Об утверждении формы обязательства по отражению в декларации по налогу на добавленную стоимость суммы налога на добавленную стоимость, подлежащего уплате по импорту товаров методом зачета Күшін жойған
Басқа 0
Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсету бойынша мiндеттемелер нысандарын бекiту туралы
"Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексiне) сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа сәйкес қоса берiлiп отырған Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсету бойынша мiндеттемелер нысандарының (бұдан әрi - Мiндеттеме) қосымша бекiтiлсiн.
Тармақ 2
2. Мiндеттеме импортталатын тауарларды кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыратын кеден органына екi данада ұсынылатындығы белгiленсiн.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi Мiндеттеменiң бiр данасымен қосылған құн салығын төлеушi - сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тiркеу орны бойынша салық органдарын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 4
4. Әдiстеме департаментi осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiп және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне мемлекеттiк тiркеуге жiберсiн.
Тармақ 5
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Вице-министр С.С. Қанатовқа жүктелсiн.
Тармақ 6
6. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Келісілді
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
2001 жылғы 14 қараша
Басқа 7. Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегі декларацияда көрсету бойынша МIНДЕТТЕМЕ
Қазақстан Республикасы
Мемлекеттiк кiрiс министрiнің
2001 жылғы 2 қарашадағы
N 1495 бұйрығына қосымша
Есеп әдiсiмен импорт тауарлар бойынша төлеуге тиiстi қосылған құн салығы сомасын қосылған құн салығы жөнiндегі декларацияда көрсету бойынша МIНДЕТТЕМЕ
____________________________________________________________________
алушы/импорттаушы___________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе, егер лушы/импорттаушы
____________________________________________________________________
болып жеке тұлға болса аты-жөнi)
Салық төлеушiнiң тiркелген нөмiрi _______________________________
_____ сериалы N ________ ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiктi
____________________________________________________________________
(қала, аудан, облыс)
бойынша салық комитетi 200_ ж. "___" __________ N ____________
ЖКД сәйкес есеп әдiсiмен бюджетке төленуге
тиiстi ______________________ (_________________________) теңге ҚҚС
(сома жазбаша түрде)
сомасына __________________________________________________________
(салық кезеңi)
қосылған құн салығы жөнiндегi декларацияда көрсетуге мiндеттенедi.
Басшы
(жеке тұлға)_____________________________________________________
(Басшының аты-жөнi, немесе жеке тұлғаның аты-жөнi
__________________________________________________ ______________
және оның жеке куәлігінiң нөмiрi) (қолы)
Мiндеттеме 200_ ж. "___" ____________ қабылданды.
Инспектор _______________________________________ _____________
(Кеден органының лауазымды тұлғасының аты-жөнi) (қолы)
Кеден органы М.О.