О проведении осеннего месячника по санитарной очистке и благоустройству населенных пукнтов области Қолданыста
Басқа 0
Облыс елді мекендерінде күзгі санитарлық тазалық
және көркейту айлығын өткізу туралы
Облыс елді мекендерінің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 2001 жылдың 20 қыркүйегінен 20 қазанға дейін облыс елді мекендерінде санитарлық тазалау және көркейту айлығы жариялансын.
Тармақ 2
2. Айлыққа дайындық және оны өткізу кезінде қала және аудан әкімдерінің, кәсіпорындар мен ұйымдарының қызметіне басшылық жасау және үйлестіру жөніндегі облыстық штаб құрамы бекітілсін (тіркелді).
Тармақ 3
3. Қала мен аудан әкімдері:
Тармақша 1
1) тиісті штабтар құрып, өзін-өзі басқару, өнеркәсіп, ұйымдар және мекемелермен бірлесе отырып облыс елді мекендерінде санитарлық тазалау және көркейту жөніндег нақты шаралар әзірлеп, жүзеге асырсын;
Тармақша 2
2) меншік түріне қарамастан кәсіпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға аумақтарды, көшелерді, алаңдарды бекітіп беру мәселесін шешіп, бұл жұмысқа пәтер иелерінің кооперативтерін, оқу орындарын қарастрырсын;
Тармақша 3
3) тіркелген стихиялық тұрмыстық және басқа қоқыс үйінділері түрлерін, металл сынықтарын, құрылыс қалдықтарын елді мекендер аумағынан шығаруды және құлаған ғимараттар орындарын тегістеуді қамтамасыз етсін;
Тармақша 4
4) жергілікті бюджет есебінен жетіспейтін қоқыс жинайтын контейнерлер сатып алынуын, қосымша контейнерлік алаңдарының жасақталуын және оларды жөндеу жұмыстрының жүргізілуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 5
5) үйлердің, аулалардың қоршауын, дәліздері мен қас беттерін тәртіпке келтірсін;
Тармақша 6
6) су құбырларынан, канализация және басқа инженерлік жүйелерінен су кетуін жойып, көп қабатты үйлердің төлелерін тазалау мен кептіру жөнінде кесте жасау арқылы нақты шаралар алсын, бұл жұмысқа барлық пәтер иелері кооперативтерін және коммуналдық қызметтерін қарастырсын;
Тармақша 7
7) бұралқы иттер мен мысықтардың атылуын ұйымдастырсын;
Тармақша 8
8) барлық елді мекендерде көшелер жарығын, жарнамалық маңдайша жазуларын, билбордтарды тексеріп, жөндеу жүргізсін;
Тармақ 4
4. Сумен қамту және канализация объектілерінің басшылары су құбыры және канализация жүйелерін, байқау құдықтарын, су алу колонкаларын тексеріп,оларды дұрыс жұмыс істеу қалпына келтірсін.
Тармақ 5
5. Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасы (Сапуанов Б.),облыстық ішкі істер басқармасы (Рахымжанов Т.), облыстық санэпидстансасы (Зинуллин Ө), облыс елді мекендеріндегі санитарлық тазалау және көркейт жұмыстарына үнемі бақылау жүргізіп отырсын.
Тармақ 6
6. Облыстық «Атырау», «Прикаспийская коммуна» газеттері редакциялары (Қ.Қуанышбайұлы, Л.М.Монастырсакая) облыстық телерадиокомпаниясы (А.Нұрғалиев) айлықтың барысын жүйелі түрде жариялап отырсын.
Тармақ 7
7. Қала, аудан әкімдері, облыстық ішкі істер басқармасы, қоршаған ортаны қорғау басқармасы, облыстық санэпидстансасы айлықтың жүргізу барысы мен қорытындылары жөнінде облыстық штабқа 2001 жылдың 10 және 25 қазанына мәліметтер беріп отырсын.
Тармақ 8
8. Облыс әкімінің 01.12.00 жылғы №664 шешіміне сәйкес осы шешім облыстық әділет басқармасында тіркеуге жатады.
Тармақ 9
9. Бұл шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Қ.Ищановқа жүктелсін.
Басқа 18
Облыс әкімінің 2001 жылғы
20 қыркүйек №307 шешіміне
қосымша
Облыс елді мекендерінде 2001 жылы санитарлық тазалау
және көркейту күзгі айлығын дайындап, өткізу жөніндегі облыстық штаб құрамы
Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы– облыс әкімінің орынбасары, штаб төрағасы
Зинуллин Өмірзақ Зиноллаұлы–облыстық мемлекеттік санитарлық бас дәрігері, штаб төрағасының орынбасары
Әжіғалиева Айгүл Теміртасқызы–облыстық қаржы басқармасының бастығының міндетін атқарушы
Сапуанов Болат Бекарыстанұлы–облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Жұмағалиев Ғибадолла Ғалиәскерұлы– төтенше жағдайлар жөніндегі басқарма бастығы (келісім бойынша)
Жарылғасов Әспенби Жолдасұлы– облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары, мемлекеттік-құқықтық және жұмылдыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі
Рахымжанов Төлеген Шаймерденұлы– облыстық ішкі істер басқармасының бастығы (келісім бойынша)
Қилыбай Қуанышбайұлы – облыстық «Атырау» газетінің бас редакторы
Монастырская Любовь Михайловна– облыстық «Прикаспийская коммуна» газетінің бас редакторы
Нұрғалиев Айтқали Құмарұлы– облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы