Об утверждении Правил выдачи служебного удостоверения Ревизионной комиссии по Алматинской области и его писания Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының әкімшілік – құқықтық бөлімінің басшысы Есенаманов Қуаныш Бекмұратұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет - ресурста және Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының интернет - ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының аппарат басшысы Авдуғалиев Руслан Асқарұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2016 жылғы «11» қазан № 03-17/39 қаулысымен бекітілді Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасы (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру тәртібін және оның сипаттамасын анықтайды.
Тармақ 2
2. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік лауазымы мен лауазымдық өкілеттіктерін растайтын құжат болып табылатын қызметтік куәлік (бұдан әрі - куәлік) беріледі.
Тарау 2. 2. Куәлікті беру тәртібі
2. Куәлікті беру тәртібі
Тармақ 3
3. Куәліктері Тексеру комиссиясының қызметкерлеріне үш жыл мерзімге белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Тексеру комиссиясы төрағасы мен мүшелеріне – Алматы облыстық мәслихаты хатшысының;
Тармақша 2
2) Тексеру комиссиясының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметкерлеріне – Тексеру комиссиясы төрағасының қолтаңбасымен беріледі.
Тармақ 4
4. Куәлік лауазымға тағайындалған, ауыстырылған (қайта тағайындалған), бүлінген, жоғалған, алдындағы берілген куәліктің қолдану мерзімі өткен кезде беріледі.
Тармақ 5
5. Атқарып отырған лауазымынан босатылған, қызметтен шығарылған, ауыстырылған (қайта тағайындалған) кезде, қызметкерлер тиісті бұйрықтың шыққан күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде куәлікті персоналды басқару қызметіне тапсырады.
Тармақ 6
6. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәліктерді беру және қайтару журналында жүзеге асырылады.
Тармақ 7
7. Куәліктердің берілуі мен қайтарылуын есепке алуды персоналды басқару қызметі жүргізеді.
Тармақ 8
8. Куәліктерді есептен шығаруды және жоюды осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша куәліктерді есептен шығаруға және жоюға арналған тиісті актіні жасай отырып, жыл сайын желтоқсанның бірінші дүйсенбісінде персоналды басқару қызметі жүргізеді.
Тармақ 9
9. Куәлікті жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда қызметкер дереу жазбаша (еркін) түрде персоналды басқару қызметіне хабарлайды.
Тармақ 10
10. Куәлікті жоғалтқан адам жоғалған куәліктің жарамсыздығы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жариялауға жібереді.
Тармақ 11
11. Куәлікті дұрыс сақтамау нәтижесінде болған жоғалту, бүлдіру, сондай-ақ куәлікті басқа тұлғаларға беру, куәлікті жеке басы үшін қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланудың әрбір фактісі бойынша персоналды басқару қызметі белгіленген тәртіпте қызметтік тексеру жүргізу қажеттілігі қаралады.
Тармақ 12
12. Қызметкер кінәсінен жоғалған немесе бүлінген куәлік өз қаражаты есебінен қалпына келтіріледі.
Тарау 3. 3. Куәліктің сипаттамасы
3. Куәліктің сипаттамасы
Тармақ 13
13. Куәліктің мұқабасы көк түсті Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттік және орыс тілінде «КУӘЛІК/УДОСТОВЕРЕНИЕ» деген жазбасы болады. Ашылған түрінде куәліктің мөлшері 65x240 миллиметр, ішбеті (форматы 63x97 миллиметр) бар. Сол жақ және оң жақ ішкі бөлігі тангир торының аясында күннің астында қалықтаған бүркіт бейнеленген көгілдір түсте орындалған. Оң жақтағы сол бұрышында фотосуретке арналған орын бар. Екі жағында да жоғарғы бөлігінде мемлекеттік және орыс тілдерінде «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясы»/«Ревизионная комиссия по Алматинской области» деген жазу басылады, төменгі жағында куәліктің нөмірі, мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), атқаратын лауазымы көрсетіледі. Сол жақ төменгі бөлігінде куәліктің берілген күні мен қолданыс мерзімі көрсетіледі.
Тармақ 14
14. Куәліктер төменгі оң бөлігінде осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген тұлғалардың қолымен расталады және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.
Басқа 25. Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына 1-қосымша Нысан Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәліктерін беру және қайтару журналы Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Атқаратын лауазымы Куәлік № Беру күні Куәлік алған қызметкердің қолы Тапсыру күні Куәлікті тапсырған қызметкердің қолы Ескертпе: журнал тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген болуы тиіс.
Басқа 26. АКТ
Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидалары және оның сипаттамасына 2-қосымша Нысан Ұйымның атауы АКТ __________________ __________________ № ______________ жасалу орны күні Біз, төменде қол қойғандар (кемінде 3 қызметкер, тегін, атын, әкесінің атын (бар болса), атқаратын лауазымын көрсету керек), Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының қызметтік куәлігін беру қағидаларының 8-тармағының негізінде қызметкерлерді есептен шығаруға және жоюға жиналған практикалық маңызын жоғалтқан куәліктерін зерделеп: жұмыстан босатылуға, басқа қызметке ауысуға байланысты ___________ тізімге сәйкес: Оларды есептен шығару және жою бойынша осы актіні жасады. Лауазымның атауы Қолы Лауазымның атауы Қолы Лауазымның атауы Қолы