О выплате единовременной денежной компенсаций на покрытие расходов за коммунальные услуги педагогическим работникам образования, работающим в сельской местности за счет средств местного бюджета Күшін жойған
Басқа 0
Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім
берудің педагог қызметкерлеріне
коммуналдық қызмет көрсетулерге
шығыстарды жабуға жергілікті бюджет
қаражаты есебінен біржолғы ақшалай
өтемақы төлеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 53 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Қазығұрт аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға жергілікті бюджет қаражаты есебінен біржолғы ақшалай өтемақы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленсін.
Тармақ 2
2. Қазығұрт аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 желтоқсандағы
№25/167-V «Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға біржолғы ақшалай өтемақы төлеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2471 тіркелген, 2014 жылғы 17 қаңдардағы «Қазығұрт тынысы» газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.