Об утверждении Положения о приемной семье Қолданыста
Басқа 0
Баланы қабылдайтын отбасы туралы
ережені бекіту туралы
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-1-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті (М.С.Әбдікәрім) заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып жолдауды;
Тармақша 3
3) тіркелген осы бұйрықты алған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мөрімен расталған және осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті адамның электрондық цифлық қолтаңбасымен куәландырылған баспа және электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Б. Асыловаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
2016 жылғы 14 қазан
_______________ Т. Дүйсенова
Басқа 0. Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
7 қазан 2016 жылғы
№ 597 бұйрығымен
бекітілген
Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже
Тарау 11. 1 - тарау. Жалпы ережелер
1 - тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Баланы қабылдайтын отбасы туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 132-1-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген.
Тармақ 2
2. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) баланы қабылдайтын отбасы – жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарындағы кемінде төрт және оннан аспайтын жетім баланы, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған баланы тәрбиелеуге қабылдайтын отбасына орналастыру нысаны;баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
Тармақша 2
2) баланың заңды өкiлдерi – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын ата-аналар (ата-ана), бала асырап алушылар, қорғаншы немесе қамқоршы, баланы қабылдайтын ата-ана (баланы қабылдайтын ата-аналар), патронат тәрбиешi және оларды алмастырушы басқа да адамдар;
Тармақша 3
3) жақын туыстар – ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер (аға-қарындастар), ата, әже, немерелер;
Тармақша 4
4) жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың және балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың республикалық деректер банкі (бұдан әрі – Республикалық деректер банкі) – жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы, сондай-ақ жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдар туралы мәліметтерді қамтитын дерекқор;
Тармақша 5
5) туыстар – үлкен атасы мен үлкен әжесіне дейін ортақ ата-бабалары бар туыстық байланыстағы адамдар.
Тарау 2. 2 - тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды ұйымдастыру тәртібі
2 - тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды ұйымдастыру тәртібі
Тармақ 3
3. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, Республикалық деректер банкінде тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының қабылдайтын отбасыларына беру жүзеге асырылады.
Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру кезінде оның туыстарының, ал олар болмаған жағдайда тіркелген некеде тұратын (ерлі-зайыпты) адамдардың басым құқығы болады.
Тармақ 4
4. Балаларды ұйымнан баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адам тұрғылықты жері бойынша баланы қабылдайтын ата-аналардың, жетім балалардың, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы органына (бұдан әрі – Орган) мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті;
Тармақша 2
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін (түпнұсқаларын көрсете отырып);
Тармақша 3
3) неке туралы куәліктің көшірмесін;
Тармақша 4
4) қабылдайтын отбасыға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса зайыбының (жұбайының), бірге тұратын өзге де адамдардың (бар болса) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуына мүмкін болмайтын аурулардың тізбесіне сәйкес ауруының жоқ екендігін растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтамалар, сондай-ақ «Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 13 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысандарына сәйкес «Наркология» психикалық денсаулық орталығынан, «Психиатрия» психикалық денсаулық орталығынан бойынша динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтер;
Тармақша 5
5) егер некеде тұрса, тұлғаның және (немесе) жұбайдың (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын (жалдау шартын) растайтын құжаттардың көшірмесін;
Тармақша 6
6) екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотты ашу туралы шарттың көшірмесін;
Тармақша 7
7) «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20507 болып тіркелді) бекітілген нысанына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасы азаматтарының психологиялық даярлықтан өткені туралы сертификат (баланың жақын туыстарын қоспағанда);
Тармақша 8
8) баламен (балалармен) туыстық фактісін растайтын құжаттардың көшірмелері (туыстары, баланың (балалардың) өгей әкесі (өгей шешесі) үшін) ұсынады.
Баланы (балаларды) отбасына қабылдайтын адам, егер некеде болса, оның жұбайына (зайыбына) қатысты соттылықтың болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді орган Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.
Кодекстің 122-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес орган жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды туыстарына, өгей әкелеріне (өгей шешелеріне) баланы қабылдайтын отбасына береді.
Тармақ 5
5. Баланы қабылдайтын ата-аналар:
Тармақша 1
1) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулі деп таныған адамдарды;
Тармақша 2
2) сот ата-ана құқықтарынан айырған немесе сот ата-ана құқықтарын шектеген адамдарды;
Тармақша 3
3) өзiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше орындамағаны үшiн қорғаншы (қамқоршы), патронаттық тәрбиеші, қабылдайтын ата-ана, қабылдайтын кәсіби тәрбиеші мiндеттерінен шеттетiлген адамдарды;
Тармақша 4
4) егер олардың кінәсінен бала асырап алудың күшi жойылса, бұрынғы бала асырап алушыларды;
Тармақша 5
5) денсаулық жағдайына байланысты қорғаншы немесе қамқоршы міндеттерін жүзеге асыра алмайтын адамдар;
Тармақша 6
6) тұрақты тұратын жері жоқ адамдарды;
Тармақша 7
7) сотталғандығы бар немесе болған, қылмыстық қудалауға ұшырап отырған немесе ұшыраған адамдарды (өздеріне қатысты қылмыстық қудалау Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақтары негізінде тоқтатылған адамдарды қоспағанда);
Тармақша 8
8) азаматтығы жоқ адамдарды;
Тармақша 9
9) қорғаншылықты немесе қамқоршылықты белгілеу кезінде қамқорлыққа алынушыны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейімен қамтамасыз ететін табысы жоқ адамдарды;
Тармақша 10
10) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда динамикалық байқаудағы адамдарды;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодекстің 91-бабының 4-тармағында белгіленген тәртіппен психологиялық даярлықтан өтпеген Қазақстан Республикасының азаматтары (баланың жақын туыстарын қоспағанда) қоспағанда тек кәмелетке толған адамдар бола алады.
Тармақ 5-1
5-1. Егер қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адамдар некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса) не өзге адамдармен бірге тұрса, зайыбына (жұбайына) не бірге тұратын адамдарға Кодекстің 122-бабы 1-тармағы бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 7) және 11) тармақшаларында белгіленген талаптар қолданылады.
Баланы қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген адамдармен бірге тұратын өзге адамдарға некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе баланы тәрбиеге алудың өзге де нысанынан туындайтын мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ іс жүзінде бірге тұрып жатқан, бірақ некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) бірге тұратын адамдар жатады.
Тармақ 6
6. Құжаттарды тексеру қорытындылары бойынша Орган өтініш берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдерген тұлғалардың тұрғын үйін тексереді, нәтижелері бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрғын үй-тұрмыстық жағдайын тексеріп-қарау актісін дайындайды және осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) шығарады.
Тармақ 7
7. Қорытындыға қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Орган оның түпнұсқасын баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына алуға тілек білдірген тұлғаларға береді және оң Қорытынды алған үміткерлер туралы мәліметтерді Республикалық деректер банкіне енгізеді.
Тармақ 8
8. Баланы қабылдайтын отбасына үміткерлер Кодекстің 118-3-бабына сәйкес балаларды Республикалық деректер банкінен өздері тұратын облыстың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумағындағы жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымынан (бұдан әрі – Ұйым) іріктеуді жүзеге асырады және балаға баруға автоматты түрде қалыптастырылған жолдаманы алады.
Тармақ 9
9. Органның Қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сот органдарына шағым жасалады.
Тармақ 10
10. Балалардың тұратын жері бойынша Ұйым:
Тармақша 1
1) үміткерлерге баланы қабылдайтын отбасына беруге болатын балалар туралы мәліметтерді (ата-аналары, жақын туысқандары туралы, денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді) ұсынады;
Тармақша 2
2) балалармен қарым-қатынас жасауға жағдай жасайды;
Тармақша 3
3) баланы қабылдайтын ата-аналарға ұйымдастыру-әдiстемелiк, психологиялық-педагогикалық көмек көрсетеді;
Тармақша 4
4) Республикалық деректер банкінде баланы таңдау нәтижелері туралы мәліметтер енгізеді.
Тармақ 11
11. Балаларды іріктеуді жүзеге асырғаннан кейін баланы қабылдайтын ата-аналардың тұрғылықты жері бойынша Орган он жасқа толған баланың пікірін ескере отырып, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртіппен баланы қабылдайтын ата-аналар, орган және ұйым арасында баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт жасасады.
Тарау 3. 3 - тарау. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына тәрбиелеуге беру
3 - тарау. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына тәрбиелеуге беру
Тармақ 12
12. Балалардың мүдделеріне сай келетін және балалар өздерінің туыстық қатынасы туралы білмейтін, бірге тұрмаған және бірге тәрбиеленбеген жағдайларды қоспағанда, аға-інілер мен апа-сіңлілерді (қарындастарды) ажыратуға жол берілмейді.
Тармақ 13
13. Он жасқа толған балаларды қабылдайтын отбасына беру олардың келісімімен ғана жүзеге асырылады.
Тармақ 14
14. Ұйым баланы қабылдайтын отбасына берілген әрбір балаға мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдерінің білім беру ұйымына жіберу туралы шешімі;
Тармақша 2
2) туу туралы куәлікті (жеке куәлік, паспорт);
Тармақша 3
3) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м. а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) № 065/е «Профилактикалық екпелер картасы» нысандағы медициналық құжаттама);
Тармақша 4
4) бiлiмi туралы құжатты (мектепке дейінгі балалар үшін);
Тармақша 5
5) баланың өмір сүру жағдайын тексеру актісі;
Тармақша 6
6) ата-анасы туралы мәлiметтер (ата-анасының қайтыс болғаны туралы куәлiктердiң, сот шешiмiнің (ата-аналарды ата-ана құқықтарынан шектеу немесе айыру, ата-аналарды хабар-ошарсыз кеткен деп тану, қайтыс болған деп жариялау немесе әрекетке қабілетсіз (әрекет қабiлетi шектелуi) деп тану) көшiрмелерi, ата-анасының ауруы туралы анықтама, ата-аналарды iздестiру туралы анықтама, ата-аналық құқықтардан бас тарту туралы өтініш, адасып қалған (тастанды) баланы жеткізу туралы акт, баланы денсаулық сақтау ұйымында тастап кету туралы акт;
Тармақша 7
7) аға-iнiлерiнiң, апа-сiңлiлерiнiң (қарындастарының) және басқа да жақын туыстарының бар болуы және олардың тұратын жерi туралы анықтама;
Тармақша 8
8) ата-анасы қайтыс болған соң қалған мүліктің тізімдемесін, оның сақталуына жауапты адамдар туралы мәліметтерді (бар болған жағдайда);
Тармақша 9
9) баланың (балалардың) атына тұрғын үй-жайдың бекітілуі туралы құжатты;
Тармақша 10
10) әлеуметтік жәрдемақы алатын баланың атына дербес шоттың ашылуы туралы шарттың көшірмесін, алимент өндiрiп алу туралы сот шешiмiнiң көшiрмесiн ұсынады;
Тармақ 15
15. Баланы қабылдайтын ата-аналар тұрғылықты жерінің өзгергені туралы күнтізбелік отыз күн бұрын Органды жазбаша түрде хабардар етеді. Баланы қабылдайтын ата-аналар облыстан, республикалық маңызы бар қаладан, астанадан тыс жерлерге тұрақты тұруға көшкен жағдайда баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарт бұзылады.
Тарау 4. 4 - тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды материалдық қамтамасыз ету
4 - тарау. Баланы қабылдайтын отбасыларды материалдық қамтамасыз ету
Тармақ 16
16. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балалар өздеріне тиесілі алименттерге, мұра болып қалған бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы жинақтарына, жәрдемақыларға және басқа да әлеуметтік төлемдерге құқығын, сондай-ақ өзінде бар тұрғын үйге меншік құқығын сақтайды. Баланы қабылдайтын ата-аналарға берілген балалардың тұрғын үйі болмаған кезде Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй беріледі.
Тармақ 17
17. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға тиесілі ақшалай қаражатты және мүлікті сақтау баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың қолданылу уақытында қабылдайтын ата-аналарға жүктеледі.
Тармақ 18
18. Баланы қабылдайтын ата-аналар балаларға тиесілі алименттерден, мұра болып қалған зейнетақы жинақтарынан, жәрдемақылардан және өзге де әлеуметтік төлемдерден түсетін қаражаттарды пайдаланбайды.
Тармақ 19
19. Баланы қабылдайтын ата-аналар кем дегенде алты айда бір рет ұйымға «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына толықтыру енгізу туралы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің «Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 есеп нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 19 желтоқсандағы № 173 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33791 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша бала денсаулығы паспортының көшірмесін және қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс, оларды ұстауға бөлінген ақшаны жұмсау және олардың мүлкін басқару туралы есептерді ұсынады.
Тармақ 20
20. Балаларды қабылдайтын отбасында тәрбиелегені үшін әрбір қабылдаушы ата-анаға айына отыз бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай қаражат төленеді.
Басқа 1. Өтініш
Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеге
1-қосымша
Нысан
Бекітемін
Республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
білім басқарманың, аудандардағы,
облыстық маңызы бар қалалардағы
білім бөлімінің басшысы
___________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда)
мекенжайы бойынша тұратын,
телефоны азамат(ша)
_________________________
_________________________
_________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда) және жеке
сәйкестендіру нөмері)
Өтініш
Біз, ________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(баланы қабылдайтын ата-ана кандидаттарының Т.А.Ә.)
________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын
(білім беру ұйымының атауы)
____ баланы (балалардың санын көрсету):
1.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,
2.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,
3.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) және
жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №,
4.________________ балалардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
және жеке сәйкестендіру нөмірі, туған жылы, туу туралы куәліктің №
баланы қабылдайтын ата-ана болуға мүмкіндігі туралы қорытынды
беруді сұраймыз.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымызды тексеріп-қарауға қарсы емеспіз.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді
пайдалануға келісім береміз.
20__ жылғы «___» ____________ тұлғалардың қолдары
Басқа 2. Баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың тұрғын
үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
АКТІСІ
Баланы қабылдайтын отбасы туралы ережеге
2-қосымша
Нысан
Бекітемін
Республикалық маңызы бар
қалалардың және астананың
білім басқарманың, аудандардағы,
облыстық маңызы бар қалалардағы
білім бөлімінің басшысы
__________________________
(тегі, аты және әкесінің аты
(бар болғанда)
20___ жылғы «__»
___________________________
күні, қолы, мөрдің орны
Баланы (балаларды) отбасына қабылдауға тілек білдірген тұлғалардың тұрғын
үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау
АКТІСІ
Тексеріп-қарау жүргізілген күн ___________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген _____________________________________
(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда), лауазымы, жұмыс орны) ___________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органның мекенжайы және телефоны: __________________
_____________________________________________________________
1. ___________________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы) тұрғын үй-тұрмыстық
жағдайлары тексерілді.
Жеке басын куәландыратын құжат _______________________________
Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) __________________________
Нақты тұрғылықты жері _________________________________________
Білімі _________________________________________________________
Жұмыс орны ___________________________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы)__________________________
______________________________________________________________
Жеке басын куәландыратын құжат ________________________________
Тұрғылықты жері (тіркеу орны бойынша) ___________________________
Нақты тұрғылықты жері __________________________________________
Білімі __________________________________________________________
Жұмыс орны ____________________________________________________
2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының жалпы сипаттамасы
Тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжат _____________________
________________________________________________________________
Тұрғын үйдің меншік иесінің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), __________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Жалпы көлемі __________ (ш.м.) тұрғын көлемі ___________ (ш.м.)
Тұрғын бөлмелердің саны _________, тіркеуде тұрғандар ______________
(тұрақты, уақытша)
Тұрғын үйдің жайлылығы __________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитариялық-гигиеналық жай-күйі _________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орны,
сабақдайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың және т.б. бар
болуы)
________________________________________________________________
3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда)
Туған күні
Жұмыс орны, қызметі немесе
оқу орны
Туыстық қатынастары
Ескерту
4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома __________________,
оның ішінде жалақы, басқа да табыстар ____________________________
_____________________
(жазу).
5. Баланы отбасына қабылдайтын отбасының сипаттамасы (отбасындағы
адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас, олардың жеке қасиеттері,
қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы
мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
6. Баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына қабылдау себебі:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
7. Қорытынды (баланы (балаларды) қабылдайтын отбасына беру үшін
жағдайдың бар болуы)
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
____________ _______________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
_____________
(күні)
Таныстық: ______________________________________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) (баланы қабылдайтын ата-ата
болуға үміткерлердің қолы)
Басқа 3. Баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі
(мүмкін еместігі) туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Баланы қабылдайтын отбасы
туралы ережеге 3-қосымша
нысан
Баланы қабылдайтын ата-ана болуға үміткер болу мүмкіндігі
(мүмкін еместігі) туралы
ҚОРЫТЫНДЫ
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы: ____________________________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда), туған жылы: ____________________________
Тұратын мекенжайы: ______________________________________________
________________________________________________________________
Отбасының сипаттамасы: __________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Білімі және кәсіптік қызметі ________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы ________________________________
________________________________________________________________
Баланы отбасына тәрбиелеуге қабылдауға себеп______________________
________________________________________________________________
Баланың кандидатурасы бойынша тілектері__________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қорытынды _____________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
лауазымы, Т.А.Ә. (бар болса), күні, қолы, мөрдің орны