О внесении дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.10.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне толықтырулар енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 наурыздағы N 223 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 8, 63-құжат); көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі туралы ережеде: 11-тармақта: сегізінші абзацта "жылжитын мүлік кепілдігін және" деген сөздерден кейін "қаржы лизингі шарттарын," деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын: "өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;"; 12-тармақта: 4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "қаржы лизингінің шарттарын тіркеу;"; мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: "11) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында: әдістемелік, нормативтік құқықтық қамтамасыз ету; бағалау қызметі субъектілерінің бағалау қызметінің белгіленген әдістемелерін, нормаларын, ережелерін және заңнаманы сақтауын бақылау.";
Тармақша 2
2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 маусымдағы N 771 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 27, 260-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті туралы ережеде: 10-тармақта: 1) тармақша "жылжымалы мүліктің кепілін" деген сөздерден кейін "және қаржы лизингінің шарттарын" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру."; 11-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшалармен толықтырылсын: "7-1) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, бекіту; 7-2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен бағалау қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау; 7-3) бағалаушылардың кәсіби даярлауды жүзеге асыратын білім беру мекемелеріне қойылатын талаптардың тізбесін келісу; 7-4) өз құзыреті шегінде бағалау қызметі саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;".
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.