Об утверждении Соглашения об обмене информацией в сфере образования государств-участников Содружества Независимых Государств Қолданыста
Басқа 0
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң бiлiм беру саласында ақпарат алмасу жөніндегі келісімді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. 2001 жылғы 31 мамырда Минск қаласында жасалған Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің білім беру саласында
ақпарат алмасу жөніндегі келісім бекітілсін.
Тармақ 2. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
бiлiм беру саласында ақпарат алмасу туралы
КЕЛIСIМ
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
бiлiм беру саласында ақпарат алмасу туралы
КЕЛIСIМ
(Ресми емес аударма)
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң
бiлiм беру саласында ақпарат алмасу туралы
КЕЛIСIМ
Осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң үкiметтерi, одан әрi - Тараптар,
1997 жылғы 17 қаңтардағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының бiрыңғай (ортақ) бiлiм беру кеңiстiгiн құру жөнiндегi ынтымақтастық туралы Келiсiмге негiзделiп,
1992 жылғы 15 мамырдағы Бiлiм беру саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң ережелерiн назарға ала отырып,
1996 жылғы 18 қазандағы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы ақпараттық кеңiстiгiн құру Тұжырымдамасының ережелерiн басшылыққа ала отырып,
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер арасындағы бiлiм беру, ақпараттық кеңiстiктi қалыптастыру саласындағы көп тарапты және екi жақты келiсiмдердi тиiмдiлiкпен орындау мақсатында
төмендегiлер туралы келiстi:
Бап 1. 1-бап
1-бап
Тараптар тұрақты негiзде бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен аттестаттау саласында ақпараттармен алмасады.
Бап 2. 2-бап
2-бап
Тараптар бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы өздерiнiң ұлттық ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып, тиiмдi ақпарат алмасу жүйесiн құруға арналған шараларды жүзеге асырады (іске асырады) және:
бiрлесiп пайдалану үшiн ашылған бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен аттестаттау саласындағы ұлттық ақпараттар ресурстарын;
берiлетiн ақпараттың сәйкестендiрiлген параметрлерiн;
ақпарат пайдаланушы - субъектiлердiң тiзбесiн;
ақпарат алмасудың құқықтық режимiн белгiлейдi.
Бап 3. 3-бап
3-бап
Тараптар Беларусь Республикасында жасалған "ТМД-дағы бiлiм беру" серверiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының "ТМД-дағы бiлiм беру" серверi деп таниды және ондағы ұлттық ақпараттық материалдарды уақытылы беру мен жаңартуға шаралар қолданады.
Тараптардың уәкiлеттi органдары қажет болса ақпараттық-нормативтiк базаны тарату мен жариялауға жауапты мемлекетаралық ақпарат орталығын (агенттiгiн) құрудың орындылығы туралы мәселенi қарайды.
Бап 4. 4-бап
4-бап
Тараптар:
Бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен аттестаттау саласындағы негiзгi ақпараттық алмасу бағыттарының тiзбесi (қоса берiлiп отыр);
Тараптардың қолданыстағы ақпараттық-коммуникациялық ресурстарын, сондай-ақ жаңадан құрылатын байланыс жүйелерiн пайдалану негiзiнде бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен аттестаттау мәселелерi туралы ақпарат алмасады.
Бап 5. 5-бап
5-бап
Тараптар бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау мен аттестаттау саласында бiрлесiп пайдалану үшiн белгiленген ұлттық ақпарат ресурстарына өзара қолжетiмдiлiктi және ТМД Атқарушы комитетiнiң, ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер Парламентаралық Ассамблеясының, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы органдарының қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз
етедi, оларды өзектi (бақылаудағы) қалпында қолдайды.
Бап 6. 6-бап
6-бап
Тараптар бiлiм беру ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды
даярлау және аттестаттау саласында электрбайланыс желiлерi бойынша немесе
қағаз жүзiндегi қажеттi ақпаратты пайдаланушы-субъектiге беру арқылы
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының жұмыс тiлiнде беру жолымен ақпараттар
алмасады.
Бап 7. 7-бап
7-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру жөнiндегi Тараптардың өзара
іс-қимылын үйлестiрудi Беларусь Республикасы жүзеге асырады.
Бап 8. 8-бап
8-бап
Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер
мүдделi Тараптардың құзыреттi органдарының арасындағы консультациялар мен
келiссөздер арқылы шешiледi.
Бап 9. 9-бап
9-бап
Осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар жекелеген хаттамалар
түрiнде Тараптардың ортақ келiсiмiмен енгiзiлуi мүмкiн, олар осы
Келiсiмнiң 12-бабында көзделген тәртiппен күшiне енедi.
Бап 10. 10-бап
10-бап
Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiм қолданылған уақытта туындаған
мiндеттемелердi реттей отырып, шығудан ең кемi алты ай бұрын депозитарийге
жазбаша хабарлама жiбергеннен кейiн ғана осы Келiсiмнен шығуына болады.
Бап 11. 11-бап
11-бап
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалады және егер де Тараптар өзге шешiм қабылдамаса, келесi бесжылдық кезеңдерге өздiгiнен ұзартылады.
Бап 12. 12-бап
12-бап
Осы Келiсiм оған қол қойылған күннен бастап, ал заңнамалары оның күшiне енуiне қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердiң орындалуын талап ететiн Тараптар үшiн депозитарийге тиiстi хабарлама берiлген күннен бастап күшiне енедi. Мұндай рәсiмдердiң қажеттiлiгi туралы Тараптар осы Келiсiмге қол қойылған кезде немесе осы Келiсiмге қол қойылған сәттен үш ай өткенше депозитарийдi хабарландырады.
Бап 13. 13-бап
13-бап
Осы Келiсiм депозитарийге бұлайша қосылу туралы құжаттарды беру
жолымен оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлiсетiн, оған қатысқысы келетiн
басқа да мемлекеттер үшiн ашық. Депозитарий әрбiр жаңадан қосылғандар
туралы осы Келiсiмнiң Тараптарын хабардар етедi.
Минск қаласында 2001 жылғы 31 мамырда бiр данада орыс тiлiнде
жасалды. Түпнұсқа дана осы Келiсiмге қол қойған мемлекеттердiң
әрқайсысына оның куәландырылған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығының Атқарушы комитетiнде сақталады.
Әзербайжан Республикасының Yкiметi үшiн /ерекше пiкiрмен/
Армения Республикасының Yкiметi үшiн
Беларусь Республикасының Yкiметi үшiн
Грузия Республикасының Yкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Yкiметi үшiн
Қырғыз Республикасының Yкiметi үшiн
Молдова Республикасының Yкiметi үшiн
Ресей Республикасының Yкiметi үшiн
Тәжiкстан Республикасының Yкiметi үшiн
Түрiкменстан Республикасының Yкiметi үшiн
Өзбекстан Республикасының Yкiметi үшiн
Украина Республикасының Yкiметi үшiн
Басқа 16. Бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
мен аттестаттау саласындағы негiзгi ақпараттық алмасу
бағыттарының тiзбесi
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы-мемлекеттердiң бiлiм
беру саласында ақпарат алмасу
туралы Келiсiмге қосымша
Бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
мен аттестаттау саласындағы негiзгi ақпараттық алмасу
бағыттарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Нормативтiк-құқықтық актiлер мен құжаттары.
Тармақ 2
2. Статистикалық ақпарат.
Тармақ 3
3. Бiлiм беру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы
материалдары.
Тармақ 4
4. Ұлттық білiм беру құрылымдары қатысатын халықаралық жобалар туралы
материалдары.
Тармақ 5
5. Бiлiм беру, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау
және аттестаттау мәселелерi жөнiндегi бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияланған мақалалар жиыны мен тiзiмi.
Тармақ 6
6. Жоспарланған iс-шаралар туралы ақпарат (көрмелер, семинарлар,
конференциялар).
Тармақ 7
7. Бiлiм беру бағытындағы құрылымдар мен ұйымдар туралы ақпараты.
Тармақ 8
8. Оқу-әдiстемелiк әдебиеттер.
Тармақ 9
9. Оқытуды жүргiзу үшiн қажет бағдарламалық кешендер.
Тармақ 10. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы-мемлекеттердiң бiлiм беру саласында ақпарат алмасу
туралы Келiсiмiне Әзербайжан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПIКIРI
10. Озық және жаңашылдық тәжiрибелердiң мекен-жайы.
Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
қатысушы-мемлекеттердiң бiлiм беру саласында ақпарат алмасу
туралы Келiсiмiне Әзербайжан Республикасының
ЕРЕКШЕ ПIКIРI
Әзербайжан Республикасы 1992 жылғы 15 мамырдағы бiлiм беру
саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмге қатысушы емес және 3-бапты мына
редакцияда қабылдайды: "Тараптар қажет болса Беларусь Республикасында
жасалған "ТМД-дағы бiлiм беру" серверiн пайдаланады және ондағы ұлттық
ақпараттық материалдарды уақытылы беру және жаңартуға шаралар қолданады".