Ауыл шаруашылығын әртараптандыру облыстық бағдарламасының Жалағаш ауданында орындалу барысы туралы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ауыл шаруашылығын әртараптандыру облыстық бағдарламасының Жалағаш ауданында орындалу барысы туралы Жалағаш ауданында облыс әкімиятының «2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы» қаулысын орындауда біршама жұмыстар атқарылуда. Облыс бойынша өндірілген күріштің төрттен бір бөлігі ауданның үлесіне тиеді. Жыл сайын күріш егісінің әр гектарынан тұрақты 40-41 центнер өнім алынуда. Ауданда картоп, көкөніс, бақша дақылдарынан жоғары өнім өндірілуде. Аудан тұрғындары осы өнімдермен физиологиялық нормаға сай қамтамасыз етілген. Мақсары, күнбағыс, қант қызылшасы дақылдарының егіс көлемін ұлғайту қарастырылған. Өткен жылдан бері ауыл шаруашылығы өндірісіне отандық инвесторлардың қаржысын тарту жұмыстары нәтижелі жүргізілуде. Үстіміздегі жылы ауыл шаруашылығына 1,9 млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылды. Мал шаруашылығы саласында мал басы мен одан алынатын өнімдердің көлемінің өсуі байқалады. Дегенмен ауданда ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру бағдарламасын орындауда кемшіліктер мен олқылықтарға жол берілуде. Үстіміздегі жылы аудан халқы қант пен тек 12,4 пайызға, ал өсімдік майымен 5,4 пайызға қамтамасыз етілген. Ауданда ауыспалы егіс жүйесінің тәртібі сақталмауда. Ауыл шаруашылығы дақылдарының жылма-жыл сапалы тұқымын дайындау өз дәрежесінде атқарылмауда. 2002 жылдың егісі үшін межеленген 200 тонна жаздық бидай, 64 тонна жоңышқа тұқымынан, үстіміздегі жылы небәрі 60 тонна жаздық бидай, 28 тонна жоңышқа тұқымы құйылған. Жетіспейтін тұқымды іздестіріп тауып, сатып алуға ешқандай жұмыс жүргізілмеуде. Облыста қабылданған әртараптандыру бағдарламасына сәйкес суды аз талап ететін, өнімі жоғары, экономикалық тиімді қант қызылшасы, мақсары, күнбағыс, дән жүгері дақылдарын көптеп егуді қолға алу керек болса, үстіміздегі жылы не бәрі 69,5 гектар қант қызылшасы, 100 гектар мақсары, 4 гектар күнбағыс дақылы ғана егілген. Дән жүгері дақылын егу жолға алынбаған. Аудан бойынша егілген күнбағыстың әр гектарынан 8 центнер, қант қызылшасынан 100 центнер өнім алынды, бұл облыстың орта көрсеткішінен тиісінше 5,3 - 27,6 центнерге төмен. Гелиожылыжайда көкөніс дақылдарын егу жұмыстары әлі күнге дейін қолға алынбаған. Мал шаруашылығы саласын жан-жақты дамытуда атқарылып жатқан жұмыстарда мардымсыз. Шаруашылық құрылымдарда ешкі малын, үй қоянын, құс өсіру өркендемей отыр. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан жоқ. Сиырды қолдан ұрықтандыру жұмыстары өз деңгейінде ұйымдастырылмаған. Ауданда дәнді дақылдардан басқа өнімді өңдеу жолға қойылмаған. Құрылысы осы жылдың 1 шілдесіне бітіп, пайдалануға берілуге тиісті қант зауыты әлі күнге дейін іске қосылмаған. Осы зауытқа есептеліп егілген қант қызылшасының өнімдері ысырапқа ұшырау қаупі бар. Аудан орталығында Израйль технологиясымен жұмыс істейтін сүт зауыты қаржы тапшылығына байланысты іркіліспен жұмыс жүргiзуде. Көкөніс, бақша, ет, жөн өңдейтін қуаттар жоқ. Негізінен өнім түрлері өңделмей коммерциялық құрылымдармен базарға шығарылып тікелей сатылуда. Облыс әкімінің 2000-2002 жылдарға арналған іс-қимыл бағдарламасын, облыс әкімиятының »2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету облыстың бағдарламасы туралы» қаулысын орындау мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жалағаш ауданының әкімі Н.Жолдасбаевтың облыс әкімиятының 2001-2005 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыру мен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету облыстық бағдарламасы туралы қаулысын орындау жұмысы туралы есебі қаперге алынсын.
Тармақ 2
2. Облыста қабылданған әртараптандыру бағдарламасына сәйкес ауданда суды аз талап ететін, өнімділігі жоғары ауылшаруашылық дақылдарының егіс көлемін ұлғайтып, алдағы жылдың егісіне тұқым дайындау, ауыспалы егіс тәртібін сақтау, су жолдарын тазалау, ауыл шаруашылығы техникалары мен гидротехникалық құрылыстарды жөндеу және жанар-жағар маймен тыңайтқыш қорын жасау жұмыстарына күнделікті бақылау орнатылсын.
Тармақ 3
3. Аудан халқын қыс, көктем айларында көкөніспен толық қамтамасыз ету мақсатында гелиожылыжай құрылыстарын салу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді нарық талабына сай жүргізіп, өнім сапасын арттыру және тоқтап қалған өңдеу қуаттарымен жаңа қуаттарды іске қосудың жаңа мүмкіндіктері қарастырылсын.
Тармақ 4
4. Мал тұқымын асылдандыру жұмыстарын қалпына келтіріп, мал басымен одан өндірілетін өнімдерді көбейту мен қатар шошқа, үй қоянын, құс және бал арасын көптеп өсірудің жолдары іздестірілсін.
Тармақ 5
5. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің аумақтық басқармасы, облыстық аймақтық даму және кәсіпкерлікті қолдау басқармасы, аудан және қала әкімдері облыс әкімиятының 2001 жылғы 8 тамыздағы №№55 қаулысын жүзеге асыруға нақты шаралар көрсін.
Тармақ 6
6. Аудан әкімі Н. Жолдасбаев осы қаулының орындалуы жөнінде 2002 жылы 10 шілдеге есеп берсін.
Тармақ 7
7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Б.Нұртазаевқа жүктелсін.