О принятии мер по запрету физическими и юридическими лицами самовольного использования недр, добычи и сбыта общераспространенных полезных ископаемых на территории Атырауской области Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Атырау облысы аумағында жеке және заңды тұлғалардың өз беттерімен жер қойнауының көп тараған қазба байлықтарын пайдалануына, өндіруіне және сатуына тыйым салу жөнінде шаралар қолдану туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды-Атырау облысы әкімиятының 2004 жылғы 20.12.2004 жылғы № 248 қаулысымен. Атырау облысы аумағында жеке және заңды тұлғалардың өз беттерiмен табиғат қойнауын, құрылыс топырағы және құм-гравии қоспасын пайдалануға, өндiруге және сатудың жиiлеп кету жағдайына байланысты және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 27 қаңтардағы №2828 "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" 1999 жылғы 11 мамырдағы 381-I ҚРЗ, 11 тамыздағы № 467-I ҚРЗ өзгертулер мен қосымшалары енгiзiлген Заң күшi бар Жарлығының 9-бабы негiзiнде, сондай-ақ "Қазақстан Республикасында¬ы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" №148-II ҚРЗ 23 қаңтар 2001 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабы 3-тармағына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қала және аудан әкімдерi, Атырау облыстық iшкi iстер басқармасы (Рақымжанов Т.), Атырау облысы бойынша қаржы полициясы департаментi (Әлиев А.), Атырау жер қойнауын пайдалану және қорғау инспекциясы (Досалиев А.), Атырау облысы аймағында жеке және заңды тұлғалардың өз беттерiмен жер қойнауынан көп тараған қазба байлықтарды пайдалануға, өндiруге және сатуға тосқауыл қою шараларын алсын.
Тармақ 2
2. Жер қойнауын пайдалану және қорғау жөнiндегi Атырау инспекциясы Атырау облысындағы жалпы таралған қазба байлықтардың келешекте игерiлуге тиiс алаңдардың мониторингiн ұйымдастырсын және құзыреттi органға ай сайын жеке және заңды тұлғалардың жер қойнауынан көп тараған қазба байлықтарды заңсыз пайдаланғаны жөнiнде ақпарат берсiн.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындауын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Г.Ф.Ерғалиевке жүктелсiн.