Об утверждении Правил регулирования предельного уровня цен на субсидируемые универсальные услуги связи, оказываемые в сельских населенных пунктах Қолданыста
Басқа 0
Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидаларын бекіту туралы
Байланыс туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, «Пошта туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 9 қазандағы № 846 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 417) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитеті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Заң департаментiне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлiметтердi ұсынуды қамтамасыз етсiн.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
________________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «__» ___________
«КЕЛІСІЛДІ»:
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
________________Б. Сұлтанов
2016 жылғы «__» ___________
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және коммуникациялар
министрінің
2016 жылғы 20 қазандағы
№ 215 бұйрығымен бекітілген
Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын
байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың
шекті деңгейін реттеу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағына, сондай-ақ «Пошта туралы» 2016 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілді және ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) әмбебап қызмет көрсету операторы – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әмбебап байланыс қызметтерін көрсету міндеті жүктелген байланыс қызметтерін көрсететін байланыс операторы (бұдан әрі – Оператор);
Тармақша 2
2) байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтері – телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген, уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесі, оларды кез келген елді мекенде байланыстың көрсетілетін қызметтерін кез келген пайдаланушыға тағайындалған мерзімде, белгіленген сапада және осы көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ететін баға деңгейінде көрсету әмбебап қызмет көрсету операторлары үшін міндетті болып табылады.
Тармақ 3
3. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсынудың негiзгi критерийлеріне мыналар жатады:
Тармақша 1
1) байланыстың көрсетілетін қызметтерiн пайдаланушылар үшiн бағаның қолжетiмдiлiгi;
Тармақша 2
2) елдi мекен санаты мен тұрғындар саны ескеріле отырып айқындалатын тұрған жерi бойынша қолжетiмдiлігі;
Тармақша 3
3) ол белгiленген уақыт кезеңi iшiнде жеке телефондар орнатуға немесе қол жеткізу желілерінің белгілі бір санын енгізуге (қоғамдық телефондар орнатуға) өтiнiмдердi қанағаттандыру ескеріле отырып айқындалатын уақыт бойынша қолжетімдігі.
Тарау 2. 2-тарау. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін,
субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін
қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібі
2-тарау. Ауылдық елді мекендерде көрсетілетін,
субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін
қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібі
Тармақ 4
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің әрбір түрі бойынша бағалардың шекті деңгейін реттейді.
Тармақ 6
6. Оператор субсидиялар мөлшерін айқындау үшін байланыс операторы бекіткен әдіснамаға сәйкес қызмет түрлері, көрсетілетін байланыс қызметтері және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланатын байланыс желісінің бөліктері бойынша кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алу деректері бойынша байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құны туралы ақпарат ұсынады.
Тармақ 7
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган байланыс қызметтерін көрсететін қызметтер түрі және осы қызметтерді көрсету үшін пайдаланылатын кірістер мен шығыстарды бөлек есепке алу деректері бойынша Операторлар ұсынған деректер негізінде байланыстың әмбебап қызметтерінің өзіндік құнын есептеуді жүзеге асырады. Байланыстың әмбебап қызметтерінің өзіндік құнын есептеу үшін қабылданған деңгейі жөніндегі шешім уәкілетті органның бұйрығымен ресімделеді.
Тармақ 8-1
8-1. Байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнын есептеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мынадай шығындарды есепке алады:
Тармақша 1
1) әмбебап қызметтерді көрсетуге байланысты материалдық шығыстар;
Тармақша 2
2) еңбекақы төлеуге шығыстар;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көзделген міндетті сақтандыру түрлеріне арналған шығыстар, салықтар, алымдар және бюджетке төленетін міндетті төлемдер;
Тармақша 4
4) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің амортизациялық аударымдары;
Тармақша 5
5) негізгі құралдар құнының өсуіне алып келмейтін жөндеу жұмыстарына арналған шығыстар;
Тармақша 6
6) ғимараттарды күтіп ұстау бойынша шығыстар және коммуналдық шығыстар;
Тармақша 7
7) 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі -
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары –Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 02.06.2026 № 280/НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Тармақша 8
8) байланыстың әмбебап қызметтерін көрсетуге қатысы бар ұйымдардың өндірістік сипаттағы жұмыстары, көрсетілетін қызметтері.
Тармақ 8-2
8-2. Уәкілетті орган байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің өзіндік құнын есептеуді жүзеге асыру кезінде мынадай шығындарды ескермейді:
Тармақша 1
1) ластаушы заттардың нормативтен тыс шығарындылары (тастандылары) үшін (болған жағдайда) төлемдер;
Тармақша 2
2) үмітсіз борыштар;
Тармақша 3
3) шаруашылық шарттарды бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық айыбы және санкциялардың басқа да түрлері, сот шығындары;
Тармақша 4
4) табысты жасырғаны (төмендеткені) үшін айыппұлдар мен өсімақылар;
Тармақша 5
5) ұрлаудан болған залалдар;
Тармақша 6
6) денсаулық сақтау объектілерін, мектепке дейінгі балалар ұйымдарын, оқу орындарын күтіп ұстауға арналған;
Тармақша 7
7) сауықтыру лагерлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын күтіп ұстауға арналған;
Тармақша 8
8) ұйым қызметкерлері тұрғын үй жағдайын жақсартуға алған пайызсызды қоса алғанда, ссудаларды өтеуге;
Тармақша 9
9) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шаралар өткізуге арналған;
Тармақша 10
10) демеушілік көмек көрсетуге арналған;
Тармақша 11
11) ақаудан болған ысыраптарға арналған;
Тармақша 12
12) өндірістің вахталық ұйымдастырылуын қоспағанда, байланыс операторларының персоналы үшін пәтерлерді, тұрғын үйлер мен құрылыстарды, жатақханалардағы және қонақ үйлердегі орындарды сатып алуға, жалға алуға және күтіп ұстауға арналған;
Тармақша 13
13) мерейтойлар күніне немесе қызметкерлерге ынталандыру түрінде берілетін сыйлықтар сатып алуға арналған;
Тармақша 14
14) нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауарлық-материалдық құндылықтардың, қоймадағы қорлардың бұзылуына және жетіспеушілігіне және өндірілмейтін шығыстарға арналған;
Тармақша 15
15) оқыту курстарын, семинарлар, тренингтер, дәрістер, көрмелер, пікірталастар, ғылым және өнер қайраткерлерімен кездесулер, ғылыми-техникалық конференциялар өткізуге және ұйымдастыруға арналған;
Тармақша 16
16) қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтарға мүшелік жарналарға арналған;
Тармақша 17
17) кәсіптік ауруларды оңалтып емдеуге байланысты шығындардан басқа, байланыс операторының қаражаты есебінен қызметкерлердің және олардың балаларының емделуіне, демалуына, экскурсияларына арналған жолдамаларға ақы төлеуге арналған;
Тармақша 18
18) жылдың жұмыс қорытындылары бойынша әкімшілік персоналға сыйлықақы беруге және оларды ынталандыруға арналған;
Тармақша 19
19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті сақтандыру төлемдерін қоспағанда, сақтандыру төлемдері (байланыс операторы өз қызметкерлерінің пайдасына жасаған жеке және мүліктік сақтандыру шарттары бойынша байланыс операторы төлейтін жарналар);
Тармақша 20
20) қызметкерлерге қосымша берілген демалыстарға, оның ішінде бала тәрбиелеп отырған әйелдерге ақы төлеуге, қызметкердің отбасы мүшелеріне демалысты пайдаланатын жерге бару және қайту жолына ақы төлеуге арналған;
Тармақша 21
21) байланыс операторларының қызметкерлеріне жеңілдіктер;
Тармақша 22
22) мектепке дейінгі мекемелердегі, шипажайлардағы және сауықтыру лагерлеріндегі балалардың тамақтану құнын өтеуге арналған;
Тармақша 23
23) ұжымдық шартта айқындалған мақсаттарға кәсіптік одақтарға аударымдар;
Тармақша 24
24) консалтингтік компаниялардың қызметтеріне арналған шығыстар.
Тармақ 9
9. Субсидиялар мөлшері конкурс шарттары немесе Операторға байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттары бойынша айқындалады, тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте көзделген субсидиялар мөлшерінен аспауға тиіс және шығыстар мен байланыстың залалды әмбебап қызметтерін көрсетуден түскен нақты кірістердің айырмасы ретінде айқындалады.
Тармақ 10
10. Ауылдық елді мекендерде байланыстың әмбебап қызметтерін көрсететін Операторлардың залалдары, егер бұл конкурс шарттарында немесе байланыс операторына байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі міндеттерді жүктеу шарттарында айқындалған болса, субсидиялануға жатады.
Тармақ 11
11. Әмбебап қызмет көрсету операторларына субсидиялар уәкілетті орган мен әмбебап қызмет көрсету операторы арасында жасалған шарт негізінде тоқсан сайын нақты көрсетілген байланыстың әмбебап қызметтері көлемінде төленеді.
Тармақ 12
12. Операторлар уәкілетті органның байланыстың әмбебап көрсетілген қызметтердің нақты көлемі мен сапасы туралы деректерді келесі есептік дейінгі тоқсанның бірінші айының 15 күніне дейін тоқсан сайын ұсынады. Төртінші тоқсанның деректері тоқсанның соңғы айының болжамды деректері ескеріле отырып, есептік жылдың 10 желтоқсанына дейін беріледі.
Тармақ 13
13. Операторларға байланыстың әмбебап қызметтерін көрсеткеніне кеткен шығындарды өтеу үшін уәкілетті орган субсидиялардың мөлшері жөнінде ведомость жасайды.