Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества Күшін жойған
Басқа 0
Коммуналдық мүлікті
иеліктен айыру түрлерін
таңдау жөніндегі өлшемшарттарды
айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағын және 37-бабын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Владимир Анатольевич Костюшинге жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Теміртау қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «24» қарашадағы
№ 47/4 қаулысына
қосымша
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін
таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ р/с
Өлшемшарттың атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Жекешелендіру объектісін одан әрі бақылауға мемлекеттің мүдделілігінің болмауы.
Барынша жоғары ықтимал бағамен жекешелендіру объектісін сату және сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттілігі.
Сауданы аукцион нысанында өткізу
2
Жекешелендіру объектісін сату шарттарын белгілеу қажеттігі (қызмет бейінін сақтау, кредиторлық берешегінің өтелуі, жалақы бойынша берешегінің өтелуі және басқа да шарттар).
Жекешелендіру объектісін барынша жоғары ықтимал бағамен сату қажеттігі.
Сауданы тендер нысанында өткізу
3
Сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқару, мүлікті жалдау (жалға алу) шартының шарттарын орындауы.
Тікелей атаулы сату
4
Жекешелендіру объектісінің қор биржасының талаптарына сәйкестігі. Шетел инвесторларын қоса алғанда, сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту қажеттігі.
Сауданы қор биржасында өткізу