Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Тайыншинском районе Северо-Казахстанской области; Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы шемімнің 2 қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне 1 қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі
Тармақ 1
1. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз тұрғын үй ретінде меншік құқығында тұрған тұрғын үйде тұрақты тіркелген, Тайынша ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға) жергілікті бюджет қаражаты есебінен: кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға; коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға; мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі. Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық көрсетілетін қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін, шығыстарды төлеуге арналған шығыстарға ақы төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілетті органдарымен белгiленген шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретінде айқындалады. Белгілеген нормаларының шектi жол берiлетiн шығыстар деңгейi отбасының (азаматтың) жиынтық табысының 5 (бес) пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Тармақ 2
2. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге арналған ай сайынғы жарналар туралы жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша шығыстар сметасына және бюджет қаражаты есебінен коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге арналған шоттарға сәйкес аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетіледі.
Тармақ 3
3. Уәкілетті орган тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде тұрғын үй көмегін көрсетуден бас тартады.
Тармақ 4
4. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін аз қамтылған отбасы (азамат) (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және/немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келесі құжаттарды ұсына отырып жүгінеді:
Тармақша 1
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін түпнұсқасы беріледі);
Тармақша 2
2) аз қамтылған отбасының табысын растайтын құжат. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган айқындайды;
Тармақша 3
3) зейнетақы аударымдары туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда);
Тармақша 4
4) жұмыс орнынан немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама;
Тармақша 5
5) балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер;
Тармақша 6
6) банктік шоты;
Тармақша 7
7) кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге ай сайынғы жарналар туралы шоттар;
Тармақша 8
8) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
Тармақша 9
9) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
Тармақша 10
10) мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстар туралы шот. Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді. Көрсетілетін қызметті беруші өздеріне меншік құқығында тиесілі тұрғын үйдің (Қазақстан Республикасы бойынша) болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы алады. Қайта жүгінген кезде аз қамтылған отбасы (азамат) (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілі) осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, отбасының табысы туралы растайтын құжаттарды және коммуналдық шығыстарға арналған шоттарды ғана ұсынады.
Тармақ 5
5. Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттар қабылданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Тармақ 6
6. Осы Тәртіптің 4-тармағында көзделген құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Тармақ 7
7. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы өтініш жасаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге сұрау салуының қабылдағаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, хабарлама жіберіледі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік корпорация өтінішті ақпараттық жүйе арқылы қабылдайды және оны тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 9
9. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы шешімді не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын уәкілетті орган қабылдайды. Тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не тағайындаудан бас тарту туралы дәлелді жауап Мемлекеттік корпорацияға немесе «жеке кабинетке» электрондық құжат түрінде жіберіледі. 10. Тұрғын үй көмегі өтініш берген айдың басынан бастап ағымдағы тоқсанға тағайындалады.
Тармақ 11
11. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 226 «Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20498 болып тіркелген) айқындалатын тәртіппен есептейді
Тармақ 12
12. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде бір адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және пайдалы алаңның 18 (он сегіз) шаршы метрінен аспайтын, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме мөлшеріндегі аудан нормасы қабылданады.
Тармақ 13
13. Коммуналдық қызметтерді тұтынуды есепке алу аспаптары бар тұтынушылар үшін есептеуге қабылданатын шығыстар есепке алу аспаптарының көрсеткіштері негізінде, бірақ есепке алу аспабы жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтер шығысының белгіленген нормаларынан аспайтын алдыңғы тоқсандағы нақты шығындар бойынша айқындалады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлем тарифтерінің жоғарылауына өтемақы төлеу Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің «Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу қағидаларын айқындау және бекіту туралы» 2023 жылғы 28 шілдедегі № 295/НҚ бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 15
15. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырады.
Басқа 2
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 28 қазандағы № 30 шешіміне 2 қосымша Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің Тізбесі
Тармақ 1
1. «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешімі (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2010 жылғы 18 наурызда тіркелген № 13-11-172, «Тайынша таңы»аудандық газетінде 2010 жылғы 16 сәуірде және «Тайыншинские вести» 2010 жылғы 16 сәуірде жарияланды);
Тармақ 2
2. «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2012 жылғы 5 қарашадағы № 57 шешімі (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2012 жылғы 7 желтоқсанда тіркелген № 1983, «Тайынша таңы» аудандық газетінде 2012 жылғы 28 желтоқсанда және «Тайыншинские вести» 2012 жылғы 28 желтоқсанда жарияланды);
Тармақ 3
3. «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 79 шешімі (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2013 жылғы 19 сәуірде тіркелген № 2249, «Тайынша таңы» аудандық газетінде 2013 жылғы 17 мамырда және «Тайыншинские вести»2013 жылғы 19 сәуірде жарияланды);
Тармақ 4
4. «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 157 шешімі (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2014 жылғы 23 қаңтардағы тіркелген № 2511, «Тайынша таңы» аудандық газетінде 2014 жылғы 7 ақпанда және «Тайыншинские вести» 2014 жылғы 7 ақпанда жарияланды);
Тармақ 5
5. «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 169 шешімі (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2014 жылғы 28 сәуірдегі тіркелген № 2685, «Тайынша таңы» аудандық газетінде 2014 жылғы 16 мамырда және «Тайыншинские вести» 2014 жылғы 16 мамырда жарияланды);
Тармақ 6
6. «Тұрғын үй көмегін ұсыну Қағидаларын бекіту туралы» Тайынша ауданы мәслихатының 2010 жылғы 8 ақпандағы № 182 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2015 жылғы 4 қарашадағы № 327 шешімі (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде 2015 жылғы 30 қарашадағы тіркелген № 3481, «Тайынша таңы» аудандық газетінде 2015 жылғы 25 желтоқсан және «Тайыншинские вести» 2015 жылғы 25 желтоқсанда жарияланды).