Об определении размера и порядка возмещения затрат на обучение на дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану в Шуском районе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Шу ауданында мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу мөлшерін және тәртібін айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңының 16-бабының 4 тармақшасына сәйкес, Шу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балалардың ата-аналарының және өзге де заңды өкілдерінің жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тоқсан сайын алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалсын.
Тармақ 2
2. Келесі тәртіп айқындалсын:
Тармақша 1
1) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу «Шу ауданы әкімдігінін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен жергілікті бюджет есебінен жүргізіледі;
Тармақша 2
2) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу кемтар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне (бұдан әрі - алушы) беріледі;
Тармақша 3
3) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы келесі құжаттарды ұсынады: өтініш, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министірінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11342 болып тіркелген) (бұдан әрі – Стандарт) 1- қосымшасына сәйкес нысан бойынша; көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат; психологиялық – медициналық – педагогикалық консультацияның қорытындысы; «Медициналық - әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10589 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама; банктегі шоттың болу туралы құжат; Стандарттың 2 қосымшасына сәйкес нысан бойынша мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау Шу аудандық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени саланы, денсаулық сақтау, білім, қоғамдық және жастар ұйымдарымен байланысты дамыту, қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.