Вопросы Министерства энергетики, индустрии и торговли Республики Казахстан Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.05.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi 📌 Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.05.1999 № 657 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқаруды одан әрi жетiлдiру туралы" 1998 жылғы 21 мамырдағы N 3958 және "Мемлекеттiк басқару органдарын одан әрi оңтайландыру жөнiнденi шаралар туралы" 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3988 Жарлықтарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ереже бекiтiлсiн (1-қосымша).
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгінiң құрылымы бекiтiлсiн (2-қосымша).
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiне 4, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министр, 15 адамнан тұратын алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
Тармақ 4
4. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн (3-қосымша).
Тармақ 5
5. Мыналарға:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiне, Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi департаментiне, Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң, Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi департаментiнiң, Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң жедел басқаруында болған мүлiкке жедел басқару құқығы;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитетiне Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнен берiлетiн мүлiкке жедел басқару құқығы бекiтiлсiн.
Тармақ 6
6. Мыналар:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң орталық аппараттары санын 128 адамға қысқарту, жоғарыда айтылғандарға сәйкес заңды тұлғалар құқығындағы комитеттердiң, департаменттердiң штаттық санының Министрлiкке берiлу есебiнен Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң штат саны 468 адам;
Тармақша 2
2) қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi 25 болып белгiленсiн.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын шығарған актiлерiн осы қаулыға сәйкес келтiру туралы ұсыныс енгiзсiн. 8. "Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 22 қарашадағы N 1642 қаулысының 1, 2, 3, 4-тармақтарының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 41, 470-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Басқа 12. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 686 қаулысына 1-қосымша Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi туралы ЕРЕЖЕ Миссиясы Қазақстан Республикасында тиiмдi, бәсекеге қабiлеттi өндiрiс құру, ұлттық өндiрушiлердiң дамуына, сондай-ақ олардың мүдделерiн қорғауға жәрдемдесу.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) энергетика, индустрия, сауда саласында мемлекеттiк саясатты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi әзiрлеудi және iске асыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Министрлiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте орталық атқарушы органдарды ұстау үшiн көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Министрлiк қызметкерлерiнiң санын, құрылымы мен еңбекақы төлеу қорын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Тармақ 5
5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, оның банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.
Тарау 2. 2. Қызметiнiң басымдықтары
2. Қызметiнiң басымдықтары
Тармақ 6
6. Министрлiк қызметiнiң басымдықтары мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) отын-энергетика ресурстарын ұтымды пайдалану;
Тармақша 2
2) индустриалды, сауда және тұрғын үй саясатын әзiрлеу және оны жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) инвестициялық процестердi жандандыру;
Тармақша 4
4) экспортқа бағдарланған технологиялық жағынан байланысты өнеркәсiптiк кешендер құру;
Тармақша 5
5) диверсификацияланған өндiрiс құру.
Тарау 3. 3. Министрлiктiң мiндеттерi
3. Министрлiктiң мiндеттерi
Тармақ 7
7. Министрлiктiң мiндеттерi мыналар болып табылады:
Тармақша 1
1) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының қысқа мерзiмдi, орта мерзiмдi кезеңдерiне арналған жоспарлары мен болжамдарын әзiрлеу;
Тармақша 2
2) әлеуметтiк-экономикалық реформаларды iске асыруды жүзеге асыру және үйлестiру;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк сыртқы экономикалық және сауда саясатын әзiрлеу және оны iске асыру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп ұйымдарға қарымды инвесторларды iздеудi және тартуды жүзеге асыруға жәрдемдесу және инвестициялық жобаларды iске асыруды қамтамасыз ету;
Тармақша 5
5) өз құзыретiнiң шектерiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң мониторингi;
Тармақша 6
6) ресурстық және технологиялық базаны қайта құру негiзiнде отын-энергетика кешенiн, өнеркәсiп пен құрылыс салаларын дамыту, осы салалардағы ұйымдарды реформалау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру, шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi қайта құрылымдау жөнiнде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 7
7) тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiн қолдана отырып, сыртқы-экономикалық қызметтi реттеу;
Тармақша 8
8) мемлекеттiк мұқтаждықтар үшiн конкурстар ұйымдастыру және оларды өткiзу, сондай-ақ конкурстық құжаттаманы әзiрлеу;
Тармақша 9
9) стандарттау, метрология және сертификаттау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасының бiрыңғай патент жүйесiн басқару;
Тармақша 11
11) этил спиртi мен алкогольдi өнiм өндiрiсi мен айналымына бақылау жасау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу;
Тармақша 12
12) авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау саласында мемлекеттiк саясат жүргiзу;;
Тармақша 13
13) мемлекеттiк материалдық резервтердi басқару;
Тармақша 14
14) мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп экспорттық бақылау саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзуге қатысу;
Тармақша 15
15) шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жұмыс iстеу мәселелерi жөнiнде нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу.
Тарау 4. 4. Министрлiктiң функциялары
4. Министрлiктiң функциялары
Тармақ 8
8. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
Тармақша 1
1) Министрлiктiң құрылымына кiретiн мемлекеттiк органдардың ағымдағы, қысқа және орта мерзiмдi жоспарларды әзiрлеуiн үйлестiредi және олардың iске асырылуын бақылайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарымен өзара iс-қимыл жасайды;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы экономикасының жай-күйiн, оның дамуын және дүниежүзiлiк эконономиканың даму тенденцияларын талдайды және болжайды;
Тармақша 4
4) инфрақұрылымды дамытудың және өнеркәсiптiк өндiрiстi диверсификациялаудың негiзгi бағыттарын әзiрлеудi үйлестiредi;
Тармақша 5
5) елдiң отын-энергетикалық және индустриалды кешендерiн, құрылысты дамытудың стратегиялық жоспарларын әзiрлейдi;
Тармақша 6
6) елдiң энергетикалық қауiпсiздiгi стратегиясын әзiрлейдi және оны iске асырады;
Тармақша 7
7) көмiрсутегi шикiзатының қорларын ұтымды және тиiмдi пайдалануға мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыруға қатысады;
Тармақша 8
8) кен орындарын игеру жөнiндегi орталық комиссияның жұмысын ұйымдастырады;
Тармақша 9
9) мемлекеттiк тұрғын үй саясатын iске асырудың тетiгiн жетiлдiру жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
Тармақша 10
10) аймақтардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын талдайды және оларды дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысады;
Тармақша 11
11) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарттарға техникалық-экономикалық сараптама жүргiзедi;
Тармақша 12
12) халықаралық, мемлекетаралық және мемлекеттiк стандарттарды, өлшемдердiң сертификаты мен бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi және бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 13
13) өнертабысқа, өнеркәсiптiк үлгiлерге - патенттердi беруге арналған өтiнiмдердi және тауар таңбаларына, қызмет көрсету таңбаларына арналған және тауардың шыққан жерiнiң атауын пайдалану құқығына арналған куәлiктердi тiркейдi, қазақстандық және шетелдiк өтiнiмдерге мемлекеттiк сараптама жүргiзудi ұйымдастырады және қорғану құжаттарын бередi;
Тармақша 14
14) халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдарының қызметiне Қазақстанның қатысуына байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының саясатын қалыптастыруға қатысады және оны iске асырады, шет елдермен экономикалық қарым-қатынастар жөнiнде ұсыныстар дайындауға қатысады;
Тармақша 15
15) мемлекеттiк және жұмылдыру резервтерiн қалыптастыру, сақтау және пайдалану тұрғысында салааралық үйлестiрудi және ведомстволық бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 16
16) Қаржы министрлiгiмен бiрлесе отырып мемлекеттiк меншiк объектiлерiн сенiмгерлiк басқаруға, концессияға, жалға, лизингке беруге арналған келiсiм-шарттар бойынша шарттардың орындалуына бақылау жасауға қатысады;
Тармақша 17
17) Қаржы Министрлiгiмен бiрлесе отырып шаруашылық серiктестiктердегi мемлекеттiк үлестерге дивидендтердiң дұрыс есептелуiн бақылау жасайды;
Тармақша 18
18) энергетиканы, индустрия мен құрылыс салаларын дамыту бағдарламаларының iске асырылуына бақылауды және Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiп саясатын жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады;
Тармақша 19
19) отын-энергетика балансын әзiрлейдi және оның iске асырылуын қамтамасыз етедi;
Тармақша 20
20) басқарылатын салалардағы ұйымдардың қызметiн талдауды жүзеге асырады, сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы коньюктураны зерттейдi;
Тармақша 21
21) этил спиртi мен алкогольдi өнiм өндiретiн ұйымдар өнiмнiң сапасына бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 22
22) энергия үнемдеу, энергияның қайта жаңартылатын және дәстүрлi емес көздерiн пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу мен iске асыруды ұйымдастырады;
Тармақша 23
23) өз құзыретiне жатқызылған қызмет түрлерiн лицензиялауды және оларға бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 24
24) толлингтiк операцияларды жүргiзудiң орындылығына экономикалық және технологиялық сараптама жасайды;
Тармақша 25
25) қымбат металдар бойынша жиынтық орындау балансын дайындайды, меншiк нысанына қарамастан кәсiпорындардың орындау баланстарын бекiтедi;
Тармақша 26
26) жылу-энергетика ресурстарын үнемдеу, құрылыс материалдары өнеркәсiбiнде жаңа технологияларды енгiзу және құрылыстың өндiрiстiк базасын құрылымдық қайта құруды қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты үйлестiредi;
Тармақша 27
27) құрылыс сапасына мемлекеттiк бақылауды, сәулет-қала құрылысын салу қызметi саласындағы мемлекеттiк нормалардың, ережелер мен стандарттардың, басқа да мiндеттi талаптардың сақталуын ұйымдастырады;
Тармақша 28
28) ведомстволық сараптама жүргiзудi, құрылыс пен қайта жаңарту жобаларын, құрылыстың техникалық-экономикалық негiздемелерiн, құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкцияларға арналған техникалық шарттарды келiсудi және бекiтудi ұйымдастырады;
Тармақша 29
29) сәулет және қала құрылысының жергiлiктi органдарымен бiрлесе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау мен салудың нормалары мен ережелерiнiң сақталуына бақылау жасауды, реттеудiң ерекше режимдi аумақтарын пайдалануды, тарихи қала құрылысын салу мұраларын сақтауды жүзеге асырады;
Тармақша 30
30) мемлекеттiк сатып алуларды үйлестiредi және бақылайды;
Тармақша 31
31) өз қызметiнiң аясында заңдарды қолдану тәжiрибесiн талдайды және қорытады, оны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi, заң және басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын дайындауға қатысады, оларды Үкiметтiң қарауына енгiзедi;
Тармақша 32
32) өз құзыретiнiң шегiнде Қазақстан Республикасының және басқа да елдердiң ұйымдарымен келiссөздер жүргiзедi және келiсiмдер жасасады;
Тармақша 33
33) энергетика, индустрия және сауда саласындағы мемлекеттiк (қазыналық) кәсiпорындарды басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган болып табылады;
Тармақша 34
34) Министрлiктiң қызметiне байланысты жұмыстарды жүргiзуге қатысу үшiн тәуелсiз сарапшыларды, аудиторларды және консультанттарды тартады;
Тармақша 35
35) Үкiметтiң тапсыруы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;
Тармақша 36
36) қару-жарақтың, әскери техникалардың, екiұдай мақсаттағы өнiмдердiң және өнiмдердiң (қызмет көрсетулердiң) Үкiметтiң шешiмдерiмен көзделген басқа да түрлерiнiң экспортына бақылау жасауды жүзеге асырады;
Тармақша 37
37) Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 5. 5. Министрлiктiң құқықтары
5. Министрлiктiң құқықтары
Тармақ 9
9. Министрлiк өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру және мiндеттемелерiн орындау кезiнде мыналарға:
Тармақша 1
1) мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан заңдарда белгiленген тәртiппен Министрлiк қызметiнiң аясына қатысты ақпараттарды сұратуға және алуға;
Тармақша 2
2) мемлекеттiк органдардың дамудың ағымдағы, орта және қысқа мерзiмдi жоспарларын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
Тармақша 3
3) мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдарға аталған жоспарларды жүзеге асыруға кедергi болатын олар қабылдаған актiлердiң күшiн жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шектерiнде Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерiне атқарылуға мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
Тармақша 5
5) өз құзыретiнiң шектерiнде халықаралық шарттар жасасуға, шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен, және шетел заңды тұлғаларымен келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
Тармақша 6
6) басқа мемлекеттiк органдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
Тармақша 7
7) мүдделi орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен жасасатын экономикалық шарттары мен келiсiмдерi бойынша ұсыныстар енгiзуге;
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және басқа да мемлекеттiк органдармен бiрлесiп банкроттықтың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттiк қатысуы бар шаруашылық серiктестiктердi қайта ұйымдастыру және қайта құрылымдау жөнiндегi шараларды әзiрлеуге және оларды iске асыру жөнiндегi шараларға қатысуға;
Тармақша 9
9) қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялаудың мемлекеттiк бағдарламасын iске асыруға қатысуға;
Тармақша 10
10) бәсекеге қабiлеттiлiктi бағалауға және отандық тауар өндiрушiлердiң өнiмдерiн iшкi және сыртқы рыноктарға шығару жөнiнде мемлекеттiк қолдауды қамтамасыз етуге, импортты алмастыруды дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге, тауарлық дайындығы жоғары өнiмдердi шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстердi құруға көмек көрсетуге;
Тармақша 11
11) Үкiмет шешiмiн талап ететiн ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерi бойынша ұсыныстар енгiзуге құқылы.
Тарау 6. 6. Министрлiктiң және оның лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi
6. Министрлiктiң және оның лауазымды адамдарының жауапкершiлiгi
Тармақ 10
10. Министрлiк өз комиссиясының, Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен функциялардың уақтылы және сапалы орындалуы үшiн жауап бередi.
Тармақ 11
11. Министр Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы үшiн жеке жауап бередi.
Тармақ 12
12. Министрлiктiң құрылымына кiретiн департаменттердiң, комитеттердiң, агенттiктiң, ұйымдардың оларға жүктелген мiндеттердiң орындалуы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн олардың басшылары жеке жауап бередi.
Тармақ 13
13. Министрлiктiң қызметкерлерi тәртiптiк жағымсыз әрекет жасағаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдар белгiлеген тәртiпте жауап бередi.
Тарау 7. 7. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
7. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру
Тармақ 14
14. Министрлiктi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады.
Тармақ 15
15. Министрдiң төрт орынбасары - вице-министрi, оның iшiнде бiр бiрiншi вице-министрi болады, оларды Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 16
16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, оның жүйесiне кiретiн департаменттердiң, комитеттердiң, агенттiктiң, ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Министр:
Тармақша 1
1) вице-министрлердiң арасындағы мiндеттердi бөледi, департаменттер директорларының, комитеттер, агенттiк төрағаларының және Министрлiктiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) Министрлiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Министрлiктi барлық мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
Тармақша 4
4) заңды тұлға мәртебесiндегi құрылымдық бөлiмшелердi қоспағанда, министрлiктiң қызметiн қамтамасыз ететiн бөлiмшелердiң құрылымы мен олар туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 5
5) белгiленген сан шектерiнде Министрлiк орталық аппаратының штат кестесiн, заңды тұлға құқығындағы комитеттердiң, агенттiктердiң, департаменттердiң штат санын бекiтедi;
Тармақша 6
6) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 18
18. Министрлiкте құрамында Министр, оның орынбасарлары (вице-министрлер), комитеттердiң, агенттiктiң, департаменттердiң жекелеген басшылары бар алқа құрылады. Алқаның құрамына өзге де адамдар ене алады.
Тармақ 19
19. Алқаның сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқа шешiмдерi Министрдiң бұйрықтарымен iске асырылады. Алқа мүшелерi арасында дауыстар тең болған жағдайда шешiмдi Алқа төрағасы қабылдайды.
Тармақ 20
20. Алқаның жеке құрамын Министр бекiтедi.
Тармақ 21
21. Министрлiк өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн тұрақты жұмыс iстейтiн әдiстемелiк (методологиялық) кеңестер мен уақытша жұмыс топтарын құра алады, оның құрамына министрлiктер мен ведомстволардың, басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың өкiлдерi, сондай-ақ жеке ғалымдар мен мамандар енгiзiледi.
Тармақ 22
22. Министрлiк өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен, ресiмделедi.
Тармақ 23
23. Комитеттiң басшысы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады, Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi.
Тармақ 24
24. Комитет басшысы осы мақсаттарда:
Тармақша 1
1) өз орынбасарларының және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының мiндеттерi мен жауаптылық дәрежелерiн белгiлейдi;
Тармақша 2
2) Министр бекiтетiн лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
Тармақша 3
3) тәртiптiк жаза қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыретiнiң шектерiнде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекiтедi;
Тармақша 6
6) өз құзыретiнiң шектерiнде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес Комитеттi мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;
Тармақша 7
7) өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
Тармақ 25
25. Комитеттердi, агенттiктi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Министрлiктi ұстауға көзделген қаржының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың алатын басқа да қаражатының есебiнен жүзеге асырылады.
Басқа 126. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылымы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 686 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң құрылымы - Басшылық - Электр энергетикасы және қатты отын департаментi - Мұнай және газ департаментi - Өнеркәсiп департаментi - Экономикалық талдау және инвестициялық саясат департаментi - Сыртқы экономикалық саясат департаментi - Сауда департаментi - Жұмысты ұйымдастыру жөнiндегi департамент - Қаржы және бухгалтерлiк есеп басқармасы - Экономикалық жоспарлау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) - Тұрғын үй және құрылыс саясаты жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) - Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) - Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) - Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитет (заңды тұлға құқығында) - Мемлекеттiк сатып алулар жөнiндегi департамент (заңды тұлға құқығында) - Авторлық құқықтар жөнiндегi агенттiк (заңды тұлға құқығында) - Экспорттық бақылау және лицензиялау департаментi (заңды тұлға құқығында) - Ресей Федерациясының Мәскеу қаласындағы Өкiлдiгi 📌 Ескерту. 2-қосымша толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1998.11.11. N 1150 қаулысымен.
Басқа 127. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың ТIЗБЕСI
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 22 шiлдедегi N 686 қаулысына 3-қосымша Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң қарауындағы мекемелердiң, ұйымдар мен кәсiпорындардың ТIЗБЕСI - Облыстық экономика басқармалары, Астана, Алматы қалаларының экономика басқармалары - Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi комитеттерiнiң, департаменттерiнiң, агенттiгiнiң аумақтық органдары және комитеттердiң, департаменттердiң, агенттiктiң ведомстволық бағынысындағы ұйымдар - "Экономикалық зерттеулер институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) - Республикалық "Мемэнергияқадағалау" - Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң оқу орталығы (Алматы қаласы) - Мұнай және газ өнеркәсiбiнiң бас диспетчерлiк басқармасы - "Өндiрiстiк-пайдалану басқармасы" мемлекеттiк кәсiпорны (Астана қаласы) 📌 Ескерту. Тізбе өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.04.27. N 488 қаулысымен.