Об утверждении ставок платежей Күшін жойған
Басқа 0
Төлемдер мөлшерлемелерiн бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 20.10.2011 № 476 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 373 бабының 2 тармағына, 394 бабына сәйкес және Алматы қаласы Әкiмiнiң ұсынысы бойынша II сайланған Алматы қалалық Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Ауық-ауық көрсетiлетiн кәсiпкерлiк қызметтерге бiр жолғы талонның негiзiнде салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн (№ 1 қосымша).
Тармақ 2
2. Төмендегі қызметтерге көрсететін жеке кәсiпкерлерге, заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына, өкiлдiктеріне және басқа да оқшауланған құрылымдарға кесімді жиынтық салық мөлшерлемелерi бекiтiлсiн (№ 2 қосымша):
Тармақша 1
1) ойын бизнесi;
Тармақша 2
2) ақшалай ұтыс бермейтiн ойын автоматтары;
Тармақша 3
3) боулинг (кегельбан);
Тармақша 4
4) картинг;
Тармақша 5
5) бильярд;
Тармақша 6
6) лото ойынын ұйымдастыру.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау экономика және өндiрiстi дамыту жөніндегі тұрақты депутаттық комиссияға (А.И. Шелипанов), Алматы қаласы бойынша салық комитетiнің төрағасына (Б.У. Қалижанов) жүктелсiн.
Басқа 10
II сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХIII сессиясының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы
шешiмiне № 1 қосымша
Кезектi
саны
Кәсiпкерлiк қызметiнiң түрлерi
Бiр күндiк бiр жолғы алынған талонның мөлшерлемесi (теңге)
1
Жеке жеңiл автомобиль иелерiнiң жолаушы тасымалдау бойынша көрсететiн қызметтерi
Тармақша а
а) қала iшiнде, ауданаралық
170
Тармақша б
б) қалааралық
280
2.
Жеке жүк автомобильдерi (лицензияланғаннан басқалары) иелерiнiң жолаушы тасымалдау бойынша көрсететiн қызметтерi
280
3.
Жеке жүк автомобильдерi иелерiнiң (лицензияланғаннан басқалары) жүк тасымалдау бойынша көрсететiн қызметтерi.
Соның iшiнде,
Қала iшiнде
Тармақша а
А) 1 тоннаға дейiнгi жүк
230
Тармақша б
Б) 1 тоннадан 5 тоннаға дейiн
280
Тармақша в
В) 5 тоннадан ауыр жүк
330
Ауданаралық
Тармақша а
А) 1 тоннаға дейiнгi жүк
230
Тармақша б
Б) 1 тоннадан 5 тоннаға дейiн
280
Тармақша в
В) 5 тоннадан ауыр жүк
330
Халықаралық
Тармақша а
А) 1 тоннаға дейiнгi жүк
450
Тармақша б
Б) 1 тоннадан 5 тоннаға дейiн
650
Тармақша в
В) 5 тоннадан ауыр жүк
850
4.
Саяжайда және үйдiң жанында өсiрген гүлдердi сату
50
5.
Қосалқы шаруашылықтың ауыл шаруашылық, бағбаншылық, бақшашылық және саяжай өнiмдерiн сату
50
6.
Газет пен журналдарды сату
70
7.
Бақша өнiмдерiн сату
120
8.
Тұқым, көшеттер сату
50
9.
Автокөлiктердi жақын және алыс шетелдерден жеткiзу қызметi
480
10.
Жеке және жалға алған тракторлармен жердi өңдеу жұмыстары
120
Басқа 22
II сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының ХIII сессиясының
2001 жылғы 5 желтоқсандағы
шешiмiне № 2 қосымша
📌 Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда - Алматы қаласы Мәслихатының 26.03.2004 № 39, 18.11.2005 № 194, 21.12.2006 № 317, 22.12.2008 № 165 шешімдерімен.
Тіркелген салықтың ставкалары
№ п/п
Салық салу объектісі
Тіркелген салық ставкалары айлық есептік көрсеткіштер бойынша
1
2
3
1.
Бір ойыншымен өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
12
2.
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы
18
3.
Ойынды жүргізуге қолданылатын дербес компьютер
4
4.
Ойын жолы
42
5.
Карт
12
6.
Бильярд үстелі
25
Айлық есептiк көрсеткiш ҚР "Республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес бекiтiледi.