Об утверждении Методики по формированию и распространению официальной статистической информации в электронном виде Күшін жойған
Басқа 0
Ресми статистикалық
ақпаратты электронды түрде
қалыптастыру және тарату
бойынша әдістемені бекіту туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 258) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістеме бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Пайдаланушылармен жұмыс басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
Тармақша 3
3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмелерін қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
Тармақша 4
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Пайдаланушылармен жұмыс басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің құрылымдық бөлімшелеріне және аумақтық органдарына жұмыс бабында басшылыққа алу және пайдалану үшін жеткізсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына (А.С. Батанов) жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістеме
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрлігі Статистика
комитеті төрағасының
2016 жылғы 30 қарашадағы
№ 292 бұйрығымен
бекітілді
Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістеме
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарату бойынша әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес бекітілетін статистикалық әдіснамаға жатады.
Тармақ 2
2. Осы Әдістемеде ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде таратудың қағидаттары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-порталына (бұдан әрі – Интернет-портал) ақпараттық материалдарды ұсыну және орналастыру тәртібі, Интернет-порталдың жұмысын қамтамасыз ететін қатысушылардың өзара іс-қимылының тәртібі келтірілген.
Тармақ 3
3. Осы Әдістеме Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің (бұдан әрі – Комитет) және оның аумақтық органдары қызметкерлерінің электронды түрдегі ресми статистикалық ақпаратты қалыптастыру және тарату кезінде пайдалануына арналған.
Тармақ 4
4. Осы Әдістемеде келесі анықтамалар қолданылады:
Тармақша 1
1) ақпараттық материал – бұл әртүрлі мәтіндік және кестелік форматтарда ресімделген, Интернет-ресурста орналастыруға арналған ресми статистикалық ақпараттан тұратын жарияланымдар;
Тармақша 2
2) жауапты орындаушы – Интернет-ресурстарда орналастыру үшін ұсынылған ақпараттық материалдардың сапасына, толықтығына, анықтығына және уақтылығына жауапты Комитеттің құрылымдылық бөлімшесінің және/немесе оның аумақтық органының қызметкері;
Тармақша 3
3) интернет-портал – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-порталы;
Тармақша 4
4) интернет-порталды қолдау қызметі – Интернет-порталға жүйелі-техникалық қызмет көрсететін «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Ақпараттық-есептеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – «АЕО» РМК) құрылымдық бөлімшесі;
Тармақша 5
5) интернет-ресурс – аппараттық-бағдарламалық кешенде орналастырылатын, бірегей желілік адресі және (немесе) домендік аты бар және Интернетте жұмыс істейтін, мәтіндік, графикалық, аудиокөрінімді немесе өзге де түрде бейнеленетін электрондық ақпараттық ресурс;
Тармақша 6
6) модератор – Интернет-порталда ақпараттық материалды орналастыру, ауыстыру және редакциялауға жауапты Интернет-порталды қолдау қызметінің қызметкері;
Тармақша 7
7) «Талдау» АТЖ – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ақпараттық-талдамалық жүйесі;
Тармақша 8
8) үйлестіруші – Интернет-порталда орналастыру үшін өзектендіру, сүйемелдеу және ақпараттық материалдарды уақтылы ұсыну бөлігіндегі жұмыстарды үйлестіруге жауапты Комитеттің және/немесе оның аумақтық органының уәкілетті құрылымдылық бөлімшесінің қызметкері.
Тарау 2. 2-тарау. Ақпараттық материалдарды қалыптастыру, ұсыну және орналастыру
2-тарау. Ақпараттық материалдарды қалыптастыру, ұсыну және орналастыру
Тармақ 5
5. Ақпараттық материалды электронды түрде қалыптастыру кезінде келесі параметрлер сақталады:
Тармақша 1
1) ақпараттық материалдың мазмұнына сәйкес атауы;
Тармақша 2
2) ақпараттық материалдың пішімдері:
мәтіндік түрде – *.doc, *.rtf, *.txt;
графикалық түрде - *.jpg, *.jpeg, *.gif, *.png, *.bmp;
кесте түрінде - *.xls, *.pdf, *.ppt, *.html;
Тармақша 3
3) *.xls пішімінің ақпараттық материалдары үшін деректері жоқ беттер жойылады;
Тармақша 4
4) құжатты рәсімдеу стилі.
Тармақ 6
6. Ақпараттық материал ағымдағы жылғы Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімде және көлемде орналастырылады.
Тармақ 7
7. Ақпараттық материалды модераторға ұсыну үдерісі электрондық пошта немесе басқа да ішкі ақпараттық ресурстар арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Ақпараттық материалды электрондық пошта арқылы жіберу кезінде ұсынылған ақпараттық материалды Интернет-порталдың құрылымына (бөлім, бөлімше) сәйкес орналастыруға арналған орын қадамдап ажырата отырып жазылады.
Тармақ 9
9. Ақпараттық материалдар келесі тәртіпте жаңартылады:
Тармақша 1
1) «Соңғы деректер»;
Тармақша 2
2) «Комитеттің баспасөз хабарламалары»;
Тармақша 3
3) «Жедел деректер (жедел ақпараттар және бюллетеньдер)»;
Тармақша 4
4) «Жинақтар».
Модератор ақпараттық материалдарды алғаннан кейін орналастыру уақыты – 30 минут (ақпараттық материалдардың көлеміне қарай).
Тармақ 10
10. Жауапты орындаушы:
Тармақша 1
1) Интернет-порталда орналастырылған ақпараттық материалдарға тұрақты негізде мониторинг жүргізеді және үйлестірушіге өзекті емес ақпаратты жоюға және жаңа ақпараттық материалды орналастыруға (өзектендіруге) өтінімді уақтылы береді;
Тармақша 2
2) «Талдау» АТЖ көрсетілетін статистикалық ақпараттың нақты барына және анықтығына мониторинг жүргізеді.
Тармақ 11
11. Комитеттің Интернет-порталына ақпараттық материалды орналастыруға өтінім (бұдан әрі – өтінім) осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес ресімделеді.
Тармақ 12
12. Үйлестіруші өтінімді келесі деректерді көрсете отырып тіркейді:
Тармақша 1
1) өтінім нөмірі;
Тармақша 2
2) беру күні;
Тармақша 3
3) орналастыру күні;
Тармақша 4
4) ақпараттық материалды ұсынған құрылымдық бөлімшенің атауы;
Тармақша 5
5) ескерту.
Жаңа материалды жариялаған немесе бұдан бұрын орналастырылған материалды алып тастаған жағдайда өтінімнің сканерленген нұсқасын модератордың электронды поштасына жолдайды.
Тармақ 13
13. Өтінімдерге сәйкес ақпараттық материалдарды орналастыру кезекке қою тәртібімен орындалады.
Тармақ 14
14. Үйлестіруші Интернет-порталды өзектендіруге мониторингті тұрақты түрде жүргізеді. Өзекті ақпараттың болмауы немесе өзекті емес болған жағдайда үйлестіруші аталған фактіні тіркейді және жауапты орындаушыға электрондық пошта арқылы ақпараттық материалды ұсыну қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
Тармақ 15
15. Жауапты орындаушы ақпараттық материалды хабарлама алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынады.
Тармақ 16
16. Интернет-порталда орналастыруға арналған барлық ақпараттық материалдар сағат 18.00-ге дейін ұсынылады. Сағат 18.00-ден кейін жолданған ақпараттық материалдар келесі жұмыс күні сағат 10.00-ге дейін орналастырылады.
Тармақ 17
17. Ақпараттық материалды уақтылы орналастыруға мүмкіндік бермейтін Интернет-портал жұмысының істен шығуы кезінде модератор Интернет-порталды қолдау қызметіне орын алған ақаулар туралы дереу хабарлайды.
Тармақ 18
18. Интернет-порталды қолдау қызметі хабарламаны алғаннан кейін аталған ақауларды жедел жояды. Егер Интернет-порталдың іркіліссіз тұрақты жұмыс істеуін бір күн ішінде қамтамасыз етілмесе, Интернет-порталды қолдау қызметі үйлестірушіге жазбаша түрде хабарлайды, сондай-ақ Интернет-порталда кемшіліктер себептерінің негіздемесі мен қалпына келтіру мерзімін көрсете отырып хабарламаны орналастырады.
Тарау 3. 3-тарау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату
3-тарау. Ресми статистикалық ақпаратты тарату
Тармақ 19
19. Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде тарату ағымдағы жылға бекітілген Ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 20
20. Ресми статистикалық ақпаратты тарату келесі қағидаттар:
Тармақша 1
1) уақтылығы;
Тармақша 2
2) анықтығы;
Тармақша 3
3) жалпыға бірдей қолжетімділігі бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 21
21. Статистикалық ақпаратты электронды түрде тарату:
Тармақша 1
1) ресми Интернет-портал;
Тармақша 2
2) пайдаланушылардың электронды мекенжайларына электронды таратулар;
Тармақша 3
3) қағаз түріндегі статистикалық жарияланымдарға қосымша болып табылатын дискілі жеткізгіштер;
Тармақша 4
4) «Талдау» АТЖ арқылы жүзеге асырылады.
Тарау 4. 4-тарау. Құпия статистикалық деректерді жариялау
4-тарау. Құпия статистикалық деректерді жариялау
Тармақ 22
22. Қызмет түрі және/немесе басқа жіктелімдердің элементтері бойынша аудан және/немесе облыс (республикалық маңызы бар қала және/немесе астана) бөлінісінде жалғыз болып табылатын респондентпен ұсынылған алғашқы статистикалық деректер респонденттің келісімінсіз жарияланбайды және жарияланымдарда «Х» белгісімен белгіленеді.
Құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері ресми статистикалық ақпаратты жариялауы кезінде алғашқы статистикалық деректердің жариялануын болдырмау үшін құпия деректерді жасырудың келесі әдістерін қолданады:
алғашқы деректерді тікелей белгілеу арқылы деректерді жариялау;
жіктелімнің жоғары деңгейіндегі деректерді жариялау;
жіктелімнің басқа элементіне ауыстыру арқылы деректерді жариялау;
жіктелімнің бір элементіне басқа деректерді біріктіру арқылы деректерді жариялау.
Тармақ 23
23. Бір аудан немесе бір облыс (республикалық маңызы бар қала немесе астана) және/немесе басқа жіктелім элементтері бойынша «Х» белгісі бар аудандар немесе облыстар (республикалық маңызы бар қалалар немесе астана) бөлінісінде ресми статистикалық ақпаратты жариялау барысында құпия деректердің жанама белгіленуін болдырмау үшін келесі ең аз респонденттер саны немесе келесі ең аз өндіріс көлемі, қызмет көрсету көлемі бойынша деректері бар басқа аудан немесе облыс (республикалық маңызы бар қала немесе астана) бойынша және/немесе басқа жіктелім элементтері бойынша деректер қосымша «Х» белгісімен белгіленеді.
Тарау 5. 5-тарау. Ресми статистикалық ақпараттар бойынша «Сұрақ-жауап» бөліміне түсетін сұрақтармен жұмыс
5-тарау. Ресми статистикалық ақпараттар бойынша «Сұрақ-жауап» бөліміне түсетін сұрақтармен жұмыс
Тармақ 24
24. Үйлестіруші күн сайын Интернет-порталға келіп түскен барлық сұрақтарды қадағалайды және оларды тиісті құрылымдық бөлімшерлерге Электронды құжатайналымының бірыңғай жүйесі (бұдан әрі – ЭҚАБЖ) арқылы жауап дайындау үшін жолдайды.
Тармақ 25
25. Жауапты құрылымдық бөлімшелер үш жұмыс күні ішінде жауапты дайындайды. Комитеттің басқа құрылымдық бөлімшелерімен келісуді талап ететін жауаптар бес жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.
Тармақ 26. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-порталына ақпараттық материалды орналастыруға
№ _____ ӨТІНІМ
26. Халықаралық ұйымдардан келіп түсетін сұрақтардың жауаптары Комитеттің Халықаралық статистикалық ынтымақтастық басқармасымен келісіледі.
Ресми статистикалық ақпаратты электронды түрде қалыптастыру және тарту бойынша әдістемеге
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің Интернет-порталына ақпараттық материалды орналастыруға
№ _____ ӨТІНІМ
Құрылымдық бөлімшенің атауы: __________________________________
Ақпараттық материалдың атауы: __________________________________
Интернет-порталдағы бөлім, ішкі бөлік: ____________________________
Тіркеу деректері:
1. Жауапты орындаушының электрондық мекенжайы: __________________
2. Файл(дар)дың толық атауы (кеңеюмен): ____________________________
3. Файл(дар)дың көлемі: ___________________________________________
4. Орналастыру түрі: Жаңа / Ауыстыру / Жою (қажеттісінің астын сызу, ауыстырғанда немесе жойғанда бұрын орналастырылған материалдың атауын жазу)
________________________________________________________________
5. Ақпараттық материалды ұсыну тілдері: мемлекеттік/ орыс / ағылшын (қажеттісінің астын сызу).
6. Ақпараттық материалдың беттер саны: ___________
7. Ақпараттық материалдың қағаз көшірмесінің шығыс нөмірі мен күні:_______________
_________________________________________________________________
Жауапты орындаушы: ____________________________________________
Құрылымдық бөлімше басшысы : _________________________________
Өтінім берілген күні мен сағаты: _____________ «___» __________ 20__ж.
(Үйлестіруші толтырады)
Өтінімнің орындалған күні: «___» __________ 20__ ж.