Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының  6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 болып тіркелген) сәйкес, Түпқараған ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
Тармақ 2
2. «Түпқараған аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Г.Ш.Беришбаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түпқараған ауданы әкімінің орынбасары Т. Алтынғалиевке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Маңғыстау облысы әкімдігінің Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Түпқараған орталық аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Г. Шалабаева ____________ «09» желтоқсан 2016 жыл. Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған су жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры А. Аманафесов_________ «09» желтоқсан 2016 жыл. Түпқараған ауданы әкімдігінің «Түпқараған электр жүйесі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының міндетін атқарушы А. Ещанов_________ «09» желтоқсан 2016 жыл. «Түпқараған аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А. Утесбаева_________ «09» желтоқсан 2016 жыл.
Басқа 5. Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар
Түпқараған ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «9» желтоқсандағы № 237 қаулысына қосымша Түпқараған ауданының ұйымдарында ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санынан екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квоталар № Ұйымдар атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны, адам Квота мөлшері (%) Мүгедектер үшін жұмыс орындарының саны (адам) 1 «Ақ жол құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) 161 3 5 2 Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ақшұқыр мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 172 3 5 3 Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Ғұбайдолла Айдаров атындағы №1 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 208 3 6 4 Маңғыстау облысының білім басқармасының Түпқараған ауданы бойынша білім бөлімінің «Жалау Мыңбаев атындағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 116 3 3