Об изменении границы г.Кокшетау и образовании Красноярского сельского округа Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қаласының шекарасын өзгерту және Краснояр селолық округін құру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы мен Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11-бабына сәйкес, облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысын жетілдіру мақсатында және Көкшетау қаласының әкімі мен қалалық мәслихаттың бірлескен шешімі негізінде, облыстық мәслихат пен облыс әкімі ШЕШІМ ЕТТІ: облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына төмендегідей өзгертулер енгізілсін: Көкшетау қаласы бойынша
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласының шекарасы өзгертіліп, қала аумағынан Краснояр селосы елді-мекені бөлек әкімшілік-аумақтық бірлік ретінде шығарылсын.
Тармақ 2
2. Краснояр селосы мен Қызылжұлдыз селоларының шекараларында орталығы Краснояр селосы болып, Көкшетау қаласына әкімшілік бағынышты Краснояр селолық округі құрылсын.
Тармақ 3
3. Келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізілсін.