О звании «Почетный гражданин Западно-Казахстанской области» Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы туралы Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 25.06.2005 № 19-14 шешімімен. Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағы тағайындалсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағы туралы Ереже бекiтiлсiн (жалғанады).
Тармақ 3
3. Құрметтi атаққа байланысты ұйымдастыру-техникалық шығындарды қаржыландыру облыстық бюджетте қарастырылуын облыстық қаржы басқармасына тапсырылсын.
Басқа 4. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағы туралы ЕРЕЖЕ
Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты сессиясының шешiмiне ҚОСЫМША «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағы туралы ЕРЕЖЕ «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағын беру көп жыл еңбек сiңiрген азаматтардың жемiстi қызметтерiн, олардың аймақтық әлеуметтiк-экономикалық және мәдени дамуына қосқан жеке үлестерiн, қабiлеттерi мен таланттарын және белсендiлiктерiн қоғамдық тұрғыда бағалау болып табылады. Құрметтi атақ моральдық ынталандырудың бiрден - бiр маңызды кепiлi бола отырып, азаматтардың еңбек және қоғамдық белсендiлiктерiн арттыру, облыстың әлеуметтiк-экономикалық дамуы жолындағы олардың күш - жiгерлерiн көтермелеуге, жастар арасында патриотизмдi шыңдау, халықтар достығын нығайту мүмкіндiктiгiн туғызуға арналған.
Бөлім 1. 1 бөлiм. Негiзгi ережелер
1 бөлiм. Негiзгi ережелер
Тармақ 1
1. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағын облыстық мәслихат тағайындайды.
Тармақ 2
2. Атақ Қазақстан азаматтарына, соның iшiнде Батыс Қазақстан облысы аумағында тұрмайтын азаматтарға да: облыстық әлеуметтiк және экономикалық дамуында; жаратылыстану, техникалық және қоғамдық ғылымдардың басты бағыттары бойынша iргелi зерттеу жүргiзуде және облыстық ғылыми-техникалық өрлеуi жолында жоғары тиiмдi жаңа техника мен технологияларды өндiрiсiне енгiзуде; қазiргi кезеңге және аймақтың тарихына байланысты өнерде, әдебиетте, сәулет пен журналистикада жоғары дәрежелi көркем шығарма шығаруда; облыс халықтарының мәдениеттерiн дамытуда, қоғамдық келiсiмдi бекiндiруде; балаларды, оқушылар мен студент жастарды оқытуда, оларды азаматтыққа, адамгершiлiкке және дене салауаттылығына тәрбиелеуде жаңа өзгерiстер әзiрлеп, нақты жүзеге асыруда; халықтың денсаулығын сақтауда, қоршаған табиғи ортаны сауықтыруда, облыста дене мәдениетi мен спортты дамытуда, спорттың көрнектi жеңiстiктерге жетуде; халықты әлеуметтiк қорғауға бағыттаған қайырымдылық қызметте, Батыс Қазақстан облысындағы тарихи және мәдени мұраларды сақтауда ерекше сiңiрген еңбектерi мен елеулi нәтижеге қол жеткiзгенi үшiн белгiленген тәртiпте берiледi.
Тармақ 3
3. Атақ адам өлгеннен кейiн де берiлуi мүмкiн.
Тармақ 4
4. Құрметтi атаққа ие болған тұлғаға куәлiк, өңiрге тағылатын белгi табыс етiледi және оның есiмi облыстың өлкетану мұражайында сақталатын облыстың Құрметтi азаматтары Кiтабына енгiзiледi.
Тармақ 5
5. Адамның өлгеннен кейiн марапатталуы жағдайында куәлiк пен өңiрге тағылатын белгi оның жақын туысқандарына ал олардың болмауы жағдайында облыстың өлкетану мұражайына сақтауға берiледi. Туысқандарының тiлегiмен куәлiк пен өңiрге тағылатын белгi облыстың өлкетану мұражайында сақтауға берiлуi мүмкiн.
Тармақ 6
6. Куәлiктiң, өңiрге тағылатын белгi мен Құрметтi азаматтар Кiтабының үлгiлерi жарияланымдық шығармашылық конкурс өткiзу негiзiнде облыс әкiмшiлiгiнiң ұсынысы бойынша облыстық мәслихат сессиясында бекiтiледi. Куәлiктердi, өңiрге тағылатын белгiлердi және Құрметтi азаматтар Кiтабын дайындап шығаруды облыс әкiмшiлiгi қамтамасыз етедi.
Тармақ 7
7. Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы есiмiн мәңгi есте сақтау мақсатында жұртшылықтың ұсынысы бойынша оның есiмi Қазақстан Республикасы заңнамаларында белгiленген тәртiпте қалалардың, кенттер мен ауылдардың көшелерiне берiлуi мүмкiн.
Бөлім 2. 2 бөлiм. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағын беру ұсынысын жасау тәртiбi
2 бөлiм. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағын беру ұсынысын жасау тәртiбi
Тармақ 1
1. Атақты беру үшiн кандидатураларды кәсiпорындар мен мекемелердiң, қоғамдық бiрлестiктердiң басшыларының, сайлау құқығына ие тұрғындардың кемiнде жартысын құрайтын елдi мекендер азаматтары жиындарының ұсыныстары бойынша облыстың қала мен аудандардың әкiмдерi және мәслихаттар немесе облыстық мәслихат депутаттарының кемiнде үштен бiр бөлiгi санын қамтитын депутаттар тобы қарайды және ұсынады.
Тармақ 2
2. Ұсынылған кандидатураға өндiрiстiк, шығармашылық, ағартушылық, қоғамдық немесе қайырымдылық қызметтегi нақты сiңiрген еңбегi, атқарылған жұмысының тиiмдiлiгi мен сапасы жөнiнде мәлiмет, алған наградалары көрсетiлген мiнездеме берiлуi тиiс.
Тармақ 3
3. Қалалар мен аудандардың әкiмдерi, мәслихаттар және облыстық мәслихат депутаттарының тобы облыс әкiмi жанындағы марапаттау комиссиясына және облыстық мәслихатының ұйымдастыру және құқық мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына алдын ала қарау үшiн ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешiктiрмей мiнездеме, көлемi 3х4 және 6х9 мөлшерлi 2 фотосурет қоса тiркелген атақ беру ұсынысын жолдауы қажет.
Тармақ 4
4. Марапаттау комиссиясының және облыстық мәслихаттың ұйымдастыру және құқық мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясының қорытындысы ескерiлген облыс әкiмiнiң ұсынысы бойынша облыстық мәслихат пен әкiмшiлiктiң бiрiккен мәжiлiсi атақ беру туралы бiрлескен шешiм қабылдайды.
Тармақ 5
5. «Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматы» атағы жылына бiр азаматқа күнтiзбелiк жылдың бiрiншi сессиясында берiледi.
Бөлім 3. 3 бөлiм. Куәлiк пен өңiрге тағылатын белгiнi табыс ету тәртiбi
3 бөлiм. Куәлiк пен өңiрге тағылатын белгiнi табыс ету тәртiбi
Тармақ 1
1. Куәлiк пен өңiрге тағылатын белгiнi облыс әкiмi облыстық мәслихат сессиясы мәжiлiсi кезеңiнде немесе басқа да қоғамдық маңызды шараларда салтанатты түрде және кең жариялылықта иегерiне табыс етедi.
Тармақ 2
2. Батыс Қазақстан облысының Құрметтi азаматына куәлiк және өңiрге тағылатын белгiмен қоса 100 есептi көрсеткiш мөлшерiнде бiржолғы сыйақы берiледi.
Тармақ 3
3. Облыстың Құрметтi азаматы елдi мекендер шегiндегi қоғамдық көлiкпен ақысыз жүруге және коммуналдық қызметтiң 50 пайыздық мөлшерiн ғана төлеу жеңiлдiгiн пайдалануға құқығы бар. Жеңiлдiктi өтеу тәртiбiн облыс әкiмi белгiлейдi.
Тармақ 4
4. Бұл Ережеге облыстық мәслихаттың Регламентiнде белгiленген тәртiпке сай өзгертулер мен қосымшалар енгiзiлуi мүмкiн.