«Ел ырысы» ЖШС мемлекеттік үлесі туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.05.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Ел ырысы» ЖШС мемлекеттік үлесі туралы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 188 бабының 3 тармағының негізінде Қызылорда облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қызылорда қаласының әкімиятына «Ел ырысы» ЖШС жарғылық қорының 90 пайызы мөлшеріндегі, барлығы 1709235 теңге құрайтын, мемлекеттік үлесі билік ету құқығынсыз иелену, пайдалану және бақылау құқығымен берілсін.
Тармақ 2
2. Қызылорда аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (С.Қалиев) мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер, мемлекеттік үлесі қатысуымен шаруашылық серіктестіктердің тізімдемесіне сәйкес өзгерістер енгізсін.