Қызылорда облыс аумағындағы телекоммуникациялар жүйелерін қорғауды күшейту туралы Күшін жойған
Басқа 0
Қызылорда облыс аумағындағы телекоммуникациялар жүйелерін қорғауды күшейту туралы
📌 Ескерту.
Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 20.12.2004
№ 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 18 мамырдағы № 382-1 «Байланыс туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Көлік және Коммуникация Министрінің 7 қараша 1996 жылғы № 270 бұйрығымен бекітілген «Телекоммуникациялар жүйелерін қорғау ережесіне» сәйкес байланыс желілерінің іркіліссіз және жоғарғы сапада жұмыс істеу, телекоммуникациялар жүйесіне басқа мекемелердің ақау келтірмеу Қазақстан Республикасының халық шаруашылығына, қорғанысына және жеке тұлғаларға көп шығын келтіріп отырған кабель өнімдерін ұрлау және түсті металдар қабылдау пункттеріне өткізуіне тосқауыл қою мақсатында Қызылорда облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудан, қала, село және ауыл әкімдері:
Тармақша а
а) Телекоммуникациялар жүйесі өткізілген аумақтарда құрылыс жүргізуге жер бөлінген жағдайларда жер таңдау, тексеру және бөлу комиссияларының құрамына № 12, 13 /МЖТТ/, ҚТО, АТТ өкілдері енгізілсін.
Тармақша ә
ә) №№12, 13 /МЖТТ/ магистральдың байланыс жүйесі мен телевидение техникалық торабы, қалалық телекоммуникациялар орталығы, аудандық телекоммуникациялар тораптарымен бірлесіп, телекоммуникациялар желісін қорғауды ұйымдастыру және «Телекоммуникациялар жүйелерін қорғау ережесін» заңды, жеке тұлғалардың бұлжытпай орындауын қамтамасыз етсін.
Тармақ 2
2. Шаруашылық ұжымдарына, олардың меншік түрлеріне қарамастан, телекоммуникациялар жүйесі жүргізілген орындарда, жер қазу жұмысына төмендегі құжаттары болмаса тыйым салынсын:
Тармақша а
а) Жобалық-есептеу құжаттары;
Тармақша ә
ә) Жер қазу жұмысына рұқсат беретін құжат /ордер/;
Тармақша б
б) Сол аумақтарда өтетін телекоммуникациялар жүйесі мекемесінің келісім құжаттары.
Тармақ 3
3. Облыстық жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті /Камалатдин А.К. / жер учаскесін пайдалану құқығына акт бергенде, телекоммуникациялар жүйесі арқылы өтетін жерлерге сервитут белгілесін.
Тармақ 4
4. Қалалық сәулет және құрылыс бөліміне /Ыбыраймов Е./ аудан сәулетшілеріне ғимараттарды жобалау және іздестіру жұмыстары кезінде 1.02. 07.87, а 22-1-96, 3.01-85 құрылыс ережесі және нормаларын басшылыққа алсын.
Тармақ 5
5. №№12 Магистральдық байланыс жүйесімен телевидение техникалық торабының бастығы /Н.И.Семкин/, №№13 /Қ.Ж.Еспаев/, қалалық телекоммуникациялар орталығының директоры /Т.Н.Сабыр/ белгіленген тәртіппен барлық жер пайдаланушыларға салынған және келешекте салынатын байланыс және радиоландыру жүйелері өтетін жерлер туралы ақпар беру ұсынылсын.
Тармақ 6
6. «Телекоммуникациялар желілерін қорғау ережесі» бұзылған деректер уақытында себептері, келтірген зиянның көлемі көрсетіліп, акт жасалып, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартуға құқық қорғау органдарына жолдансын.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары К.Н. Нүрекешовке жүктелсін.