Об определение размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов индивидуальному учебному плану в Т.Рыскуловском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.03.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Т.Рысқұлов ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
Тармақша 1
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алуды «Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі.
Тармақша 2
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі – алушы) беріледі.
Тармақша 3
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін келесі құжаттарды ұсынады: өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі - Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы; «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтамасы; банктегі шоттың нөмірі болуы туралы құжат; Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік-мәдени даму, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.