Об утверждении требований, предъявляемых к аккредитационным органам в сфере высшего и послевузовского образования и правил признания аккредитационных органов в сфере высшего и послевузовского образования, в том числе зарубежных Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Мыналар:
Тармақша 1
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар;
Тармақша 2
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (А. Пірімқұлов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін елтаңбалы мөрмен куәландырылған электрондық қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
Тармақша 3
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Б.А. Асыловаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына 1-қосымша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Заңды тұлға мәртебесінің болуы.
Тармақ 2
2. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кіру, оның ішінде Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізілімі (The European Quality Assurance Register) және (немесе) аккредиттеу органдарының 2 (екі) және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелік.
Тармақ 3
3. Жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ), білім беру бағдарламаларын аккредиттеу бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажетті ресурстардың болуы:
Тармақша 1
1) пайдаланушыларға үш тілде (қазақ, орыс және ағылшын) аккредиттеу туралы қажетті ақпарат ұсынылатын ақпараттық жүйе (сайт). Шетелдік аккредиттеу органдары үшін сайтта қазақстандық ЖЖОКБҰ-ын аккредиттеу туралы ақпарат беретін ағылшын тіліндегі парақшаның болуы жеткілікті;
Тармақша 2
2) ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және/немесе PhD докторы/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар, толық ставкадағы кемінде 3 (үш) штаттық қызметкер;
Тармақша 3
3) тартылған сарапшылардың, қызметкерлердің және білім алушылардың сапаны қамтамасыз ету саласында біліктілігін арттыру жүйесінің болуы.
Тармақ 4
4. Сараптама комиссиясының құрамында ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі және/немесе PhD докторы/бейіні бойынша доктор дәрежесі бар сарапшылардың және (немесе) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу саласында немесе аккредиттелетін ЖЖОКБҰ-ның мамандарды даярлау бейініне сәйкес тәжірибесі бар кәсіби қоғамдастық өкілдерінің болуы. Қазақстандық аккредиттеу органдары сараптама комиссиясының құрамына 1 (бір) немесе бірнеше шетелдік сарапшыны енгізеді. Шетелдік аккредиттеу органының аккредиттеуіне қатысатын қазақстандық сарапшылардың саны 25%-дан (жиырма бес пайыздан) аспайды. Сараптама комиссиясының құрамына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеу саласында біліктілігін арттыру туралы сертификаты бар жоғары курс білім алушылары арасынан өкілдер кіреді. Сараптама комиссиясына тартылған білім алушылардың білім деңгейі:
Тармақша 1
1) аккредиттелетін білім беру бағдарламасының бейініне (кластеріне) сәйкес келуі қажет;
Тармақша 2
2) мамандандырылған аккредиттеу жүргізілетін білім деңгейінен төмен болмауы тиіс.
Тармақ 5
5. Еуропалық жоғары білім кеңістігінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз ету бойынша халықаралық стандарттарға және әдістемелік нұсқауларға (ESG (Исиджи) сәйкес аккредиттеу рәсімдеріне қойылатын талаптарды белгілейтін жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді аккредиттеу стандарттарының (регламенттерінің) болуы. Стандарттар Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы заңнамасының ерекшеліктерін, оның ішінде педагогикалық білім беру стандартын, онлайн оқыту нысанындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын талаптарды ескеруі тиіс.
Тармақ 6
6. Аккредиттеу рәсімдері 1 (бір) кластер бойынша кемінде 4 (төрт) сарапшының қатысуымен институционалдық аккредиттеу үшін кемінде 3 (үш) күн және мамандандырылған аккредиттеу үшін кемінде 2 (екі) күн аккредиттелетін ЖЖОКБҰ-ға оффлайн режимде баруды көздейді. Бұл талап Қазақстан Республикасының аумағында табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне қолданылмайды.
Тармақ 7
7. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды ескере отырып әзірленген даму бағдарламасы және/немесе ұйымдық стратегиясы болуы қажет.
Тармақ 8
8. Аккредиттеу органының ақпараттық жүйесінде (сайтында) мынадай ақпарат жариялануы керек:
Тармақша 1
1) ЖЖОКБҰ-ын және (немесе) білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы (аккредиттеу туралы куәлік, сыртқы аудиттің есептері), оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезінде қабылданған аккредиттеу мерзімін ауыстыру және ұзарту туралы шешімдер (шешім қабылданған күннен бастап отыз жұмыс күнінен кешіктірмей);
Тармақша 2
2) аккредиттеу органы қызметінің негізгі нәтижелері туралы жыл сайынғы талдамалық ақпарат;
Тармақша 3
3) аккредиттеу органының тартылған сарапшыларының, қызметкерлері мен білім алушыларының сапаны қамтамасыз ету саласындағы біліктілігін арттыру жүйесі туралы;
Тармақша 4
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді аккредиттеу стандарттары (регламенттері);
Тармақша 5
5) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы (шетелдік органдар үшін – жариялауға рұқсат етілген жағдайда);
Тармақша 6
6) аккредиттеу органы білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүзеге асыратын кадрларды даярлау бағыттары;
Тармақша 7
7) аккредиттеу органының сапаны ішкі қамтамасыз етуі жөніндегі құжаттар;
Тармақша 8
8) институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу бойынша деректерді іздеуге арналған автоматтандырылған қызмет (Тізілім).
Тармақ 9
9. Аккредиттеу органы жүзеге асыратын институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы деректерді енгізу үшін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» ақпараттық жүйесінде тіркелген болуы қажет.
Басқа 2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 1 қарашадағы № 629 бұйрығына 2-қосымша Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары
Бөлім 1. 1-бөлім. Жалпы ережелер
1-бөлім. Жалпы ережелер 1.Осы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу органы – өзі әзірлеген стандарттар (регламенттер) негізінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын институционалдық және (немесе) мамандандырылған аккредиттеуден өткізетін заңды тұлға;
Тармақша 1-1
1-1) аккредиттеу органының үлестес тұлғасы – құрылтайшылар, аккредиттеу органының басшылығы және олардың жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе ЖЖОКБҰ атынан аккредиттеу органын таңдау мәселелері бойынша қол қою немесе ресми шешімдер қабылдау құқығы берілген жекжаттар немесе Аккредиттеу кеңесінің құрамына кіретін органдар;
Тармақша 2
2) аккредиттеу стандарттары (регламенттері) – аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының құжаттары;
Тармақша 3
3) аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (бұдан әрі – 2-тізілім) – аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
Тармақша 4
4) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
Тармақша 5
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын аккредиттеу – білім беру қызметтерінің сапасы туралы объективті ақпарат беру және оны арттырудың тиімді тетіктерінің бар екенін растау мақсатында аккредиттеу органының олардың белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігін тану рәсімі;
Тармақша 6
6) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізілімі (бұдан әрі – 1-тізілім) – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган қалыптастырған Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (бұдан әрі – ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізілімдеріне және (немесе) қауымдастықтарына кірген ұлттық және шетелдік аккредиттеу органдарының тізбесі;
Тармақша 7
7) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының тізілімі (бұдан әрі – 3-тізілім) – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының аккредиттелген білім беру бағдарламаларының (мамандықтарының) тізбесі;
Тармақша 8
8) институционалдық аккредиттеу – мәлімделген мәртебесіне және белгіленген аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкес білім беру ұйымында сапаны ішкі қамтамасыз ету жүйесі үдерістерінің тиімділігін аккредиттеу органының бағалау рәсімі;
Тармақша 9
9) мамандандырылған (бағдарламалық) аккредиттеу – білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау рәсімі;
Тармақша 10
10) Республикалық аккредиттеу кеңесi – аккредиттеу органдарының қызметi мәселелері бойынша шешiмдер қабылдайтын орган;
Тармақша 10-1
10-1) мүдделер қақтығысы – аккредиттеу органының құрылтайшылары болып табылатын, оның басшылығы мен ЖЖОКБҰ-ның басшылығын жүзеге асыратын адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда аталған адамдардың жеке мүдделері өзінің лауазымдық міндеттерін орындамауына және (немесе) тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін.
Тармақша 11
11) Республикалық аккредиттеу кеңесінің жұмыс органы (бұдан әрі – Жұмыс органы) - Кеңестің қызметін және Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында (бұдан әрі – ЖББП) 1-тізілімді (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша), 2-тізілімді (осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша), 3-тізілімді (осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша) жүргізуді қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 12
12) уәкілетті органның ақпараттық жүйесі – Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы.
Бөлім 2. 2-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі
2-бөлім. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібі
Тармақ 3
3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы аккредиттеу органы, оның iшiнде шетелдiк аккредиттеу органы осы бұйрықпен бекiтiлген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарға (бұдан әрi – Талаптар) сәйкестігін растау ретінде тану рәсімінен өту үшін Жұмыс органына ЖББП арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
Тармақша 2
2) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері. Құжаттар шетел тілдерінде ұсынылған кезде олардың қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасы қажет етіледі;
Тармақша 3
3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ-ға мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгендігін растайтын құжат немесе Жоғары білім беру сапасын қамтамасыз етудің еуропалық тізіліміне (The European Quality Assurance Register (Зе Юропиан Куалити Фшуранс Реджистер) (бұдан әрі – EQAR) енгені көрсетілген сайтқа сілтеме және (немесе) аккредиттеу органдарының 2 (екі) және одан да көп қауымдастықтарына (желілеріне) толық мүшелікке кірген болуы;
Тармақша 4
4) Талаптардың 3-тармағында көрсетілген ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;
Тармақша 5
5) Талаптардың 4-тармағына сәйкес келетін сарапшылардың тізімі;
Тармақша 6
6) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу органының аккредиттеу стандарттары (регламенттері);
Тармақша 7
7) аккредиттеу органының даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы. ЖББП-да ұсынылатын құжаттарға аккредиттеу органының заңды өкілінің электрондық (цифрлық) қолтаңбасымен қол қойылады.
Тармақ 4
4. Жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес аккредиттеу органы ұсынған құжаттардың толықтығын ЖББП-да тексереді. Аккредиттеу органы құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Жұмыс органы ЖББП-да құжаттарды қабылдайды.
Тармақ 5
5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттар толық болмаған жағдайда, Жұмыс органы ЖББП-да ұсынылған құжаттарды қайта қарау үшін жібереді. Қайта қарау 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Тармақ 6
6. Жұмыс органы аккредиттеу органының тануға ұсынылған құжаттарын қабылдаған соң, олар Республикалық аккредиттеу кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) қарауына енгізіледі. Аккредиттеу органының тану құжаттарының Талаптарға сәйкестігін Кеңес қарайды. Кеңес уәкілетті органның, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктің, заңды тұлғалар бірлестіктерінің өкілдері, шетелдік және қазақстандық сарапшылар қатарынан құрылады. Кеңестің сандық құрамына кемінде 9 (тоғыз) мүше кіреді. Кеңестің құрамы уәкілетті органның басшысының бұйрығымен бекітіледі. Кеңес отырысы кворум болған жағдайда – оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқанда өткізіледі. Кеңес шешімдері, егер олар үшін Кеңес отырысына қатысып отырған мүшелердің көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Кеңес отырысына қатысушылардың дауысы тең болған жағдайда, Кеңес төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады. Кеңес шешімінің хаттамасы ресімделеді және оған төрағалық етуші мен Кеңес хатшысы қол қояды.
Тармақ 7
7. Топ 200 ARWU (Academic Ranking of World Universities (Экадемик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиз), топ 300 THE (Times Higher Education (Таймс Хайер Эдьюкейшн), топ 300 QS World University Rankings (КьюЭС Ворлд Юниверсити Ранкинг), U.S. News and World Report (ЮЭС Ньюс энд Ворлд Репорт), Global Score (Глобал Скоре) көрсеткіші 65-тен (алпыс бес) жоғары) академиялық рейтингтерінің біріне кіретін кемінде 2 (екі) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білім беру бағдарламаларын аккредиттеген аккредитттеу органы Кеңестің шешімі негізінде автоматты түрде танылады. Қазақстан Республикасының аумағында шетелдік жоғары оқу орындары мен филиалдарының білім беру қызметін жүзеге асыруы үшін Кеңестің шешімімен олардың тіркелген елінде алынған шетелдік ЖЖОКБҰ аккредиттеуі автоматты түрде танылады. Бұл ретте шетелдік ЖЖОКБҰ халықаралық академиялық рейтингтердің (ARWU Academic Ranking of World Universities (Экадемик Ранкинг оф Ворлд Юниверситиз)), THE (Times Higher Education (Таймс Хайер Эдьюкейшн), QS World University Rankings (КьюЭС Ворлд Юниверсити Ранкинг) топ 250 қатарына және/немесе ЭЫДҰ және/немесе BRICS (БРИКС) елдерінің ұлттық рейтингтерінің топ 100 қатарына енуі талап етіледі.
Тармақ 8
8. Аккредиттеу органын тану үшін құжаттарды қарау мерзімі осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнін құрайды.
Тармақ 9
9. Аккредиттеу органы құжаттарының Талаптарға сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес мынадай шешімнің бірін қабылдайды:
Тармақша 1
1) аккредиттеу органын тану туралы;
Тармақша 2
2) аккредиттеу органын танудан бас тарту туралы. Кеңестің шешімі ЖББП-да көрсетіледі.
Тармақ 10
10. Уәкілетті орган Кеңестің шешімі негізінде аккредиттеу органын 5 (бес) жыл мерзімге тану туралы бұйрық шығарады және 1-тізілімге енгізеді. Аккредиттеу органы есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейінгі мерзімде Жұмыс органына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметі туралы жылдық есепті ұсынады. Есеп Кеңестің отырысында қаралады. Жыл сайынғы есепке аккредиттеу органының құрылтайшылары мен басшылық құрамының тізімі, сондай-ақ аккредиттеуден өткізу туралы шартты жасасу кезінде ЖЖОКБҰ мен аккредиттеу органы қол қоятын үлестестіктің, мүдделер қақтығысының және шарттық міндеттемелерінің жоқ екендігі туралы өтініш қоса беріледі.
Тармақ 10-1
10-1. Аккредиттеу органын таңдау туралы ЖЖОКБҰ-ның шешіміне, сондай-ақ аккредиттеу органдары үшін институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуді жүргізу кезінде аккредиттеу органының шешіміне әсер ететін жағдайларды болдырмау мақсатында мынадай талаптар белгіленеді:
Тармақша 1
1) аккредиттеу органының ЖЖОКБҰ басшылығымен үлестес тұлғаларының, атап айтқанда, аккредиттеу органы басшыларының, сондай-ақ құрылтайшыларының жақын туыстарының, жұбайының (зайыбының) немесе жекжаттарының болмауы;
Тармақша 2
2) аккредиттеу органы құрылтайшыларының, басшылығының осы ЖЖОКБҰ-ның басшылығымен мүдделер қақтығысының болмауы;
Тармақша 3
3) аккредиттеуді өткізу кезеңінде аккредиттеу органы мен ЖЖОКБҰ арасында өзге де шарттық міндеттемелердің, оның ішінде аккредиттеу органының және (немесе) оның қызметкерлерінің осы ЖЖОКБҰ-ға сараптамалық, консультациялық және (немесе) өзге де қызметтер көрсету фактілерінің болмауы.
Тармақ 10-2
10-2. Шартты жасасу кезінде Аккредиттеу органы мен ЖЖОКБҰ аккредиттеу органының шешіміне әсер етуі мүмкін үлестестіктің, мүдделер қақтығысының және шарттық міндеттемелердің жоқтығы туралы өтінішке қол қояды.
Тармақ 11
11. Аккредиттеу органын 1-Тізілімнен шығаруға мыналар негіз болады:
Тармақша 1
1) аккредиттеу органының қызметін өз еркімен тоқтату, қайта ұйымдастыру немесе тарату немесе 1-Тізілімнен шығару туралы өтініші;
Тармақша 2
2) аккредиттеу органын 1-Тізілімде тану мерзімінің аяқталуы;
Тармақша 3
3) аккредиттеу органының ЭЫДҰ аккредиттеу органдарының тізілімдерінен және (немесе) қауымдастықтарынан, оның ішінде EQAR тізілімінен, және (немесе) аккредиттеу органдары қауымдастықтарының (желілерінің) толық мүшелігінен шығарылуы;
Тармақша 4
4) Талаптардың 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарын және Кеңес шешімдерін орындамауы;
Тармақша 5
5) аккредиттеу органының өткен кезеңдегі қызметі туралы жыл сайынғы есепте білім беру ұйымдарын және білім беру бағдарламаларын аккредиттеу нәтижелері бойынша уәкілетті органға ұсынылған мәліметтердің дәйексіздігі немесе бұрмаланғандығының анықталуы;
Тармақша 6
6) аккредиттеу органында аккредиттелген екі немесе одан да көп ЖЖОКБҰ-ның білім беру қызметін жүзеге асыруға берілген лицензиядан және (немесе) лицензияға қосымшадан айырылуы;
Тармақша 7
7) аккредиттелген ЖЖОКБҰ-мен аккредиттеу органының үлестес болу және мүдделер қақтығысы, сондай-ақ мүдделер қақтығысы туралы хабардар етпеу, шешімдерді заңсыз қабылдау, осы Қағидалардың 10, 10-1 және 10-2-тармақтарында белгіленген өз міндеттемелерін орындамау не тиісінше орындамау фактілерін анықтау.
Тармақша 8
8) Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді қоспағанда, аккредиттеуге бармай ЖЖОКБҰ және (немесе) білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүргізу. Аккредиттеу органын 1-тізілімнен шығару Кеңестің шешімі негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Жұмыс органы Кеңестің және уәкілетті органның шешімдері негізінде 1-тізілімге ЖББП жүйесі арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Тармақ 13
13. 1-Тізілімге енгізілген аккредиттеу органдары ЖЖОКБҰ немесе білім беру бағдарламасын аккредиттеу туралы шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде 2 және 3-тізілімдерде жүргізілген институционалдық және мамандандырылған аккредиттеу туралы деректерді ЖББП жүйесі арқылы уақтылы жаңартуды қамтамасыз етеді. ЖЖОКБҰ бөлу/ бөліп шығару/ біріктіру/қосу/қайта құру нысанында қайта ұйымдастырылған жағдайда, аккредиттеу органы 10 (он) жұмыс күні ішінде жарамдылық мерзімін сақтай отырып, ЖЖОКБҰ-ның институционалдық және/немесе мамандандырылған аккредиттеуі туралы куәлігін бөлу/ бөліп шығару/ біріктіру/қосу/қайта құру нәтижесінде жаңадан құрылған ЖЖОКБҰ-ның(лардың) атына қайта ресімдейді. Аккредиттеу органы аккредиттеу туралы шешім қабылдау бойынша аккредиттеу кеңесінің отырыстарын өткізу бейнежазбасына сілтемені 5 (бес) жұмыс күні ішінде 2 және 3-тізілімдерде орналастырады. Бейнежазбаға сілтеме жүйеде 1 (бір) жыл бойы қолжетімді болады.
Басқа 2-1. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 1-қосымша Нысан Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарының тізілімі (1-Тізілім) № Аккредиттеу органының атауы Аккредиттеу органын тану туралы бұйрықтың күні мен нөмірі Аккредиттеу органын танудың қолданылу мерзімі Деректемелер Кіру мерзімінің басталуын/ Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (ЭЫДҰ) мүше мемлекеттердің аккредиттеу органдарының тізіліміне және (немесе) қауымдастығына енгізілуі туралы деректерді көрсете отырып, білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық еуропалық желілердің толыққанды мүшесі болуы
Басқа 2-2. Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 2-қосымша Нысан Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізілімі (2-Тізілім) № Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы Аккредиттеу органының атауы Деректемелер Аккредиттеудің қолданылу мерзімі
Басқа 2-3. Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 3-қосымша Нысан Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламаларының тізілімі (3-Тізілім) № Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы, деректемелер Білім беру бағдарламасының атауы Аккредиттеу органының атауы Аккредиттеудің қолданылу мерзімі
Басқа 2-4. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган)
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 4-қосымша Нысан Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне (ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган) Ұйымның сайтына сілтеме: ________________________________________ Өтініш ______________________________________________________________________ _____________________________________________________________ (заңды тұлғаның атауы) аккредиттеу органы ретінде тануды және Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласында танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізуді сұрайды. Аккредиттеу органы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі мынадай халықаралық желілерге енгізілген: _______________________________________________________________ Қоса берілген құжаттар: 1) құрылтай құжаттарының нотариалды куәландырылған көшірмелері; 2) ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар; 3) аккредиттеу рәсіміне тартылатын сарапшылардың тізімі; 4) даму бағдарламасы және (немесе) стратегиясы; 5) аккредиттеу рәсіміне қойылатын талаптарды белгілейтін аккредиттеу стандарттары (регламенттері); 6) құрылтайшылардың тізімі. Заңды тұлғаның мекенжайы _______________________________________ Электрондық поштасы ___________________________________________ Телефондары ___________________________________________________ Факс ___________________________________________________________ Басшы _________________________________________________________ (Қолы) (Тегі, Аты, Әкесінің аты (ол болған жағдайда)) 20__жылғы «____» _____________ (Толтырылған күні)
Басқа 2-5
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарын, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларына 5-қосымша Нысан № Бағыт Сипаттама 1. Мүшелік (атауы, мерзімдері). Бейіні бойынша халықаралық бірлестіктерге кіру (атауы, мерзімдері) 2. Ақпараттық жүйе (3 тілде). Шетелдік аккредиттеу органдары үшін Қазақстанның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын аккредиттеу туралы ақпарат берілген ағылшын тіліндегі сайт парағының болуы жеткілікті 3. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді аккредиттеу стандарттары, олардың сайтта болуы 4. Ұйымның даму стратегиясы, оның сайтта болуы 5. Ұйымдық құрылым және аккрелиттеу органын басқару. Кадрлық әлеует (ғылыми дәрежесін (бар болса) көрсете отырып, барлық штаттағы қызметкерлерді көрсету, сертификаттарды тіркей отырып, біліктілігін арттыру туралы ақпарат және сайтта ақпараттың болуы) 6. Сарапшылардың құрамы (тізім, ғылыми дәрежелер (бар болса), біліктілікті арттыру курстары (бар болса) 7. Алқалы органдар және олардың ережелері (Аккредиттеу кеңесі, сараптамалық кеңес, шағымдар кеңесі және басқалары) 8. Баға саясатын қалыптастыру және оның құрамдас бөліктері, сайтта ақпараттың болуы 9. Сайтта көрсете отырып, аккредиттеу органы білім беру бағдарламаларын аккредиттеуді жүзеге асыратын кадрларды даярлау бағыттары 10. Аккредиттеу туралы жарияланған ақпарат (автоматтандырылған жүйе). Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының немесе олардың білім беру бағдарламаларының сыртқы аудиттері туралы есептер, аккредиттеу кеңесінің шешімдері және аккредиттеу туралы куәліктер ұсынылған аккредиттеу органының интернет-ресурсына сілтемелер 11. Институционалдық аккредиттеуден өткен аккредиттелген ұйымдардың саны. Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының атауы, аккредиттеуден өткізу мерзімдері, аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігі, ұсынымдар 12. Мамандандырылған аккредиттеуден өткен аккредиттелген ұйымдардың саны. Аккредиттелген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының, аккредиттелген білім беру бағдарламаларының атауы, аккредиттеуден өткізу мерзімдері, аккредиттеу стандарттарына (регламенттеріне) сәйкестігі, ұсынымдар 13. Ұйым қызметінің негізгі нәтижелері туралы талдамалық ақпарат және сайтта ақпараттың болуы 14. Аккредиттеу органының соңғы 5 (бес) жылдағы сыртқы аудиті (тексеріс) және ол туралы сайтта ақпараттың болуы 15. Ұйымның және кәсіби мінез-құлықтың ішкі сапасын қамтамасыз ету (аккредиттеу органының ішкі құжаттары, нормативтік құжаттар, сарапшылардың этикасы және басқасы)