Об утверждении схемы и порядка перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Урджарского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген) сәйкес, Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртібі осы қаулының 1, 2 қосымшаларына сай бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
Үржар ауданы әкімдігінің «28 » қыркүйек 2016 жылғы № 489 қаулысына № 1-қосымша Үржар ауданындағы шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы № Тура бағыт Кері бағыт 1 Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Алтыншоқы ауылының «Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Текебұлақ елді мекені. Аялдама: Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Текебұлақ елді мекені. Үржар ауданы Алтыншоқы ауылдық округінің Алтыншоқы ауылының «Алтыншоқы орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң; 2 Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылының «Қаракөл орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Абай елді мекені. Аялдама: Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Абай елді мекені. Үржар ауданы Қарақол ауылдық округінің Қарақол ауылының, «Қаракөл орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң; 3 Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Келдімұрат ауылының«Благодарное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Қызылжұлдыз елді мекені Аялдама: Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Қызылжұлдыз елді мекені Үржар ауданы Келдімұрат ауылдық округінің Келдімұрат ауылының «Благодарное орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алдындағы алаң; 4 Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің Жанай ауылының «Жанай орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Аманкелді елді мекені. Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Аманкелді елді мекені. Үржар ауданы Егінсу ауылдық округінің Жанай ауылының, «Жанай орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50метр қашықтықтағы алаң; 5 Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Науалы ауылының «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Малақ елді мекені. Аялдама: Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Малақ елді мекені. Үржар ауданы Науалы ауылдық округінің Науалы ауылының «Қойшыбай Төлеубеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50метр қашықтықтағы алаң; 6 Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылының «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Қарамойыл елді мекені. Аялдама: Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Қарамойыл елді мекені. Үржар ауданы Ақжар ауылдық округінің Ақжар ауылының «Б.Тұрлыханов атындағы орта мектебі-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50 метр қашықтықтағы алаң; 7 Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің Жаңа тілек ауылының «Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік меке-месінен 50 метр қашықтықтағы алаң; Аялдама: Үржар ауданы Тасарық ауылдық округінің Тасарық елді мекені. Аялдама: Үржар ауданы Тасарық ауылдық округінің Тасарық елді мекені. Үржар ауданы Жаңа тілек ауылдық округінің Жаңа тілек ауылының «Әуезов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 50метр қашықтықтағы алаң.
Басқа 5. Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі
Үржар ауданы әкімдігінің «28» қыркүйек 2016 жылғы № 489 қаулысына № 2-қосымша Үржар ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібі 1. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 1
1. Балаларды тасымалдау жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау заңнамасының талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдаушы (бұдан әрі – Тасымалдаушы) жолаушылар мен багажды тасымалдауға заңнаманың талаптарын сақтаумен өзіне тиесілі автобустарды, шағын автобустарды тасымалдау үшін пайдаланатын білім беру ұйымы болып табылады.
Тармақ 3
3. Тасымалдаушы тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешімді ресімдейді, онда жүргізушінің, еріп жүрушілердің міндеттерін, жүру маршрутын және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар регламенттелінеді.
Тармақ 4
4. Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда Тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тасымалданатын балаларға дереу хабарлауға тиiс.
Тармақ 5
5. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс.
Тармақ 6
6. Тасымалдаушы балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа өз қызметкерлерінің санынан алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету әдiстерi бойынша дайындықтан және балаларды автобуспен тасымалдау кезінде қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқамадан өткен жауапты еріп жүруші адамдарды белгiлейдi.
Тармақ 7
7. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
Тармақ 8
8. Балаларды тасымалдау үшiн мынадай жүргiзушiлерге рұқсат етiледi:
Тармақша 1
1) жасы жиырма бес жастан кем емес, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және жүргiзушiнiң бес жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 2
2) автобустың жүргiзушiсi ретiндегi кемiнде соңғы үш жыл үздiксiз жұмыс өтiлi бар;
Тармақша 3
3) соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалысы ережесiн өрескел бұзбаған.
Тармақ 9
9. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
Тармақша 6
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
Тармақ 10
10. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.
Тармақ 11
11. Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан шығуына және жүру бөлiгiнде болуына жол бермейдi.
Тармақ 12
12. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
Тармақ 13
13. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде және аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
Тармақ 14
14. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiлердің басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Тармақ 15
15. Сапар кезiнде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) салонда тұруына және жүруiне;
Тармақша 2
2) есiктер мен терезелерге жантаюына;
Тармақша 3
3) жоғарғы сөрелерге ауыр және орнықсыз заттарды қоюына;
Тармақша 4
4) қол жүгiн өту жолдарына және кiреберiстегi (шыға берiстегi) алаңдарда орналастыруына;
Тармақша 5
5) терезе ойықтарынан бастарын шығаруына;
Тармақша 6
6) терезеден қоқысты және қандай болса да өзге заттарды тастауға;
Тармақша 7
7) жазатайым жағдайдың алдын алуға бағытталған жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiретiн ахуал туралы хабарламалардан басқа жүргiзушiнi көлiк құралын басқарудан алаңдатуына;
Тармақша 8
8) жолаушылардың денсаулығы мен өмiрiне қауiп төндiрмейтiн жағдайларда авариялық жабдықтарды пайдалануына;
Тармақша 9
9) есiктердi ашуына;
Тармақша 10
10) төбелесуiне, итерiсуiне, қимыл ойындарын ойнауға;
Тармақша 11
11) шылым шегуге, сiрiңке, оттық жағуға;
Тармақша 12
12) спирттiк iшiмдiктердi iшуiне, есiрткi, психотропты және улы заттарды қабылдауына жол бермейдi.
Тармақ 16
16. Тұрақтау (аялдау) кезiнде балаларды автобустан шығару алдыңғы есiк арқылы жүзеге асырылады. Автобустан бiрiншi болып ерiп жүрушi шығады. Тұрақтау (аялдау) кезiнде ерiп жүрушi автобустың алдыңғы бөлiгiнде тұруы және балалардың түсуiн және содан кейiн балалардың жолдың жүру бөлiгiне жүгiрiп шықпауын бақылау қажет.
Тармақ 17
17. Автобустан шыққанда әрбiр бала жеке заттарын бiр қолымен көтерiп, ал екiншi қолымен баспалдақтардан түскенде тұтқадан ұстауы тиiс. Тепе-теңдiктi жоғалтпау және өзге жолаушыларды жарақаттандырмау үшiн иықпен көтерiп жүретiн рюкзактар мен сөмкелердi оқушылар иықтан шешiп, қолдарына алулары тиiс.
Тармақ 18
18. Түсiрген кезде ерiп жүрушiлер балалардың:
Тармақша 1
1) есiкке қарай қозғалғанда төбелесуiне, итерiсуiне;
Тармақша 2
2) баспалдақтардан секiруiне;
Тармақша 3
3) көлiк құралын жолдың жүргiншi бөлiгiнен айналып өтуiне, оған шығуына;
Тармақша 4
4) жүргiншi бөлiктiң маңында қимыл ойындар ойнауына жол бермейдi.
Тармақ 19
19. Түсiргеннен кейiн ерiп жүрушiлер:
Тармақша 1
1) жеткiзу орнына келген балаларды санап шығуға;
Тармақша 2
2) ұйымдасқан түрде оларды түсiру орнынан және автобустардың тұрақтау алаңшаларынан ерiп жүру;
Тармақша 3. 2. Қорытынды ережелер
3) түсiру орнынан жаяу жүрген кезде олардың Жол жүру ережесiмен жаяу жүргiншiлерге қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етедi. 2. Қорытынды ережелер
Тармақ 20
20. Қаланың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдау бойынша осы тәртіппен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі.