Облыстағы қоғамдық тәртіп пен тіршіліктік маңызы бар объектілердің күзетілуін қамтамасыз етудің жайы мен шаралары туралы Күшін жойған
Басқа 0
Облыстағы қоғамдық тәртіп пен тіршіліктік маңызы бар объектілердің күзетілуін қамтамасыз етудің жайы мен шаралары туралы
Облыстағы қоғамдық тәртіпті және тіршіліктік маңызы бар объектілердің күзетілуін қамтамасыз етудегі Республика Заңдары мен басқа да құқықтық актілерді орындауға байланысты атқарылған бірқатар жұмыстардың нәтижесінде облыста ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатігез, жан түршігерлік қылмыстары, сондай-ақ экстремистік және террористік әрекеттердің фактілері болған жоқ.
Облыстық құқық қорғау органдары тарапынан, облыс аумағында «Бақылау өткізу», «Оперативті сатып алу», «Көкнәр - 2001», «Ағын», Босқын», «Қорған» т.б кешенді іс-шаралары өткізіліп, стратегиялық және тіршіліктік маңызы бар объектілердің күзетілуін жетілдіру мақсатындағы жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қару-жарақ, жарылғыш, улы және радиоактивті заттар сақтайтын орындарға бақылау күшейтіліп, Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заң талаптарына сай тіршіліктік маңызы бар объектілерге оқу-тексеру шаралары ұйымдастырылды.
Дегенмен бұл жұмыста елеулі кемшіліктер де орын алуда. Атап айтқанда, облыста ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттеріне жеткілікті тосқауыл қойылмай, ауыр қылмыстар, жастар мен жасөспірімдердің жасаған қылмыстары жылдан жылға өсіп, есірткі заттарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстар бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналуда.
Облыс аумағындағы тіршіліктік маңызы бар объектілерінің күзетілуін ұйымдастыру жұмысы өз дәрежесінде болмай, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасындағы күзет қызметін одан әрі күшейту шаралары туралы» қаулысы мен ол қаулыны жүзеге асыру туралы облыс әкімінің 1997 жылғы шешімі талаптарының бірқатары орындалмай қалуда. Бұл тұрғыда облыстық «Күзет» мемлекеттік еншілес кәсіпорны қажетті жұмыстар жүргізбеген.
Облыстық ішкі істер басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі № 1507 «Күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті реттеу туралы» қаулысына сай өздеріне жүктелген міндеттердің атқарылуына мән берілмей, күзет қызметіне берілген лицензиялардың есебін жүргізу мен оларға бақылау жасау жеткілікті болмаған. Нәтижесінде «Су құбыры», «Тұрангаз» АҚ, «Қызылдордаэнергоорталығы» мемлекеттік кәсіпорнында, «Қызылорда аймақаралық энергоорталығында» күзеттің ұйымдастырылуы, техникалық бекініс жағдайлары Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заң талаптарына сай келмейтіндігі және «Тұран Әлем банк» ЖАҚ, «Банкцентркредит» ААҚ-ның филиалы, «Қалалық жылу орталығы», «Қызылорда аймақаралық жылу орталығы», «Тұрангаз» ЖШС-нің басшылары өздері басшылық жасап отырған объектілердің маңыздылығына жеткілікті көңіл бөлмейтіндігі анықталып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің қауіпсіздік Кеңесінің 2001 жылғы 17 қазандағы мәжілісінде елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты тапсырмалары мен 2001 жылғы 24 қазандағы облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдерімен және Орталық атқарушы органдарының басшыларымен өткізілген кеңестің хаттамалық шешімін, сондай-ақ Республика Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыстағы қоғамдық тәртіп пен тіршіліктік маңызы бар объектілердің күзетілуін ұйымдастыру жұмысы қанағаттанғысыз деп танылсын.
Тармақ 2
2. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық құқық қорғау органдарының басшылары қоғамдық тәртіпті сақтаудағы орын алған кемшіліктерді жоюдың нақты шараларын қабылдасын және Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысын орындауды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулысына сай облыс аумағындағы стратегиялық және тіршіліктік маңызы бар объектілердің қауіпсіздік дәрежесін күшейту мақсатында олардың мемлекеттік күзет қызметінің күзетілуіне міндетті түрде өткізілуін шешу үшін қосымшаға сай комиссия құрылсын.
Тармақ 4
4. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 30 қыркүйектегі №№1507 және 2001 жылғы 10 қарашадағы № 1433 қаулыларына сай күзет қызметін көрсету саласында мемлекеттік лицензиялар беру жөніндегі қызметті жақсартып, оларды есепке алсын және лицензиялық ережелердің сақталуына бақылауды күшейтсін, лицензиясы жоқ мекемелердің объектілерді күзетуіне жол бермесін.
Тармақ 5
5. Облыстық комиссия (С.Ретаев) облыс аумағындағы тіршіліктік маңызы бар коммуналдық меншік ғимараттары мен мекемелерін жалға және сенімді басқаруға беру ережелерін қайта қарап, олардың міндетті түрде күзетілуін қамтамасыз ету жайлы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру аймақтық комитетіне (С. Қалиев), мемлекеттік коммуналдық мүлік және жекешелендіру басқармасына (Қ. Әбенов) ұсыныс келтірсін.
Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері мемлекеттік күзет қызметімен күзетілетіннен басқа күзетілуге жататын объектілердің күзетілуін заңға сай тендер және конкурс өткізу арқылы жүзеге асырылуына бақылау жасасын.
Тармақ 6
6. Аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов) осы қаулының орындалуы жайлы 2002 жылдың 10 наурызына, одан кейін жыл сайын 10 қаңтарға облыс әкімиятына хабарлап тұрсын. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ретаевқа жүктелсін.
Басқа 7
Облыс әкімінің
2001 жылғы 28 қарашадағы
№ 101 қаулысына қосымша
Облыс аумағындағы стратегиялық және тiршiлiктiк маңызы бар объектiлердiң мiндеттi түрде мемлекеттiк күзетiлуiн анықтайтын комиссияның құрамы
Ретаев Серiк Сәлiмұлы - облыс әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы
Тұңғышбаев Серiкбол - облыстық iшкi iстер басқармасы бастығының орынбасары, комиссия мүшесi
Бисенғалиев Жұмабай Қабдошұлы - облыстық әскери комиссардың орынбасары, комиссия мүшесi
Әлиев Дуппа Мамырұлы - Ұлттық қауiпсiздiк комитетi облыстық департаментi бастығының орынбасары, комиссия мүшесi (келiсiм бойынша)
Капесов Ақан Нұрмаханұлы - облыс прокурорының 1-орынбасары, комиссия мүшесi (келiсiм бойынша)
Әбенов Абай Рахметұлы - облыстық төтенше жағдайлар жөнiндегi басқарма бастығының орынбасары, комиссия мүшесi
Досжанов Жәнiбек - облыстық мемлекеттiк күзет қызметi басқармасының бастығы, комиссия мүшесi
Бәкiров Әмiрхан - облыс әкiмi аппараты мемлекеттiк-құқықтық жұмыстар бөлiмiнiң меңгерушiсi, комиссия мүшесi