О реорганизации республиканского государственного учреждения "Национальная картинная галерея "Астана" Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации республиканского государственного учреждения "Национальная картинная галерея "Астана" Министерства культуры и спорта Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Астана" ұлттық сурет галереясы" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 690
- Қабылданған күні
- 10.11.2016
- Көрсетілген редакция
- 04.10.2023 107527_659159.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1600000690
- ЭКБ идентификаторы
- 107527
- Редакция идентификаторы
- 107527_659159
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:19
0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің
«Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік
мекемесін қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесі қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Бейбітшілік және келісім музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы;
2 2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы мәдениет саласындағы қызмет болып белгіленсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды;
2 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
3 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1
1) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
3-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «3534» деген сандар «3265» деген сандармен ауыстырылсын;
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде»: деген жолдағы «3248» деген сандар «2979» деген сандармен ауыстырылсын;
13) тармақша алып тасталсын;