Об утверждении Правил распределения распределяемой бюджетной программы по переподготовке и повышению квалификации государственных служащих Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.08.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған бюджеттік қаражатты бөлу бағдарламасы бойынша мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша қаражатты бөлу ережелері бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 91 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13768 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 17 маусымда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Мемлекеттік қызмет департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі _____________Б. Сұлтанов « » __________ 2016 жыл
Басқа 1. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 28 қазандағы № 26 бұйрығымен бекітілді Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 33-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және бюджеттік бағдарламаның әртүрлі әкімшілерінің арасында мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (бұдан әрі – бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі) болып табылады.
Тармақ 3
3. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша бөлінетін бюджеттік бағдарлама республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомствалары мен аумақтық бөлімшелері мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімі бойынша жұмсалатын шығыстарды қамтиды. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдар болып табылады.
Тарау 2. 2-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі
2-тарау. Бюджеттік бағдарламалардың әртүрлі әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу тәртібі
Тармақ 4
4. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаражатты бөлу үшін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген) Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары) сәйкес бюджеттік өтінім жолдайды.
Тармақ 5
5. Бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша жиынтық бюджеттік өтінімді бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жолдайды.
Тармақ 6
6. Республикалық бөлінетін бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері арасында бөлуге бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджеттік қаражаттар жатады.
Тармақ 7
7. Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың қаражаттарын бөлу бөлінетін бюджеттік бағдарлама әкімшісінің бұйрығы (бұдан әрі – бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Бұйрықта республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің атаулары және ағымдағы қаржы жылына бөлінген қаржыландыру сомалары көрсетіледі.
Тармақ 9
9. Бөлінетін бюджеттік бағдарлама бойынша қаржыландыру көлемдері өзгерген жағдайда Бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізіледі.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік қызметлерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыру бойынша қаражат қаржылық жыл ішінде пайдаланылмаған немесе жартылай игерілмеген жағдайда республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілері Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидаларына сәйкес республикалық бюджет соңғы рет нақтылағанға дейін бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне бюджеттік өтінім жолдайды.
Тармақ 11
11. Бюджет шығындарына секвестр жасау кезінде бюджеттік бағдарлама қаражатын қысқарту республикалық бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.