Об утверждении поправочных коэффициентов к базовым ставкам платы за земельные участки Күшін жойған
Басқа 0
Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттерін бекіту туралы
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 11-бабы 1-тармағына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері осы шешімнің 1- қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Жітіқара ауданы әкімдігінің
жер қатынастары бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
_____________ Н. Кушербаев
2016 жылғы 21 қараша
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің Жітіқара
ауданы бойынша Мемлекеттік
кірістер басқармасы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
_____________ Н. Ахметкалиев
2016 жылғы 21 қараша
Басқа 4
Мәслихаттың
2016 жылғы «21» қарашадағы
№ 70 шешіміне 1- қосымша
Жітіқара қаласы бойынша жер учаскелері үшін төлемақының
базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері
Аймақ
нөмірі
Жердің 1 шаршы метрі үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне
түзету коэффициенті
1
1,8
2
1,5
3
1,2
4
1,0
5
0,8
6
0,6
7
0,5
Басқа 5
Мәслихаттың
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 70 шешіміне 2-қосымша
Мәслихаттың күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің
тізімі
Тармақ 1
1. Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 «Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-14 нөмерімен тіркелген, 2005 жылғы 30 шілдеде «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
Тармақ 2
2. Мәслихаттың 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 182 «Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 «Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4412 нөмерімен тіркелген, 2014 жылғы 23 қантарда «Житикаринские новости» газетінде жарияланған).
Тармақ 3
3. Мәслихаттың 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 395 «Мәслихаттың 2005 жылғы 13 маусымдағы № 186 «Аудан жерлері үшін және Жітіқара қаласы бойынша жер салығы мен жер үшін төлемінің базалық ставкасына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6178 нөмерімен тіркелген, 2016 жылғы 4 ақпанда «Авангард» газетінде жарияланған).