-2. Апелляциялық комиссияның отырысында апелляцияға шағым берген кандидат дұрыс жауап бермеген тест тапсырмалары мен оның жауап нұсқалары және (немесе) кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне- және аудиожазбалары қарастырылады.
Тармақ 32-3
32-3. Тест тапсырмаларын, сондай-ақ кандидаттың тестілеу рәсімінің бейне және аудиожазбаларын көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) сұрауы бойынша апелляциялық комиссияға береді. Бұл ретте, тест тапсырмалары кандидаттарға танысу үшін ғана беріледі.
Тармақ 33
33. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның шешімдері екі данада жасалуы және осы отырысқа қатысқан апелляциялық комиссияның барлық мүшелерімен қол қойылуға тиіс хаттамалармен рәсімделеді. Апелляциялық комиссияның отырысы хаттамасының екінші данасы көрсетілетін қызметті берушіге жіберіледі және бір жыл ішінде сақталады. Апелляциялық комиссияның шешімі мүшелердің жалпы санының кемiнде 2/3 (үштен екiсi) қатысқан жағдайда құқылы болады. Апелляциялық комиссия кемінде бес мүшеден, соның ішінде төрағадан тұрады.
Тармақ 34
34. Апелляциялық комиссия апелляцияға берілген шағымды қарастыру нәтижесі бойынша апелляция түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде екі шешімнің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) апелляцияны қанағаттандырусыз қалдыру;
Тармақша 2
2) кандидаттың апелляциясын қанағаттандыру және оны тестілеуді қайта тапсыруға жіберу. Кандидаттың апелляциясы қанағаттандырусыз қалдырылған жағдайда оған тестілеуді қайта тапсыруға тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін жол беріледі.
Тарау 5. 5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
5-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің тестілеуден өту мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
Тармақ 35
35. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, көрсетілетін қызметті берушіге беріледі. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды көрсетілетін қызметті беруші адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді. Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы. Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, шағым берілгеннен кейін сотқа дейінгі тәртіппен сотқа жүгінуге жол беріледі.
Тармақ 36
36. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, кандидаттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Басқа 1. Өтініш
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 1-қосымша Өтініш Мені Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің _______ бағдарламасы бойынша және жеке қасиеттерді бағалауға құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің ______ бағдарламасы бойынша тестілеуге жіберуіңізді сұраймын. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. Тестілеу өту мекенжайы: _______________. Тестілеу өтуді қалаған күні: ____________. Тестілеу өтуді қалаған уақыты: _________. «___» ___________________20 __ ж
Басқа 1-1. «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 1-1-қосымша «Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу» мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі 1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы Мемлекеттiк қызметшiлерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу 2 Көрсетілетін қызметті берушінің атауы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшілерді, мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткерлерді, құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тестілеу рәсімдерін техникалық қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды тұлға 3 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері www.egov.kz «электрондық үкiметтің» веб-порталы 4 Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі Тестілеуге өтініш берілген күннен бір күнтізбелік күннен ерте емес және кандидат таңдаған тестілеу күні мен уақытынан кешіктірілмей өткізіледі. 5 Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны Электрондық (толық автоматтандырылған) 6 Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы сертификат, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды немесе осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы анықтама. Мемлекеттік тілді білуге арналған тестілеуге шекті мән белгіленбейді. 7 Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. 8 Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигі 1) көрсетілетін қызметті берушінің - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; 2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету орындарының мекен-жайлары: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында: www.gov.kz 2) порталда www.egov.kz орналастырылған. 9 Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі Кандидат порталға сұрау салуды электрондық цифрлық қолтаңбамен не бір реттік парольмен куәландырылған электрондық құжат нысанында жібереді — бұл ретте кандидаттың ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркеліп, порталдағы жеке кабинетіне байланыстырылған болуы тиіс. 10 Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер 1) кандидаттың соңғы күнтізбелік үш күн ішінде шекті мәннен төмен нәтижемен тестілеуден өтуі; 2) кандидатқа қатысты соңғы алты ай ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшамен бекітілген Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы актінің бар болуы; 3) кандидатқа қатысты соңғы бір жыл ішінде осы Қағидалардың 4-1 қосымшамен бекітілген Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы актінің бар болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы; 5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламасы бойынша қолданыстағы сертификаттың болуы. 11 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып көрсетілетін қызметтерге қойылатын өзге де талаптар Кандидат ЭЦҚ қолдану арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алады. Кандидаттың мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік көрсетілетін қызмет берушінің анықтама қызметі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі «1414», 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
Басқа 2. ҚОЛХАТ
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 2-қосымша ҚОЛХАТ Құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызмет лауазымына орналасуға кандидаттың ________________________________________ (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)) өтініші қабылданды. Тестілеу өту күні: ___________________________________________________ Тестілеу өту уақыты: ________________________________________________ Тестілеу өту мекенжайы: _____________________________________________ Тестілеу бағдарламасы: ______________________________________________ Тестілеу бағдарламасында көзделген құқықтық актілер:___________________ ________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________ Ескертпе: тестiлеуден өту кезiнде шектi мәннен төмен баға алған құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің лауазымына орналасуға кандидаттың лауазымына орналасуға кандидаттар қайта тестілеуді алдыңғы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік үш күннен кем емес мерзімнен кейін өтеді. Апелляциялық комиссиямен кандидаттың апелляциясы қанағаттандырылған жағдайда ол тестілеуді қайта тапсыруға жоғарыда көрсетілген мерзімді сақтаусыз жіберіледі. Мемлекеттік қызмет істері жөнiндегi уәкiлеттi органның автоматтандырылған тестілеуді өтуге тіркеу жүйесімен «электрондық үкімет» порталы арқылы берілді. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 3. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 3-қосымша Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеу бағдарламалары 1) бірінші бағдарлама C-GP-2, C-GP-3, C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-2, C-AGP-3, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-2, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-2, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-1, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-2, C-TP-3, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-2, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SGU-5, C-SGU-7, B-FM-2, B-FM-3, B-FM-4, B-FMО-1, B-FMО-2, B-FMО-3, B-FMО-4 санаттарындағы құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер. Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (135 сұрақ) кем дегенде 95 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 110 минутті құрайды. 2) екінші бағдарлама С-SV-8, С-SV-10, С-SVО-3, С-SVО-5, С-SVО-7, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-5, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, B-FM-5, B-FM-6, B-FMО-5, B-FMО-6 санаттағы құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (15 сұрақ), Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер. Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (105 сұрақ) кем дегенде 63 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды. 3) үшінші бағдарлама C-GP-4, C-GP-5, C-GP-6, C-GP-7, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OGP-7, C-OGP-8, C-RGP-3, C-RGP-4, C-AGP-4, C-AGP-5, C-AGP-6, C-AGP-7, C-AGP-8, C-AGP-9, C-KAGP-3, C-KAGP-4, C-KAGP-5, C-KAGP-6, C-KSGP-3, C-KSGP-4, C-KSGP-5, C-KSGP-6, C-OKSGP-2, C-OKSGP-3, C-OKSGP-4, C-OKSGP-5, C-OKSGP-6, C-OKSGP-7, C-TP-4, C-TP-5, C-TP-6, C-TP-7, C-TP-8, C-RTP-1, C-RTP-3, C-RTP-4, С-SVО-9, С-SVR-8, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SVU-15, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8 санаттағы құқық қорғау қызметі және азаматтық қорғау органдары қызметінің заңгерлік мамандық бойынша тиісті білімнің бар болуын талап етпейтін лауазымдарына арналған және келесіні қамтиды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңын, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Құқық қорғау қызметі туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдарының жəне мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің əдеп кодексін білуге арналған тестілер. Бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (75 сұрақ) кем дегенде 35 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 60 минутті құрайды.
Басқа 4. Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы АКТ
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 4-қосымша Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларын бұзу туралы АКТ 20__ ж. «___» ____ сағат _____ мин. Тестілеу операторы ______________________________________________________ (оператордың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Кандидаттың ____________________________________ ЖСН __________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының 16-тармағын бұзу фактісі анықталды: ___________________________________________ ____________________________________________________________________________ (Ереже бұзудың қысқаша сипаты) Тестілеу операторының қолы:______________________________________________ Актімен таныстым:_______________________________________________________ (жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)). Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба. _____________________________________________________________________________ (жоғарыда аталған бұзушылыққа жол берген кандидаттың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Басқа 4-1. Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 4-1-қосымша Тестілеу кезінде жалған адамды анықтау туралы акті _________қаласы "____" ____ 20___ ж. __ сағ.. _ мин. ________________________________________ тестілеу операторымен (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) азамат _______________________________ЖСН________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) орнына азамат _____________________________ЖСН___________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тестілеуді тапсыру әрекеті дерегі анықталды. Тестілеу операторының қолы: _____________________________________ Актімен таныстым: _______________________________________________ (жоғарыда көрсетілген бұзушылыққа жол берген азаматтың тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) Жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқан жағдайда – тиісті жазба_______ __________________________________________________________________ (жоғарыда аталған Ереже бұзушылыққа жол берген азаматтың осы актіге қол қоюдан бас тартқанын растайтын басқа адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), ЖСН)
Басқа 5. Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 5-қосымша Нысан Тестілеу рәсімін тоқтату туралы акті Күні ____________ж. қала_________________ Біз, төменде қол қойғандар, тестілеу рәсімін тоқтату туралы осы актіні 20__ жылғы «___» __________ ___ сағ. ___мин. байланыс ақауының компьютерлік техника ақауының тоқ қуаты ақауының өзге де себептің салдарынан жасадық. Тестілеуді тоқтату себебі бойынша қосымша ақпарат:___________________ _________________________________________________________________ Тестілеу келесі адамдарға қатысты тоқтатылды: 1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) ЖСН Қолы Тестілеу залы операторның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) мен қолы:
Басқа 6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы СЕРТИФИКАТ
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 6-қосымша Нысан Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден өту туралы СЕРТИФИКАТ ________________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден ______________ қаласында _____ бағдарлама бойынша «___» _____________20 __ ж. өткенін растайды. Фото* Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Сертификаттың қолданылу мерзімі тестілеу өткен күннен бастап бір жыл болып табылады. Осы сертификат құқық қорғау қызметінің_______________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________ санаттарына жарамды. Тестілеу операторының қолы: _________________________________ «___» ___________________ 20 __ ж. М.О.
Басқа 7. Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 7-қосымша Тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы АНЫҚТАМА ___________________________________________________ (кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мен заңнамасын білуге арналған тестілеуден _________________ қаласында «___» ____________ 20____ж. _____ бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндерінен төмен нәтижелерімен тестілеуден өткені туралы берілді. Тест атауы Тестілеу сұрақтарының/ тапсырмалардың саны Тестілеуді өту мәні Дұрыс жауаптардың саны ҚОРЫТЫНДЫ Осы кандидат қайта тестілеуді осы тестілеу өткізілген күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кем емес мерзімнен кейін өте алады. Тестілеу операторының қолы: __________________________________ «___» ___________________ 20 __ ж. М.О.
Басқа 8
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 8-қосымша
Басқа 9. Құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 9-қосымша Құқық қорғау қызметінің және азаматтық қорғау органдары қызметінің лауазымдарына орналасуға кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламалары Құқық қорғау қызметі мен азаматтық қорғау органдарындағы лауазымдарға орналасуға үміткер кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу екі бағдарламадан тұрады:
Тармақша 1
1) бірінші бағдарлама C-GP-1, C-AGP-1, C-KGP-1, C-GP-2, C-AGP-2, C-KGP-2, C-GP-3, C-AGP-3, C-KGP-3, C-GP-4, C-AGP-4, C-OGP-2, C-OGP-3, C-OGP-4, C-OGP-5, C-OGP-6, C-OKGP-1, C-OKGP-2, C-OKGP-3, C-OKGP-4, C-OKGP-5, C-RGP-1, C-RGP-2, C-RGP-3, B-FM-2, B-FM-3, B-FM -4, B-FMO-1, B-FMО-2, B-FMО-3, B-FMО-4 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), стратегиялық ойлану (12 тапсырма), көшбасшылық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер; Бірінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 90 минутті құрайды. Бірінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 2 балл, талдамалық - 2,5 балл, ұйымдасқандық - 2,5 балл, стратегиялық ойлану - 2,5 балл, көшбасшылық - 2,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1,5 балл, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік - 2 балл.
Тармақша 2
2) екінші бағдарлама C-KGP-4, C-GP-5, C-AGP-5, C-KGP-5, C-GP-6, C-AGP-6, C-OKGP-6, C-GP-7, C-AGP-7, C-OGP-7, C-OKGP-7, C-AGP-8, C-OGP-8, C-RGP-4, C-RGP-5, С-SVО-8, С-SVR-7, C-SVU-8, C-SVU-9, C-SVU-10, C-SVU-12, C-SVU-13, C-SVU-14, C-SGU-5, C-SGU-7, C-SGU-8, C-SGU-11, C-SGU-12, С-SV-10, С-SVО-9, С-SVR-4, С-SVR-8, C-SVU-15, C-SGU-13, C-SSP-7, C-SSP-8, C-SN-5, C-SN-7, C-SN-8, B-FM-5, B-FM-6, B-FMО-5, B-FMО-6 санаттарына арналған және келесіні қамтиды: бастамашылық (12 тапсырма), коммуникативтілік (12 тапсырма), талдамалық (12 тапсырма), ұйымдасқандық (12 тапсырма), әдептілік (12 тапсырма), сапаға бағдарлану (12 тапсырма), тұтынушыға бағдарлану (12 тапсырма), сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік (12 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тестілер; Екінші бағдарлама бойынша тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 75 минутті құрайды. Екінші бағдарлама үшін мүмкін болатын 4 (төрт) баллдан қатерлі аймақ: бастамашылық - 1,5 балл, коммуникативтілік - 1,5 балл, сараптамалық - 2 балл, ұйымдасқандық - 1,5 балл, әдептілік - 1,5 балл, сапаға бағдарлану - 1,5 балл, тұтынушыға бағдарлану - 1 балл, жемқорлыққа шыдамау - 2 балл
Басқа 10. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 10-қосымша Нысан Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу нәтижесі бойынша қорытынды Тестіленушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда):___ Тестілеу күні мен уақыты:________________________ Қатерлі аймақ – бұл үміттенген лауазымда қызмет ету үшін жеке қасиеттерін көрсету деңгейінің жеткіліксіздігінің сипаттамасы. Қорытынды қолданылу мерзімі жеке қасиеттерді бағалауды өткен күннен бастап бір жыл болып табылады. Тестілеу операторының қолы: __________________________________ М.О. «___» ___________________ 20 __ ж.
Басқа 11. Өтініш
Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларына 11-қосымша Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның апелляциялық комиссиясының төрағасына __________________________________ (Кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) __________________________________ (Кандидаттың ЖСН) тел. ______________________________ эл. мекен-жайы ____________________ Өтініш _________________ __________________ қ. өткен Қазақстан Республикасының (тестілеу күнін көрсету) заңнамасын білуге арналған тестілеу нәтижелері бойынша шағымдануға рұқсат беруді сұраймын. Тестілеу нәтижелеріне шағым беру талабымның мәні: _____________________ _________________________________________________________________________ Құқық қорғау қызметіне және азаматтық қорғау органдарындағы қызметке кіретін азаматтарды тесттен өткізуді ұйымдастыру, бағдарламалары және қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, келісемін және оларды орындауға міндеттенемін. «___» _______________ 20__ж.